kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кембридж ба?дарламасы бойынша есеп: Ынтыма?тасты? атмосферасын ?алыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Кембридж ба?дарламасы бойынша есеп: Ынтыма?тасты? атмосферасын ?алыптастыру.

Адамдар диалог ?дісін ?олдана отырып, м?селен, тал?ылау, дебат, ынтыма?тасты?, білімді бірлесіп ??ру ар?ылы т?сінік пен да?дыларды ?алыптастыру ар?ылы білім алады.

Б?гінгі та?да «білім алушылар ?о?амдасты?ы» деген ??ым ?зекті болып отыр, онда о?ушылар да, м??алімдер де ?здерін білім алушылар деп есептейді. О?ушыларды? арасында бірлескен ж?мыс, бір-бірін ?олдау, топты? рух мада?талады. Олар топпен ж?мыс істеп, онда ты?дау, дене ?имылдары, келіспеушілікті ??рметпен білдіру ?абілеттеріне назар аударылады. Б?л философия одан ары о?уда ны? т?ру ?шін ?ажетті ?зін ?зі ??рметтеумен ж?не ?зін ?зі бас?аруды дамытумен сипатталады; н?тижесінде т?уелсіз ж?не ойшыл, ?мір бойы о?у?а ?абілетті т?л?а ?алыптасады (М??алімдерге арнал?ан н?с?аулы?  33-б)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кембридж ба?дарламасы бойынша есеп: Ынтыма?тасты? атмосферасын ?алыптастыру»

Атырау облысы Махамбет ауданы

Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің мұғалімі

ТАУОВА НҰРСҰЛУ РАУЛҚЫЗЫ

Тақырыбы: Кембридж бағдарламасы бойынша есеп: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.



Адамдар диалог әдісін қолдана отырып, мәселен, талқылау, дебат, ынтымақтастық, білімді бірлесіп құру арқылы түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады.

Бүгінгі таңда «білім алушылар қоғамдастығы» деген ұғым өзекті болып отыр, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп есептейді. Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады. Олар топпен жұмыс істеп, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады. Бұл философия одан ары оқуда нық тұру үшін қажетті өзін өзі құрметтеумен және өзін өзі басқаруды дамытумен сипатталады; нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 33-б)

Оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Алайда, бұл әңгіме олар үшін қалыптағы дүние емес, сол себепті де мұғалімдер бірігіп істеген жұмыстың құндылығын түсінулеріне көмектесу керек (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 37 -б)

Нұсқаулықтағы осы ережелерді негізге ала отырып, мектептегі тәжірибемді бастар алдында тәжірибелік сабақ ұйымдастыратын сыныбыма ынтымақтастық атмосферасын тексеру және қалыптастыру үшін дөңгелек үстел ұйымдастырдым. Дөңгелек үстел барысында алдымен сыныптық қарым-қатынасты анықтау үшін социометрия жүргіздім. Социометрия нәтижесіне сәйкес сыныптағы ерекше белсенді танымал оқушылар мен оқшауланған оқушылар байқалды. Оқушыларға бағдарламаға сәйкес бірлесіп жұмыс жасаудың маңыздылығы туралы кеңес берілді.

Сынып мәдениеті туралы сауалнама жүргіздім. Сауалнама нәтижесіне сәйкес оқушылардың мәдениет жөнінде өз түсініктері бар екенін ұғындым. Оқушыларды топқа бөліп, "Мен сізді ....таныстырғым келеді " ойын ережесін түсіндіре отырып, топтағы оқушылардың өз жұптарын таныстыру керектігі айтылды.Бұл ойын соңында оқушылармен пікір алмасқан уақытта өздері таныстырған жұптың бұрын білмеген қабілеті, қасиетін анықтағанын айтса, ал кейбір оқушылар таныстыру кезінде өз ой-пікірлерін қосып айтуымен, сөздік қорымен ерекшеленді. Жоспарланған тәжірибе сабақтарында топпен, жұппен жұмыс жасағанда ынтымақтастық атмосферасы негізінде: бірін -бірі тыңдау, құрметтеу, сұрақ қою, әр оқушының жауабын, көзқарасын, пікірін есепке алу және жұмыс барысында диалогтық қарым-қатынас жасау жүзеге асырылды.

Оқушыларға топтағы бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасау - сабақ барысында ғана емес, қоғамдық шаралар кезінде, сабақтан тыс тәрбие шараларында да жүзеге асу қажеттілігі туралы айтылды. Оқушылардың сыныпта тәртіп ережелерін сақтауы үшін сынып ережесінің маңыздылығын айтып, құрастыруды ұсындым. Оқушылар топта ақылдасып ең қажетті деп санап, таңдалынған өз ережелерін ұсына отырып, сынып ережесін жасақтады.

Тәжірибелік бірінші сабағымда 2-топ мүшесі сыныптағы Ә есімді үздік оқушы топқа бөлінген бірінші топта барлығы үздіктер екендігін айтып реніш танытты. Мен оқушыны сабырға шақырып, ол топқа "Жыланның уы және шаққан кездегі алғашқы көмек туралы " рөлдік ойын әдісін ұсындым. Ә топ көшбасшылығын өзі алып, топты ұйымдастыра білді, бағалау барысында ең үздік топ Ә тобы екені анықталды. Сынып оқушыларына рефлексия барысында ең басты нәрсе топтағы үздіктердің саны емес, топтың дұрыс құрылымдала отырып, ынтымақтаса жұмыс жасауына байланысты екендігін айтып өттім. Ал үшінші топтың 1-тапсырмада жүйелеп соңына дейін орындауы үшін уақыттары жетпей қалды, себебі олар бір-біріне көмектеспей, топта талдап, кеңеспей, әр оқушы жеке жұмыстанған болатын, 3-тапсырмада сол олқылықты олар түсіне отырып, шапшаң қимылдап, бірі--біріне көмектесіп, ақылдаса отырып тапсырманы уақытында аяқтады. Кейінгі сабақтарда топтастыру барысында оқушылардың әрқайсысы өз қабілетіне қарай әрекет ете отырып, ұйымдаса жұмыс жасауы, уақытты тиімді пайдалану үшін топ басшысы тапсырмаларды реттеп топ мүшелеріне бөлуі, топтың жеңісі үшін тұйық, оқшауланған оқушылардың өзі міндеттерін жақсы атқаруға ұмтылуы байқалды. Мерсердің "Ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. Оқушылардың қызығушылығының арттыруы мен білім деңгейінің өсуіне ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмысы әсер етеді" деген болатын, сондықтан оқушыларда ынтымақтастық атмосферасының қалыптасуы маңызды, яғни табысты талқылау дегеніміздің өзі топта ынтымақтастық атмосферасының болуы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Кембридж ба?дарламасы бойынша есеп: Ынтыма?тасты? атмосферасын ?алыптастыру

Автор: Тауова Н?рс?лу Раул?ызы

Дата: 25.06.2016

Номер свидетельства: 336139


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства