kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қисса оқыту арқылы оқушыларды құндылықтарға баулу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қисса оқыта отырып, оқушылардың бойында қазақи тәрбие мен құндылықтарды сіңіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қисса оқыту арқылы оқушыларды құндылықтарға баулу.»

 ­Өзгені танымас бұрын, өзгені сынамас бұрын өзімізді-өзіміз танып,  жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстанып, өзімізді рухани жаңғыртайық!







Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстаноблысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ









ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ




Тақырып: «Қисса оқу арқылы оқушыларды құндылықтарға тәрбиелеу»








Орындаған: Сулейменова Альмира Маратқызы



2023-2024 оқу жыл





ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ «Қисса оқу арқылы оқушыларды құндылықтарға баулу»

Кіріспе

1. Таныстыру

2. Тақырып: «Қисса оқу арқылы оқушыларды құндылықтарға баулу»

Мақсаты: Әріптестерге әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, қисса оқу бойынша ұлттық құндылықтарға қалай баулып, құрметтеп, тәрбиелеуге болатынын бөлісу, үйрету жолдарын көрсетіп шеберлік сағатын жүргізу.

-Құрметті қонақтар! Бүгінгі шеберлік сыныбымыздың негізгі мақсаты ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің тиімді жолдарын қарастыру.

Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен  ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері ғасырдан бері жинақталып келе жатқан алтын қазығымыз. Сол тәжірибе, танымның, ұлттық құндылықтарымыздың бірегейі -халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрып,жыр-дастан, аңыз-ертегі, қиссалары.Ал біздер мен сіздер осы құндылықтардың заңды жалғастырушысы мен қорғаушыларымыз. Ендеше, сіздерді құндылықтарымызды қисса оқу арқылы танып, дамытуға шақырамын.

 

  1. -Топтарға бөліну: Ұнаған адам бша





  1. Тренинг№1

-Шеберлік сағатына қатысушылардың психологиялық хал-ахуалын арттыру мақсатында «3Қ» әдісімен тренинг өткізу. (Құндылық, қасиет, құрмет)



  1. БЕЙНЕРОЛИК КӨРУ:

«Шағаланың жаралу қиссасы»

-Сізге қисса ұнады ма?

-Қандай құндылық бар деп ойлайсыз? (КИЕ, АРМАН, АМАНАТ, АЛҒЫС, БАТА, ЖАНАШЫРЛЫҚ,ҰРПАҚТЫ БОЛУ,ОТАНЫН ЖАҚСЫ КӨРУ, АДАЛ БОЛУ, РИЗА БОЛУ, ҚҰРМЕТТЕУ)













  1. ТОППЕН ЖҰМЫС:

Тапсырма:

1ТОП- Қисса деген не?

2ТОП- Құндылық деген не? Қандай түрлері бар?

3ТОП-Құт, кие деген не? Оған нені жатқызуға болады?



Залмен жұмыс:

-«Жақсы қасиеттер» ойыны Мысалы: мен «Ə» əріпін айтамын, ойыншы бойындағы әр түрлі əрптерден басталатын қасиетті айтады.

А Ә С Қ Н Е Ш Р Ы Ж М Т

-Қандай киелі сандарды білесіз? (сандарды көрсету бша 3,5,7,)

-Қазақ баласын қалай тәрбиелеген?

Қисса білесіз бе?

Ертегі білесіз бе?

Қандай тыйым сөздерді білесіз? Мысалы,

-«Қошемет» жаттығуы

Бір-бірімізге қошемет айтамыз, қошеметті алып қана қоймай қайтару керек. Қошемет арнайы формада қабылданады: «Иә, солай. Тағы мен … (адамгершілік қасиет қосылады)»
-Балаңызға ертегі айтып бересіз бе?Қандай?

-Сауалнама « Сіз мейірімді адамсыз ба?»

1. Сіз әжептәуір ақша таптыңыз.Осы ақшаға түгел дос-жаран мен жақын-туысқа сыйлықтар алып беруіңіз мүмкін бе?

2. Адамдар қуанып қалсын деп, оларға үнемі әзіл-қалжың, жақсы сөз айтып отырасыз ба?

3. Сіз кекшілсіз бе?

4. Өзіңіз ұнатпайтыни нәрсені асқан сабырмен тыңдап тұра аласыз ба?

5. Өзіңіздің қолыңыздан келетін дүниені ешкімге жалынбай істеп кете бересіз бе?

6. Жеңіліп бара жатқыныңызды сезсеңіз қандай да бір сылтаумен ойынды тоқтатасыз ба?

7. Егер өзіңіздің ісіңіздің ақ екеніне сенсеңіз, оппонентіңіздің сөзін тыңдаудан бас тартасыз ба?

8. Біреулердің өтініштерін бұлжытпай орындайсыз ба?



Треннинг№3

Қатысушыларға ақ беттер таратылып беріледі.Тапсырма: ақ қағаздарды қолдарымен кесіп адам бейнесін, сұлбасын жасау.

Залмен жұмыс:

«Жартысын тап» ойыны

Қатысушыларға конверт ішінен қиссалар жазылған мозайкалар таратылып беріледі.Тапсырма: қиссаның жартысын тауып, оқып, тапсырмаларын орындау. Қорытынды жасау:Осындай әдістермен оқушыны қисса оқытуға қызықтыру.







  1. Топтық жұмыс: «Дәрумендер»

Тапсырма: Қатысушылар жасаған адам бейнесіне құндылықтар дәрумендерін құюлары керек. Неге ол дәрумендерді құйды соны айту, түсіндірі,дәлелдеу.

  1. «Қисса терапия»

Қуанышұлы Нұриддин және Құрмантай Әмина қисса айтады.

  1. Қорытындылау: Слайдпен қисса туралы түсінік беру,нәтижелер, марапаттау.

-Қандай киелі сандарды білесіз?

(сандарды көрсету бша 3,5,7)

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ
Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық
Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет
Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:
Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың – сыншыл

Үш із: бала, байлық, бақыт – білім
Үш ғайып: қонақ несібе, ажал
Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы
Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш қазына: Ер қазынасы – жүрген із,
Ел қазынасы – көне сөз,
Тіл қазынасы – ескі сөз
Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту
Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті
Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет
Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар
Үш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы

Бес қару, Бес парыз, Бес қатер: От,Жау,Борыш, Ауру, Сөз.

 жеті жұтқа мыналарды жатқызады: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала, 7 түрлі дәм, жеті шелпек, қайтыс болған адамның жетісі деген ұғым бар, жеті қазына жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қандыауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездікті жатқызған. Жеті ата,








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қисса оқыту арқылы оқушыларды құндылықтарға баулу.

Автор: Альмира Маратқызы Сулейменова

Дата: 15.12.2023

Номер свидетельства: 642402


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства