kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА ?ОЛДАНЫЛАТЫН ?ДІС-Т?СІЛ Т?РЛЕРІ баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Технология - ?дістеме. ?діс дегеніміз- білім беруді? теориясы. Т?сіл дегеніміз – іс, меншікті іс. Т?сілдерді? элементтері – амал жолдары: 1) таныстыру, берілген білімді тексеру, бекіту, ж?йелеу, тияна?тау. 2) де?гейлік тапсырмалар – ?иын м?селерді шешкізу. 3) мониторинг- тексеру. 4) де?гейлік тапсырмалар – дифференсация. 5) таным жолы – о?ушыларды ?рекетке кіргізу. Мен ж?не о?ушылар, о?ушылар ж?не о?ушылар. О?ыту ?дісі дегеніміз- м??алімні? білімді ме?герту жолында?ы т?сілі. ?діс о?ушыны? ?з ынтасын ішкі ?оз?аушы к?шін ж?мыс?а ба?ыттауды ?станады. ?діс тек ?рекетті? негізгі ма?саты болуы шарт. ?р т?рлі ??ралдарды ?олдану ?діске ба?ынышты. ??ралдарды? ?р т?рлі болуы ?дісті? ??рылымын ?згертуге ы?пал етеді. ?дістер ар?ылы білім мазм?ны? ме?гереміз. М??алім о?ушыларды о?ытуда т?пкі н?тижеге жеткізер деген ?діс- т?сілдерді тандап алуы ?арастырылады. Педагогиканы? бір саласы дидактиканы? негізгі міндеті- о?ыту ?рдісі ба?ынатын білім беру мазм?нын, о?ыту зандылы?тарын, принциптерін, ?дістерін ж?не ?йымдастыру формаларын ?о?ам талабына сай ?олдануды? жолдарын ?арастыру. Жа?а технологияларды к?нделікті саба? ?рдісіне пайдалану ?шін, ?р м??алім ?зіні? алдында отыр?ан о?ушыларыны? жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогты? ма?сат - м?ддесіне байланысты, ?зіні? шеберлігіне байланысты та?дап алады. Жа?а ?дістерді ж?зеге асыруда м??алім белсенділігі, шы?армашылы? ізденісі, ?з маманды?ына деген с?йіспеншілігі, алдында?ы ш?кірттерін ба?алау ерекше орын алады О?у жоспарын жаса?анда, оны? ба?дарламасын мен о?улы?тарында?ы о?у материалдарын іріктеп, та?дау?а о?ушыларды? жас ерекшелігі мен психологиялы? ерекшеліктері ескеріледі. Сондай-а?, ?рбір саба?ты? мазм?нына ?арай амал – ??ралдарды ?олдануда о?ушыларды? психологиялы? ерекшеліктеріне ?лкен м?н беріледі. Атап айт?анда, о?ушы материалын тере? т?сініп, саналы ме?геруі ?шін, оны? та?ырыпты? ішкі за?дылы?ы мен ?зара байланысып д?рыс а?ы?тап, тиісті ?орытынды жасай білуі ?ажет. О?ушы бірінші сыныптан бастап ?аза? тілін ?йрену барысында тілдегі т?рлі ?олданылатын атауларды (?ріп, дыбыс, буын, с?з, с?з тіркестері, с?йлем, с?з бен с?зді байланыстыратын жал?ау, ж?рна?, тыныс белгілері – н?кте, ?тір, леп белгісі, с?рау белгісі, сызы?ша, ?ос н?кте, т?рлі грамматикалы? аны?тама, ережелерді о?ып ?йренеді. ?абілеті ?р т?рлі о?ушы тілді? м?ндай белгілері мен атауларын бірден ме?геріп кетуі м?мкін емес, тек оны? негізгі, ?ажеттілерін (аны?тама, ережесін) есте са?тауы м?мкін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА ?ОЛДАНЫЛАТЫН ?ДІС-Т?СІЛ Т?РЛЕРІ баяндама»

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛ ТҮРЛЕРІ


Технология - әдістеме. Әдіс дегеніміз- білім берудің теориясы.

Тәсіл дегеніміз – іс, меншікті іс . Тәсілдердің элементтері – амал жолдары:

1) таныстыру, берілген білімді тексеру, бекіту, жүйелеу, тиянақтау.

2) деңгейлік тапсырмалар – қиын мәселерді шешкізу.

3) мониторинг- тексеру.

4) деңгейлік тапсырмалар – дифференсация.

5) таным жолы – оқушыларды әрекетке кіргізу. Мен және оқушылар, оқушылар және оқушылар.

Оқыту әдісі дегеніміз- мұғалімнің білімді меңгерту жолындағы тәсілі. Әдіс оқушының өз ынтасын ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды ұстанады. Әдіс тек әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты.

Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістер арқылы білім мазмұның меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізер деген әдіс- тәсілдерді тандап алуы қарастырылады. Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті- оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмұнын, оқыту зандылықтарын, принциптерін, әдістерін және ұйымдастыру формаларын қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастыру.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады

Оқу жоспарын жасағанда, оның бағдарламасын мен оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеп, таңдауға оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Сондай-ақ, әрбір сабақтың мазмұнына қарай амал – құралдарды қолдануда оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі. Атап айтқанда, оқушы материалын терең түсініп, саналы меңгеруі үшін, оның тақырыптық ішкі заңдылығы мен өзара байланысып дұрыс аңықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет. Оқушы бірінші сыныптан бастап қазақ тілін үйрену барысында тілдегі түрлі қолданылатын атауларды (әріп, дыбыс, буын, сөз, сөз тіркестері, сөйлем, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері – нүкте, үтір, леп белгісі, сұрау белгісі, сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтама, ережелерді оқып үйренеді.

Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден меңгеріп кетуі мүмкін емес, тек оның негізгі, қажеттілерін (анықтама, ережесін) есте сақтауы мүмкін.

Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді.

Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы, осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден, дағды бермеуден деп айтуға болады.

Қазіргі кезде қазақ тілін қандай бағытта, қандай мазмұнда оқыту керек?

Меніңше, коммуникативті функционалды бағытта болуға тиіс. Сондықтан тілдің коммуникативті механизмін ашу қажет. Яғни, оның сөйлеу процесіндегі, сөйлем құрудағы, мәтін бойынша әңгіме құрастырудағы рөлі амал – құралдар арқылы меңгертіледі.

Ең алғаш қазақ тілін үйрету барысында оқушыға айналадағы өзі қоршаған ортаны, заттарды, құбылыстарды таныстыру көзделеді. Бұлардың бәрі де оқушыға белгілі бір тақырып айналасында екінші біреудің сөзін есту арқылы, онымен өзі әңгімелесіп, сөйлеу арқылы, мәтінді оқу арқылы меңгертіледі. Яғни оқушы қазақ тілінде сөйлесу арқылы қарым- қатынас жасайды. Мысалы: «Мен қазақша сөйлеймін», «Асқар менің досым», «Мен осы үйде тұрамын» деген тақырыпта бір – бірімен танысады, әңгімелеседі.

Мұғалім – мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы, әсіресе, сабақ беруіндегі бір ерекшелігі- ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскелік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ынғайлы етіп ұсынады.

Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, білу қазіргі таңның басты мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу.Қазір технологиялардың түрлері өте көп. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгеру күрделі жұмыс. Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету қиын да, қызық жұмыс. Сол қиындықтарды жеңілдету үшін сызбаларды қолдану арқылы төмендегі әдістерді дамытуға мүмкіндік туғызамын.

Әдістер:

Сұрақ - Өз ойын Баяндау Сұхбат Монолог Аударма Жауап айту

Грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда тірек сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір- бірімен, қарым- қатынас жасауға (сөйлеу, айту, жазу, оқу) ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге үйретеді. Морфологиядан «Сөз таптарын» оқыған кезде тірек сызбаны қолдану өте қолайлы.

Мысалы: Мына сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

Мен кеше әжеммен және атаммен бес әдемі жейде сатып алдым.

Мен – есімдік, дара, негізгі, жіктеу есімдігі.

Кеше- үстеу, дара, негізгі, мезгіл үстеу.

әжеммен,атаммен- зат есім, дара, негізгі, жалпы, жанды.

Және- шылау, жалғаулық шылау, дара, негізгі, ыңғайластық шылау.

Бес- сан есім, дара, негізгі, есептік сан есім.

Әдемі – сын есім, дара, негізгі, сапалық жай шырай.

Жейде- зат есім, дара, негізгі, жалпы, жансыз, атау септік.

Сатып алдым- етістік, күрделі, туынды,өткен шақ,ашық рай.

Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор орындығы , топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды

Менің оқушыларыма үлкен қызмет ететін, әрі қызықтыратын- «Ой толғаныс» кезеңі. Мұнда әр оқушы өз білімін көрсетуге қаншалықты игергенің дәлелдеуге тырысады. Оларды «Aвтор орындығы», «Еркін жазу», «Дискуссиялық парта», т.б. ерекше қызықтырады. Өзінді тыңдату және өзгенің пікірін мұқият тыңдау, бағалау, сыни тұрғыдан талқылау, ой бөлісу сияқты тиімді әрі пайдалы қажеттіліктерді үйретеді. Бұл таңда сабақтарымда қолданылып жүрген »Сыни тұрғыдан ойлау» әдісі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.

Этикалық қағидаттар.

Мұғалім мен оқушы арасындағы шынайылық және еркіндік, сыйластықтың орын алуы.

Әл-Фараби: «оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру»,- дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.

Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.

Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.

Нәтижелі оқытуға қол жеткізу жолында мынадай сұрақтар туындайтыны заңды деп ойлаймын. "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?: "Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?", "Кімдерді оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" "Қайда оқыту керек?".

Тәжірибеде оқытудың көптеген түрлері қолданылуда. Мұғалімдер барлық пайдалы оқыту түрлерінен бас тартпай, жақсыларын жаңа жүйеге бағыттап тәжірибеге енгізеді. Топтық оқыту, өзін-өзі оқыту - оқушы белгілі бір өздік жұмысты (оқылатын объектімен, оқулық, приборлармен жұмыс істейді, есеп шығарады, зерттеу жұмысы) орындап, оның нәтижелері туралы жазбаша есеп береді.

Өзара оқыту (жұптық оқыту) - оқушылар тұрақты жүпта немесе құрамы өзгеретін жүпта жұмыс істейді де, қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалайды .

Сындарлы оқытуда .оқушы өз бетінше білім алуды ұйымдастырады, сын тұрғысынан нақты ,мақсатты шешім қабылдауға үйренеді, оқушылар кез-келген сұраққа өмірден мысал келтіре отырып салыстырып жауап береді. .

Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Оқушы бірлесіп үйретуде, кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауға, ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді.Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады.

Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жағдайлар еске ұсталынғанына көзіміз жетті:

1) оқушылар бір- біріне бірдей бағынышта, сыйластықта болды;

2) жауапкершіліктері артты;

3) топқа бөлгенде оқушылардың ойлау мумкіндік жағдайлары ескерілді;

4) топқа барлық мүшелерінің бір- бірін тыңдау, күту шыдамдылығы, кезектесіп, сөйлеу дағдылары қалыптасады;

5) мұғалімнің , оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету еркіндігі тең дәрежеде болды;

6) топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі шыңдалды;

7) оқушының ең алдымен есте ұстау қабілеті жоғарылады;

8) жиі- жиі ат талқысып жасау және терең түсінік пен ойлаудың дамуы арқылы оқушының сөйлеу дағдылары дамыды;

9) жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің қабілетіне, олардың бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын құрметтеуге машықтанды;

10)бір- біріне көмектесіп, ойларын ортаға салып, өздерінің білім алуын көтермеледі;

11) оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктерін беретін ортада оқушы өз пікірлерін білімдерін, бар жігерін жеткізді.

Осындай сабақтарда мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы ретінде көрініп, бар жауапкершілікті оқушылардың өз тізгіндеріне беріп, үлкен жауапкершілікті сезінтеді.

Бір сыныпта отырған балалардың ұлты, оқу ынтасына қарай тілді білу дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Сол себепті де нақты нәтижеге жету үшін модульдік оқыту технологиясының тиімді екенін күнделікті іс- тәжиребемнен көріп келемін. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының негізі баланың тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай келіп отыр. Модульдік технологиясының басты ерекшелігі – оның тек қана білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай- ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін- өзі өзентілендіру, өзін - өзі бекіту, қарым- қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттануға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады (3,56 бет).

Қорыта келе бұл технологияны қолдану нәтижесінде:

  • Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға.

  • Танымдық процестерді жетілдіру.

  • Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға

  • Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға

  • Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Ұлы ойшыл Уильям Уорд « Жай мұғалім – хабарлайды. Жақсы мұғалім -түсіндіреді. Керемет мұғалім –көрсетеді. Ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген екен.Сондықтан ХХІ ғасыр мұғалімі жан-жақты болуы заңды деп ойлаймын. Оқыта отырып тәрбиелеу-қазіргі заман мұғалімінен талап етілетін басты мәселе. Сондықтан атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Оқыту- тәрбиелеудің қуатты органы,бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айрылады» деген сөзін үнемі жадымызда сақтасақ деймін.


















Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Артықова Т.М. Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі Оқыту әдістемесі, Алматы, 2005 жыл.

  2. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы , оқушыны дамыту. Құрал ретінде, Алматы 2002 жыл.

  3. 3.Қисымова.Ә.К.Оқыту технологиялары.-Алматы,2007 жыл








































Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің жалпы орта білім беру мектеп- интернаты









Баяндама

ТАҚЫРЫБЫ:

«ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛ ТҮРЛЕРІ»





Орындаған: Сартаева Алмагуль Зекеновна

Қазақ тілі және қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі















2014- 2015 оқу жылы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА ?ОЛДАНЫЛАТЫН ?ДІС-Т?СІЛ Т?РЛЕРІ баяндама

Автор: Сартаева Алмагуль Зекеновна

Дата: 20.03.2016

Номер свидетельства: 307980


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства