kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Коучинг-о?ушылар мен ата-ана байланысында?ы н?тиже амал.

Нажмите, чтобы узнать подробности

В данной работе дается определение термина "коучинг", показаны цели коучинга, применение данной методики в работе с родителями и учащимися. В данной работе даны направления и задачи для родителей, для учащихся, различные ситуативные вопросы и анкеты. Ожидаемый результат данной работы:показать значимость роли родителей в воспитаниии детей.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Коучинг-о?ушылар мен ата-ана байланысында?ы н?тиже амал. »


Жумагулова З.Б

«Ботақара жалпы білім беру орта мектебі» кмм


КОУЧИНГ – ОҚУШЫЛАР МЕН АТА –АНА

БАЙЛАНЫСЫНДАҒЫ НӘТИЖЕ АМАЛ


Коучинг — әңгіме, орта, тәртіп арқылы адам

өзінің көздеген мақсатына жеткенде

рахат алуына көмектесе алатын өнер .

(Тимоти Глэвэй)



Коучинг деген не?

Коучинг (ағылш. соасhing – бапкерлік) – бұл адамға өзінің жеке мақсаттарын айқындау мен оған қол жеткізуге кәсіби көмек. Бұл анықтаманы жасаған коучингтің негізін қалаушы Джон Уитмор. Коучинг – ең басты бағасы басқа біреудің ақылынсыз өз идеясын тудыру.

Тәжірибелі мұғалімдерге коучинг әдеттегі жағдайларға немесе проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға көмектеседі. ХХІ ғасырда педагогтің рөлі өзгеріп, заманауи білім беру жүйесі жаңа талаптар қоюда. Мұғалімдерден жағдайға байланысты жылдам өзгеру, шығармашылық, жан-жақтылық, тұрақсыздық жағдайда шешім қабылдай білу және әрекет ету, болашақтағы идеяны тыңдай білу, көре білу талап етіледі. Бұрын – мұғалімдерге барлық уақытта алда жүріп, соңынан өзгелерді ерту керек болатын. Қазіргі уақытта және болашақта – мұғалім – мұғалімдердің қабілетін аша білетін адам болуы тиіс.

Коучинг мақсаты:

  • адам потенциалын ашу мақсатындағы минималды нәтиженің жетістігі

  • оқу емес, оқуға көмектесу

  • адам өзінің жеке мүмкіндіктерін, жабық потенциалдарын білу үрдісі

  • жеке тұлғаның қажетті әдістерді қолдануы жоғарғы нәтижеге жету үрісі.

Қазіргі кезде жас өспірімдердің біршама бөлігі ата-анасынан алыстап кеткен.Осыған байланысты қазіргі күрделі жағдайларда отбасына мектеп тарапынан жүйелі және жоғарығы дәрежедегі арнаулы көмек қажет.Мектеп пен отбасы бірлескен ісі от басы тәрбиесінің шарттарымен, микроклиматымен танысудан , балалар мен ата-аналардың жеке бас ерекшеліктерін білуден басталады.

Коучинг ата-анаға қоятын үш маңыздылығы бар:

  • Конфиденциальды (құпияны сақтай білу)

  • адалдық

  • сенім

  • ашықтық

  • ниеттілік (ынта)

  • теңдік


Коучинг ата-ана баласына:

  • Өз арманына жетуге

  • Өзі талпынуға

  • Жеңістерге жетуге

  • Қарым-қатынасты жақсартуға

  • Сенімін күшейтуге

  • Өзі шешім қабылдай алуға

  • Сүйіспеншілігін артыруға мүмкіндік береді.

Балаға:

  • қорқынышын , әлсіздігін мойындай алуға

  • қиындықты жеңе білуге

  • тәуелсіз болуға

  • өзіне сене білуге

  • ой өрісін кеңейтуге

  • тәжірибелі

  • тәрбиелі болуға күш береді

Коучинг- оқушы мен ата-ана байланысы

  • сұрақ қою

  • ұсыныс жасау

  • ой бөлісу

  • ақыл айту

  • құрастыру

  • басшылық ұсыну

  • қысқаша түсінік беру

  • тыңдау және түсіну қолдау арқылы нәтижелі амал береді

Бала мен ата-ана арасындағы қарым –қатынас.

Қазақ халқы дүниеге жаңа келген баланы періштеге теңеген. Ал сол баланың қандай болып ер жетуіне ең алдымен ата-ана тәрбиесінің ықпалы күшті екені жасырын емес. Ата-ана тәрбиесінің өз жемісін беруі, баланың тәрбиелі болып ер жетуі көп жағдайда бала мен ата-ана арасында өзара сенімнің болуына байланысты.

Баласының сеніміне кіру үшін ата-анаға қажетті кеңестер:

- Балаңызға қандай жағдайда болса да көмек сұрап келген кезде көмектесуге әзір болыңыз;

-Мектепте күнделікті болып жатқан оқиғалар туралы балаңыздан сұрап біліп отырыңыз;

-Балаңыздың бойындағы, көңіл – күйіндегі өзгерістерді үнемі бақылап жүріңіз;

-Әр түрлі шешімі қиын мәселелерге байланысты пайдалы ақыл кеңестер беруге тырысыңыз;

-Балаңыздың достарының қандай екенін ертерек анықтаңыз;

-Балаңызды мектепте және мектептен тыс уақыттағы тәрбиесін үнемі қадағалап отырыңыз;

-Балаңыздың болашағына – отбасындағы тәрбиенің елеулі әсер тигізетінін ұмытпаңыз;

-Балаңызға берген уәдеңізді әрқашанда орындаңыз.

Балаға берілетін ақыл-кеңес, ұсыныстар:

- әрбір баланың ең бірінші ақылшысы - ата –анасы. Сол себепті мектепте болатын түрлі жағдаяттарда өз – өзіңді қалай ұстау жөнінде ата-анаңмен ақылдас;

- мұғалімнің берген ескертулерін, жазалау шараларын түсіністікпен қабылдап, өз кемшіліктеріңді жоюға тырыс;

- мектепте сыныптастарыңмен, өзге оқушылармен, мұғалімдермен сыйластық қарым – қатынаста болуған жөн;

- себепсіз пәле-жаладан өз – өзіңді қорғау үшін әр уақытта да шыншыл бол, өз ойыңды еркін айта біл, өз құқығыңды қорғай біл;

- мектепте жүрген кезіңде шешімі қиын мәселелерде саған ақылшы болатын, көмек қолын созатын мұғалімдер, сынып жетекші, мектеп психологі бар екенін есіңде ұста;

- қандай қиын кедергілерге кездессең де оны жеңуге болатынын біліп, ерік- жігеріңді соған жұмылдыра біл;

- «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей өзінің кездескен қиындықтарыңды шамаң келгенше өзің қажет деп тапқан адамдарыңмен бөлісіп, олардан ақыл – кеңес, көмек сұрай білген жөн.

Әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс. Тек ұстаз бен ата-аналардың бірлескен іс-әрекеті үдерісінде ғана оқушының жеке басын дамыту мәселесін табысты шешуге апарады. Жағдаяттар сауалнама арқылы ата- аналар мен оқушылар арасындағы қарым –қатнастың қажеттілігі анықталып, коучинг және тәлімгерлік үрдісінің ұйымдастыру түрлері жоспарланады.

Ата-аналарға арналған жағдаяттар:

  • Алақай, мен бес алдым!- деп сынып оқушысы өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы қойнына сыймай анасына айтып жатыр. Үй іші бұған онша мән бермеді. Бірақ күндер өте бере «Алақай, бес алдым» деген баланың қуанышты сөздері сирек естілетін болды. Сіздің ойыңыз қалай?

  • Қызы мектепке келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтайыншы» десе, анасы: « Сенсіз де басым қатып отыр, мазамды алмашы» деді. Сіздің осы кездегі өз ойыңыз?

  • Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтіндіңіз. Ол «Ән тыңдап отырмын, қолым бос емес» деп барудан бас тартты.Сіздің әрекетіңіз?

Балаларға арналған ситуациялық сауалнама:

  • Сенің өзіңнің жақын адал досың бар,бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

  • Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептерімен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Сен не істейсің?

  • Көктем мезгілі. Жолдасын сабақ оқуың азайтып,сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмен деп кетті. Сен не істейсің?

Мақал мәтелдің жалғасын табу.

  • Атаға қарап - .................... анаға қарап - ..............

  • Ананың көңілі балада...........

  • Атаның баласы болма ...............

  • Балалы үй базар...........

  • Ата көрген оқ жонар....................

  • Ата – ананың қадірін - ..........................

  • Ұяда не көрсең .................

Ананың сүті – бал ................

Б. Момышұлы: « Ана үшін аянба- ант ұрады,

Бала үшін аянба- бетің күйеді.

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба –жігіттігіңе сын.

Ғабиден Мустафин: «Ата-анасын ұмытқан жас –опасыздың опасызы,

рақымсыздың рақымсызы»

В. Сухомлинский: « Баланың жақсысы- әке мен шешенің ары, ата-ананың

абыройы. Жаманы-қайғысы, азап-соры»


Күтілген нәтиже.


Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата –анамен баланың арасындағы қарым қатынасты нығайту. Ата –анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата- ана үштігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайрымдылық достық қарым –қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.


























Әдебиеттер:

  1. К.Б .Сейдалиев Тәрбие теориясы. А,1986

  2. В.Сатир. Как строит себя и свою семью. Москва. Педагогика –Пресс. 1992

  3. Т.А.Никитин , М.А. Шаталин основы коучинга. Учебное пособие. Самара-2007

  4. Е.В. Фролов, М.А Данилова. Коучинг: истоки, подходы, перспективы. Сборник статей // С-Пб. Речь 2003









































  1. Ф.И.О. Жумагулова Зауре Бекеновна

  2. Место работы. КГУ «Ботакаринская средняя общеобразовательная

школа

  1. Занимаемая должность: зам.директор по ВР

  2. Контактный телефон, электронный адрес. [email protected]

87012340891

  1. Название публикуемой работы. «Коучинг- оқушылар мен ата-ана

байланысындағы нәтиже амал»

  1. Раздел. Экспериментальные педагогические исследования и их

результаты
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Коучинг-о?ушылар мен ата-ана байланысында?ы н?тиже амал.

Автор: Жумагулова Зауре Бекеновна

Дата: 09.02.2015

Номер свидетельства: 169666


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства