kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?аза? тілі саба?тарында ойын т?рлерін ?олдану барысы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тілі саба?тарында ойын т?рлерін ?олдану ?те тиімді ж?не о?ушыны? ?ызы?ушылы?ын арттыру?а пайдалы. орыс сыныптарында ?аза? тілін ?ызы?ты ?ткізу ?шін баяндамада бірнеше ойын т?рлері берілген.

         О?у орыс тілінде ж?ретін мектептерде ?аза? тілі п?ніні? ма?саты – о?ушыларды? ?арым – ?атынасын ?алыптастыру,дамыту,тілдік ж?не танымды? біліктілігін ?амтамасыз ету.

        М??алім ?шін басты міндет о?ушыны? ?ызы?ушылы?ын арттыру,оны? дамуына жа?дай ту?ызу,с?йлеу ?абілетін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?аза? тілі саба?тарында ойын т?рлерін ?олдану барысы» »

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Зерноград негізгі мектебі








Баяндама


«Қазақ тілі сабақтарында

ойын түрлерін қолдану барысы»









Қазақ тілі мұғалімі: Жумабекова Э.М.



Қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін қолдану барысы

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің мақсаты – оқушылардың қарым – қатынасын қалыптастыру,дамыту,тілдік және танымдық біліктілігін қамтамасыз ету.

Мұғалім үшін басты міндет оқушының қызығушылығын арттыру,оның дамуына жағдай туғызу,сөйлеу қабілетін дамыту.

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолданудың маңызы зор. Ойын дегеніміз-баланы әдептілікке ,сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.

Ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін,танымдық белсенділігін арттырады,алғырлықты,тапқырлықты,логикалық ойды дамытады.Әрбір сабақта қолданылатын ойын түрінің белгілі мақсаты болады..... Ойын барысында балалар тегіс қатысып өз ойларын ортаға салып,өз білім дәрежесін көрсете біледі.

Мысалы,қазақ тіліне тән дыбыстарды өткенде сол дыбысқа байланысты сөздер беріледі.Сол дыбыстарды пысықтау кезінде мынадай тиімді сәттерді қолдануға болады.Оқушыларды топтарға бөліп,әр топқа үш әріптен үлестіріледі.Қай топ бұрын және көбірек сөз жазса ,сол топ озады.Оны топтың ішінен бір-бір оқушыға тақтаға жаздырылады.

Ойын таңдағанда тақырыпқа сай ойындар ойналады.Біз ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамыз. Оның біріншісі – оқушының сабаққа қызығушылығын ,ынтасын арттыру,екіншісі – оқушыларды тапқырлыққа баулып,зейінін,байқампаздығын арттыру және ойлау қабілеттерін арттыру.

«Ойын- бала үшін өмірлік тәжірибе», - деп М.Жұмабаев атап көрсеткендей, оқу орыс тілінде жүретін мекткептерде қазақ тілі сабағында орынды қолданылған ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып,білім дағдыларын игеріп,іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді.

«Суреттерді сөйлет» ойыны

Интерактивті тақтадан мазмұнды 2-3 суреттер көрсетіледі.Оқушылар суреттер бойынша топ-топпен 8-10 сөйлем көлемінде мәтін құрастырады.Берілген тақырып бойынша хат,эссе,ой-толғау құрастырып жазуға болады.

«Буын» тақырыбына мынадай ойын түрін қолдануға болады: «Ойлан,тап»

1.Бір буынды ,тұйық буынға мысал келтір.(ет,жап,шөп,хат)

2. «ла» буынына аяқталатын екі буынды сөз ойла.(айла,ойла)

3. «А» әрпінен басталып, «А» әрпінен аяқталатын бір буынды сөз ойла.(ала,ана)

4. «Т» әрпінен басталып, «Т» әрпінен аяқталатын бір буынды бітеу буынға мысал келтір.(торт,тат,төрт)

«Жадыңа сақта» ойыны

Тақтаға немесе плакатқа жазылған 10-12 сөз оқушылар назарына көрсетіледі.

2-3 минут өткеннен кейін тақтадағы сөздер өшіріледі.

Оқушылар есінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазу керек.Сөздерді дұрыс,нақты(10 сөз) жазған оқушы жеңеді

«Мені түсін» ойыны

Оқушылар мәтіннің бір бөлігін оқиды,түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады.Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын,қолдарына парақ пен қарындаш алып,осы мәтіннен 5-7 сөз жазуларын талап етеміз.

Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып тексереді.Кім көп сөз жазса,сол жеңімпаз атанады.

«Көкпар» ойыны

Ойыншылар екі топқа бөлінеді.Ойынды көкпар алуға тырысатындай етіп, жарыс түрінде өткізуі керек.Әр топтан бір-бір ойыншыдан шығып, «сандықшадан» асық алып,нөмірі оқылып, сол нөмірдегі конверт ашылып,ішіндегі жұмбақ оқылады.

Білім сайысы:

1.Ең терең көл (Байкал)

2.Ең ірі планета (Юпитер)

3.Жылқы қанша жасайды№ (30 жас)

4.Ұшпайтын ең үлкен құс (Страус).

Жұмбақтар:

Болсын мейлі қай жақтан-

Алыс-жақын аймақтан

Сағыныш алып ұшамын

Достарды барып құшамын.

(хат)

Синонимдер:

Әр жолдан бір-біріне мағынасы жақын сөздерді тауып, астын сызыңдар.

1.Күн,сәуле,нұр,ай.

2.Шұғылдану,орналасу,ұсыну,айналысу.

3.Той,мереке,мейрам,жиналыс.

Артық сөзді тап:Мағынасы жағынан сәйкес келмейтін артық сөзді тап.

1.Жылқы,сиыр,аю,қой.

2.Түлкі, қасқыр,түйе,жолбарыс.

«Сөз жарысы» ойыны

Ойынның мақсаты – сөздік жұмысын қайталау.Бұл ойында 3 оқушы тақтаға шығады.Сыныптағы оқушылар сөздерді орыс тілінде айтады.Үш оқушы қазақ тіліне аударады.Үш оқушының қайсысы көп айтса ,сол жеңеді.Ойынды тақтаға сауатты жазу қабілетін молайту мақсатында жазбаша түрде де өткізуге болады.

Сабақта грамматикалық ойын түрлерін,әсіресе тіл сабағын меңгерту мақсатында жиі қолдануға болады.Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әр түрлі жағдайды түсінеді,оны шешу жолдарын қарастырады.Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп,оны білуге ,меңгеруге талпынып,алуан түрлі мәліметтерді алып,шеберліктерін шыңдайды.

Қазақ тілінің фонетика саласын оқытқанда тақырыпқа орай әр түрлі әдіс – тәсілдермен шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.

Фонетика саласы бойынша.

«Адасқан әріптер» ойыны

1.р,ш,а (шар)

2.е,т,е,р,к (терек)

3.м,қ,а,л,а (қалам)

4.ө,з,к (көз)

5.м,і,л,і,б (білім)

6.о,қ,л (қол)

7.қ,с,а,б,а (сабақ)

Сонымен қатар,әрбір жаңа тақырыпты өткізу барысында тақырыпқы сай

«Адасқан әріптер»ойынын ойнатуға болады.

Мысалы,жабайы аңдарды өткен кезде былай ойнату тиімді.

сқақыр – қасқыр

Іркіп – кірпі

нояқ - қоян

«Кім шапшаң?» ойыны

1.А әрпінен басталатын қала аттарын ойла.

Мысалы:Ақтау,Астана т.б

2.Б әрпінен басталатын тағам атаулары.

Мысалы:бауырсақ,бөлке,балмұздақ т.б.

Лексика саласы бойынша.

«Кім тапқыр?» ойыны

Ішінде антоним сөздері бар мақал-мәтелдер тауып жазу.

1.Үйдің ......- ..... қыс түскенде білерсің.(ыстық-суығын)

Кімнің ..... - ...... іс түскенде білерсің. (дос-қасын)

2.Ашу - ......, ақыл - .... .(дұшпан,дос)

«Жұбыңды тап» ойыны

(мақал-мәтел тақырыбында қолданылады)

Әр түрлі қағаздарда мақалдар беріледі.Мақалдың сыңарлары екі қағазда болады.Ойыншы сол мақалдарды белгілі уақыт ішінде жұптастыру керек немесе аралас сөздерден мақал құрастыру керек.Дәл сол сияқты тұрақты тіркес пен оның мағынасын жұптастыруға болады.Дәл,нақты, дұрыс жауап берген ойыншы жеңімпаз атанады.

Сонымен қатар,сабақта түрлі кестелерді пайдалануға да болады.Кестелер арқылы «Кім жүйрік?» ойынын жүргізуге болады.Оқушылар септіктермен танысқан кезде,сұрақтарын,жалғауларын еске сақтап ,мысалдар келтіріп қалай меңгергендігін көрсете алады.


Тілді үйренудегі ойынның мақсаты:

Ойын арқылы оқушылардың білім-білік дағдылары қалыптасады.


Оқытудағы ойынның міндеті:

-Білім деңгейі мен дағдыларын жетілдіре отырып,ойын арқылы оқу мен тәрбие ұштасады.

-Мұғалім ойната отырып,жаңа білімді меңгертеді.

-Оқушының танымдық қызметі мен ой-өрісі кеңейеді.

-Оқушының өзіне деген сенімі артады,оқуға деген қызығушылығы ,белсенділігі дамиды.

-Оқушыларды адамгершілікке ,бір-бірін сыйлай біліп,қол ұшын беріп,көмектесуге үйретеді.


Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі:

Сабақ сапасы жақсарады,пәнге деген қызығушылығы артады,логикалық ойлай білуге итереді,тәртіп сақтау дағдысы қалыптасады,есте сақтау ккқабілеті дамиды.Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды,сөйлеу қабілеті жетіледі,қарым-қатынас жасауға үйренеді,көңіл –күй көтеріледі,оқушы жалықпайды,сөздік қоры көбейеді.

Қазақ тілінде ойын элементтерін енгізудің маңызы зор.Ол оқушының шығармашылық қабілетін,сабақта белсенділігін арттырады,қазақ тіліне деген қызығушылығын оятып,білімін молайта түсуіне әсерін тигізеді.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?аза? тілі саба?тарында ойын т?рлерін ?олдану барысы»

Автор: Жумабекова Эльмира Мейрамбековна

Дата: 24.02.2015

Номер свидетельства: 178300


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства