Қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықтардың пайдалану тиімділігі / Эффективность использования электронных учебников на уроках казахского языка
Қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықтардың пайдалану тиімділігі / Эффективность использования электронных учебников на уроках казахского языка
Данная статья предназначена для учителей казахского языка и литературы. Данный материал можно использовать в качестве теоретического материала при подготовке к урокам, мастер-классам, методическим совещаниям.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықтардың пайдалану тиімділігі / Эффективность использования электронных учебников на уроках казахского языка»
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында электронды оқулықтардың пайдалану тиімділігі
Сарсенбаева Айслу Бахтиярқызы
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
«Мектеп-лицей» КММ
Лисаков қаласы
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелесктікті күшейте түсуде. Елбасы Қазақстанның әлемдігі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде оқыту технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.
Қазіргі кезде электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртн ұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз- мультимедиалық оқулық.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту» Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мқғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтары пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақыты үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытылып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер, шешіп, картасхемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, модельдер, схемалар, графиктер, видиокөріністер, дыбыс және музыка тыңдалып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.Біздің мектепте әртүрлі пәндерден электронды оқулықтар ар. Бұл оқулықтарды оқу үрдісінде мұғалімдер кеңінен пайдаланып жүр.
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Электронды оқулық-бұл дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істегеніндей болады. Дәстүрлі оқытуда кейбір оқушылар түсінбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себепті жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс істеуінің арқасында сол тақырыпты бірнеше қайталап оқуына, таңдауына, тіпті түсінбеген сөзді бөліп аңықтама бөлімінен қарауға, сол сөздің түсіндірмесін білуіне, оның грамматикалық жасалу жолдарын білуіне көптеген –көп көмегін тигізеді.
Электронды оқулықтар оқушының білім сапасын бақылау жүйесін өзгертуге мүмкіндік жасайды. Дәстүрлі оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиі болмай қалуы да кездеседі, ал электронды оқулықтың көмеімен оқыту үрдісінің әр этапын бақылай алады. Тіпті кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керекті тақырыбына немесе қажет ақпарға сілтемелер беріп отырады. Бұл оқушы үшін, біріншіден үлкен көмек, жеңілдіктер туғызса, екіншіден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әділ бағасын беруге, оқушыға қажетіне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлімет алуға мүмкіндік жасайды.
Сонымен қатар оқушы анықтамаларды оқи отырып білімін тереңдете алады. Міне, осындай мүмкіндіктердің барлығы оқудың мотивациясын күшейтеді, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, оқуға деген белсенділігін арттырады, оқытудың дәстүрлі ұйымдастыру формасын шығып,оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегін тигізеді.
Электронды оқулықтар оқушылардың
білім деңгейін тереңдеуге;
ауызекі тілде сөйлей білі дағдыларын қалыптастыруға;
өз бетінше іздену қабілетін қалыптастыруға;
ойларын дамытуға;
сабақта өзін еркін ұстап, өз мүмкіншілігін кеңінен пайдалана алуына;
өз ісіне талдау жасай алуға көптеген –көп көмегін тигізеді.
Қорыта келе айтарым, оқу үрдісінде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.