kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?танда ?лтты? зергерлік ?нерді? дамуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жалпы айт?анда, ?аза?ты? алтын ж?не к?міс б?йымдарыны? шеберлері ??деуді?  ?рт?рлі техникасын, оны? ішінде металл ??деуге керту, ою, егеу, оймалау, ?рнек салу, сондай-а?, ба?алы ж?не жартылай ба?алы тастармен бедерлеп ?шекейлеуді жетік ме?герген. ?аза?станны? зергерлік ?нері ХVІІІ-ХХ ?асырларда ?зіні? ?ркендеу жолында е? жо?ары де?гейіне жете отырып, с?ндік б?йымдарды ?шекейлеу саласында к?птеген жа?а пішін мен ?дістерді игере білді. Сонымен бірге, зерттеу барысында ?рбір ??ір к?ркемдік стильдегі  ?зіндік ерекшелігіні? белгілі де?гейіне жеткенін к?рсетті.Халы?ты? к?сіби шы?армашылы?ыны? даму тарихын о?ып-?йрену ?аза?тарды? тарихи-м?дени материалды? м?раларыны? жар?ын т?стары жайында білім аясын ке?ейтуге, эстетикалы? тал?ам ?алыптастыру?а септігін тигізетіндігіне сенімдімін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?танда ?лтты? зергерлік ?нерді? дамуы»

Қазақстанда дәстүрлі зергерлік өнердің дамуы.



Байтілеуова Елсүйер Ахметқызы

№9 гимназия-мектебі, Павлодар қаласы.

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.



Дәстүрлі зергерлік өнер қазақтардың дүниетанымының және материалдық мәдениетінің басты бөлігі болып табылады. Көптеген ғасырлар бойы дамып келген зергерлік өнер алдыңғы көшпенділік өркениеттің тәжірибесін және бай материалдық, мәдени мұраларды бойына жинақтап келді. Көршілес елдердің мәдениеттерімен және өнерлерімен арласып отырса да, Қазақстанның зергерлік өнері өзіндік болмысын жоғалтпай, ұлттық жарқын келбетімен ерекшеленіп тұрады.

ХVIIIғасырдағы монғол шапқыншылығы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларын құлдырауға ұшыратқандықтан, ұсталар мен зергерлердің шеберханалары біраз уақыт бойы бос қалды. Тек ХIV ғасырда ғана қалалық кәсіп мәдениеті қайта жандана бастады.

Археологиялық қазбаларда артельдер мен цехтарға ұқсас зергерлер мен ұсталардың бірлестіктері болғаны жөнінде мәліметтер бар. ХVI ғасырдағы тарихшы Ф.Рузбиханның жазуы бойынша, қазақтардың кәсіптік өндірісінің орталығы Сырдария қалалары мен Орталық Қазақстанның, Жетісудің ауылдарында орналасқындығын білеміз. Мұнда аттары көпке әйгілі шебер ұсталар, өркеншілер, зергерлер, металл балқытушылар, қырлауыш ісінің шеберлері еңбек еткен.

Рузбихан Бұрындық хан (ХV ғасырдың соңы – ХVІ басы) кезінде қазақтар барлық шеберханаларының толығымен жойылғанына қарамастан, Алтын Орда зергерлерінің өндіру дәстүрін жалғастырып келгендігін жазады: « ... барлық жаһанның базарларында ұзақ жылдар бойы өркендеген, қазақтардың шеберханаларының жайы, басшының қолы мен қылыш соққысынан қирады».

Бұл ақпарат ХVI-XVIIIғасырлардың археологиялық қазбаларынан табылған күйдірілген мөрлер, керамикамен, өрнекпен және қазақ ұлыстарының таңбасымен безендірілген шеберхана қалдықтары осы пікірді растайды. Ұсталар мен зергерлер шеберхана қалдықтары Отырар, Сауран, Сығанақ, Күлтөбе, Тараз, Түркістан және т.б. қалалардан табылған.

Баянауыл округінің ежелгі тұрғындарының айтуы бойынша, бұл аймақта шеберханалар XVIII ғасырда ерекше өркендеген. Мысалы, әкелері бір туысқан ағайынды Олжабай мен Едігенің шеберханасы. XVI-XX ғасырлар бойы қысқы (қыстақтар) және жазғы қоныстарда – ұсталық, ұстахана, темір шеберханалары болды.

Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде, басқа да халықтардың мәдениетіндегідей, теміршілік өнер мен темір ұсталығы ерекше қасиеттеліп, ерекше мәртебеге ие болған; темір ұстасы сиқырлық, бақсылық қызметпен де айналысып, оларды да жиі атқарып отырған. Қазақ халқының түсінігінде темір ұсталары құдіретті күш пен қасиетті қабілет иелері болған екен. Бұл пайым барлық түркі тілдес халықтарына тән. Зергерлердің шеберлігі мен өнері «Қобыланды» поэмасында жан-жақты жырланған. XIX ғасырдың 1-ші жартысының ақыны Дулат өзінің шығармаларында қазақтардың өміріндегі темірдің маңызын және темір өңдейтін қазақтардың еңбек сүйгіштігін басып айтқан.

Халық шеберлері темір, мырыш, қорғасын, алтын, күміс балқытып, мырыш пен мыстың, күміс пен алтынның қорытпасын жасаған.металдардң қасиетін біле отырып, зергерлер оларды көркемдеп өңдеудің әртүрлі тәсілдерін қолданған: құймалап өңдеу, соғу, шырпылау, оюлау, ескі үлгімен әшекейлеу, алтын жалату, металл мен күмісті кертіп өңдеу және т.б.

XIX ғасырдың Ресей зерттеушілері, қазақтар арасында зергерлік бұйымдарды өндіру барысында майталман суретшілер мен алтын ісінің шеберлердің өнеріне жүгінгендігін атап өтеді. А. И. Левшин : « ... зергерлік өнерінде күмісшілердің, мысшылардың, ұсталардың, қырнаушылардың орны бөлек. Біріншілері мен екіншілері көбінесе ат тұрмандарына, ақық пен алтынды қолдана отырып, кертігі бар белбеулерге, сонымен қатар әйелдердің бас киіміне, кеуделік және т.б. әшекейлерді жасай алады. Ұсталар пышақ, найза, шырпу, аттардың ауыздықтарын ... жасайды», - деп хабарлайды.

Қазақ халқының аңыздары мен ертегілерінде алтын шатыр, алтын сарай, ертоқым, сандық, жүген, қылыш, семсер, әйел әшекейлері, ыдыс және т.б. атаулар қосылып баяндалады. Хан Абылайдың алтыннан құйылған қару-жарақтары Көкшетау аймағынан табылды. Қоныс аударғанда көшпенділер алтын бұйымдарын бөлек сандықтарға салып жүрген. Сыйлы ақын-жырауларға марапат ретінде алтын құймаларды, алтын сақиналарды сыйға тартқан.

Бағзы замандарда алтынды күнге, ал күмісті айға балаған екен. Алтын мен күмістің бағасы да әр заманда әртүрлі болып өзгеріп отырған. XVI-XІX ғғ. Көптеген елдерде айналымдағы күміс ақшаның басым болғаны белгілі болып отыр. Бұл металдың емдік қасиеті мен өңдеуге көнгіштігі, иілгіштігі көптеп қолдануына себеп болды. Осыған байланысты, ол қазақ зергерлерінің бұйым жасау барысында кеңінен қолданылды. Қазақтардың түсінігі бойынша бұл металл табиғи сұлулығымен қоса тазартушылық, қорғаушылық қасиеттерімен де ерекшеленетін.

Тарихи мағлұматтар бойынша XІX ғасырдан бастап қазақтар алтын мен күмісті көбінесе Орта Азия мен Шығыс Түркістан базарларынан сатып алып отырған. Келімді-кетімді саудагерлерден де алып тұрған. Зергерлер сырттан әкелінетін күмістерден басқа, ханның таңбасы салынған күміс ақша – тиындарды да қолданған болатын. Олардан түрлі алқалар мен шолпы жасайтын; олардың бетіне өрнек салып, басқа формаға келтіру үшін кесектеп балқыта да білген. Алтын мен күміс сияқты асыл металдармен жұмыс істейтін ұсталарды «зергер» деп атаған: «зер»-алтын, алтын әшекей деген сөзден шыққан екен. Қазақтардың «Алтынның құнын тек зергер білер» деген мақал да бар. Зергерлер өздері айналысатын кәсіп-машығына қарай ажыратылып отырған. Олардың арасында – «алтын соғушылар», «күміс соғушылар» болды. Қазақтарда зергерлік өнер мамандырылған сипатқа ие болған, бұл бұйым жасау мен өндіру ерекшеліктерімен байланысты болды. Зергерлер негізінен жеке жұмыс істеп, қолынан шыққан өнерлерін мұра ретінде жиі қалдырып отыратын.

Зергерлер әйелдер әшекейлерімен қоса, киім-кешектерге тағатын бөлшектерді, жеке адам тұтынатын қажет бұйымдарды, аспаздық құралдарды, киіз үй жабдықтарын, жиһаз түрлерін, ағаш пен тері ыдыстарын, музыка аспаптарын, қару-жарақ, ат саймандарын, ағаш дуалдарға арналған айылбастарды жасап шығаратын. Зергерлер алтын, күміс, темір, гауһар, маржан сияқты бағалы тастарды, түсті әйнектер мен басқа да өңдеуге жарайтын басқа да материалдарды қолданған. Зергерлер шығаратын өнімдердің ішінде елдің қандай да болмасын қоғамдық топтарында ең көп сұранысқа ие болған - әйелдер әшекейлері.

Зергерлік бұйымдардың сипаты мен саны адамдардың жынысы мен жасына жіктелетін болған. Зергерлік бұйымдар әйелдің жас мөлшеріне қарай сәйкесіп отырған. Мысалы, қыздар өздерінің жасына сәйкес сырға мен білезіктің қарапайым түрлерін тағатын болған. Жасы ұлғайған сайын, қыздардың әшекейлері де күрделеніп, олардың зергерлік бұйымдары бұрынғыдан бетер безендіріле түсетін. Ал қалыңдықтың киімі мен әшекейлері өздерінің сән-салтанатымен, сәнділігімен ерекшеленетін. Олардың әшекей бұйымдары тұрмыс құрып, отбасылық өмірге бет бұрғаннан бастап, қарапайымдала беретін. Қазақ зергерлік бұйымдардың тағы бір ерекшелігі – олардың барлығы белгілі бір киім түріне бейімделіп жасалатындығы.

Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында Қазақстан халқының ежелгі және қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнерінің ең бір бай жиынтығы орналастырылған, экспонаттардың жалпы саны 5 мыңға жуық. Олардың 2 мыңнан астам экспонаты ХІХ-ХХ ғасырдың қазақ зергерлік өнерінің керемет үлгілері болып табылады. Көрмеге қойылған қазақы зергер бұйымдарды шартты түрде жеке-жеке Батыс, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан деп төрт өңірге бөлуге болады.

Ұлттық киім мен зергерлік бұйым әшекейлерінде ескі әдет-ғұрып бойынша әр өңірдің өзіндік ерекшеліктері сақталып келген.

Қазақтар көшпелі өмір кешіп жүріп, малдан басқа байлығын алтын мен күміс әшекейлері түрінде сақтай білген. Алтын мен күміс іспетті бағалы металл тек адамның әшекейі ретінде де қолданылған. Күміспен әшекейленген жиһаз бен ыдыс еліміздің қай жерінен болмасын кездестіруге болады. Ал кейбір бұйымдардың құрамындағы алтын мен бағалы тастардың құны адам айтқысыз қымбат болатын.

Күміспен безендіру әдеті қару-жарақ, ат тұрмандарды, музыкалық аспаптар, жиһаз сияқты көптеген тұрмыстық бұйымдарға тән болған. Мүмкін, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басында қазақтардың тұрмысында кеңінен тараған күміспен әшекейлеу дәстүрі қазақы зергерлік өнердің қайталанбайтын туындыларының біртумалығын түсіндіретін болар.

Сөйтіп, ХV-ХХ ғғ. қазақтың зергерлік өнері дамыған уақытты екі кезеңге бөлуге болады. Біріншісі - ХV-ғасырдың басы, ХVІІІ ғ. – дәстүрлі зергерлік ісінің жалғасуы. Екіншісі, ХVІІІ-ХХ ғғ. – дәстүрлі зергерлік өнердің түрленуі және өзгеруі. Бір-біріне түбегейлі қарама-қарсы тенденция. Зергерлік өнердің дәстүрлі техникалық ою-өрнек тәсілдерінің жаңа инновациялық әдістерімен ұштастырылып, сақталып қалған үлгілері.

Жалпы айтқанда, қазақтың алтын және күміс бұйымдарының шеберлері өңдеудің әртүрлі техникасын, оның ішінде металл өңдеуге керту, ою, егеу, оймалау, өрнек салу, сондай-ақ, бағалы және жартылай бағалы тастармен бедерлеп әшекейлеуді жетік меңгерген. Қазақстанның зергерлік өнері ХVІІІ-ХХ ғасырларда өзінің өркендеу жолында ең жоғары деңгейіне жете отырып, сәндік бұйымдарды әшекейлеу саласында көптеген жаңа пішін мен әдістерді игере білді. Сонымен бірге, зерттеу барысында әрбір өңір көркемдік стильдегі өзіндік ерекшелігінің белгілі деңгейіне жеткенін көрсетті.

Қорытынды.

Қорытындылай келе, халықтың кәсіби шығармашылығының даму тарихын оқып-үйрену қазақтардың тарихи-мәдени материалдық мұраларының жарқын тұстары жайында білім аясын кеңейтуге, эстетикалық талғам қалыптастыруға септігін тигізетіндігіне сенімдімін.









Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Арғынбаев Х. «Қазақ халқыныңқолөнері» [Алматы; Өнер, 1987 ж. 168 б.].

  2. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі [Алматы; «Сөздік-словарь», 1997 ж. 114 б.].

  3. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері [Алматы; Қазақстан, 1996 ж. 240 б.].

  4. Оқулық. Қазақ әдебиеті хрестоматиясы, 7 сынып. Құрастырғандар: Қ. Әбдезұды, С. Ү. Тұрсынғалиева [ «Арман - ПВ» баспасы 2011 ж. 39 б.].

  5. Шаханова Н. Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті [Алматы; Қазақстан, 1998 ж. 184 б.].



2



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?аза?танда ?лтты? зергерлік ?нерді? дамуы

Автор: Байтілеуова Елс?йер Ахмет?ызы

Дата: 16.11.2015

Номер свидетельства: 253756


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства