kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"К?ПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ – НАРЫ?ТЫ? ЭКОНОМИКА ЖА?ДАЙЫНДА ПОЛИМ?ДЕНИЕТТІ Т?Л?АНЫ ?АЛЫПТАСТЫРУДЫ? НЕГІЗІ" атты баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Жа?а заманны? жа?а т?рбиелейтін ?стаздар,

                                                               сіздер, ізденіс пен ілгерілеуден жалы?па?ыздар.

                                                       Олар заман талабына сай т?рбиеленуі тиіс»

                                                                                                                         Н.Назарбаев

           Жа?а талап, ?згеру ?стіндегі ?лем, ?леммен бірге балалар да ?згереді. ХХІ ?асыр - жа?анды? жа?алы?тар ?асыры ?ана емес, білімні? д?уірлеу ?асыры.?азіргі кезде мемлекетті? т?ра?ты дамуы мен ?ауіпсіздігінін ?амтамасыз етуде, білім сапасы мен оны?, де?гейін к?теруге айры?ша ма?ызды р?л ат?арады. Себебі, дамы?ан мемлекет болу ?шін білім мен ?ылымды, а?ыл мен парасатты дамыту ал?а бастайды.

        Жан – жа?ты дамы?ан, полим?дениетті т?л?а ана тілін ж?не шетел тілдерін ме?герген д?ниетанымы ке?, толерантты т?л?а. Білім алушыларды полим?дени т?л?а ретінде ?алыптастыруды к?п тілді ме?геруді? ролі зор, б?л ?азір білім беру саласында ма?ызды м?селелерді? бірі болып табылады.

            Елбасымыз халы??а жолдауында ?леуметтік жа??ырту м?селелеріне ерекше назар аудара отырып, білім беру, денсаулы? са?тау ж?не тілдерді дамыту ба?дарламаларын бекітіп, оларды? ма?ыздылы?ын атап айтты. Мемлекеттік тілді еркін ме?геруді міндеттей келе, ?аза?станды? ?зге де этностарды? тілін дамытатын боламыз делінген. ?азіргі заман?а ?аза?станды? ?шін ?ш тілді білу ?ркімні? дербес табыстылы?ыны? міндетті шарты (1)

            А?ыл – ойы?ды, м?дениеті?ді, рухани байлы?ынды к?рсететін ана тілі. Адамны? ту?ан тілі оны ?лтты? ??ндылы?тармен сусындатса, шетел тілдері халы?аралы? ?арым – ?атынас жасау?а ж?не ?лемдік де?гейде білім алу?а жол ашады. ?аза?стан Республикасыны? білім беру ж?йесін 2015 жыл?а дейін дамыту концепциясында елімізді? еуропалы? ж?не ?лемдік білім беру ке?істігіне енуі ?арастырыл?ан. ?алыптас?ан мемлекетімізді? халы?аралы? ынтыма?тасты?, саяси – экономика ж?не м?дени байланыстарыны? ны?аюы жолында к?птілдік ма?ызды орын алады. «Орыс тілі – ?р елге, а?ылшын тілі – ?лемге есік ашады» десек, тілдер мен м?дениет, тіл саясаты м?селесі ж?не т?л?аны да, ?о?амды да жа?а м?мкіндіктер мен жа?а белестерге апарады. ?аза?станны? болаша?ы ?аза? тілінде. ?азір біз ?аза? тілімен ?атар орыс ж?не а?ылшын тілдерін ме?геру ?шін жа?дай жасау?а шаралар ?абылдап жатырмыз. Орыс тілін білу бізді? ?лтымызды? тарихи арты?шылы?ы. Ал а?ылшын тілін ме?геру елімізді? ?рбір азаматына ?мірдегі шексіз жа?а м?мкіндіктерді ашады. (2)

Біз ?штілдіктен не к?теміз:

  • Мемлекеттік тілді? ?ажеттілігін арттырумен ?атар, тілдік ортаны ке?ейтеді;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"К?ПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ – НАРЫ?ТЫ? ЭКОНОМИКА ЖА?ДАЙЫНДА ПОЛИМ?ДЕНИЕТТІ Т?Л?АНЫ ?АЛЫПТАСТЫРУДЫ? НЕГІЗІ" атты баяндама»

КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ – НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ПОЛИМӘДЕНИЕТТІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ


Иманбердиева Эльмира Сейдахметқызы

5 орта мектеп



«Жаңа заманның жаңа тәрбиелейтін ұстаздар,

сіздер, ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар.

Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс»

Н.Назарбаев

Жаңа талап, өзгеру үстіндегі әлем, әлеммен бірге балалар да өзгереді. ХХІ ғасыр - жаһандық жаңалықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры.Қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінін қамтамасыз етуде, білім сапасы мен оның, деңгейін көтеруге айрықша маңызды рөл атқарады. Себебі, дамыған мемлекет болу үшін білім мен ғылымды, ақыл мен парасатты дамыту алға бастайды.

Жан – жақты дамыған, полимәдениетті тұлға ана тілін және шетел тілдерін меңгерген дүниетанымы кең, толерантты тұлға. Білім алушыларды полимәдени тұлға ретінде қалыптастыруды көп тілді меңгерудің ролі зор, бұл қазір білім беру саласында маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Елбасымыз халыққа жолдауында әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларын бекітіп, олардың маңыздылығын атап айтты. Мемлекеттік тілді еркін меңгеруді міндеттей келе, қазақстандық өзге де этностардың тілін дамытатын боламыз делінген. Қазіргі заманға қазақстандық үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты (1)

Ақыл – ойыңды, мәдениетіңді, рухани байлығынды көрсететін ана тілі. Адамның туған тілі оны ұлттық құндылықтармен сусындатса, шетел тілдері халықаралық қарым – қатынас жасауға және әлемдік деңгейде білім алуға жол ашады. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту концепциясында еліміздің еуропалық және әлемдік білім беру кеңістігіне енуі қарастырылған. Қалыптасқан мемлекетіміздің халықаралық ынтымақтастық, саяси – экономика және мәдени байланыстарының нығаюы жолында көптілдік маңызды орын алады. «Орыс тілі – әр елге, ағылшын тілі – әлемге есік ашады» десек, тілдер мен мәдениет, тіл саясаты мәселесі және тұлғаны да, қоғамды да жаңа мүмкіндіктер мен жаңа белестерге апарады. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Қазір біз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Орыс тілін білу біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы. Ал ағылшын тілін меңгеру еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. (2)

Біз үштілдіктен не күтеміз:

  • Мемлекеттік тілдің қажеттілігін арттырумен қатар, тілдік ортаны кеңейтеді;

  • Білім алушының коммуникативтік және ақпараттық құзіреттілігін арттырады;

  • Рухани – адамгершілік, ұлтаралық қатынастар мәдениетінің деңгейін жоғарылатады;

  • Қабілетті балалардың танымдық сұранысын қанағаттандырады;

  • Еңбек нарығында, өмірлік қызметтік тілдік кедергілерге ұшырамайды;

Әлемдегі елдермен саяси – әлеуметтік, экономикалық және қарым – қатынас жасаудың нәтижелі болуы, ел мен елдің халық пен халықтың өзара ынтымақтастық бірлігін өркендету үшін тіл білудің мәні зор. Елімізде үш тілді меңгеруге деген қоғамдық сұраныс күн сайын арта түсуде.

Қоғамның өндіріс күштерінің өзгеруі,экономикаға көшу,демократиялық бетбұрыс мұғалім алдына үлкен міндеттер жүктейді.Оқу ағарту саласындағы артта қалушылықты жою, оқу- ағарту ісін бүтіндей қайта құруды талап етеді. Бұның бәрі мектеп арқылы іске асатыны белгілі. Мұғалім- мектептегі басты тұлға. Ол-бұқаралық- саяси, мәдени- ағарту және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қабілеті мол, өз мамандығынан теориялық және тәжірибелік терең білімі бар адам. Мұғалімнің қоғамдық прогрестегі ролі, мамандығының әлеуметтік мәні осында.Биылғы жыл мен үшін ерекше жыл болды. Алматы қаласында орналасқан ПШО-на келіп, қазақстан жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсының тыңдаушысы болғаным- менің бақытым. Себебі, бұл курс менің басшы ретінде бұрыңғы көзқарасымды өзгертіп, жұмысыма сыни көзбен қарауыма үлкен әсерін тигізді. Бұл жаңа бағдарлама менің әріптестерімнің толық өзгеруіне ықпал етіп, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, әрбір жеке тұлғаның дамуына оң әсер беретініне сенемін.

Мектепте гуманитарлық әдістемелік бірлестік мүшелері «Ақпараттық – коммуникативтік технологияны пайдалана отырып, көп тілді сөйлеу мәдениетін жетілдіру» өзекті мәселемен жұмыс жасауда. Қазіргі мақсаттардың ішінде коммуникативтік мақсат жетекші роль атқарады, ал қалған мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады. Ағылшын тілінің спецификасына, тілдік нормаларын назар аудара отырып,білім алушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын белселендіру, ағылшын тілді елдер жайлы танымдарын кеңейту үшін «Лонгман» баспасының «New Opportunities» «Nev Cutting Edge», «solutions» оқу – әдістемелік кешендерін деңгей бойынша пайдалануда. Бұл кешен құрамына оқытушының кітабы, оқушылардың оқулығы, жұмыс кітабы, сөздік, тест кітабы және аудио – видео диск жинақтары кіреді. Тіл сабақтарында орындалатын әрекет түрлері оқу, жазу, тыңдап – түсіну және сөйлеуді жүзеге асыруда осы аталған кешеннің тиімділігі нәтижесін беруде. Шет тілін үйрету процесінде тиімділігін жоғары ақпараттық коммуникативтік оқыту технологияларын тиімді пайдалану әр оқушының тілдік қабілетін ашуға, танымдық қызығушылығын арттыруға, басқа тілде қарым – қатынас жасауға үйретеді.

2014 жылдың қазан айында облыста өткен «Полиглот» ойынына №5 орта мектептен қала атынан қатысқан 9 сынып оқушысы Ақерке Сыбанқұлова І орынды женіп алып, планшетникке ие болды.Мектепке басқа мемлекеттен ауысып келген отандастар отбасыларының балалары білім алады. Ұстаздар орыс тілін меңгеру мақсатында оқушыларға қосымша сабақтар жүргізеді, көптеген оқушылар ақылы Орталық Азия университетінде білім алады. Соның мысалы ретінде 2012-2013 оқу жылында Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген этнос жастарын ынталандыру мақсатында өткізген «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты халықаралық конференцияда 11 сынып оқушысы Қадыкенова Жамиля І орынға ие болып, пленарлық бөлімінде Қазақстан атынан баяндама оқып, білімін дәлелдеді. Жыл сайын дәстүрлі «Абай оқулары» атты қалалық сайыста орыс Мемлекеттік тілдің әлеуметтік – коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту мақсатында өткізілген «Тілі бірдің – тілегі бір» атты сайыстарға мектеп оқушылары белсене қатысып, мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендерін, құрметтейтіндіктерін көрсете білеп, жүлделі орындарға ие болуда.

Мектеп қабырғасында оқу – тәрбие іс – шараларын үш тілде өткізу – дәстүрге айналған. «Қазақ тілімен өмір сүру – Қазақстанның өркениетке барар жола атты зияткерлік сайыс түрінде өткізілген ашық сабақ,брейн-рингтар, шебер сыныптар осының дәлелі.

Қорыта келе айтатынымыз, көптілдік – қазіргі білім басымдылықтарының бірі болып отырғандықтан ұстаздар, тіл мұғалімдері көпмәдениеттілік білім берудің амал – тәсілдерін, бағыттарын, «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын тарату, білім беру үрдісіне көптілдік аспектілерін еңгізудің тәсілдерін кеңінен қарастырулары керек. Көптілді білім беру бағдарламасы аясында үш тілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге жеткізуіміз керек. Бұл білім алушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейтуге, шетелдік әріптестерімен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне еркін қол жеткізуге зор мүмкіндік береді.

Оқу үрдесіндегі сөз мәдениетін, сөз әдебін, сөйлеу әдістерін оқыту, үйретуде- оқушылардың түрлі бұқаралық сөз сөйлеу шеберлігін қалыптастыру және оны арттыру сөзін шеберлегін қалыптастыру және оны арттыру сөзін өтімді етуде, сөйлеу барысында тілдің түрлі бейнелік, әсерлік құралдарын пайдалана білуге баулу, сол ияқты олардың дауысын, сөйлеу мәнерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру басты назарда болады.

Көптілдік заман талабына айналып отырған кезеңде ана тілімізді қастерлей отырып, өзге тілдерді білгеніміз – көптілділігіміз әлемдік мәдениетке, өркениетке, білім кеңістігіне еркін кірігіп, болашақта алдыңғы қатардағы бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына, жиһандану үрдісінде білім мен ғылымның барлық саласында бәсекелестікке төтеп беруімізге мүмкіншілігімзді арттыратыны анық.

Жас ұрпақтың кәсіптік бағдар алуы үшін тіл біліміне қызықтыратын, тілдің сыр-сипатын, қоғамдағы орнын үйрететін сабақ түрлерінің санын көбейтіп сапасын арттырып тұру қажет. Сабақ үрдісінде түрлі тақырыптарға бағдарламалар жасау, жиналыста, басқосуларда сөз сөйлеу, тиянақты ой қорытындысын жасау шешендік тапқырлық сөздер жинаттырып талдау, сөз өнеріне назар аудару керек. Лекцияда, сөздік жұмыстарда, лекцияны толықтырып мазмұнадайтын әдебиеттерді пайдаланып және қажеттіні тере білетіндей бағдар беру де тілдің мүмкіндігін ашады.

Оқушыларды заман талабына сай оқытып, тәрбиелеу – әрбір ұстаздың үлкен міндеті. Себебі, Егеменді елдің экономикасы жан – жақты даму үстінде, соған лайықты бәсекеге қабілетті еліміз үшін мамандар дайындауымыз керек және олар өндірісте терең білімділікпен қоса қарым – қатынастың барлық түрін меңгеруі қажет. Күні ертең қоғамдық әлеуметтік ортаға баратын оқушыларды тілдің теориялық жағынан гөрі, әр түрлі қарым – қатынаста жағдайында жол таба білуге үйрету маңызды болып саналады, олай болса, еліміздің болашағын көркейтіп, өркениетті елдер қатарына қосатын ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайық.

Жыл сайын дәстүрлі түрде пән онкүндіктері «Үштұғырлы тіл – ұлт пен мәдениеттің көпірі», «Шетел тілін үйрету – ана тілін байытады», «Тіл – достық пен қарым – қатынастың негізі» тақырыптарымен өткізілуде. Аталған бірлестік оқушыларды үш тұғырлы тіл саясатын қолдау және жүзеге асыру мақсатында түрлі іс – шаралар ұйымдастырылып отырады.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. «Егемен Қазақстан» -15 желтоқсан, 2012.

  2. Солташұлы Ы. Заман Талабы – Көптілді болу // Ақиқат. 26 қараша – 2012 ж.№11.

  3. http://www.akorda.kz/kz/category/poslaniya_narody. Қазақстан Республикасы Президентінің Ресми сайты.

  4. Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.




































Мақалада қалыптасқан мемлекетіміздің халықаралық ынтымақтастық, саяси – экономика және мәдени байланыстарының нығаюы жолында көптілдік маңызды орын алатындығы туралы көрсетілген.Тақырып аясында жасалынып жатқан шаралар мен нәтижесі көрсетілген.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Иманбердиева Эльмира Сейдахметовна

Дата: 26.11.2015

Номер свидетельства: 258480


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства