kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?аза? тілі» п?ніні? де?гейлік о?улы?тары мен о?у-?дістемелік кешендерін апробациядан ?ткізу барысы туралы

Нажмите, чтобы узнать подробности

С?лу мінез ?р  ?нермен ?рілсін», - деп Ж. Баласа??н айт?андай, елімізді? к?к байра?ындай  к?лбе?деп, т?уелсіз мемлекетімізді? тізгінін ?з ?олдарына мы?тап ?стайтын ?стаздарды? бірі. Сол себепті барлы?  ?стаздар е? алдымен алдында?ы ш?кірттерді? жан- жа?ты т?лім-т?рбие алуына жеке к??іл б?леді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?аза? тілі» п?ніні? де?гейлік о?улы?тары мен о?у-?дістемелік кешендерін апробациядан ?ткізу барысы туралы»

Соңғы жылдары еліміздің қоғамдық өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі – білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформалар екені белгілі. Соның ең бастысы – тез арада әлемдік білім кеңістігіне ену, еніп қана қоймай , өзіндік орнымызды алу. Бұл арада мектептің, әрине білім берудегі негізгі тұлға ұстаздардың орыны ерекше. Міне, осыған орай жуырда Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласындағы №к7 орта мектеп-лицейінде республикалық өңірлік семинар болып өтті. Екі күндік шара барысына ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері, «Study Inn» білім беру консалтингінің әдіскерлері, оқулық авторлары: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, п.ғ.д., оқулық авторы Райгүл Сәдуақасқызы Рахметова мен Рауандина Айтжамал және Астана қаласы және Алматы, Ақмола, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарындағы жалпы білім беру ұйымдары 1-11-сыныптардың (эксперимент) қазақ тілі пәні мұғалімдері қатысты. Өйткені ұстаз оқу-тәрбиенің негізгі бөлігін бала бойына сіңіруші, жас ұрпақтың рухани қамқоршысы», - деп семинарда Рахымжанов Қайыржан Алдашұлы – ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қазақ тілі мен әдебиеті білім зертханасының меңгерушісі «Оқыту қазақ тілді емес мектептердің 1-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу барысы туралы» баяндама жасады.

Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген ұстаздар қауымы Қостанай қаласындағы № 7 орта мектептің мұғалімі Өмірбаева Динара Қоңыршайқызы, Павлодар қаласындағы № 24 орта мектептің мұғалімі Смағұлова Күлнаш Серікқызы, Алматы облысы Панфилов ауданы Жамбыл атындағы орта мектептің мұғалімі Рахманбекова Алия Жамалдинқызы,Көкшетау қаласындағы № 13 «ЭКОС» экологиялық гимназия-мектебінің мұғалімі Ыбыраева Гүлнар Ертайқызы, Өскемен қаласындағы № 24 орта мектептің мұғалімі Аскетаева Меруерт Төлеуханқызы, Павлодар қаласындағы № 24 орта мектептің мұғалімі Әубәкірова Гүлсім Зарқынқызы, Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучье



қаласындағы П.И.Морозов атындағы № 3 орта мектептің мұғалімі Оспанова Зәуре Сағынтайқызы, Павлодар облысы № 1 Успен орта мектебінің мұғалімі Аманқұлова Гүлнар Әнуарқызы, Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы Троебрат орта мектебінің мұғалімі Монготова Анаргүл Тұрсынбайқызы, Семей қаласындағы № 6 мектеп-гимназияның мұғалімі Чокенов Ерболат Слямбекұлы қатысты.



9 «А» сыныбында өткен ашық сабағы тақырыбы: «Қазақстанның шығыс, батыс аймақтары» Асем Саясатқызының сабақтарында өздік жұмысты шығармашылық жұмыспен ұштастырудың шебері десек артық болмас дейміз, өйткені ұстаз өз ойын үлкен шеберлікпен нақты мысалдармен дәлелдей біледі. Мусина Әсем Саясатқызының әрбір сабақтарын интегралды сабақ етіп, түрлендіріп өткізуге шебер. Оның әрбір сабағы мазмұнды да қызықты әрі жаңашылдығымен ерекшеленеді.

Ұлтымыз өз ұрпағын: «Балаларға оқу, білім берілсін.

Сұлу мінез әр өнермен өрілсін», - деп Ж. Баласағұн айтқандай, еліміздің көк байрағындай көлбеңдеп,тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін өз қолдарына мықтап ұстайтын ұстаздардың бірі. Сол себепті барлық ұстаздар ең алдымен алдындағы шәкірттердің жан- жақты тәлім-тәрбие алуына жеке көңіл бөледі. Шәкірттерінің жеке дара ретінде дамуына басты назар аудара отырып, шығармашылық қабілеттерін жетілдірумен бірге, табиғи талабын дамытуға көп көңіл бөлетін ұстаздың бірі Шалаганова Гүлжан Қабдыкәрімқызы айта кетсек артық болмас дейміз. 7 «А» сыныбында өткен ашық сабағы тақырыбы: «Қазақстанның ең үздік футболшысы» сабағын семинарға келген қауымның көңілдеріне ойландыратын үлкен әсерін қалдырды. Шалаганова Гүлжан Қабдыкәрімқызы әріптестерінен сөйлеу мәдениетімен, оқу - тәрбие жұмысын шебер ұйымдастырумен ерекшеленеді. Оның сабағы бейне бір зертхана тәрізді, көрнекілікке бай, эстетикалық талғаммен жабдықталған. Оның әрбір сабағын ашық сабақ деуге болады. 10 «Б» сыныбында өткен ашық сабағы тақырыбы: «Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов» Осы мақсатта жұмыс істеп жүрген ұстаздардың бірі Балтабаева Венера Қабылғажықызы айта кетсек артық болмас еді. Әрбір сабағында оқушылардың пәнге деген қызығуын арттыра отырып, қосымша әдебиеттерді, баспасөз материалдарын пайдалануды дағдыға айналдырған. Соның айғағы оқушылары қалалық олимпиадаларда, кіші ғылыми жоба жұмысын қорғауда жүлделі орындарға ие болды.

Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осының бәрі жас бүлдіршіндердің жүрегіне , жол таба білген олардың сенімі мен құрметіне бөленген ұстаздың бірі Тұрсымбаева Айжан Хажымұратқызы. қажырлы еңбегі мен тынымсыз ізденістің нәтижесі.Бұл, әрине, мұғалімнен көп ізденісті талап етеді.Осы салада жұмыс істеп жүрген ұстаздың бірі 4 «Б» сыныбында өткен ашық сабағы тақырыбы: «Кемемен серуендедік» айта кетсек артық болмас. Ұстаздың оқушылармен бірлесе отырып істеген тәжірибесі көпшілік ұстаздардың көңілінен шықты. «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» атты тақырыпта оқу- ісінің меңгерушісі және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманжолова Сауле Сейілғазықызының сараптамасы көпшілік қауымның көңілінен сәтті шықты. Сауле Сейілғазықызының үнемі үлкен ізденіспен, шығармашылықпен оқу жұмыстарын сабақтастыра, байланыстыра жүргізуде әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып келеді. Семинарға келген ұстаздар қауымы әр оқушының шығармашылық жұмыстары жинақталған файл-папкаларды көріп мұғалімдердің жүйелі жұмыс жүргізетініне көпшілік ұстаздар көп назар аударды. Семинарға қатысушы мұғалімдер, оқулық авторлары, № 6 және № 7 мекептердің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген ұстаздар өз ойларын ортаға салды. Семинардағы барлық сабақ тағылым аларлықтай болды.. Еліміздің ертеңі, болашағының жарқын болуы –мектебінің қалай құрылуында. Ал өскелең ұрпаққа берілер білімнің сапалы болуына оң жағдай жасау үшін дәл осындай шаралар жиі өткізіп тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Семинарға келген мұғалімдер үлкен алғыстарын айтып, келешекте үлкен сәттілік тілеп, риза болып қайтты. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. М.Қ.Абетаева.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Абетаева Магрипа Кайымбековна

Дата: 16.05.2016

Номер свидетельства: 327252


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства