Просмотр содержимого документа
«?аза? тілінен ?атемен ж?мыс жасауды? тиімді жолдары»
Қазақ тілінен қатемен жұмыс жасаудың тиімді жолдары
Адамжанова Н.Ж.
Май ауданы білім
беру бөлімі әдістемелік
кабинетінің меңгерушісі
Мақсатталған, жүйелі жүргізілетін қатемен жұмыс оқушылардың орфографиялық қырағылығы мен сауатты жазуға жауапкершілін қалыптастырып қана қоймай , сауатты жазуға ғана емес, сауатты ойлауға талпындырады.
Әр бақылау жұмысының қортындысы мұғалімнен оқушылардың жіберген қателерін анықтап қана қоймай, оны болдырмаудың жолдарын анықтауда ізденуді талап етеді.
Қатемен жұмыс жүргізу жұмысы дұрыс жолға қойылған жағдайда оқушылардың ойлау белсенділігі артып қана қоймай, өздігінен жұмыс істеу шеберлігі артады, ең негізгісі, Мемлекеттік білім стандартына сәйкес сауатты жазу дағдылары қалыптасады.
Қатемен жұмыстың мақсаты:
Жіберілген қателер бойынша орфограммаларды түсіндіру. Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, қатесін жою бойынша өздік жұмыстарын жасату арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.
Қатемен жұмыс әр бақылау жұмысынан кейін жүргізіледі. Мұғалім тарапынан әр оқушының жіберген қателеріне талдау жасалады. Соның негізінде сыныптың жиі жіберген ортақ қателері анықталады.
Қатені түзету белгілі орфографиялық, грамматикалық және пунктуациялық ереже негізінде іске асырылады. Сондықтан әр мұғалім оқушысын орфографиялық сөздікпен жұыс істеуге үйретуі тиіс. Тіпті оқушының ережеге сай өз қатесін табу мен түзеу дағдыларын қалыптастыру қажет. Мұғалім оқушының жұмысын дұрыс бағыттап ,өз еңбегінің нәтижесін көруге талпындыруы тиіс.
Оқушылардың жиі жіберетін орфограммасы бойынша әр сабақта жұмыс істеуге де болады. Қатемен жұмысқа арнайы сағат бөлінбейтіні -шешімін таппайтын мәселе бола алмайды. Сондықтан қатемен жұмысты әр сабақта іске асыру керек.
Әкімшілік бақылау жұмыстары алынған кезде оқушылар қатесі мұғалімдер тарапынан толық түзетілуі тиіс. Әр қате белгілінген шартты белгілермен көрсетілуі тиіс.
Қатемен жұмыс кезінде өтілген және өтілмеген ережелерді ескеру керек.
Мұғалім өзі алған бақылау жұмыстары мен жаттығу жұмыстарынан жіберілген қателердің астын ғана сызып қойып, оқушының өзіне қатесін тапқызуды іске асыра алады.
1 ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі. Алғашқы біртекті 3 қате 1-еу деп саналады. Келесі осындай қателер дербес есептеледі.
Мысалы. Н-Ң әріптерін айыра алмаған оқушыларға ең алдымен оның дыбысталу ерекшелігін таныту керек .Бұл кемшіліктің басты себеб і- ол дыбысты мұғалімдердің өздерінің дұрыс айта алмауы. Бұл бағытта электрондық оқулықтарды тиімді пайдалануға болады.
Жалғауларда кездесетін Ң әрпін меңгерту - мұғалімнің қолынан келетін іс.Тек мұғалімнен ізденісті қажет етеді.
Мысалы:
Көрдің ғой бәрін –сынбадың,
Жалындап тұрып жырладың.
Алатау-арың асқақтап,
Ақсұңқар болған шын дарын.
Осы үзіндінің өзінен тәуелдік , жіктік жалғауларындаңы Ң әрпінің қолданылуы мен мен бастауыш пен баяндауыш арасында қойылатын сызықша, біріккен сөздің емлесі, жалқы есімдер емлесі, үндестік заңы бойынша бірнеше ережелерді қайталап, бекітуге болады. Әдебиет сабағымен байланыстыруды тиімді іске асырған мұғалім Мұқағалиды қайталап қана қоймай, оқушылардың метафора жайлы түсініктерін кеңейтеді, «бәрін» және «бәрің» сөздеріне морфологиялық, «шын» және «шың» сөздеріне лексикалық , «сынбады» сөзіне фонетикалық , «ақсұңқар» сөзіне сөзжасамдық талдау жасатады, үйге осы тектес өлеңдер жазып келу тапсырмаларын береді. Бұл тәсіл мұғалімнің дидактикалық материалдар жинақтауына да көп көмек.
Сөзді жіктеу, септеу, тәуелді түрде септеу , сөз құрамына талдау сияқты тапсырмалар әр сабақта жасалуға тиісті жаттығулар. Тіпті кез келген жаттығуды орындата отырып, орфографиялық, пунктуациялық ережелерді қайталату өте тиімді.
Оқушылардың өзара бірін-бірі тексеру жұмыстарын ұйымдастырған да тиімді.Сондай-ақ өзара көмек беру жұмысын да ұйымдастыруға болады. Бірдей қате жіберетін оқушыларды топтап, орфографиялық , түсіндірме сөздіктермен жұмыс жасау, салыстыру, ортақ ерекшеліктерін, ұқсастықтарын табу, айырмашылықтарын анықтау сияқты тапсырмалар беруге болады.
Әр сабақта шағын сөздік диктанттарын алып, оқушылардың өзара бірін-бірі тексеруін ұйымдастыруға болады немесе диктантттың дұрыс мәтіні тақтаға алдын-ала жазылып қояды да, диктант аяқталған соң оқушының өзін-өзі тексеруге мүмкіндік жасалады.
Оқушылар арасында тұлғасына қарай біртекті боп келетін жалғау мен шылауды айыра алмау сияқты қате жиі жіберіледі. Ол үшін Венн диаграммасы арқылы олардың жеке-дара ерекшеліктері мен ортақ қасиеттерін табу сияқты эвристикалық тапсырма түрін беруге болады.
Тіпті түрлі өлең шумақтарынан жалғау мен шылаудың бірдей келіп, оның мағынасын танытарлық жұмыстар жасатуға болады.
Әдебиеттен кез келген мәтінді оқыту арқылы төмендегідей жұмыстар жүргізудің де тиімділігі бар. Мысаалы:
Ерназардың сегіз ұлы да соның
ДА
ішінде кетіпті
Ерназарда тапжылуға шама жоқ.
1.Шылауды түсіріп айтуға да болатынына көз жеткізу керек.
2.Ал жалғауды түсіріп айтуға болмайтынын ескерту керек.