kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Колледждегі құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын алу шаралардың кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында аудандық жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекциясымен біріккен жұмыстар жүргізіледі. Құқықтық Кеңестің жоспары жасалып, ай сайын жоспардағы іс-шаралар жүргізіледі. Құқық мәселесі, тәртіп мәселесі ата-аналар жиналысының күн тәртібінен түскен емес. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Колледждегі құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары»

«Үржар колледжі» КММ-де 2018-2019 оқу жылында құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша жүргізілген жұмыстарынан хабарлама

Қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын алу шаралардың кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында аудандық жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекциясымен біріккен жұмыстар жүргізіледі. Құқықтық Кеңестің жоспары жасалып, ай сайын жоспардағы іс-шаралар жүргізіледі. Құқық мәселесі, тәртіп мәселесі ата-аналар жиналысының күн тәртібінен түскен емес.

Колледж бойынша оқу жылының басынан құқық бұзушылықтың алдын-алу іс шаралар жоспары жасалған.Жыл басында құқықтық Кеңес құрылды. Арнайы бұйрық шығарылған. «Тәуекел топта »тұрған студенттер жоқ. Жоспар бойынша сабақты көп босататын және әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасы балаларының үйіне барып әңгіме жүргізіліп , тұрмыстық акт жасалды. Жыл бойы барлық топтарда «Сен және сенің құқығың », «Сен өз құқығыңды білесің бе? , «Заңды білу заман талабы», «Қоғам және жасөспірім » т.б тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізілді.Колледж студенттері арасында «Тәртіп –тәрбие бастауы,Тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы » атты қызықты пікірталас өткізілді . Оған құқық қорғау қызметкерлері қонақ ретінде шақырылды. Аудандық ішкі істер бөлімімен тығыз байланыс орнатылған. Полиция қызметкерлерінің , жасөспірімдер инспекторларының қатысуымен «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы»тақырыбымен өткен жиналысқа 92 студент қатысты (30.10.2018 ж.), «Құқықтық жауапкершілік » қылмыстық кодекстің баптарымен таныстыру (22.02. 2019 ж.) жиналысқа 112 студент қатысты , «Ұрлық түбі-қорлық», «Жасөспірімдер арасындағы жағдаяттар , себептері мен салдарлары»(13.03.2019 ж.)атты жиналысқа 73 студент қатысты. 19.04.2019 жылы құқық қорғау қызметкерлерімен бірлескен бопсалау фактісін анықтау мақсатында жасырын сауалнама алынды. Аудандық жасөспірімдер инспекторының тіркеуінде Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Жасөрен »музыкалық үйірмесі, «Зерде»үйірмесі, «Шебер қолдар»үйірмесі, шаңғы, қазақша күрес, жеңіл атлетика ,шахмат-дойбы секциялары жұмыс істейді. Полицияға жәрдемдесу отряды құрылған . Жетекшісі –Саканов А.К.Полицияға жәрдемдесу отрядының міндеті құқық қорғау органдарымен біріге отырып оқу орнындағы қоғамдық тәртіптің сақталуын және колледж ішілік тәртіптің сақталуын қадағалау , құқық бұзудың алдын алу. «Сенім жәшігі » ілінген. 28.02.2019 жылы өткен «Рухани жаңғырған ұрпақ тәрбиелеу-баршаның міндеті» жалпы ата-аналар жиналысында Үржар АІІБ жасөспірімдер инспекторы Альмурзеева «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын-алу» тақырыбында баяндама оқып, ата-аналарға ақыл-кеңес берді. «Отбасы –тәрбие ұясы», «Өз құқығыңды білу міндет», «Өте қысқа мерзімде балалардың бейімделуін жүзеге асыруда отбасының рөлі » тақырыбында баяндамалар оқылды.Кураторлар бірлестігінің басты тақырыбы құқықтық мәселелерге арналып отырды, мысалы: «Мен -азаматпын», «Құқық және сен», «Құқықтық жауапкершілік» т.б.

Жүргізген іс-шаралар өз нәтижесін беруде:

  • ҚР заңының іске асыру жоспарына және тәрбие жұмысын комплекстік жоспарына сәйкес колледжде шәкірттерді тәрбиелеудің бағдарламасы әзірлеп еңгізілген.

Мақсаты:

  1. Шәкірттерді демократия, рухани ізгілік бостандық, заң орындаушылық, өзін-өзі талдау бойынша жолдау.

  2. Шәкірттердің арасында құқық бұзушылықтың алдын-алуы.

Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында келесі жұмыстар ұйымдастырылып өткізілді:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы», «Тілдер туралы» заңдар, «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік», «Еңбек Заңы», ҚР Президентінің жолдаулары туралы лекциялар, баяндамалар оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

  2. Кітапханада «Біз және заң» тақырыбына бұрыш ұйымдастырылды

Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің негізгі мақсаты оқушылардың жалпы талапты, колледж тәртібін сақтау болып саналады. Бұл бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілген:

  • Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесін құру;«Тәуелді топ» оқушыларын анықтау, тізімін жасау;

  • Ай сайын әңгімелер жүргізу;

  • «Жасөспірім және көше» рейдтерін жүргізу;

  • Сабақтан себепсіз қалатын оқушылармен жұмыс.

Тәрбиенің Кешенді бағдарламасының барлық бағыттары тәрбие жүйесі дәрежесін көтеріп қана қоймайды, сонымен қатар тәрбие жүйесінің жаңғыртылуын тиімді етеді. Үржар колледжінде құқық бұзушылық бойынша есепте тұрған студент жоқ.





«Үржар колледжі» КММ директоры: К.М.Чарахметов

Орындаған:Ж.А.Баймухаметова















































«Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемеcінде

2018-2019 оқу жылында

суицидтің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар есебі



Жыл басында суицидтік әрекеттердің алдын алу шаралары бойынша мобильдық топ құрылып, колледж ішілік жоспар жасалды. Жоспар үш бағыт бойыша жүзеге асты:

1. Педагогтармен жұмыс.

2. Білім алушылармен жұмыс.

3. Ата-аналармен жұмыс.

Жоспар бойынша топ жетекшілері, оқу өндіріс шеберлері, дене тәрбиесі, «өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысы, жатақхана қызметкерлері, мейірбике, педагог-психолог Д.С.Теміржан тарапынан төмендегідей жұмыстар жүргізілді:

  • суицидтік мінез - құлықтың алдын - алу мақсатында топ жетекшілеріне, топ білім алушыларына арнайы сабақтар жүргізіліп, суицид туралы жалпы түсінік беріліп, «Күйзелісті жеңе білу» атты баяндама оқылды.

  • арнайы бақылауды қажет ететін білім алушылар анықталып, олардың «Суицидтік мінез-құлқына» арналған зерттеулер жүргізілді.

  • I курс білім алушылары арасында «Қорқыныш пен үрейді жеңе біл», «Студенттік өмір – сенің өміріндегі ең ғажайып уақыт», IІ курс білім алушылары арасында «Тығырықтан шығу жолдары», «Балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің аладын-алу шаралары туралы», І-ІІІ курс білім алушылары арасында «Емтиханды қалай дұрыс тапсыруға болады?», атты тренингтер, «Емтихан тапсыруға психологиялық дайындық» атты әңгімелер оқылып, I-ІІІ курс білім алушылары арасында «Өз эмоцияларымды басқарамын» атты тренингтері өткізілді.

  • қыркүйек айында I курс білім алушылары арасында бейімделу бойынша диагностика жүргізілді, нәтижесінде І курсқа қабылданған 50 білім алушыдан 46 (90%) білім алушы арасында бейімделуі процесі қиын және ұзақ болған жоқ .

  • қыркүйек-қараша айларында суицидке бейімділікті зерттеуге нәтижесінде 1 оқушы (4%) білім алушыда невротизациялық шкаласы жоғары екендігі анықталып, «Сары уайымды жеңу жолдары» атты ұсыныстар беріліп, «Мен және басқа адамдар» тақырыбында әңгімелер жүргізілді. Топ жетекшілерге депрессивтілігі жоғары білім алушыларды эмоционалды қолдау керектігі, қоршаған ортада тіршілікті құптайтын иммунитетті арттыру, бос уақыттарын ұйымдастыру, көңіл-күйін бақылау, өзара сенімді қарым - қатынас орнату керектігі ескертіліп, ұсыныстар берілді.

І курс білім алушыларының суицидке бейімділікті анықтау әдістемесіне 2 топтан, 46 білім алушы қатысты.

ІІ курс білім алушыларының суицидке бейімділікті анықтау әдістемеге 2 топтан, 50 білім алушы қатысты.

Жатақхана білім алушыларымен қыркүйек айында І курс 95 білім алушыларға бейімделу мақсатында «Танысу» атты тренингі өткізілді (І курс 95 білім алушы), «Студенттік өмір – сенің өміріңдегі ең ғажайып уақыт» тақырыбында әңгіме оқылды (І-ІІІ курс 60 білім алушы), қазан айында «Өмірде бәрін өзгертуге болады, бәрі сенің қолында» атты баяндама талқыланды (І-ІІ курс 47 білім алушы), қантар айында «Бөлмелердің эстетикалық талаптарының орындалуы адамға әсері» атты тренинг-ойын жүргізілді (І-ІІ курс 33 білім алушы), ақпан айында «Қикілжінсіз өмір сүруінің негізгі заңдары» тақырыбында лекция оқылды (І-ІІ курс 40 білім алушы). Тәрбиеге қиындық келтіретін білім алушыларға жекелей кеңестер жүргізілді. Сонымен қатар «Жатақхана білім алушыларына арналған әлеуметтік - психологиялық сауалнама» өткізілді.

Жыл барысында оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі қиындықтарға байланысты туындаған мәселелер бойынша студенттермен психолог, топ жетекші, колледж әкімшілігі, колледж дәрігері тарапынан түрлі бағыттарда жұмыстар жүргізілді.

Ата-аналармен жұмыста белгілі бір себеппен келген ата-аналарға (баланың қақтығысқа түсуі, сабақ оқымауы, сабақ босатуы) психологиялық эмоционалды байланыс орнату мақсатында кеңестер беру. Мақсаты: ата- ананың психологиялық білімін, позициясын анықтау. Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі мәселелеріне сай жекелей кеңес беру. 28.02.2019 жылы өткен «Рухани жаңғырған ұрпақ тәрбиелеу-баршаның міндеті» жалпы ата-аналар жиналысында ата-аналардан жасырын сауалнама алынды. «Үржар колледж»КММ суицид бойынша және «Тәуекел топ» бойынша есепте тұрған балалар жоқ.






«Үржар колледжі» КММ директоры: К.М.Чарахметов

Орындаған: Д.С.Теміржан




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Колледждегі құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары

Автор: Баймухаметова Жупар Ануарбековна

Дата: 14.01.2021

Номер свидетельства: 570039


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства