kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кембридж о?уы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ш?О Абай ауданы Ке?гірбай би ауылы
"Ш?к?рім атында?ы орта мектебі" КММ
бастауыш п?ні м??алімі
Дюсекина Ботаг?з
Та?ырыбы:Кембридж о?уы.
Мен бірінші де?гейлі білім жетілдіру курсына не ?шін келдім? О?ытуда?ы Кембридж т?сілдері ?андай екен?-деген оймен келген едім.Осы курс?а келу барысында о?ыту мен о?уда?ы ?дістерді ?згертетін уа?ыт жеткенін сезіндім. Финляндия еліндегі білім беру ж?йесіні? о?ушылар?а жасап отыр?ан жа?дайлары ?нады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кембридж о?уы »

Кембридж оқуы




ШҚО Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы
"Шәкәрім атындағы орта мектебі" КММ
бастауыш пәні мұғалімі
Дюсекина Ботагөз
Тақырыбы:Кембридж оқуы.
Мен бірінші деңгейлі білім жетілдіру курсына не үшін келдім? Оқытудағы Кембридж тәсілдері қандай екен?-деген оймен келген едім.Осы курсқа келу барысында оқыту мен оқудағы әдістерді өзгертетін уақыт жеткенін сезіндім. Финляндия еліндегі білім беру жүйесінің оқушыларға жасап отырған жағдайлары ұнады.Мысалы оқушыларды тегін тасымалдаумен қамтамасыз етуі. Ал мұғалім мамандығына келген адамдарды біліміне қарап емес, психологиялық сенімділігіне қарай таңдауы ерекше екен.Біздің елмен салыстырар болсақ бізде бірінші кезекте келген маманның дипломы мен біліміне қарап жұмысқа алады. «Бірінші деңгейлі курсты игерген мұғалімнің негізгі функциясы-оқыту мен оқу тәжірибесінде жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерін дамыту бағдарламасын әзірлеу.» (Нұсқаулық 4-бет) Осы орайда мектептің даму бағдарламасын әзірлеу үшін не істеу керек? -деген заңды сұрақ туындайды. Менің ойымша ол үшін мектептің қазіргі жағдайымен танысып, әрі қарай нені өзгерту керек екенін білген дұрыс.Бірінші кезекте мұғалім өзгеру керек деп ойлаймын. 
Синектің «Көшбасшылықтың конустық метафорасында» айтылғандай мектеп көшбасшылары НЕГЕ мектепте өзгеріс енгізу қажеттігін дәйектеп,өз мектептеріндегі мұғалімдерге тәжірибелерін өзгертуге ҚАЛАЙ көмектесуге болатынын білуі тиіс.Ал мұғалімдер оқушылардың оқу үдерісін жақсарту үшін НЕ істеу керек екенін білуге тиіс.(Нұсқаулық 17-бет) Сондықтан да бүгінгі күнде ең алдымен, оқушыға оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл аударуды күшейтіп, әр оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің барлық байлығын дамытып, оны толық ашуға мүмкін болған жағдайды құру қажет етеді. Мінекей қазіргі мұғалімдер алдында тұрған міндет оқушыға белгілі бір білім жүйесін терең меңгертіп қана қоймай, оқу белсенділігін арттырып, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін айтарлықтай дамыту болып отыр. Соған сәйкес оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, әр сабақты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне қарайды. Оқушылар үшін құр ғана сабақ болып қоймас үшін,ол қызықты болуы дұрыс. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани ошағына, қол жетпес қазынасына айналатыны даусыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер, бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деп айтқандай әрбір ұстаз еңбектене берері сөзсіз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Кембридж о?уы

Автор: Дюсекина Ботаг?з Т?кен?ызы

Дата: 06.03.2015

Номер свидетельства: 182884


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства