kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

:«?аза? тілі саба?ында о?ушыларды ынталандыру ар?ылы білім сапасын к?теру»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л технологияны? тиімділігі сол, жа?а та?ырыпты о?ушылар шы?армашылы? ізденіс ?стінде ?здігінен ме?геруі тиіс. Сонды?тан саба?тарда о?ушыларды? ынтасын, белсенділігін арттыру ?шін, олар?а м?селелік с?ра?тар ?ойылып отырады. Та?ырып бойынша жасал?ан де?гейлік тапсырмалар ж?йесі дамыта о?ыту идеясын ж?зеге асыру?а м?мкіндік береді, ?йткені ол білім сапасыны? дамуын ?амтамасыз етеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«:«?аза? тілі саба?ында о?ушыларды ынталандыру ар?ылы білім сапасын к?теру»»

«Меңдіқара аудынының білім бөлімінің әкімдігі Сосна орта мектебі» ММ









БАЯНДАМА



Тақырыбы: «Қазақ тілі сабағында оқушыларды ынталандыру

арқылы білім сапасын көтеру»







Оқыған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бусурманова А,Б.



















Меңдіқара ауданы 2016 жыл

Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында білім беруді реформалау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мұғалімдердің тәжірибесінде енгізілуде. Осыған орай, өз тәжірибемде жиі қолданып жүрген технологияларының бірі – саралап – даралап оқыту технологиясы. Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқушыларға тек білім берумен шектелмей, танымдық әрекетін арттырады және ойлау қабілетін, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Тәжірибенің жаңашылығы: компьютерлік технологияны қолдану арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, интерактивтік тақталарының мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру.

Тәжірибенің тиімділігі: пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқытуда саралау және жіктеуді қамтамасыз етеді, оқушылардың танымдық процестері мен танымдық қабілеттерін дамытады, оқушылардың сауаттылығын ашуға септігін тигізеді, оқушылардың оқу әрекетінде жетістіктерге жетуіне жағдай туғызады, оқушылардың рухани бай жеке тұлға болуына қалыптасады.

Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың жеке бас ерекшелігіне қарай қабілетін аша отыра, осы пәнді теориялық және тәжірибелік жағынан сараланған түрде даралап оқыту, сөйлестіру, жазу мәдениетін жетілдіру, өзіндік ой- пікірін дамыту.

Тіл қай елде, қандай қоғамдық құрылыста болмасын қатынас құралы керек десеңіз тіршілік құралы болып келеді.Отбасынан бастап, тілдің қоғамдағы қызметі туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ.Ал атам заманнан қазақ қоғамындағы тілдің орны, атқарған қызметі ерекше болғаны баршаға аян.Бабаларымыздың «Өнер алды – қызыл тіл», «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деген даналық сөздерінің өзі көп нәрсе аңғартса керек.

Рухани бай, жан – жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі тіл байлығы дер едік, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы оөйлей білетін, Абайша сілтегенде жүоекке жылы тиетін, «айнасы теп – тегіс жұмыр келетін» сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет қалыптасады.Мектептегі тіл дамыту жұмыстарының ең тиімді жолдары пәнаралық байланысқа иек арту болып табылады.Соның ішінде әдебиет пәні мен қазақ тілі пәндеріндегі тіл дамыту жұмыстарын жеке дара қарастырмай, үнемі, жүйелі түрде,бірлікте,бір мақсатта жүргізіп отырған нәтижелі,жемісті болмақ.Тіл байлығының ұғымы кең. Әр пәннің өз тілі, оған қойылатын өз талаптары бар.Ал қазақ тілі мен әдебиетіндегі тіл дамыту жұмыстарын мынадай мақсаттар негізінде жүргізуге болады:

а/ аз сөзге терең мағына сыйғызу /нақтылық, дәлдік/;

ә/ ойын бейнелі, көркем айшықты да шешен оралымды пайдалана отырып жеткізу /ауызша да, жазбаша да/;

б/ ауызекі сөйлеу тіліндегі мәнерлік, айқындық, нақтылық, жүйелілік, еркіндік;

в/ жазба тілдеріндегі жатықтық, сөздерді түрлендіре пайдалану, сауаттылық, жазу мәдениетіне қойылатын талаптарды меңгеру, қазақ әдебиеттен алған білімдерін қазақ тілі сабақтарында, қазақ тілінен білімдерін әдебиетте пайдалана білу.

Саралай оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б. Ананьев, Л. Выготский, А. Леонтьев, С. Рубинштейн т.б. ғылымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезендегі оқу әрекеті Ш. Аманатшвилли, В. Давыдов, Л. Занков т.б. зертеулерінде қарастырылады. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.

Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен олардың ықылас-жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын жалпы білім деңгейін зерттеу қажет. Бұл ерешеліктерді айқындау үшін білімді менгеру денгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалдама., психологиялық тәжірибе жасау ата-аналарымен әнгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақтың сұрақ беру, кіріспе әнгіме, оқыған материалды, тағы да басқа тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгірімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудін жоспар үлгісі ұсынылады. Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу – тәрбие жұмысында мұғалім өзіне лайық әдіс енгізеді.

Өзіндік әдісті жүзіге асыруда мына мәселелер көзделеді:

  1. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу.

  2. Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістемелігін жасау.

  3. Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру.

  4. Білімді бағалау, бақылай жүйелерін жетілдіру.

Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішнде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті жоғары, орташа , стандартты немесе төмен деп 4 топқа бөлуге болады.

Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңдау, сол тақырыпты егеру көзделсе, өте пайдалы.

Бірінші деңгей (оқытушылық деңгей) – білімнің минималдық шегі. Граммаикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерді сөздікке жазып алу, сұрақтарға түсініп жауап беру.

Екінші деңгей (алгоритімдік деңгей) - үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені ескеріледі.

Үшінші деңгей (эвристикалық деңгей) – материалды саналы түрде меңгеру. Бұл деңгейде оқытушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр – түрлі логикалық тапсырмаларды талдай, жинақтай алатын және салыстыра білуді қажет етеді.

Төртінші деңгей (шығармашылық деңгей) - өз бетімен оқу материалдарын менгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.

Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайларын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына кепілдік береді. Әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары жағдай жасайды.

Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамыту мен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Меселен, оқушылардың алған бағасы арнайы таблода көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы оқушылардың көз алдына тұрады. Мұның өзі білім берудегі демократия критерийлері болады.

Даралап – саралап оқытудың маңыздылығы:

1.Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі.

2.Бос отырған оқушы болмайды.

3.Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады.

4.Қиындықтарды жене білуге дағдыланады, пәнді оқып үйренуге қызығушылығы пайда болады.

5.Ізденіс дағдысы қалыптасады.

Даралап-саралап оқытуда күтілетін нәтиже:

  1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.

  2. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігі, іскерлігін біліп ғана қоймай оны дамытады.

  3. Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Ерекшелігі:

  1. Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемдігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен айырылады.

  2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.

  3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі женілдейді.

Даралап – саралап оқыту технологиясы оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Оқушының білімі мен білігіндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді. Сонымен қатар даралап – саралап оқыту барысында оқушылар да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылардың арасында өзара жарысу жәнеоқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне жағдай туғызады.

Сондықтан да мұғалімдерге саралап - даралап оқыту технологиясын қазақ тілі сабағында пайдаланған өте тиімді.



Мен өз іс–тәжірибемде оқушылардың өздік білімділігін қалыптастыру үшін «Ұжымдық оқыту технологиясын» да қолдануды жөн көрдім.

Осы технология оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге баулып, ынтымақтастық, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді. Өзін –өзі басқаруын қалыптастырып, байқампаздыққа таратады.

Оған мынадай басты талаптар қойылады:

  • әр оқушының еңбектенуі және оның еңбегін пайдаға жарату;

  • өзінің еңбегімен қоса басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау;

  • өзі оқи отырып, қасындағы оқушыны да оқыту;

  • серіктесінің түсінбегенін түсіндіріп көмектесу;

  • әрбір оқушы кезектесіп (ауысып)не оқушы, не мұғалім болады;

  • әр оқушы кезек тәртібін сақтап барлығын үйретеді, ал жұп жекеше түрде барлық мүшесін үйретеді;

Әдістеменің ерекшелігі:

  • жекелеу оқыту;

  • қасындағы оқушымен жұптасып оқыту;

  • топпен оқыту;

  • ұжымдық оқыту.

Бұл технологияның тиімділігі сол, жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін, оларға мәселелік сұрақтар қойылып отырады. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Оқушылардың білімін жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда “Сын тұрғысынан ойлау”, “Модульдік оқыту ” технологияларын күнделікті сабақтарымда қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау – сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Бастауыш сынып оқушыларының оқытуда тиімді әдістерді пайдалана арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттырады, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғаліммен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын. Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істей арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге мүмкіндігі бар.

Оқу процесін жеделдету міндетіне байланысты, орыс мектептерінде қазақ тілін үйретуінде әр түрлі әдіс тәсілдерді, методикалық құралдарды қолдану қажеттілігі туып отырғаны белгілі. Мен бастауыш сыныптарында өзім жасаған «Дыбысты бағдаршам » деген құралды жиі қолданам. Алғашқы кезеңдерінде уақыттың тығыздығына байланысты тақырыпты қайталауға, бекітуге үлгере алмайтын жағдайлар болды. Енді «Дыбысты бағдаршамды » қолданғаннан бері уақытымды үнемдеп, бірнеше секундта сыныптағы барлық оқушының жалпы білім әсерін көремін. Жалпы сыныптың айқын білім деңгейі анықталады. Мұғалім сабақ барысында барлық оқушыларды көз аясында ұстап, әр баланың өткен материалды қалай меңгергенін біледі. Бұл құралды оқушылар мұғалімнің басшылығымен өздері жасай алады.

Екінші “Бақылау сұрау” деген құралды үлкен тақырыпты қайталау және бекіту кезеңдерінде, әрбір тоқсан соңында, немесе жыл аяғында оқушылардың қорытынды білімін тексергенде қолдану өте тиімді.

Мұндай бақылау құрал ұжымдық және топтық әрекетті пайдалана отырып жүргізгенде нәтиже береді. Тәрбиелік мағынасы өте зор - әр оқушы өз тобы үшін жауапкершілігін арттырады, өз үшін ғана емес, өз тобы үшін ынтасын көтереді.



Қолданылған әдебиеттер:



  1. Кобдикова Ж.У. «Деңгейлеп саралап оқыту »

  2. Ахметов С. «Білім берудің тиімді жолдары »

  3. Л. Занков, Д. Эльконин, В. Давыдов, В. Репкин, В. Левин « Дамыта отырып оқыту әдістемесі

  4. Якиманская Н.С. «Дамыта оқыту тұжырымдамасы »





























«Сабақ беру  үйреншікті  жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп  Ж.Аймауытов өткен ғасырда айтқан екен. Сол айтқандай күнделікті ұстаз өміріне сабақты өткізуде қиыннан-қиыстырып, бала жүрегінен жол таба білуі керек.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
:«?аза? тілі саба?ында о?ушыларды ынталандыру ар?ылы білім сапасын к?теру»

Автор: Бусурманова Айгерим Букенбаевна

Дата: 27.08.2016

Номер свидетельства: 341053


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства