kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Колледжде үштілділік құзіреттілігін қалыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Колледж студенттерінің бойынша үштілділік құзіреттілігін қалыптастыру тақырыбын ашуға арналған баяндама. Баяндамада құзіреттілікті қалыптастырудың жолдары мен тәсілдері баяндалған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Колледжде үштілділік құзіреттілігін қалыптастыру»

Колледжде үштілділік құзіреттілігін қалыптастыру


Бүгінгі білім беру жүйесі жетілген заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, кең жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен»,-деп болашаққа аса терең біліммен қадам жасап, білімнің сан қилы құпиясына үңіліп, өзінің қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, көп тілді меңгерген құзіретті маман тәрбиелеу техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі аса қажетті мақсат болып отыр.

Бәсекелесуге қабілетті елдер қатарына апаратын баспалдақтардың бірі – үштілділік.

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі – білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы  жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», –  деп атап көрсетті.

Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті,  өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге,  әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман дайындау.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі  білім беру мен тәрбие жұмыстарының  талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді.

Қазіргі таңда білікті маман даярлаушы техникалық және кәсіптік білім жүйесінде бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін, алдымен маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру керек.

Осы мақсатты жүзеге асыру жолында колледжімізде нақты қадамдар жасалуда:

1. Студенттің кәсіби құзыреттілігі кәсіби және жеке сапалардан құралады. Кәсіби құзыретті маман  деп өзінің педагогикалық әрекетін жоғары дәрежеде жүргізе алатын, қарым-қатынасқа  әрдайым дайын, педагогикалық  үдерісте үнемі оң  нәтижелерге қол жеткізіп  отыратын маманды атауға болады. Осы орайда «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның ұйымдастыруымен "Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың ерекшеліктері және ендіру әдістері" тақырыбында өткен 72 сағаттық курсында колледжіміздің Байгужина Г.Н., Наушабекова Н.А., Нурманова А.Д., Шакиева Н.А. сияқты оқытушылары тиісті даярлықтан өтіп, студенттердің бойында үштілділік құзіреттілігін қалыптастыру бағытында арнайы пәндерді оқытуда KLIL технологиясының элементтерін біртіндеп енгізуді бастады. Бұл сұрақ №3 әдістемелік кеңесте қарастырылды.

2. Болашақ кәсіби құзіретті маман осы ақпараттық қоғамнан қалыспай, жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт – бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі заманның талабы. Яғни, болашақ кәсіби маманның – қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Осы себептен, колледж әкімшілігінің қолдауымен ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Махан Б., Ергалиева Р.Р., Байтурова Г.К., Акбарова У.У. бірінші, екінші курс студенттерінің арасынан іріктеліп алынған 17 студентті 4 топқа бөліп, 40 сағаттық факультатив жүргізді. Нәтижесінде, Ұлы Британиялық әріптестерімізбен тәжірибе алмасу бойынша Кәсіптік-техникалық колледжде өткен кездесуде колледж студенттері мен бірнеше арнайы пәндер оқытушылары дөңгелек үстел барысында сұхбатқа, пікірталасқа қатысып, ағылшын тілінде өз көзқарастарын білдірді.

3. Бұл жерде атап кететін тағы бір жайт, ол оқытушылар үшін ағылшын тілін меңгеру бойынша 80 сағаттық арнайы курс өткізіліп, 17 оқытушы өздерінің ағылшын тілінде сөйлеу білік, дағдыларын жетілдірді.

4. Колледждің 2016-2017 оқу жылына арналған оқу-әдістемелік, тәрбие жоспарлары бойынша "Гуманитарлық пәндер" ПЦК оқытушыларының ұйымдастыруымен студенттердің, оқытушылардың үштілділік құзіреттілігін қалыптастыру бойынша бірнеше ауқымды іс-шаралар қатары атқарылды:

- қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушыларының ұйымдастыруымен педагогикалық-инженерлік қызметкерлер арасында "Мемлекеттік тіл білгірі - 2016" байқауы;

- қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі оқытушылары Абельдинова Д.К., Ергалиева Р.Р., Есенгараева А.К. бірлесе ұйымдастыруымен студенттер арасында "Үш бақытым" зияткерлік сайысы;

- ағылшын тілі оқытушысы Ергалиева Р.Р. ұйымдастыруымен үш тілде өткен "ЕХРО - кеше, бүгін, ертең" сабақтан тыс іс шарасы;

- ағылшын тілі оқытушысы Махан Б. ұйымдастыруымен үш тілде оқытушылар арасында өткен "Ағылшын тілін тез меңгерудің тәсілдері мен жолдары" шеберлік сыныбы;

- орыс тілі оқытушылары қазақ тілінде оқитын топтардың арасында өткен "Лингвистический турнир" және т.б.

5. Сондай-ақ, ғылыми зерттеу жұмыстарын да белсенді жүргізіп, қалалық, Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, пәндік олимпиадаларда Негметжанова Н.З., Байтурова Г.К., Акбарова У.У., Нуркасымова А.Б., Искакова А.А., Хасенова С.Е. жетекшілігімен студенттеріміз жүлделі орындарға ие болып жүр.

Қорыта келе, жоғарыда аталған іс-шаралар - колледжде студент пен оқытушылардың бойында үштілділік құзіреттілігін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың оң нәтижесі деп білеміз.

Сондай-ақ, үштілділік құзіреттілігін қалыптастыру бойынша төмендегідей іс-шараларды атқаруды ұсынамыз:

  1. Курстан өткен оқытушылар жаңа 2017-2018 оқу жылында арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды ендіру әдістері мен технологияларын толықтай енгізуді;

  2. Колледж оқытушылары үшін шеберлік сыныптары мен ашық сабақтарын ағылшын тілінде өткізуді;

  3. Аптаның бір күнін «Қазақ тілінде сөйлеу күні», «Ағылшын тілінде сөйлеу күні» деп енгізуді;

  4. Оқу-тәрбие, әдістемелік іс-шараларды үш тілде өткізуді;

  5. Оқытушылар мен студенттер арасында ағылшын тілін меңгеру курстарын жалғастыруды.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Колледжде үштілділік құзіреттілігін қалыптастыру

Автор: Абельдинова Динара Кенжебековна

Дата: 31.05.2017

Номер свидетельства: 419700


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства