kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілінен 10-11 сынып о?ушыларын ?БТ-ге дайындау?а арнал?ан «М?дениетті с?йлеу - сауатты жазу» элективті курс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?сініктеме хат

?аза? тілінен «М?дениетті с?йлеу - сауатты жазу» элективті курс орта мектеп

10-11 сынып о?ушыларын ?БТ-ге дайындау?а арнал?ан ба?дарлама.

?аза? тілінен элективті курсыны? ба?дарламасы п?ндік – ба?дарлы? курс болып табылады , ?йткені курсты?  ба?дарламасы  68 са?ат?а  есептелген.

Элективті курс о?у ба?дарламасыны? талаптарына ж?не Мемлекттік о?у стандартына сай ??растырыл?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Темиржанова М.К.»

Сайықа қатысу өтініш үлгісі

1

Сайыс атауы

«Мәдениетті сөйлеу – сауатты жазу»

2

Қатысушының аты-жөні (толығымен)

Темиржанова Майдаш Каиржановна

3

Жұмыс орнының толық атауы (қысқартусыз)

КММ « Ақсу қаласының № 4 орта мектебі»

4

Бағыт атауы (қажеттілігі бойынша)

Ұлағатты ұстаз - 6

5

Нөмір және номинация атауы (қажеттілігі бойынша)

1.7. Программа элективных курсов (для учащихся 9-11 классов)

6

Эссе атауы (қажеттілігі бойынша)


7

Қатысушының толық пошталық адресі (индексімен)

(өзініздің тұратын мекен-жайыныз немесе жұмыс орныныздың адресі, индексімен көрсетілуі керек)

140100 город Аксу Павлодарской области ;улица Ауэзова 85-55;Темиржановой Майдаш Каиржановне

8

Лауазымы

Учитель казахского языка и литературы

9

Ұялы телефон

87774350889

10

Үй телефоны (кодымен)

871839(6-21-13)

11

E-mail

temirzhanova.m@mail.ru

Ескерту: 4,5,6 пунктер ақпараттық хатпен сәйкес толтырылады















Заявка на участие в конкурсе

1

Название конкурса

«Мәдениетті сөйлеу – сауатты жазу»

2

ФИО

Темиржанова Майдаш Каиржановна

3

Полное наименование учебного заведения

КГУ «Средняя школа № 4 города Аксу»Павлодарской области

4

Направление(по требованию)

Ұлағатты ұстаз - 6

5

Номинация(по требованию)

1.7. Программа элективных курсов (для учащихся 9-11 классов)

6

Название эссе(по требованию)


7

Почтовый адрес с индексом(Нужно указать адрес, где вы проживаете или место работы, с индексом

140100 город Аксу Павлодарской области ;улица Ауэзова 85-55; Темиржановой Майдаш Каиржановне

8

Должность

Учитель казахского языка и литературы

9

Телефон сот

87774350889

10

Телефон домашний

871839(6-21-13)

11

E mail

temirzhanova.m@mail.ru

Примечание: пункт 4,5,6 заполняется в соответствии с информационным письмом.



Просмотр содержимого документа
«Қазақ элективті курс»

Қазақ тілінен 10-11 сынып оқушыларын ҰБТ-ге дайындауға арналған «Мәдениетті сөйлеу - сауатты жазу» элективті курс



Теміржанова Майдаш Қайыржановна

Павлодар облысы

Ақсу қаласының №4 ОМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі








































Түсініктеме хат

Қазақ тілінен «Мәдениетті сөйлеу - сауатты жазу» элективті курс орта мектеп

10-11 сынып оқушыларын ҰБТ-ге дайындауға арналған бағдарлама.

Қазақ тілінен элективті курсының бағдарламасы пәндік – бағдарлық курс болып табылады , өйткені курстың бағдарламасы 68 сағатқа есептелген.

Элективті курс оқу бағдарламасының талаптарына және Мемлекттік оқу стандартына сай құрастырылған.


Элективті курс бағдарламасының басты мақсаты – оқушылардың қазақша сөйлеу компетенттілігінің қалыптасу деңгейін тексеру. Ол оқушылардың фонетикалық ,лексикалық , грамматикалық компетенцияларын қалыптастырудан басталады. Ал мұның бәрі  оқылым , жазылым , айтылым , тыңдалым , тілдесім барысында қалыптасады.

ҰБТ- ға дайындауда тестік тапсырмаларды қолданудың нәтижелігін анықтау. Олардың лингвистикалық деңгейін, тіл ғылым негізінің білімін, тіл қорының ұғымдарының меңгерілуін айқындау.


Мұғалімнің ҰБТ- ге дайындағанда қойатын мақсаттары:

  • Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тиіс;

  • ҰБТ- ге сапалы дайындық ұйымдастыру;

  • Оқушыларын 100% оқу үлгеріміне талаптандыру;

  • ҰБТ- ның сапасын және орташа ұпайын жоғарлату;

  • Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;

  • Оқыту өлшеуіштерін құрастыру;

  • Жеке тұлғаның даралығын дамыту;

  • Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру;


Элективті курстың талаптары: 

  • Оқушылардың қазақ тілінде ойлау қабілеттерін дамыту, дұрыс сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;

  • Экономикалық өренің құрылымын қалыптастыру;

  • Оқушылар қазақ тілінде сөздерді үйреніп, сөздік қорын байытып және

келешекте қызмет барысында сауатты қолданып, өз кәсібін жетік

меңгерген маман болуына септігін тигізеді;


Мұғалімге қойылатын талаптар:

  • Оқушылардың білім алу себептерін айқындау;

  • Пәндік оқыту үрдісін ұйымдастыру;

  • Тиімді технологияларды қолдану;

Осы талаптарды жүзеге асыру үшін оқушылармен әрдайым бірлікте отырып, жаңа тақырыпты меңгеру , әрбір өтілген тақырыпты тест сұрақтарымен байланыстыру, негізгі қажетті деген сөздерді түрлендіре отырып , сұрақтар қойдырта білу, әрбір сұраққа дұрыс жауапты есте сақтап қалуға үйрету – негізгі міндет.


Элективті курс бағдарламасының міндеті -  оқу нәтижесінде оқушылар өтілген тақырыптар шеңберінде тілдік қарым-қатынасқа түсе алады, ягни жағдаятқа байланысты сөйлеп, сол тақырып төңірегінде өз көзқарасын білдіре алумен қатар, қойылған сұраққа жауап беріп , өздері де сұрақ қоя алады. Мұндай деңгейге жету үшін үлкен сөздік қор жинақтау, қазақ тілі грамматикалық категорияларын білу аз , оқушылар қазақ тілін практикада қолдана  алу дәрежесіне жетулері керек.


Бағдарламаның тағы бір үлкен ерекшелігі – ол сабақта жаттықтыруға көп уақыт бөлуді бірінші орынға қою. Бұл жерде екінші тілге үйретудің әлемдік әдістемесінің тағы бір принципі жұмыс істейді ол - сөйлеуге тек сөйлеу арқылы, естіп түсінуге тек естіп, тыңдап түсіну арқылы, оқуға оқу, жазуға жазу арқылы үйретуге болады.

Жалпы оқу үрдісінің сипаттамасы, әдістері, жұмыстың түрлері. 
Пәнді оқыту жұмысы тақырыптың принципіне негізделіп, коммуникативтік бағытта функционалды – жүйелік әдісті қолдану негізінде, орыс тілі мен қазақ тілі грамматикасын салыстыру жолымен іске асады. Іскерлік қатынастағы жүргізілетін құжаттардың қай-қайсысы болса да, мәтін түрінде алынып, тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі. Яғни мәтінді тыңдау, оқу, сауатты жазу, сөздік жұмыстарын жүргізу, сұрақ - жауап әдісімен диалог құрастыру, үлгі, кесте бойынша құжаттарды толтыру, грамматикалық жаттығуларды жүргізу, тест сұрақтарына жауап беру, т.б. 
Сөйлем құрастыру, грамматикалық ережелерді, анықтамаларды сөз үйрету техникасын қолдану. Ғылым мен техниканың жылдан - жылға жедел қарқынмен дамуына байланысты шәкірттерге дәріс беруде жаңа технологияларды енгізу – оқушылардың білімін көтеруде ықпалы зор. 

10-11сыныптарда оқушыларды ҰБТ-ге дайындаған кезде тест тапсырмаларымен жұмыс атқарамыз.

Тест - оқушының білім деңгейін анықтайтын бақылаудың бір түрі болып

есептеледі.Тест сабақта уақытты үнемдеуге, оқушылардың ойлау қабілетінің

дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушылар әр сұраққа нақты, ұтымды жауап

іздеу барысында ұшқырлыққа, жинақтылыққа дағдыланады.

Тестік қадағалаудың негізгі мақсаты білім, біліктілік пен дағдылар деңгейін

Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес әділ бағалауында болып

келеді.

Элективті курс бағдарламасының мазмұны оқу бағдарламасының талаптарына сай және оқыту мазмұнын толығырақ қамтиды.

Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып , оқу үдерісін ұйымдастыру және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады.


Диагностикалық кезең:

  • Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау;

  • Өткен жылдары ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;


Тәжірибелік кезең:

  • Апта сайын тест жинақтармен жұмыс;

  • Жекелей , қосымша жұмыс;

  • Электрондық тесттермен жұмыс;

Бақылау кезең:

  • Тақырып бойынша бақылау тестілері;

  • Мониторинг жүргізу;

  • Қатемен жұмыс парағын жүргізу;

Практикалық кезең:

  • Тест жинақтарымен жұмыс;

  • Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;

  • Топтық және жеке дайындық;

  • Теспен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану;

Синтетикалық (анықтаушылық ) кезең:

  • Тақырып бойынша бақылау тестілері;

  • Салыстырмалы мониторинг жүргізу;

  • Коррекциалық жұмыс парағын жүргізу;

  • Психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу;


Жаңа технологияларды қолдану: 
Ұжымдық оқыту , интерактивтік және компьютерлік технологиялар. 


Тәсілдер: 
Презентациялар , Интернет, ақпарат көздері , тесттер, мониторингтік бақылау жүйесі, коррекциялық жұмыстың жүйесі.


Элективті курстың нормативтік бөлімі.
Оқушылар осы салада не білуі тиіс: 
• қазақ тілінің фонетикасын , үндестік заңын , оларды сөйлемде дұрыс қолдану; 
• лексиканы , сөздік түрлерін және атқаратын қызметін білу; 
• етістіктердің жасалу жолдарын ; 
• есімдіктің түрлерін , жасалу жолын; 
• етістіктің болымсыз түрінің жасалуын; 
• етістік шақтарының жасалу жолдарын ; 
• есімшенің жұрнақтарын дұрыс қолдануын; 
• етіс түрлерін ажырату; 
• мамандық түрлерін; 
• жалғаулардың айырмашылықтарын, ерекшеліктерін; 
• орыс және қазақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасын;


Элективті курстың әдістемелік-ақпараттық бөлімі. 
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: 
Оқушы шарттар бойынша сынақ тапсырады , міндетті жұмыстардың орындалуы үштен кем болмау, тапсырмаларды уақытында тапсыру , мұғалімнің қойған талабы бойынша жұмыстарды әзірлеу. 
Қосымша ұпайлар төменгі шарттар бойынша қойылады: 
• міндетті тапсырмалардан басқа өзіндік сапалы орындаған тапсырмаға; 
• іскер келісімдердің рәсімдеуі; 
• интернет-технологияларды қолдану; 
• өз жұмысы бойынша презентацияны орындау және оқушылар алдында есеп беру;
Бағдарлама бойынша нәтиже сабақтарыңда оқушылардың білімдерін бақылау мақсатында тест өткізу жоспарланған. Сонымен бірге оқушылар өздік жұмыстарын орындайды, сол жайында есеп беріп отырады. Себебі аптасына бір рет жүргізілетін сабақта жоғарыда айтылғандардың бәрін меңгерту мүмкін емес. Оны толық игеруі оқушылардың сабаққа белсене қатысып, өтілген жаңа тақырыптарды игеріп, өз бетінше түрлі жұмыстар жүргізу арқылы пысықтап, қайталап отыруына байланысты. 

Оқушы не үйренуі тиіс: 
• өзара сөйлесу; 
• деңгейлік тапсырмалар негізінде сауатты жазуға; 
• орыс және қазақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасының ерекшеліктерін; 
• іскерлік іс қағаздарының түрлерін; 
• іскерлік іс қағаздарды стандарттық талаптарға сай құрастыруын; 
• қазақ тілде іс қағаздарды компьютерде басып шығаруды; 
• қызметтік хаттардың түрлерін ажыратуды; 
• қызметтік хаттарды сауатты және стандарттық талаптарға сай құрастыруды; 
• көпшіліктің алдында сөз сөйлей алатындай; 
• түрлі мәліметтер бойынша есеп жазуды; 
• түрлі қызмет мәселелерін шешу арқылы еркін тілдік қарым- қатынас жасауды. 

Элективті курстың нәтижесі: 

  • курс бойынша тақырыптық-лексикалық материалдарды білу; 

  • курстың тақырыптарына байланысты еркін түрде монолог, диалог, әнгіме жүргізу;

  • терминдерді дұрыс пайдаланып, түрлі қатынас қағаздарын жаза алатындай, дәрежеге жету; 

  • түрлі мәліметтер беріп, қызмет мәселелерін шешу арқылы еркін тілдік қарым-қатынасқа түсу керек;









Бағдарламаның мазмұны:


Кіріспе (1сағат). Элективті курс бағдарламаның қазақ тілін оқытудағы басты мақсаттарымен міндеттері.

Тақырып №1. Фонетика. (5 сағат ). Орфоэпия. Орфоэпиялық нормалар.(5сағат). Қазақ тілінің дыбыстық құрамы. Дауысты, дауыссыз дыбыстар.

Дауысты дыбыстар:жуан,жіңішке,ашық,қысаң,езулік,еріндік.Дауысты дыбыстардың орыс тіліндегі дауысты дыбыстармен үндеу, мағыналас келетіндері және қазақ тіліне тән дауыстылар.

Дауыссыз дыбыстар:ұяң, үнді,қатаң.Дауыссыз дыбыстардың ішіндегі орыс тіліндегі дауыссыз дыбыстардың мағыналас келетіндері.Орыс тілінде жоқ,қазақ тілінде ғана кездесетін дауыссыз дыбыстар.

Буын және тасымал.Буын жасаудағы негізгі тірек дауысты дыбыстардың ролі.Ашық,бітеу,тұйық буындар.Тасымалдың буын жігінен жасалуы.

Екпін.Қазақ тілінде екпін сөздің соңына түсетіні,тұрақты екені айтылады.

Тақырып №2. Лексика және фразеология.(8 сағат).

Синонимдер.Омонимдер.Антонимдер.Фразеологиздер.

Кірме сөздер (монғол,араб,иран,орыс тілінен енген сөздер).Архаизм,неологизм.

Диалект,кәсіби сөздер.Сөз мағынасы (тура,ауыспалы мағыналар).Сөздіктер және

оның түрлері.Лексикалық норма.

Тақырып №3.Морфология.(15 сағат).Сөз құрамы.Қазақ тілінде сөздің түбір мен қосымшадан тұратыны септік,жіктік,тәуелдік,көптік жалғаулар.

Жұрнақ түрлері (сөз тұдырушы,сөз түрлендіруші).

Сөз таптары.Зат есім. Сын есім.Сан есім.Есімдік.Сөз таптарының мағынасына қарай,құрамына қарай,тұлғасына қарай бөлінуі.Сөз таптарының түрленуі,көптелуі,

тәуелденуі,септелуі,жіктелуі.Сын есімнің шырайлары.Етістік.Етістіктің шақтары,рай категориялары.Тұйық етістік.Етістіктің болымсыз түрі.Есімше.Үстеу.Одағай.Шылау сөздер.Еліктеуіш сөздер.Морфологиялық талдау.

Тақырып №4.Синтаксис.(20 сағат). Сөз тіркестері.Сөздердің байланысу тәсілдері.Сөздердің байланысу түрлері.Есімді және етістікті сөз тіркестері, тұрақты сөз тіркестері. Сөйлем.Сөйлемдердің құрылысына қарай, айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері . Сөйлем мүшелері ( тұрлаулы , тұрлаусыз мүшелері).Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.Сөйлемнің жалпылауыш, айқындауыш, үйірлі мүшелері.Оқшау сөздер (қаратпа сөз,қыстырма сөз, одағай).Жай сөйлемнің түрлері ( жақты және жақсыз сөйлем. Жалаң және жайылма сөйлем.Толымды және толымсыз сөйлем,атаулы сөйлем.Хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.Құрмалас сөйлем: салалас құрмалас сөйлем , сабақтас. құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем.Төл сөз бен төлеу сөз.Синтаксистік талдау.

а) салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері (ыңғайлас,қарсылықты,себеп-салдар,

талғаулы,кезектес,түсіндірмелі салаластар).

б) сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері ( қарсылықты, себеп, шартты,мезгіл, мақсат,сын-қимыл,бағыныңқы сабақтастар).

Тақырып №5.Стиль түрлері.(5 сағат). Ауызекі стиль , ғылыми стиль ,ресми стиль,публицистикалық стиль.Ресми стиль (өтініш,өмірбаян, мінездеме , қолхат, хаттама, сауалнама , сенімхат, резюме, хабарландыру, т.б.)

Тақырып №6.Пунктуация.(3 сағат).Тыныс белгілері (нүкте, тире, сұрау белгісі, леп белгісі, қос нүкте, нүктелі үтір, тырнақша, жақша).

Тақырып № 7. ҰБТ-ге кешенді дайындық.(9 сағат). ҰБТ форматындағы тренингтер.Коррекциалық жұмыстар. Жеке қателер коррекциясы.






































Тақырыптық –оқу жоспары 10 сынып (I-бөлімі)


р/р

тақырып

Сабақ тақырыбы

Бақылау формасы

1.

1.

Кіріспе.Курстың мақсаттары, міндеттері.

Бланктарды толтыру

2.

1.

Фонетика.Қазақ тілінің дыбыстық құрамы.Дауысты, дауыссыз дыбыстар.


Фонетикалық талдау

3.

1.

Дауысты дыбыстар:жуан,жіңішке,ашық,қысаң,

езулік,еріндік.


Тест тапсырмалары

4.

1.

Орфоэпия.Орфоэпиялық нормалар.

Тест тапсырмалары

5.

2.

Синонимдер.Омонимдер.Антонимдер.Фразеологиздер

Тест тапсырмалары

6.

2.

Архаизм, неологизм. Диалект, кәсіби сөздер.

Тест тапсырмалары

7.

3.

Сөз құрамы .Жұрнақ түрлері (сөз тұдырушы,сөз түрлендіруші).


Сөз құрамына талдау.

8.

3.

Сөз таптарының мағынасына қарай,құрамына қарай,тұлғасына қарай бөлінуі.

Морфологиялық талдау

9.

3.

Сөз таптарының түрленуі,көптелуі,

тәуелденуі,септелуі,жіктелуі.

Көптеу, тәуелдеу,септеу,жіктеу.


10.

4.

Сөздердің байланысу тәсілдері.Сөздердің байланысу түрлері.

Тест тапсырмалары

11.

4.

Есімді және етістікті сөз тіркестері, тұрақты сөз тіркестері.

Тест тапсырмалары

12.

4.

Сөйлем.Сөйлемдердің құрылысына қарай, айтылу мақсатына қарай.

Синтаксистік талдау

13.

3.

Сөйлем мүшелері(тұрлаулы , тұрлаусыз мүшелері).

Тест тапсырмалары

14.

3.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Тест тапсырмалары

15.

4.

Құрмалас сөйлем: салалас құрмалас сөйлем , сабақтас. құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем.

Тест тапсырмалары

16.

6.

Тыныс белгілері(нүкте ,қос нүкте, көп нүкте)

Тест тапсырмалары

17.

7.

Бекіту жұмыстарын орындау

жаттығулар


Тақырыптық –оқу жоспары 10 сынып (II-бөлімі)


р/р

тақырып

Сабақ тақырыбы

Бақылау формасы

1.

3.

Сын есімнің шырайлары.

Тест тапсырмалары

2.

3.

Етістік.Етістіктің шақтары,рай категориялары.

Тест тапсырмалары

3.

3.

Етістіктің болымсыз түрі.

Тест тапсырмалары

4.

3.

Шылау (септеуліктер, демеуліктер,жалғаулар )

Тест тапсырмалары

5.

3.

Тұйық етістік. сөздер.

Тест тапсырмалары

6.

3.

Жай сөйлемнің түрлері ( жақты және жақсыз сөйлем. Жалаң және жайылма сөйлем.Толымды және толымсыз

Морфологиялық талдау

7.

3.

Есімше.Көсемше.

Тест тапсырмалары

8.

4.

Оқшау сөздер (қаратпа сөз,қыстырма сөз, одағай).

Морфологиялық талдау

9.

4.

Құрмалас сөйлем: салалас құрмалас сөйлем , сабақтас. құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем.

Синтаксистік талдау

10.

4.

Салалас құрмалас сөйлем.

Тест тапсырмалары

11.

4.

Жалғаулықсыз құрмалас сөйлем.

Тест тапсырмалары

12.

4.

Сабақтас құрмалас сөйлем(шартты бағыныңқылы, қарсы бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы ).

Синтаксистік талдау

13.

6.

Тыныс белгілері.( нүкте,леп белгісі, сұрау белгісі ).

Тест тапсырмалары

14.

2.

Фразеологизмдер (тұрақты тіркестер)

Тест тапсырмалары

15.

2.

Мақалдар мен мәтелдер

Тест тапсырмалары

16.

5.

Стиль түрлері.Ғылыми стиль

Тест тапсырмалары

17.

7.

Психологиялық тренингтер

жаттығулар





Тақырыптық - оқу жоспары 11-сынып

Тақырыбы

с/с

Бақылау формасы


1.

Фонетика.Дыбыс және әріп

1

Фонетикалық талдау

2.

Буын.Тасымал

1

Фонетикалық талдау

3.

Үндестік заңы.Буын және дыбыс үндестігі

1

Тест тапсырмалары

4.

Лексика.Синоним.Антоним.Омоним

1

Тест тапсырмалары

5.

Сөз мағыналары

1

Тест тапсырмалары

6.

Морфология.Сөз таптары.

1

Морфологиялық талдау

7.

Сөз құрамы.Сөзжасам

1

Сөз құрамына талдау

8.

Зат есім.Зат есім жасайтын жұрнақтар

1

Морфологиялық талдау

9.

Қосымша.(жұрнақ пен жалғау)

1

Сөз құрамына талдау

10.

Жалғау түрлері

1

Тәуелдеу,септеу,жіктеу.

11.

Септіктер. Жай септеу. Тәуелді септеу

1

Көптеу, септеу.

12.

Қөмекші есімдер

1

Тест тапсырмалары

13.

Сын есім. Сын есімнің шырайлары

1

Морфологиялық талдау

14.

Сан есім. Сан есімнің түрлері

1

Морфологиялық талдау

15.

Есімдік.Есімдіктің түрлері

1

Морфологиялық талдау

16.

Етістік. Етістіктің шақтары

1

Морфологиялық талдау

17.

Етістіктің райлары

1

Тест тапсырмалары

18.

Үстеу

1

Тест тапсырмалары

19.

Шылау

1

Тест тапсырмалары

20.

Оқшау сөздер

1

Тест тапсырмалары

21.

Синтаксис.Сөз тіркесі

1

Тест тапсырмалары

22.

Сөйлем. Сөйлемнің түрлері

1

Морфологиялық талдау

23.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

1

Морфологиялық талдау

24.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

1

Морфологиялық талдау

25.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

1

Морфологиялық талдау

26.

Төл сөз. Автор сөзі.Төлеу сөз

1

Синтаксистік талдау

27.

Құрмалас сөйлем.

1

Синтаксистік талдау

28.

Салалас құрмалас сөйлем

1

Синтаксистік талдау

29.

Жалғаулықсыз құрмалас сөйлем

1

Синтаксистік талдау

30.

Сабақтас құрмалас сөйлем

1

Синтаксистік талдау

31.

Тыныс белгілері

1

Тест тапсырмалары

32.

Стиль түрлері

1

Тест тапсырмалары

33.

Мақалдар мен мәтелдер

1

Тест тапсырмалары

34.

Коррециялық жұмыстар

1

жаттығулар







Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


    1. 5-11-сынып оқушыларына арналған оқулықтар (орыс мектептеріне арналған «Атамұра», «Мектеп» баспалары).


    1. Түймебаев Ж., Қазақ тілі: қысқаша грамматикалық анықтағыш


    1. Шаңбай Т., Байғабылова Қ., Самоучитель казахского языка 1500 слов и сочетаний «Аруна ЛТД» 2005ж.


    1. Абубакирова А.А., Справочник школьника 5-11 классы, Қазақ тілі, «Арман ПВ» 2007ж.


    1. Ибрагимов Қ., Базарғалиева Б., Қазақ тілі, жоғары оқу орнына түсушілерге арналған оқулық-тест «Шың» баспасы Алматы, 2007ж.


    1. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш., Қазақ тілінің қалталық оқулығы А, 1997ж.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Автор: Темиржанова Майдаш Каиржановна

Дата: 16.11.2014

Номер свидетельства: 131234


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства