kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Коучинг та?ырыбы:О?ыту мен о?у ?дерісін жа?сарту ма?сатында Lesson Study-ді ?олдану.Lesson Study т?сілі дегеніміз не?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Коучинг та?ырыбы:О?ыту мен о?у ?дерісін жа?сарту ма?сатында  Lesson Study-ді ?олдану.Lesson Study т?сілі дегеніміз не?

Ма?сат:Lesson Study-ді? м?ні о?ушыларды? назарын о?у?а шо?ырландыру ар?ылы о?ытуды дамыту ж?не жетілдіруге арнал?ан  ??рал екендігін  т?сіндіру.М??алімдерге мектепті дамыту?а ы?пал ететін, о?ушыларды о?ыту?а к??іл аудара отырып, о?ытуды жетілдіру ж?не оны? сапасын арттыру ??ралы ретінде Lesson Study-ді ?сыну.
М??алімдер топтарыны? арасында мектепті дамыту?а ы?пал ететін т?жірибені жетілдіру ??ралы ретінде Lesson Study-ді ?алай пайдалану?а болатынын к?рсету.

К?тілетін н?тиже:Lesson Studу ?дерісіні? ма?ыздылы?ын т?сінеді.

  • О?уды,  о?ытуды ж?не м??алімдерді? т?жірибесін дамыту мен жетілдіруге арнал?ан ??рал ретінде ?ріптестерімен ?зара  ы?палдасу ?дісін  ?йренеді;

Lesson Study кезінде ?ріптестерге ?алай ?олдау к?рсетуге болатынын  т?сінеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Коучинг та?ырыбы:О?ыту мен о?у ?дерісін жа?сарту ма?сатында Lesson Study-ді ?олдану.Lesson Study т?сілі дегеніміз не? »

ОҚО,Мақтарал ауданы Т.Аубакиров атындағы жом тарих пәні мұғ.Алибекова Тарбия

Тексердім ДОІЖО:

"Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" кмм

І (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған тарих пәні мұғалімі

Алибекова Тарбия Кантургановна

Өтілетін орын

Мультимедиялық кабинет

Мерзімі

27.03.2015 жыл

Коучинг тақырыбы:

Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson Study-ді қолдану.Lesson Study тәсілі дегеніміз не?

Мақсаты:

Lesson Study-дің мәні оқушылардың назарын оқуға шоғырландыру арқылы оқытуды дамыту және жетілдіруге арналған құрал екендігін түсіндіру.Мұғалімдерге мектепті дамытуға ықпал ететін, оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде Lesson Study-ді ұсыну.

Мұғалімдер топтарының арасында мектепті дамытуға ықпал ететін тәжірибені жетілдіру құралы ретінде Lesson Study-ді қалай пайдалануға болатынын көрсету.

Сілтеме


Мұғалімге арналған нұсқаулық,"Интербелсенді әдістемені ЖОО- да қолдану мәселелері" (А.Әлімов).ПШО ресурстары.

Күтілетін нәтиже:


Lesson Studу үдерісінің маңыздылығын түсінеді.

  • Оқуды, оқытуды және мұғалімдердің тәжірибесін дамыту мен жетілдіруге арналған құрал ретінде әріптестерімен өзара ықпалдасу әдісін үйренеді;

Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінеді.

Негізгі түйінді идеялар:


  • Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді;

  • Lesson Study мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік береді;

  • Lesson Study циклі сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді;

Lesson Study нәтижелері мектептегі әріптестерге және басқа мектептерге таратылады.

Практикалық тапсырма

Белгілі бір тақырып бойынша оқытуды жетілдіру мақсатында сынып жағдайында сынап көру үшін сыныпты таңдау.

Оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша жоғары, орташа, және төменгі деңгейдегі жетістіктерді көрсетуінің үш мысалын анықтау.

Сағат саны

90мин


Сабақ кезеңдері

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі І.Қызығушылығын ояту.

1.Сергіту сәті: "Сізді көргеніме қуаныштымын" жаттығуы.Жағымды психологиялық жағдай жарату.

2.Топқа бөлу. - Әртүрлі түсті , әртүрлі пішіндегі фигуралар үлгісін қатысушыларға таратып беру;
- Топтарға фигураға қарап емес, түсіне қарап бөлу.

Пайда болған топтар, өздерінің  ережесін шығарады және осы ережелер негізінде «алтын ереже» құралады. 

1.Мұғалімдер шеңберде тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
2. - Топтарға фигураға қарап емес, түсіне қарап бөлінеді.

Сабақ басындағы көңіл-күйлерін бағалау

Смайликтер арқылы бағалау

Смайликтерді таңдау арқылы өзін-өзі бағалайды.

ІІ.Ой шақыру.

(10 минут) 

1. "Индивидуальный подход" бейнесюжеті арқылы ой шақыру 
Ұстаз дәрігер және оның шәкірті.

1. Осы бейнесюжет туралы өз ойларыңыз. 
2. Үзіндідегі ұсатаз бен шәкірттің әрекеттерін қалай түсінер едіңіздер? 
3. Осы үзіндіні білім жүйесіне қалай келтірер едіңіздер? 
4. Тағы нені байқадық? 
5. Бұдан қандай қорытынды шығарамыз? 
Талқылау және кері байланыс.

Пікір алысады.Бейнесюжет туралы өз ойларымен бөліседі.Ұстаз бен шәкірт ортасындағы болып өткен оқиғаны мектептегі өмірмен байланыстыра отырып,тұжырым жасайды.

Таныстырылым ұсыну.

«Lesson Study тарихы» таныстырылымы.

LESSON STUDY ТӘСІЛІ - сын тұрғысынан ойлауға көзқарастарын дамытады.

Мектепті дамытудың түйінді саласына/аспектісіне қатысты белгілі бір тақырып бойынша оқытуды жақсарту үшін өз сыныптарыңызда жасап көргіңіз келетін «оқу/ оқытудағы жаңа тәсілді» анықтайды.

Белгілі бір сыныпта, белгілі бір пән бойынша үлгерімі жоғары, орта және төмен болып табылатын үш оқушыны айқындауды үйренеді.

Ой-қозғау

Жеке жұмыс."Түйінді он сөз" Есте сақтау қабілетін дамыту және сыну үшін.

Әр мұғалім таныстырылымнан есте сақтаған түйінді ойды білдіретін 10 сөз жазады.

Мағынаны тану.

Lesson Study-дің негізгі сәттерін түсіндіру үшін мұғалімдер шағын топтарда кластер және ассоциация әдісімен постер дайындайды.

Топтар кластер немесе ассоциация түрінде постер дайындайды.

Топтық пікірталас.

Мектебіңізге қатысты төмендегі мәселелерді талқылау:

  • Lesson Study бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына ықпал ететін жағдайлар;

  • Lesson Study бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына бөгет жасайтын кедергілер;

  • Lesson Study бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына сіз қалай ықпал ете аласыз?


Топтар «Lesson Study бойынша бірлескен жұмыс жүргізу ережесін» жасайды, мысалы, бұл адамның жеке басына емес, кәсібилікке қатысты. Оқыту емес, оқу назарға алынады.

Ереже постер түрінде ресімделеді.

Сергіту:  

Аяқ-қол” жаттығуы

Бір шапалақ – қолдарын көтеру, екі шапалақ – орнынан тұру

Кері байланыс:

Пост жапсырмала1. Сергіту жаттығуынан кейінгі әсерлеріңіз қалай? 
2. Бүгінгі коучинг ұнады ма? 
3. Lesson Study үдерісі бойынша қай кезең маңызды деп ойлайсыздар? р


Пікірлерін жазады.

Бағалау:

Коучингті "Ақылдың 6 қалпағы" әдісімен бекіттім.Мақсатым мұғалімдер осы әдісті терең үйрену нәтижесінде өз сабақтарында қолдануға ықпал ету."

Пікірталасқа шақыру арқылы сыни ойлау дағдыларын дамытуға болады. Әркім өз пікірін қорғау арқылы өз болмысымен бетпе-бет келеді. Пікірталас нәтижесінде шыққан қорытындыда мұғалімнің өмірлік ұстанымы айқындалады. Қате қөзқарастарды ойландыруға мәжбүрлейді.Құндылықтарды тануға, оны бағалауға үйретеді





Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson Study-ді қолдану.Lesson Study тәсілі дегеніміз не? тақырыбындағы коучингтің рефлексиялық есебі.









Дәлелдемелер

Жазбалар

1.Сергіту сәті: "Сізді көргеніме қуаныштымын" тренингі.Жағымды психологиялық жағдай жаратуда тиімді болды.Себебі мұғалімдер бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіріп жатып,күнде қарбалас тіршілікпен бір-біріне сұхбаттасуға,бір ауыз ыстық ықылас білдіруге уақыт бөлмейтінін ескеріп жатты.

Топтарға фигураға қарап емес, түсіне қарап бөлінгенде,түске қарап таңдағандар,фигуралар арқылы бөліну қажеттігін түсініп,сыни тұрғыдан ойлануды бастады.

"Индивидуальный подход" бейнесюжеті арқылы ой шақыру 

АКТ арқылы таныстырылды.

Ұстаз дәрігер және оның шәкірті.

1. Осы бейнесюжет туралы өз ойларыңыз. 
2. Үзіндідегі ұсатаз бен шәкірттің әрекеттерін қалай түсінер едіңіздер? 
3. Осы үзіндіні білім жүйесіне қалай келтірер едіңіздер? 
4. Тағы нені байқадық? 
5. Бұдан қандай қорытынды шығарамыз? 
Талқылау және кері байланыс кезеңінде бейнесюжет терең ой қалдырғанын байқадым.Себебі,мұғалімдер әрбір оқушыға жеке көңіл бөліну қажет екендігін және аурудың түрі мен емі мың түрлі болғандыығы сияқты,әр бала - жеке бір дүние,олардың әрбіріне жеке тапсырма,әдіс қажет екен,-деген тұжырымға келді.Ұқсас ауруды емдеген сияқты,барлық балаға бірдей көзқараспен қарауға болмайтынын,әр бала жеке тұлға болғандықтан,әрқайсысына жеке көңіл бөлу қажет екенін және бір еске алысты.Ұстаз күнделікті бір әдісті қайталай бермей,оқушы қажетін есепке ала отырып,келесі сабақты жоспарлау керек деген қорытынды ой шығарысты.

«Lesson Study тарихы» таныстырылымы.

LESSON STUDY ТӘСІЛІ - сын тұрғысынан ойлауға көзқарастарын дамытады.

Жеке жұмыс."Түйінді он сөз". Есте сақтау қабілетін дамыту және сыну үшін берілген тапсырмада 4 мұғалім 7-10 сөз жазса,8 мұғалім 5-6 сөзден жазған екен.Топтық тапсырма ретінде әр топ ойласа отырып,ең қажет деген 10 сөзді таңдап алды.Осы 10 сөзді пайдалана отырып,әр топ "Лессон стади тәсілінің біздің мектеп үшін пайдасы"- деген тақырыпта шағын мазмұндама жазды.

"Көптеген дамыған алдыңғы қатарлы елдер осы тәсілді пайдалана отырып,білім сапасын арттыруға қол жеткізген екен,неге бізге бұл әдісті пайдаланбасқа... Бұл тәсілді мектебімізге енгізе отырып,сабақты бірлесіп жоспарлаумен,оқушыларға деңгейлік тапсырмалар дайындау арқылы,тәжірибемізді жетілдіреміз және оқушылар пікірін есепке алуды ескереміз.Біз үшін оқушы үні,пікірі құнды екенін естен шығармаймыз..."

АКТ ны сабақта қолдану.

Мұғалімдер таныстырылым жасалып жатқанда ұялы телефондарына қажетті мағлұматтарды жүктеп алып отырды.Мұны постер жасағанда тмімді пайдалана білді.Демек,оқушыларда қажет ресурстарды ұялы телефондарына жүктеп алып,сабақта тиімді қолдануға үйрету қажет екен...Бұл АКТ әдісі уақыт үнемдеу де өте қолайлы.

Пікірталас сәттері.

"Жұлдыздар" тобы ассоциация әдісімен постер дайындаса, "Аққулар" тобы кластер әдісін қолданды.АКТ-ны пайдалана отырып топтар пікір алысты.Ой қорыта отырып,өз тұжырымдарын постерге түсірді.Әр топтан спикерлер шығып қорғады және қарсы топтың сұрақтарына жауап берді.

"Аққулар" тобы ұжымдық белсенділік таныта білді.Өз ойларын ашық ортаға тастай отырып,зерттеушілік диалог құрды.

"Жұлдыздар" тобының спикері жас маман Х.өз тобының постерін өте жақсы жеткізе білді.Қарсы топ мүшелері жақсы деп бағадады.

"Аққулар " тобының спикері Х. кластер әдісін өте керемет жеткізе білді. Бір – бірін тыңдайды,қорғау жұмыстарына байланысты сұрақтар қойды. Басқа топтардың жұмысына стикерлерге “Екі жұлдыз,бір тілек” жазып бағалады.

Инсерт кестесін толтыру нәтижесінде мұғалімдер тақырып туралы ой тұжырым жасауға үйренді."Бұрыннан білемін" бағаны бос қалған,себебі бұл тәсіл туралы бірінші рет есітіп отырғандарын мойындады."Білдім.Жаңа ақпарат" бағанына: - Л.С. тарихын,бұл тәсілді қолданып жатқан елдер білім сапасының жоғары болу себебін,бірлесіп сабақ жоспарлау,талқылау,оқушылармен жеке сұқбат,келесі сабақты бірлесе жоспарлау туралы,Қазақстанда бұл тәсілді пайдалану қажет екендігі тулалы түсінгенін жазған,Ал,"Білгім келеді" бағанына - бұл тәсілді өз мектебімізде қолданып,нәтижеге жету жолдарын үйренгісі келетіндерін жазыпты.

Коучингті "Ақылдың 6 қалпағы" әдісімен бекіттім.Мақсатым мұғалімдер осы әдісті терең үйрену нәтижесінде өз сабақтарында қолдануға ықпал ету.Бұл кезеңде,әсіресе Б.апай "қара қалпақты" ала отырып,Лессон Стади тәсілін күнде сабақта қолдануға ыңғайсыз.Бұл тәсілді жылына 1 рет қолдансақ,қалай нәтижеге жетеміз- дей отырып өз пікірін білдірді.

"Ақ қалпақтың" ойын жеткізген М.апайымыз. "Бұл тәсілдің тиімді тұстарын атай отырып,оқушыға жеке көңіл бөлу үшін,олардың ішкі уәжін түсініп,қажетін қанағаттандыруда тиімді,бұл тәсілмен сбақ өтуге әрекет ететінін"- жеткізді.

Сабақ соңында кері байланыс парақтары "Плюс-минус-қызықты"

"Плюс": (Постер,Түйінді 10 сөз,Бейнесюжет,Инсерт кестесі,)

"Қызықты":(Лессон Стади,"Ақылдың 6 қалпағы")


Сабақты пост жапсырмалар арқылы бағалаттым.

"На сегодншнем коучинг-урок на тему Л.С. мне понравилась методы,которые применялись".

"Бүгінгі Л.С.тақырыбындағы сабақ өте қызықты өтті.Көптеген жаңа әдістерді үйрендік.Осылай тынбай еңбектеніп бізге үйреткен жаңашылдық үшін үлкен рахмет.Осындай қызықты сабақтарыңыз бола ьерсе екен." "Сабақ өте тартымды өтті.Көп нәрсе үйрендім деп айта аламын.Тәрбие апай,шаршамай,үлкен жетістіктерге жете беріңіз!"

Рефлексия: "Қандай жаңа әдістерді үйрендіңіз?" (ЛС,БББк,Сергіту сәті,топқабөлу,"Түйінді 10 сөз",мазмұндама,эссе,кері байланыс түрлері,өзін-өзі бағалау)

Алған тәжірибеңізді сабақта қолданасызба?

Сабақта ыңғайдастыра жоспарлай отырып қолданамын.

Коучинг сізге ұнадыма?

Үйренген әдістерім көңілімнен шықты,ұнады.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Алибекова Тарбия Кантургановна

Дата: 01.04.2015

Номер свидетельства: 195400


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства