kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі саба?тарында о?ушыларды? логикалы? ойлауын дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елбасы жыл сайын?ы д?ст?рлі жолдауында ай?ын міндеттер белгілейді. Сондай-а?, ел дамуыны? жа?а кезе?і мен т?уелсіздікті? ?шінші онжылды?ына бет б?р?ан т?ста ?о?амда?ы е? ірі ?леуметтік топ – жастар?а деген Президентті? сенімі мен ?ам?орлы?ы оларды? білім мен ?ылым?а деген ??штарлы?ын одан ?рі к?шейтті. Осы т?ста Мемлекет басшысы Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаевты? Жолдауынан мынадай ?ла?атты с?здерін айту?а болады: «Б?секеге ?абілетті дамы?ан мемлекет болу ?шін біз сауаттылы?ы жо?ары елге айналуымыз керек. ?азіргі ?лемде жай ?ана жаппай сауаттылы? жеткіліксіз болып ?ал?алы ?ашан. Бізді? азаматтарымыз ?немі е? озы? жабды?тармен ж?не е? заманауи ?ндірістерде ж?мыс жасау машы?ын ме?геруге дайын болу?а тиіс. Сондай-а? балаларымызды?, жалпы барлы? жеткіншек ?рпа?ты? функционалды? сауаттылы?ына да зор к??іл б?лу ?ажет. Балаларымыз ?азіргі заман?а бейімделген болуы ?шін б?л аса ма?ызды».

?азіргі ?ылым мен техниканы? ?арыштап дамы?ан кезе?інде ?аза? тілін о?ыту ісін де жан-жа?ты зерттеп, дамыту  ба?ытында?ы ж?мыстар м??алімді  к?нделікті   саба??а  ?ажетті     ?осымша ?дістемелік ??ралдар  мен о?ытуды?   ?азіргі жа?а  технологиялары  бойынша т?рлі о?у-?дістеме е?бектер дайындау?а жетелейді.   М??алім балаларды ?немі ойланып о?у?а ба?ыттауы тиіс, б??ан о?у ?рдісін ж?йелі ?йымдастыру, саба?та бала логикасын д?рыс дамыта алатын м?мкіндіктерді мол пайдалану ар?ылы жетуге болады. Логикалы? т?р?ыда ?исынды ойлай білген о?ушы жа?андану заманында д?уір к?шіне ілесе алады. Егерде олар негізгі ??ндылы?тарды бойына сі?іре білсе, ?з еліні? тілін, ділін, м?дениетін, салт-санасын ту ететін, ой-?рісі жо?ары Отан алдында?ы азаматты? парызын берік ?стайтын азамат ?алыптасар еді. ?аза? тілін о?ытуды? басты ма?саты - ?аза? тіліні? басты ?ызметтерін теориялы? ж?не практикалы? т?р?ыда ме?герту, ?мірлік жа?даяттарда  еркін ?рі сауатты ?олдану?а т?селдіру. ?аза? тілін о?ыту барысында о?ушыларды? логикалы? ой-?рісін дамытуда стиль мен стилистика, пунктуация, орфография т.б тіл салаларын ме?гертуді? ма?ызы зор.

Логика дегеніміз не? Біз логика деген ??ым?а сананы дамытушы ??рал немесе жа?сы дамы?ан а?ыл ой деген аны?тама берер едік.Біра? ?ылыми т?р?ыда ?ара?анда логика с?зіні? тарихы тере?де жатыр.Логика дегеніміз тек жа?сы ?рі тез деген ??ымдармен шектелмейді.Оны? ?лі де зерттелмеген д?ниесі к?п-а?.Енді жалпы логика ??ымыны? аны?тамасын ?арастырайы?. Логика-объективті д?ниені?, шынды?ты? даму за?дылы?тарын бейнелеу. Ке? ма?ынада Логика ойлауды? ?ана емес, болмысты? да байланыстарын к?рсетеді, б?л жа?ынан ол онтологиямен саба?тас. Ойлау мен таным ?атар ж?ретіндіктен логика таным теориясымен (гносеологиямен) байланысады. Логика философияны? негізгі б?лігі болып табылады, ?йткені философия оймен басталып, оймен жал?асады, сонды?тан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп аны?тайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі саба?тарында о?ушыларды? логикалы? ойлауын дамыту »

УДК159. 045

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың логикалық ойлауын дамыту

Джулаева Балия Бабыковна, Джулаева Гулзат Мырзагаликызы

М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат мұғалімдері

Түйіндеме

Бұл мақалада қазақ тілі сабақтарында оқушылардың терең ойлауына, алған білімін өмірде қолдана білуге жетелейтін, ой-өрісін дамытатын логикалық сипаттағы тапсырмалар жайында айтылады.

Түйінді сөз

Елбасы жолдауы, функционалдық сауаттылық, ұлттық білім жүйесі, стилистика, логика.

Елбасы жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында айқын міндеттер белгілейді. Сондай-ақ, ел дамуының жаңа кезеңі мен тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына бет бұрған тұста қоғамдағы ең ірі әлеуметтік топ – жастарға деген Президенттің сенімі мен қамқорлығы олардың білім мен ғылымға деген құштарлығын одан әрі күшейтті. Осы тұста Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауынан мынадай ұлағатты сөздерін айтуға болады: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды».

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезеңінде қазақ тілін оқыту ісін де жан-жақты зерттеп, дамыту бағытындағы жұмыстар мұғалімді күнделікті сабаққа қажетті қосымша әдістемелік құралдар мен оқытудың қазіргі жаңа технологиялары бойынша түрлі оқу-әдістеме еңбектер дайындауға жетелейді. Мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Логикалық тұрғыда қисынды ойлай білген оқушы жаһандану заманында дәуір көшіне ілесе алады. Егерде олар негізгі құндылықтарды бойына сіңіре білсе, өз елінің тілін, ділін, мәдениетін, салт-санасын ту ететін, ой-өрісі жоғары Отан алдындағы азаматтық парызын берік ұстайтын азамат қалыптасар еді. Қазақ тілін оқытудың басты мақсаты - қазақ тілінің басты қызметтерін теориялық және практикалық тұрғыда меңгерту, өмірлік жағдаяттарда еркін әрі сауатты қолдануға төселдіру. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың логикалық ой-өрісін дамытуда стиль мен стилистика, пунктуация, орфография т.б тіл салаларын меңгертудің маңызы зор.

Логика дегеніміз не? Біз логика деген ұғымға сананы дамытушы құрал немесе жақсы дамыған ақыл ой деген анықтама берер едік.Бірақ ғылыми тұрғыда қарағанда логика сөзінің тарихы тереңде жатыр.Логика дегеніміз тек жақсы әрі тез деген ұғымдармен шектелмейді.Оның әлі де зерттелмеген дүниесі көп-ақ.Енді жалпы логика ұғымының анықтамасын қарастырайық. Логика-объективті дүниенің, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу. Кең мағынада Логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологиямен сабақтас. Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен логика таным теориясымен (гносеологиямен) байланысады. Логика философияның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия оймен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп анықтайды.

Қазақ тілінің асыл мұрасы – сөз байлығын, шебер сөйлеудің озық үлгілерін игерту жолында тіл білімінің стилистика саласы бойынша тілдің стиль түрлері мен стильдік қолданыстары туралы білім беруде тапсырмалар логикалық сипатта құрылса, оқушы танымының көкжиегін кеңейтуде өзіндік қызмет атқарар еді.

Стиль – көркемдеп сөйлеу амал-тәсілдерінің жиынтығы, сөйлей білудің қалыптасқан жүйесі, тілдің айрықша белгілерінің бірі деген ұғымды білдіретін термин.

Стилистика – тіл материалдарын мағынасына, әсеріне қарай пайдалана отырып, ойды дәл, анық және тартымды етіп жеткізе білу үшін қолданылатын құралдар туралы ілім. Ол тіл материалдарын зерттейді.



1.Сызбада берілген мәтіндегі сәйкес сөз








A) Көркем әдебиет стилі-Ауызекі сөйлеу стилі

B) Ғылыми стиль- Ресми стиль

C) Публицистикалық стиль-Ғылыми стиль

D) Ауызекі сөйлеу стилі - Публицистикалық стиль

E)Ғылыми стиль-Көркем әдебиет стилі

2. 6. Сызбаға қажет ортақ ұғым

Әлихан Шамұратов М.Құсайынов атындағы мектеп интернатының 9 "Ә"класында оқиды.Ол – жан-жақты, шығармашылыққа бейімі бар оқушы.

Өмірбаян Мен, Әлихан Шамұратов Талғатұлы, 1997 жылы 15 желтоқсанда Ақтөбе қаласында дүниеге келдім







?

A) ғылыми стиль

B) ресми іс қағаздар стилі

C) көркем әдебиет стилі

D) публицистикалық стиль

E) ауызекі сөйлеу стилі

АСЫЛ ШӨП

Злиха мен Батима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха аһлап-уһлеп, шаршадым деп, Батима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтты:

— Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің?

— Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, — деді Бәтима.

— Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін, — деді Злиха.

Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «сабыр» деген, — деді.

Ы.Алтынсарин


1 Әңгімедегі Бәтиманың сөзі қандай болады деп жорамалдайсың?

А Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір жеміс салдым.

Ә Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір гүл салдым.

Б Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін ештеңе салған жоқпын.

В Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым.

2 Ауырды жеңілдететін шөптің аты?

А Селеу

Ә Сора

Б Сусау

В Сабыр

3 Бәтима мен Злиханың жасаған істеріне қарап, олардың мінезінің қандай екенін білдіңіз? Қыздардың мінезінің бір көрінісін жазыңыз. Жауабыңыз нақты болу үшін мысал келтіріңіз.

­­­______________________________________________________________­___________________________________________________________________________________________________________________________________


4 Мәтінді қалай аяқтар едің?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білім алу ізденісі арқылы өздерінің қолы жететін әдістерді қолдану қажет. Сол уақыттарда оқушы тығырықтан шығар жолды өзі іздеп, әрбір тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, сабаққа деген қызығушылығы артар еді. Қазіргі заман ұстаздың тек өз пәнінің білгір маманы болуын ғана емес, мықты психолог, кәсіби практик, танымы жоғары, ақпаратты сауатты болуын да қажет етеді.


Резюме

В этой статье рассматривается роль и применение на уроках логических задании, которые развивают мышление учащихся и учат применять полученные знания в жизни.

This article is about the role and usade of logical tasus, which develop thoughts of students and tcouh them how to use them in their life.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 12 жылдық мектеп оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал, 2013ж

  2. Оразахынова Н, Кенжебаева Г. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары

  3. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

Ақтөбе қаласы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?аза? тілі саба?тарында о?ушыларды? логикалы? ойлауын дамыту

Автор: Джулаева Балия Бабыковна

Дата: 23.12.2014

Номер свидетельства: 147344


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства