Сабаққа қажетті құралдар: Флипчарт, маркер, түрлі түсті қағаздар, интер белсенді тақта. Сабақты ұйымдастыру (7 минут): Амандасу; Психологиялық : Амансың ба алтын күн Амансың ба Жер-Ана. Амансың ба достарым, Сендерді көріп қуанам.
Түрлі түсті фигуралар арқылы топ құру; 1-тапсырма (25 минут) Мақсаты: Мұғалімдердің көшбасшылық деңгейлерін және ол туралы түсініктерін анықтау.
Мұғалімдерге арналған сабақты бастамас бұрын, өздерінің түсініктеріне шолу жасау үшін «көшбасшылық» деген ұғымға ассоциация жасауды тапсыру. Мұғалімдерге флипчарт пен маркер тарату: .................................................................... ...................................................................... КӨШБАСШЫЛЫҚ ...................................................................... ...................................................................... ...................................................................... Топтағы бес адам өз пікірлерін нүктенің үстіне жазады. Содан кейін топ болып өз пікірлерін талқылау. Жалпы топқа айтуға бір репортер әзірлеу. ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Сергіту сәті: Әртүрлі көліктердің жүргізушісі болу. Сергіту сәті: Флещмоб (би) “Керемет көшбасшы” жаттығуы 1-топ. Керемет басшы қандай қасиеттермен ерекшеленеді? 2-топ. Сабақ кезінде сыныпты басқару деген не? 3-топ. Көшбасшыдан не үйренуді қалайсыз?
Көшбасшылық дегенді «көзге түсе беру» деп түсінуден аулақ болайық. Көшбасшылық дегеніміз сабақ үстінде туындаған қиындықты тез арада реттей алатын, жас немесе тәжірибесі аз мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсете алатын, мектепішілік жұмыстар кезінде, педкеңестерде, семинарларда, «Шеберлік сыныптарында», әдістемелік отырыстарда өз тәжірибесі мен таланты негізінде нақты ойлар айтып, жаңа әдістер көрсете алғаны, оқушы, ата – ана әріптестері қоятын кез келген сұраққа жауап бере алатын болғаны дұрыс. Бағалау. ( Екі жұдыз, бір ұсыныс) Қорытынды |