kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі м??аліміні? шы?армашылы? есебі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мені? п?нді о?ытуда?ы ма?сатым-

Жа?а ?діс-т?сілдерді пайдалана отырып, о?ушыларыны?  п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.

Алдыма ?ой?ан міндеттерім-

*  О?ытуды? жа?а ?дістерін  саба? т?ріне, о?ушыны? жас ерекшелігіне сай та?дай отыра, о?ушыларыны? білімін арттыру;

* О?ушыларды? ?з бетімен ойлауы мен ?иялына тиімді жа?дай жасау ж?не ?згермелі ?мірде еркін ?мір с?руге ба?ыттау;

* Ынтыма?тасты?пен ж?мыс жасайтын, ?з ісіне жауапкершілікпен ?арайтын б?гінгі заман?а сай азамат т?рбиелеу;

* Білімі мен білігіне сай келетін ба?дар та?дап алатындай д?режеде т?рбиелеу.

Ма?сат пен міндеттерді орындауды? ??ралдары-

1. ?дістемелік ??ралдар:

        * «?аза? тілі мен ?дебиет» ?дістеме журналы

        * «?аза?, орыс мектептердегі ?аза? тілі мен ?дебиеті» ?дістеме журналы

        * «Жалын» журналы

        *   ?дебиеті о?ыту  ?дістемелері

        *   Дидактикалы? материалдар

        *  «?аза?стан м??алімі» журналы

        * «?аза?стан мектебі» газеті

        * «Сынып жетекші» журналы

2. Ж?мыс т?рлері:

Топты?, жекелей, жалпы сыныпты? о?ыту, тест, де?гейлік тапсырмалар, шы?армашылы? ж?мыс, графикалы? диктант, сызбалармен, кестелермен ж?мыс, зерттеу ж?мыстары, сайыс кештер, коллаж жасау, постер ??ру, халы?ты? педагогикамен байланыстыра о?ыту.

3. Дидактикалы? материалдар:

?аза? тілі мен ?дебиеті саба?тарында о?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру ма?сатын ж?зеге асыру ?шін саба?ымда: тірексызбалар, кестелер, суреттер, б?ктемелер, постер, коллаж, интернет материалдары, флирпчаттар, слайдтар, аудио-видео материалдары, электронды о?улы?тар, т.б. ?олданамын ж?не 7 модульді ы?палдастырып ?здігінен білім  алуын ?йретемін. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі м??аліміні? шы?армашылы? есебі»

Исмакова Ғалия Серікқызының

шығармашылық есебі

СҚО Аққайың ауданы Смирнов селосы Смирнов №3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Туған жылы: 16 шілде 1987 жылы

Білімі: жоғары

Диплом бойынша мамандығы: қазақ тілі мен

әдебиеті мұғалімі

Бітірген оқу орны:

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Тіл және әдебиет институты

Еңбек өтілі: 8,6 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Мұғалім ретінде-

Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәнін терең игеруіне құштарлығын, алғырлығын арттыру, ойлау қабілетін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, сабақ барысында терең де, тиянақты білім беру мақсатын көздеймін.

Менің педагогикалық ұстанымым-

«Біліп қана қою аз, сол білгеніңді үйрете білуің керек, ниеттеніп қана қою аз, сол ниетіңді іске асыра білуің керек»

Гете.

Менің пәнді оқытудағы мақсатым-

Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Алдыма қойған міндеттерім-

* Оқытудың жаңа әдістерін сабақ түріне, оқушының жас ерекшелігіне сай таңдай отыра, оқушыларының білімін арттыру;

* Оқушылардың өз бетімен ойлауы мен қиялына тиімді жағдай жасау және өзгермелі өмірде еркін өмір сүруге бағыттау;

* Ынтымақтастықпен жұмыс жасайтын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын бүгінгі заманға сай азамат тәрбиелеу;

* Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.

Мақсат пен міндеттерді орындаудың құралдары-

1. Әдістемелік құралдар:

* «Қазақ тілі мен әдебиет» әдістеме журналы

* «Қазақ, орыс мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» әдістеме журналы

* «Жалын» журналы

* Әдебиеті оқыту әдістемелері

* Дидактикалық материалдар

* «Қазақстан мұғалімі» журналы

* «Қазақстан мектебі» газеті

* «Сынып жетекші» журналы

2. Жұмыс түрлері:

Топтық, жекелей, жалпы сыныптық оқыту, тест, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыс, графикалық диктант, сызбалармен, кестелермен жұмыс, зерттеу жұмыстары, сайыс кештер, коллаж жасау, постер құру, халықтық педагогикамен байланыстыра оқыту.

3. Дидактикалық материалдар:

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатын жүзеге асыру үшін сабағымда: тірексызбалар, кестелер, суреттер, бүктемелер, постер, коллаж, интернет материалдары, флирпчаттар, слайдтар, аудио-видео материалдары, электронды оқулықтар, т.б. қолданамын және 7 модульді ықпалдастырып өздігінен білім алуын үйретемін.

Өз мақсатым мен міндеттерімді жүзеге асыру -

2007 жылы М. Жұмабаев атында гуманитарлық колледжін үздік дипломмен аяқтағаннан бастап, ұстаз атын иемденгеннен бері Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы Ивановка орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып 4 жылдай қызмет атқардым. Кейін

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде оқуымды жалғастыруым да сол арманымның бір бөлшегі болса керек. Арман еткен жоғары білімді дипломды қолыма түсіргеннен кейін Смирнов №3 орта мектебіне 2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ұстаздық етіп келемін. Осы жылдан бастап ұстаздық жолым кеңінен ашылып, өз мамандығымның мәртебесі мен мерейі қазақ мектебінде ашылуына мол септігі тиді. Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай ертеңгі болашақ, жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктелетінін біліп қана қоймай, үздіксіз ізденуді, өз білімімді үнемі жетілдіріп отыруды талап еттім. Өйткені еліміздің ертеңі - жас ұрпақтың қолында.

«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп орынды айтқан педагог К.Д.Ушинский. Сол себепті «білгенімнен білмегенім көп» дей отыра, білім саласындағы қандай да болса жаңалықтарды назардан тыс қалдырмай, үнемі ізденіс танытып, білімімді шыңдап келемін. Қысқа мерзімді курстарға барып, жаңалықтардан хабардар болып, өз мектебімде бөлісіп, жиі тәжірибе алмасудамын. 2012 жылы «Сатылай кешенді талдау технологиясы», «Электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында білім контенттенттерін жасау технологиясы» курстарын аяқтап, 2013 жылы «Өрлеу»БАҰО АҚ СҚО ПҚБАИ 3 (үшінші) деңгей айлық курсты, тамамдап, заман талабына сай біліммді жан- жақты толықтырып, әр сабағына жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, оқушы жүрегіне жол тауып келеді.

2014 жылы «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыптарында өткен қысқа мерзімді курсқа қатысып, тақырып бойынша сабақтарға алған білімдерін өмірде қалай пайдалана білу керектігіне үнемі бағыт - бағдар беруден тынбаймын.

Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша оқыту, тәрбиелеу қажет. Сондықтан да қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін емес. Мұғалімдердің ортақ мақсаты – жеке тұлғаны қалыптастыру болса, оқушы бойынан табылатын жақсы қасиеттердің бәрі мұғалімнің  де бойында болуы керек. Мұғалім өз білімін үнемі толықтырып отыруына, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдіс-тәсілдермен, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгерген шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі керек.

Жоғарыда аталған курстардың да мен үшін ықпалы зор болды. Әр түйген жаңалықтарымды іске асыру нәтижесінде баланың шығармашылығын шыңдап, пәніме қызықтырып, оқушылардың танымдық әрекетін арттыруды, әр оқушының бойындағы жеке қасиеттерін дамытуды көзеймін. Әрбір өткізген сабақтарымда оқушылар өздігінен ізденіп, тығыз қарым-қатынаста, өзара бірін-бірі толықтыра отырып білім алады. Қазіргі таңда мұғалім бағыт-бағдар беруші. Берілген тапсырмаларды өздігінен игеріп, бір-бірін бағалай отыра, ойларын еркін айта отыра бір-біріне деген сенімі арта түседі. Ал өзім оқушылардың білім деңгейін түрлі әдістер арқылы саралап, сараптап отырамын

Білім жолында өз тәжірибеммен бөлісу мақсатында бірнеше мектепішілік, аудандық деңгейде ашық сабақтар, аудандық, облыстық семинарларда коучингтер өткізіп, баяндамалар оқып өз еңбегімнің жақсы бағаланғанына көзім жетті.

Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытовтың « Сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол- жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген екен. Сол пікір бүгінде жүзеге асып жатқандай. Сондықтан соңғы үш жылда өткен сабақтарым «Құрмалас сөйлемді қайталау», «Сөйлем мүшелері. Бастауыш», «Баяндауыш», «Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша» , «Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш» , «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері» атты ізденіс сабақтарым жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы заманауи талапқа сай өз дәрежесінде өтті. Соңғы төрт жыл көлемінде өткізген пән бойынша сыныптан тыс мектепішілік «Абай оқулары-2012, 2013, 2014» және «Махамбет-2011- 2014» «Мағжан оқулары 2011-2014»іс-шаралары өз дәрежесінде өтті. Сондай-ақ, жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Тілдер фестивалі» шаралары да осы жолда жасалып жатқан жұмыстардың бір парасы дей аламын.

Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегінен жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру – оның рухани әлемін байыту, жеке дарындылығын дамыту. Осы мақсатқа жету жолында да аз жұмыстар жасалған жоқ. Осының дәлелі ретінде мен оқушыларымды пәндік олимпиадаға үнемі қатыстырып отырамын. Атап айтсам, 2012  оқу жылында аудандық  пәндік олимпиададан   Ашкенова Ш І орын, Асылбекова Ұ ІІ орынға, 2014 жылы  облыстық пән олимпиадасында Абилова З, Дуйсенбаева Ф қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды 2015 жылы облыстық кезеңде Дуйсенбаева Ф 4 орынға  ие болды. 2011 жылы облыстық ғылыми жобалар сайысында Ашкенова Ш. ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз» дегендей, 2012 жылы облыстық Мағжан оқуларында номинат атандым. Республикалық қазақ тілінен қашықтық олимпиадасына қатысып «Ең үздік нәтиже» сертификатын алдым. Этнопедагогика пәнінен облыстық семинарды жақсы ұйымдастырып, жоғары дәрежеде өткізгені үшін марапатталдым. 2013 жылы «Жаңа форматтағы ұстаз: тәжірибе, мәселе, болашақ» аймақтық әдістемелік шеберханасы аясында шеберлік сыныпты табысты өткізгені үшін, Абайтану курсы бойынша «Абайтануды оқытудың өзекті мәселелері» атты облыстық семинарға қатысқаны үшін марапатталдым. 2014 жылы «Жаңа толқын», «Жаңа форматтағы ұстаз: тәжірибе, мәселе, болашақ» аймақтық әдістемелік шеберханасы аясында шеберлік сыныптарды табысты өткізгені үшін марапатталдым. Сонымен қатар, Қазақстан тарихы және құқық негіздері пәндерінен республикалық қашықтық олимпиадаларына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. «Жасөспірімдер арасында суицид пен қатерге бейім мінез – құлықты алдын алу» тақырыбында семинар – тренингке қатыстым. 2015 жылы «infourok.ru» сайтында жеке сайт құрғаны үшін сертификатпен марапатталып, олимпиаданы өткізуде белсене ат салысқаны үшін, аталған сайтта әдістемелік құралдарды жариялағаным үшін, «Инфоурок» жобасында «Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында вебинар сабағына қатысқаны үшін марапатталдым. 2012 жылы – қазақ тілінен Республикалық қашықтық олимпиадасында Сматаев Әділ, Каримова Қалима,Мүсен Бақытгүл , Бейсенбек Мақсат, Қожа Қайыргелді, Сейткозиева Мадина, Негметжанов Руслан, Қойлыбаев Байсейіт, Сейткозиева Альбина, Алдамуратов Артур, Мукужанов Бахтияр сертификаттармен марапатталды. 2013 жылы – қазақ тілінен Республикалық қашықтық олимпиадасында 2 орын жеңімпазы- Дуйсенбаева Фариза 2014 жылы облыстық «Жарқын болашақ» VI республикалық «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадасының қатысушысы Дуйсенбаева Фариза, облыстық Мағжан оқуларына қатысқаны үшін Байдуллаева Алтынай марапатталды. Облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасының қатысушылары Дуйсенбаева Фариза, Абилова Заулим сертификаттарымен марапатталды. 2015 жылы ІІІ облыстық зерттеу жұмысының «Ақ қайыңдар өлкесі» номинациясынан ІІ дәрежелі диплом жеңімпазы Анарбаева Инесса, қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасынан Дуйсенбаева Фариза 4 орынға ие болды.

Дана халқымыз «Ұстаз талантты болса,шәкірті талапты болады» немесе «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген ұлағатты оймен келісемін, себебі менің ұстаздық жолыма еліктеп, оған қызығушылық танытып, өмірде тіл маманы болуды таңдаған шәкірттерім де бар. Олар: Асан Гульмира Көкшетау қаласында қазақ тілі мамандығында, Асылбек Ұлбосын маған ыстық М. Жұмабаев колледжін аяқтап, қолын диплом алғалы жатыр.

«Ұлт данышпандары арқылы ұлы мақсаттарға жетеді» деген сөзбен ойымды аяқтағым келеді.

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде атқарылар жұмыс ауқымы өте көп, ал алда тұрған міндеттер одан да көп. Сол жолда еселі еңбегімді одан әрі жалғастыра беретініме сенімім мол.

Тәжірибемен алмасу мақсатында тіл мамандарының ерікті бірлестік сайтарында және Sabaktar.kz пен , «Копилка» , «Инфоурок» «Мультиурок»сайттарында, «Ана тілі» газеті , «Қазақ ұстазы» журналында сабақтарым үнемі жарияланып отырады.

Соңғы 2 жылдың көрсеткіштері:


Пән

Сапа

Жылдар

Пән

Сапа

Қазақ тілі

68 %

2013-2014

Қазақ әдебиеті

71 %

70 %

2014-2015

74 %



Қорыта келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар демекші, оқушылардың жеке басының ерекшелігін ескере отырып, таным белсенділігін арттыру, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың дүниеге көзқарасын қалыптастыруға жол ашу, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұмыс істеу – ұстаздың міндеті. Өйткені болашақ данышпандарды тәрбиелейтін, дарындыларды өмірге әкелетін, таланттың талабын танытатын, бұлақтың көзін ашатын, ұстаз екендігіне дау жоқ. Сол себепті оқу мен тәрбиені бала бойына қатар сіңіріп, болашақ ұрпақтың кірпіш болып қалануына әлі талай ат салысамын.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?аза? тілі м??аліміні? шы?армашылы? есебі

Автор: Исмакова ?алия Серік?ызы

Дата: 10.02.2016

Номер свидетельства: 291213


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства