kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Критериалды багалау не ушин кажет?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Критералды багалау не ушин кажет тақырыбында мугалимнин жеке ойы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Критериалды багалау не ушин кажет?»

Ақтөбе облысы , Ақтөбе қаласы №50 орта мектеп

Кенжебаева Анар Тулкибаевна

директордың бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасары





«Критериалды бағалау» не үшін қажет?



Әр маман қай уақытта да өз ісінің шебері болуға тырысады. Ұстаздық жолды таңдаған кезеңнен бастап біз өз қолымызға үлкен жауапкершілікті аламыз . Сондықтан қандай пән мұғалімі болсаң да ұстаз деген ұлы есімге лайық болу қажетігі үнемі туындап отырады.

Жас маман болып мектеп табалдырыған аттағаннан кейін көпжылдық тәжірибесі бар ұстаздарымыздың қосымша курсын бітіретініміз бәрімізге аян. Сондай кезеңдердің бірінде ұстаздың «журналға «2» түсірме, «1» деген баға мүлдем қойылмайды» деген секілді жазылмаған заңдарын естіп, «бес маймыл» оқиғасындағы кейін келген маймылдарға ұқсап осы заңды бізден кейін келген жас мамандарға одан да қатал формада орындатып жүрдік. Әрине бірақ бағалаудың әрқашан әділ жүре бермейтіндігін бәріміз байқайтынбыз. Себебі паралелл кластардағы «5», «4» ,т.б баға алатын оқушылардың оқу дағдылыары бір - біріне сәйкес келе бермейді, бағалау үнемі біржақты пікірмен жүзеге асады, т.б. себептер. Осындай бір ой толғаныс әр мұғалімде де болғанынан сенімім кәміл.

Критериалды бағалау жүйесімен алғаш рет коучинг барысында көбелекті бағалау тапсырмасында жолыққанмын. Әріптестерімнің суреттеріне үйренген тәсіл бойынша біреуіне «5», «4» деген бағаны сыпырта келіп қойдым. Кейін критериилері берілген кезде ұялғанымды – ай....Осы кезеңнен бастап деңгейлік курсты бітрген ұстаздардың үнемі қасында жүріп, өзімді өзгертуге керек деп шешкен болатынмын.

«Критериалды бағалау» не үшін қажет? Ең бірінші оқушының ұстазға деген сенімін оятады. Оқушы бағаны «не үшін» алғанын біліп отырады. Оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады.

Мысалы, біз жаңа жұмыс орнына келгенде сенімсіздік сезімін бастан кешіреміз, өйткені біз ұжымыда қандай адамдардың бар екенін, қызметкерге басшы қандай талаптар қоятындығын біле бермейміз. Жаңа тапсырма алдындағы оқушы да дәл осындай сезімдерді бастан кешіреді. Ол осы тапсырма арқылы қандай дағдысын қалыптастырытыны, ол үшін қандай баға алатынын білмейді.

Ал белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелермен сәйкестендіру үдерісі болып табылатын критериалды бағалау арқылы оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттауға, тұлғаны нәтижеге жеткізуге мүмкіндік береді.

Сөз соңында бағалауға деген көзқарасымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп, оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттасақ, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, нәтижеге жеткізу, ал оқушыларымыз әр сабақта белгілі бір нәтижеге жету барысында еңбектенсе, оқушы да, мұғалім де өз еңбектерінің табысын көре алады деп ойлаймын.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Критериалды багалау не ушин кажет?

Автор: Кенжебаева Анар Тулкибаевна

Дата: 13.12.2016

Номер свидетельства: 369166


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства