«Қобыз аспабының музыкадағы икемділігі және ойналу шарттары»
«Қобыз аспабының музыкадағы икемділігі және ойналу шарттары»
Аспаптың музыкасы арқылы шетелдік және ұлттық әуенді тыңдауға болады. Бүгінгі күні арнайы аспап кілтіне өңделіп әр түрлі әуендер тыңдарман құлағына жетуде.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Қобыз аспабының музыкадағы икемділігі және ойналу шарттары»»
«Қобыз аспабының музыкадағы икемділігі және ойналу шарттары»
Сонау зар мен мұңға, аштықпен қиын кездерге, сұрапыл соғысқа толы еліміздің сұсты тарихына қарамастан, аталарымыз өнерге өте жақын болған. Айтып тоқталып кетер болсақ жыршылық, күйшілік, әншілік өнер әр қазақ баласының қанында бар десек болады. Өнердің қай түрін алсақта, ұлттық нақыш келбетімізге өте жақын. Соның ішінде қобыз өнерінің өзіндік орны бар. Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар болсада бүгінде тарихта ойсырата алған орны бар, ұлтымыздың ұлағатты бір бейнесі іспетті. Бүгінде бұл құндылықтарымыз тарихи дерекке айналып, аспабымыз нар қобыз, қыл қобыз, альт қобыз, прима қобыз деген атауларға ие болып, жеке және ансамбльдік музыкада, оркестрде тыңдарманның ыстық ілтипатына ие деуге болады.
Аспаптың музыкасы арқылы шетелдік және ұлттық әуенді тыңдауға болады. Бүгінгі күні арнайы аспап кілтіне өңделіп әр түрлі әуендер тыңдарман құлағына жетуде. Дегенмен, бұл аспаптың музыкалық қоры аз, сол себепті жаңа өңдеушілер, орындаушылар аспап репертуарын әлі де болса толықтыруда. Сол жолда бүгінде елімізде аспаптың репертуарын толықтыру мақсатында көптеген мамандарымыз жұмыстануда. Дегенмен, қапы болатын бір жәйт жаңа өңделген шығармаларды кітап бетіне түсіріп, жарыққа шығару қиынға соғуда. Сол себепті өзекті мәселелеріміздің бірі – аспап репертуарын молайту үшін жаңа композиторларымыздың шығармаларын жарыққа шығару жолында еңбек ету. Атаулы аспаптың репертуарын молайтып, жаңа шығармаларды аспапқа өңдеу және орындаушылармен тыңдармандарға аспаптың жаңа қырын көрсету. Аспап кілтіне лайық шығармаларды анықтап, өңдеудің әдіс-тәсілін меңгеру.
Аспап даму кезеңінде болғандықтан консерватория қабырғасындағы студенттердің өзіндік жұмыстарының нәтижесінде де жаңа шығармалармен молайуда. Дей тұрғанмен студенттердің еңбегімен жазылған аспаптық шығармалар бүгінде әлі де болса жариялана қойған жоқ. Оның бірден бір себебі, еліміздегі өнер баспаларынан жаңа кітаптардың жарыққа шықпауынан. Репертуарын тек ұлттық шығармалармен ғана емес, сонымен қатар шетелдік шығармалардың үлгісінде көбейтіп келе жатқан бұл аспап болашағынан үміт күттіріп, тарихын одан әрі жалғастыратынына сенім білдіремін. Аспаптың өскелең өнерпаздарға берері көп.
Қолданылған өңдеулер мен шығарылған шығармаларға назар сала отырып музыкалық орындаушылықтағы тәжірибені байқап, өңдеу кезінде әр шығармада өзінің заңдылықтары сақталғанын байқауға болады. Әбден танымал классикалық түрде өңдеу И.С.Бахтың, К.Таузигомның, Ф.Листтің, Ф.Бузони, П.Казальский сол секілді совет композиторларының ішінен С.Прокофьев, Д.Ковалевский, Л.Ривуцкий тағы басқа композиторлардың көптеген аспаптарға: үрмелі, шертпелі аспаптарға арнап өндеу жасауынан көре аламыз.
Өңделген шығармалардың үлгілеріне қарай отырып қазақ композиторларыда қобыз аспабына көптеген шығармалар лайықтаған. Кобызға арналған классикалық шығармалар дыбыстылық жағынан ауқымды, фактурасы қобыздың фактурасына лайықталып жазылған. Жоғарғы дәрежелі профессионалдық қобызшылар үшін арналып жазылған. Бұл органикалық жағынан қобыздың дыбыстылығын күшейтеді. Мұндай методикалық тәсілді қазақ композиторларының барлығы біле бермейді. Бұны түсіну үшін қобыз аспабының арнайы мамандары болу керек.
Орындаушылық және педагогикалық практика қазіргі кезде жақсы дамыған. Жоғарғы дәрежелі суреттеу бөлімі қобыз аспабына өңделген шығармалардың ұлттық шығармалар болсада, классикаға жақын екендігін байқатады. Осының нәтижесінде көптеген ұстаздарымыз және өнерпаздарымыз өздерінің маман дәрежесін жетік өсіруде.
Систематикалық репертуарлық қобыз аспабының шығармалары классикалық мектептің көрінісін бере алады. Профессионалды оқыту кезінен бастап бұл ұлттық аспапты жетік ойнау мақсатында әр түрлі шығармалар жарық көрген. Атаулы композиторлардың қол жазбаларынан көретініміз, ең алғашқы шығарма авторының жазғанын өңдеу барысында дыбыста өзгеріс болмауын қадағалаған. Кездесетін созылмалы аккордты дыбыстар және теріп ойналатын дыбыстарды байланыстыру мақсатында өңдеушілеріміз шығармаларды жетік түсіне отырып, нота бетіне түсірген. Орындаушылық кезінде аспаптың шектелген дыбыстылығына қарай отырып өңделген шығарманы тональдік жағынан лайықтаған. Көптеген өңдеулерде бұрынғы кезде музыкалық шығармадан ауытқымай көшіріп, кілт жағынан өзгеріс енгізсе, қазіргі жазбаларда музыкалық әуенділікке көп назар салады. Ал өзіміздің өзгеріске түскен жаңа қобыз аспабына алғашқы болып академик А.Жұбановтың өзі арнайы туындылар жазды. Бұл салада еңбек еткен А.Жұбанов бастаған композиторлар: Е.Брусиловский, М.Төлебаев, А.Шабельский, Қ.Мусин, В.Великанов, Л.Хамиди және екінші буын композиторлары: Е.Рахмадиев, М.Қойшыбаев, С.Мұхамеджанов, К.Күмісбеков, Х.Тастанов, М.Әубәкіров, Д.Жұманиязов, Н.Меңдіғалиев, Ғ.Жұбанова, Н.Тілендиев және т.б. салған сара жолын жалғастырып келе жатқан қазіргі буын композиторлары Қ.Шілдебаев, С.Әбдінұров, С.Еркімбеков, А.Жұмаділдина, А.Тоқсанбаев, Б.Дәлденбаев, Б.Қадырбек, Е.Үсеновтер де қобыз репертуарын көбейту мақсатында осы аспапқа арнап толымды туындылар жазуда.