«?аза? тілі саба?тарында о?ушыларды? коммуникативтік ??зыреттіліктерін ?алыптастыру мен дамыту жолдары»
«?аза? тілі саба?тарында о?ушыларды? коммуникативтік ??зыреттіліктерін ?алыптастыру мен дамыту жолдары»
Доклад для завучей казахстанских школ. В докладе описаны интерактивные методы обучения, инновационные технологии, задания с применением методик новых технологий. Применяя на уроке инновационные технологии учащиеся ведут активную работу, критически мыслят, защищают постеры по темам.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Баяндамада ауыл мектебі жағдайында қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану әдіс – тәсілдері көрсетілген. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалог негізінде оқыту, тәрбиелеу барысында оқушылардың білім сапасын көтеруге, сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда сабақ уақытын ұтымды пайдалануға, мұғалім мен оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, жалпылау ойлаудан, жекелей ойлау оқытудың жүйелілігін қалыптастырады, өз беттерімен зерттеу, іздену қорытынды жасау іс-әрекеттеріне түрткі жасай отырып, олардың дарын, қабілеттерінің жетілуіне ықпал етеді, таным белсенділіктерін арттыруға көмегін тигізеді.
«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш –жігерімізді салуымыз керек»
Н.Ә. Назарбаев
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері,елімізде көптеген өзгерістер болып жатыр.Білім мен ғылым саласының алдында жаңа талаптар пайда болды.Оның дәләлі - «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналғанмемлекеттік бағдарламасы». Оқу материалдарын оқушылардың дайындық деңгейлеріне қарай сұрыптап ұсыну, сабақтың типі мен түрін оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау,мақсаттарды және күтілетін нәтижені анықтау, оқу біліктілігін жетілдіру.Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Құзіреттілік дегеніміз - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі.Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда қатысымдық әдістің маңызы зор.
Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:
• Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)
• Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)
Бұл жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алашқы баспалдағы болып есептеледі. Себебі, бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім мүмкіндігінше қолдана алады. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың
Қатысым және жазылым қарым – қатынасын қалыптастыруға
Сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге
жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады.
Өйткені, осыған байланысты әдіскер - ғалым Ф.Ш. Оразбаева қатысымдық әдістің өзіндік белгілерін көрсете отырып, оған мынадай анықтама береді: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым – қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым- қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі».Осылайша мұғалімнің оқудағы құзіреттілікке бағыт – бағдар беруі оқушылардың ой-қорытынды жасауына, өз ойын айта білуіне, оны күнделікті өмірде пайдалана білуіне көмегін тигізеді.Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру – заман талабы.
Ғалым «коммуникация» сөзін «қатысым» деп танып, қазақ тілін оқыту әдістемесінде жаңадан «тілдік қатынас», «тілдік қарым-қатынас», «тілдесім», «жазылым» және т.б.терминдерді енгізді. [«Тілдік қатынас», оқулық, Алматы 1, 39 бет.]
Өз іс-тәжірибемде коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан оқушы екінші адаммен, сыныптасымен белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетініне көз жеткізіп жүрмін.
Диалогтік әдісті қолдана отырып оқушылардың сұрақтарды, өтінішті, таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білуге дағдыландырамын. Әртүрлі типтегі кішігірім диалогтар құрастыруды тапсырамын. Біліктіліктерді жетілдіру мен дамытуды оқушылардың еркіндігін сақтау жолымен жүргіземін.Диалогтік оқыту оқушының тек қана бірлескен әрекетке тартылуына ғана емес,оқушының ойлау қабілетінің жоғары деңгейге өсуіне, тіл байлығы мен зияткерлік қабілетінің дамуына ықпалын тигізеді. Осы кезде топ арасында талқылау жүзеге асады. Әр топ өз пікірін айтып, дәлелдеме жасайды.Сыныпта талқылауға қатысу оқушының бәсекеге қабілетін арттырады,өз дәлелін қорғап, мәселеге сыни тұрғыдан қарауға дағдыланады.
Мерсер сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін көрсетеді:
Іс — тәжірибемде жоғарыдағы үш түрлі диалогтың екіншісі қолайлы деп шештім. Әңгімелесу — мұғалімге оқушылардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Ғалым Ф.Ш. Оразбаева сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады деп,олардың түрлерін атап көрсеткен. Олар жұптық, топтық, ұжымдық. Жұптық жұмысқа түсу осы диалогтерден тұрады. Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы : сұрақ — жауап,рөлдік,тапсырманы орындату, жұптық жұмыс, диалогтік мәтінді оқу.
1.Сұрақ — жауап әдісі — қазақ тілі сабағында оқушылардың ынтасын арттырады, қызығушылығын оятады. Әрбір жаңа сабақты бастамас бұрын жаңа тақырыпқа байланысты кіріспе сұрақ жауап дайындалады. Бастауыш сыныптарда ең қарапайым сұрақтар ұйымдастырылады.
2.Рөлдік ойындар - сабақ үдерісін жандандырып,тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады. Рөлдік ойындардың басты қызметі шынайы, дайындықсыз сөйлеуге қажетті ахуалды туғызу. Тіл үйренушілер сөйлеу жағдаятына ене отырып,тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға ұмтылады. Ойынды өткізу үшін тіл үйренушілердің психологиялық дайындығын қалыптастыру маңызды компонент болып табылады. Оқушылар ситуацияны толық қабылдап,өзін еркін сезінуі қажет. Күнделікті сабақтарымда оқушыларға рөлдік ойын тапсырмаларын дайындаймын.Тақырыпқа сай рөлдік ойынға тура келетіндей басқа оқулықтардан тапсырмалар қосымша іздестіремін. Сол тапсырмаларды оқушыларға орындатамын. Мысалы,4-сыныпта «Менің досым» тақырыбын өткенде бірінші топқа «Екі жолдас» екінші топқа «Дос іздеген ит» деген мәтіндер жазылған парақшалар үлестіріліп, оқушылар рөлге бөлініп орындау керек болды. Мұнда мені таңқалдырған нәрсе, оқушылар топ болып мәтінді оқып, оны орыс тіліне аударып,топ басшысы оларды рөлге дайындап сонымен бірге сыни тұрғыда ойлай отырып аю мен иттің образын дем арада беттеріне маска жасап киіп сәтті орындап шыққандары.
Тіл оқытуда және үйретуде диалогтың маңызы ерекше. Жоғарыда айтылғандай диалог ұғымының өзі осы тілді оқытудың сара жолы екенін көрсетіп тұрғандай. Себебі: өзге тілді оқушыларға дилогты оқытудың айтылған тәсілдерінің берер пайдасы мол. Сонымен бірге тілді оқып үйренуде өте қолайлы. Диалогтың осы жұмыс түрлерін сабақтарымда қолдана отырып жалпы байқағаным; бұрынғы сабақ беру үрдісімен салыстырғанда жаңа тәсілді қолданып диалогты дамытудың айырмашылығы бар екен. Бұлай дейтінім; бұрын диалог тек жұптық жұмыс арқылы жүзеге асса,ал енді топтық жұмыста орындалады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарды бірлесе оқып оған жауап беріп топ басшысының шешімімен топтан екі оқушы ортаға шығып жұптық жұмысқа өз шығармашылықтарын көрсете біледі. Үйренетін тілде сөйлеуге деген қажеттілік болмаса, сөйлеудің қаншама жолдарын меңгергенмен, ол жасанды рөл атқарады да, бірте-бірте өзінің өміршеңдігін жояды. Сөйлесімге деген қажеттілік оқытушы тарапынан да, оқушы тарапынан да бірдей болу қажет.Сөйлеуге үйретуде қоршаған орта мен жағдайдың әсерін ескеру оқу процесін тікелей өмірмен жалғастырады. Сол себепті ситуациялық көрініс өмірде болып жатқан құбылыстарды бірден түсініп, ауызша тіл арқылы жеткізіп беруге жол ашады. Сабақта сөйлеудің барлық формалары (монолог, диалог т.б) сөйлеушілердің ыңғайына қарай атқарыла береді. Сабақта диалог жүргізуге арналған тірек схеманы пайдалану барысында оқушылар білімдерін тереңдетіп, жалпы ой-өрістерін дамытып қана қоймай, сонымен қатар коммуникативтік іскерліктері мен дағдылары жетіледі.Әр сабақта тақырыпқа байланысты диалог түрлерін өзгертіп отыруға болады. Мұндай сабақ түрі оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің қызықты, әрі тиімді түрі. Оқушылар бұған ықыласпен қатысады, ал бұл олардың қазақ тіліне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.Төменгі сынып оқушыларымен диалогты ойын түрінде өткізуге «Қазақ тілі» оқулығы өте қолайлы. Егер, төменгі , орта буын оқушыларымен тақырып бойынша диалог түрлерін меңгертсе, жоғарғы сыныптарда оқушылар арасында ешқандай қиындық туғызбайды.
«Шет тілін меңгертудегі негізгі әрекет – қарым-қатынас үрдісі, сөйлеу қатынасы» екендігі бүгінгі күнде бұлтартпас ақиқат екендігі белгілі. Сол себепті де мемлекеттік тілімізді басқа ұлт өкілдеріне меңгертуде дүние жүзінің әдістеме ғылымында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген қатысымдық бағытты ұстану бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің бірі.
Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар.Сөз болып отырған әдіске қатысты негізгі идея, басты өзек – қатысым болып табылады.Тілдерді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.
Орыс тілді мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсаты оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін, яғни тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген.Осыған байланысты менің міндетім – мәдениетті түрде білімімен, іскерлігімен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол арқылы жүзеге асыру.Оқушылардың диалогтік ортасын құруда кесте мазмұнының да алатын орны ерекше. Кестедегі түйін сөздердің көмегімен оқушы сұрақ қою арқылы диалогтік ортаға енеді. Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасады. Менің ойымша, оқушылардың тілді меңгеруде үлкен нәтижеге жетуде электрондық оқулықтардағы дайын диалогтарды тыңдау, жаттау, аяқтау, толықтыру, мәтін мазмұны, кесте, сызбалар бойынша диалогтар құру-әдістері де көп көмегін тигізеді. Мектептегі интерактивтік тақтаның көмегімен электрондық оқулықтағы диалогтарды өз сабағымда жиі пайдаланамын.
«Диалог-ертегі» ойыны. Шарты: мұғалім не оқушы шығарып, кез келген бір әңгіме - ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бірден сөйлеммен ары қарай жалғастырады. Мысалы, мұғалім былай бастайды: «Ертеде бір байдың еркетотай ұлы болыпты...» 1 – оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп адасып кетіпті...» десе, 2 – оқушы одан ары қарай жалғастырады: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті»... – міне осылай ертегі жалғаса береді, ең соңғы оқушы ертегіні жалғаса береді, ең соңғы оқушы ертегіні ұтқыр шешіммен аяқтауы тиіс. Және кімде-кім ертегі ішіне қызғылықты оқиға кірістіре алса, соның еңбегі жоғары бағаланады.
«Сұрақ-жауапқа құрылған хат». Бұл ойынды италиян жазушысы Д.Ж.Родари ойлап тапқан. Ойынның шарты: 6 оқушыға 6 түрлі сұрақ беріледі. Сол сұрақтарға оқушылар жазбаша түрде жауап береді. Бірақ бұлар кез-келген сұрақтар емес. Белгілі бір қалыпқа түскен тұрақты сұрақтар.Бір қызығы әр оқушы жолдастарына қандай сұрақ берілгенін білсе де, олардың қандай жауап жазғанын білмеуі тиіс. Әйтпесе ойын шарты бұзылады. Жаттығу аяқталғаннан кейін мұғалім әр оқушының жауабы біріктіріп, тұтас мәтін құрайды да балаларға оқып береді. Сол кезде әрі қызғылықты, әрі күлкілі оқиға шығуы мүмкін. «Сұрақ-жауапқа құрылған хат» ойыны – өте тартымды ойын. Әсіресе сабақ үстінде жүргізсе оқушылар сергіп қалады, сабаққа деген зейіні арта түседі.
«Сөйлеу минуты» ойынымен бастауға болады. Ойын мақсаты – балаларға үйде не істегенін ауызша диалог түрінде айтқызып, әңгімелеп беруге үйрету. Ойын сұрақ-жауап түрінде өтеді.
«Сиқырлы қалта» ойынын өткізуге болады. «Сиқырлы қалтаның» ішіне мамандық иелері бейнеленген кесте-суреттер салынады. Тақтаға шыққан оқушы өзі жақсы көретін мамандығы бейнеленген суретті таңдап алады. Ойынға қатысушы оқушылар «Бұл кім? Не істейді?» – деген сұраққа жауап береді. Бұл ойын «Мамандық» тақырыбын өткеннен кейін, меңгерген материалды бекіту, қайталау, тексеру сабағында өткізіледі.
«Композиция» ойыны. Берілген әңгіменің композициялық құрылымы бұзылып, ондағы бөліктер жасанды түрде алмастырылған. Оқушы міндеті – композициялық бөліктері орны – орнына қойып, әңгіменің желісін диалог негізінде бұрынғы қалпына келтіру. Ескерту. Оқушыға тапсырма ергенде мұғалімге жеңіл тию үшін (бірақ оқушыға көмегі жоқ) дұрыс мәтінді ұсынамыз. Балалар композициялық бөліктерді ойдағыдай құрастыра алмаған жағдайда ғана мұғалім осы дұрыс мәтінді оқиды.
«Лимерик» ойыны. Ол ойынды ойлап тапқан – Эдвард Лир деген ағылшын. Ойының шарты: белгілі бір құрылысқа бағынатын сайқымазақ, күлдіргі өлең шығару. Ол құрылыс – бойынша өлең бес тармақтан тұруы шарт. Сонымен бірге әр тармақтың мазмұнына сілтеме беріледі. Айталық, бірінші тармақ – кейіпкер, екінші тармақ – кейіпкерге мінездеме, үшінші, төртінші тармақта – қимыл - әрекет, оқиға, бесінші – оқиғаның салдары немесе автордың сол кейіпкердің іс-әрекетіне бағасы.Диалог құруға үйретудің тағы бір сатысы, өнімді (продуктивті) сатыда болады.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру және олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.Диалогтік оқыту мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыста болады. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше.Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені,қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады.Көптеген жағдайда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шамалы.Осындай жағдайда сұхбатты бақылап,маңызды сұрақтар қойып,оқушылардың жауаптарын тыңдап , қателерін түзетіп,әңгіме стиліне қарай оқушылардың ойлау деңгейлерін де сөйлеу дағдыларын да дамыту.Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін барынша күш-жігерін жұмсайды.Мұндай жағдайда оқушылардың жауаптарын жоққа шығармай, сұрақтар қою арқылы жетелеу. Оқушылар топта білімдерін бірлесе отырып, пікірлесіп,зерттей отырып анықтайды.Диалогтік әңгімеде мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар,сонымен қатар,оқушылардың жауаптары да,сұрақтары да маңызды.Диалогтік оқыту әр сабақта да пайдаланылады.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады,себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ беру тиімділігі артады. Оқушылардың білім алуын жақсартады және кеңейте түседі. Олар жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар.Оқушылар төмен дәрежелі сұрақтарды тез дайындады,себебі мәтін мазмұны бойынша алынды,ал жоғары дәрежелі сұрақтарды көбіне үш және төрт оқушыдан аспады. Ұжымдық білім мен түсінік қалыптастырылды.Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда,өз ойларын дауыстап айтып,неше түрлі болжамдар айтып, «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді пайдаланып өз идеяларын дәлелдеді және ашыла бастады.Топта бір-бірін тыңдап,өз жауаптарын талдайды.
Александер (2004) білім берудегі әңгімелесуді – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісіемес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алуүдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000)сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсінікпен қарау талап етіледі. Диалогтық сұхбаттасу оқушылардың білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды роль атқаратынын көрсетті.
Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Ал Барнс сыныпта тіл қаншалықты қолданса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. \Мұғалімге арналған нұсқаулық,38 бет.\
Оқушылардың білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады (Нұсқаулық,41-бет).
Білім берудің диалогтік тәсілімен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсам, оқушылардың шынайы сезімі мен қызығушылығын анықтауға болады.
Диалогтік әдісін оқыту оқушылар оқытулар арқылы, әртүрлі әдістер арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайды, пікір алмасады, бір-біріне "екі жұлдыз, бір ұсыныс " айтады және бірін-бірі тыңдай біледі.
Қорыта айтқанда, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі.
Диалогтік сұхбаттасу мұғалімдерге де, оқушыларға да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.
Диалогпен жұмыс үйде де жалғасын тауып отырады. Диалогтар міндетті түрде жаттауға, кейде диалогтарды кеңейтуге, 2-3 сұрақпен толықтыруға тапсырмалар беріп отырамын.Диалогтарды келесі сабақта тағы бір рет тыңдау арқылы диалогтың мазмұнын және кейбір сөйлемдердің дұрыс айтылуын еске түсіру қажет деп ойлаймын.Бұл әдіс оқушылардың диалогты қайталап айтуына мүмкіндік жасайды. Диалогпен жұмыс істеген кездегі қолданылған лексикалық материалдар оқушылардың сөйлеу тілінің белсенді қорына айналады. Жатталған диалогтар оқушылардың жаңа диалогтар құруының негізі бола алады.Орыс тілді оқушыларға қазақ тілін оқытудағы басты мақсат- сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, жаза білуге үйрету, сондықтан да коммуникативтік қарым-қатынас бірінші орында тұрады. Қазақ тілін орыс тілді балаларға игертуге коммуникативтік қарым-қатынас бірінші орында тұрғандықтан, тіл материалдары болсын, оны игертуге негізделген жаттығулар болсын, сондай-ақ тіл дамыту жұмыстары болсын түгелдей қазақша сөйлей білуге, өз ойын айта білуге бағытталуы қажет.Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты- оқушылар белгілі бір дәрежеде қазақша сөйлеп, өз ойын басқа біреуге жеткізе алатындай, сондай-ақ өзгенің сөзін ұға, түсіне алатындай деңгейге жету.Оқушыларды осындай деңгейге жеткізу үшін тілді жеке сөз түрінде емес, сөйлем түрінде үйреткен тиімді.Әрине, қазақ сыныптарында тіл дамыту жұмыстарына барлық пәндері жан- жақты жүргізіледі. Ал орыс сыныптарында тек қазақ тілі сабағында қазақша сөйлеуге талпынтамыз. Ол үшін көп жұмыс жүргізілуі қажет. Тіл дамыту үшін сөздік жұмыстарына да көп көңіл қоя білу керек. Кез келген сөзді бір-бірімен байланыстыра, тіркестіре салуға болмайтындығын жете түсіндірген жөн.Тіл дамытуға арналған жұмыстардың барлығы оқушылардың тіл байлығын, білім деңгейін, сана сезімін, сауаттылығын дамытуға көмегі зор. Сонымен қатар оқушыларды ауызша және жазбаша түрде, ойларын дұрыс мазмұнды жеткіз білуге талпындырады.Қорыта келгенде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру - заман талабы. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, қазақ тілінде өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту ұстаздың қолында.
Әдебиеттер тізімі:
1. «Педагогика мәселелері»- ғылыми –теориялық журнал 1-4\2007.
2. Жаңа жоба –жаңашылдық бастауы- Алматы 2012 жыл.
3. Ел-назар – Республикалық журнал № 05(08) мамыр 2012 жыл 21 –бет.
4. Ашық сабақ. Факультативті сабақтар №5 2009,3-бет.
5. Мұғалімге арналған нұсқаулық Астана 2012 жыл.
6. Қазақ тілі оқыту әдістемесі 3-сынып – А.Қайырбекова., А.Кенжесарина Алматы
«Атамұра» 2010.
7. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде Республикалық ғылыми – педагогикалық
басылым 2\2008.
8. Іс –тәжірибеде оқытуды басқару мен көшбасшылық – тренердің жазбалары 1- басылым,