kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?станды?тар М?скеу ?шін шай?астарда к?рсеткен ерліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сталинград шай?асы – екінші д?ниеж?зілік со?ыста?ы басты шай?астарды? бірі. Ол ?ор?аныс (1942 жыл 17 шілде – 18 ?араша) ж?не шабуыл (1942 жыл  19 ?араша – 1943 жыл 2 а?пан) кезе?дерінен т?рады. 1942 жылды? жазында Фашистік Германия мен оны? ода?тастары Еуропада екінші майданны? ашылуын пайдаланып, ке?ес – герман майданыны? о?т?стік ?анатына басты со??ы беруді ?й?арды. Олар ?ызыл Армияны Орелді? о?т?стігінде тал?андап, Донбасс, Дон ж?не Кубань экон. ма?ызды аудандарын алуды, Кавказ ар?ылы ?тетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты ма?сат етіп ?ойды. Жау 1942 жылды? жазында шабуыл?а шы?ып, ?лкен табыстар?а жетті. Тамызды? 23 – інде майдан шебі Сталинград?а келіп тірелді. Сталинград ба?ытында Германия мен оны? ода?тастарыны? ?ару – жара?тарды? барлы? т?рімен жа?сы жара?тал?ан, 6 далалы? армиядан ??рал?ан 14 дивизиясы т?рды. ?аланы ?ызыл Армияны? 62 (?олбасшысы – генерал – лейтенант В.И.Чуйков) ж?не 64 (?олбасшысы – генерал – мойор М.С.Шумилов) армияларыны? б?лімдері ?ор?ады. ?аланы ?оршау?а ш??ыл т?рде ж?мысшы ж?не халы? жаса?тары тылда?ы б?лімдер ?йымдастырылды. 1945 жылы 25 тамызда неміс ?скерлері батыс жа?тан Сталинград т?бііне жетті. Сталинград майданы ??рылып, ?ала?а ты? к?штер жіберілді. ?ала?а жа?ын жерлерде ?ор?аныс шептері салынды. Б?л майданны? ерекше ма?ызын ескеріп, Мемлекеттік ?ор?аныс комитеті 12 тамызда Бас штаб басты?ы генерал – полковник А.М.Василевскийді, 29 тамызда армия генералы Г.К.Жуковты к?мекке жіберді. Гитлершілдер ?ала?а солт?стік жа?ынан ?ана емес, о?т?стік т?стан да басып кірді. Неміс – фашист ?скерлері ?аланы шабуылмен алма? болып, ?атарынан т?рт рет ?рекет жасады. Ке?ес ?скерлері ?ырк?йекті? басында екі рет ?арсы шабуыл?а шы?ты, б?л ?аланы ?ор?аушыларды? жа?дайын ед?уір же?ілдетті. Жау ?скері біршама шы?ын?а ?шыра?анына ?арамастан, 13 – 15 ?ырк?йекте Волга (Еділ) шебінде шабуылды ?айта ?детті. ?ырк?йекті? 15 – іне ?ара?ан т?нде ?ор?аушылар жа?дайыны? нашарла?аны соншалы?, ?рбір ?й ?амал?а айналып, оны? ?р ?абаты ?шін табанды к?рес ж?рді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?станды?тар М?скеу ?шін шай?астарда к?рсеткен ерліктері »

Сабақтың тақырыбы : Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқастарда көрсеткен ерліктері.

(1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы, Мәскеу үшін шайқастардағы қазақстандық батырлардың ерен ерліктері туралы мәліметтермен таныстыру. 

Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту. 
Тәрбиелік: Отанға деген терең махаббат сезімі, оған қызмет етуге, нығайтуға және оны қорғауға дайын болушылыққа тәрбиелеу.

 Сабақтың әдістері: Түсіндіру, баяндау.

 Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, ерлік туралы жазылған плакаттар, сурет көрмесі, портреттер.

Мұғалімнің сөзі.

Мәскеу үшін шайқас 1941 жылдың 30 қыркүйекте басталып – 
1941 жылдың 6 желтоқсанында аяқталды. 
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.

1- оқушы

Москва, сенің іргеңді 
Ел, ер болып сақтаймыз 
Сенен аяр жан да жоқ, 
Барлығы да сен үшін, 
Саған қауіп төнгенде 
Жау таянып келгенде, 
Қамсыз тыныш жатпаймыз 
Алпыс ұлттың адамы, 
Қол ұстасып үн қосып, 
Қорғауға сені дайынбыз, - 

деп жазған Нүрпейіс Байғанидің өлеңінен халқымыздың Мәскеу қаласына деген ерекше құрметі байқалады. 

2- оқушы

316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді. 
1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. 
3-оқушы

Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағы бойынша 27 млн. қаза тапқан болса, соның 13% қазақ, Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандықтар саны –1 млн 200 мың. Соғыста қаза болғандар саны - 603 мың. Маңғыстау облысынан соғысқа 5710 адам әскерге алынып, 2216 адам елге оралған жоқ. Ұлы Отан соғысында 5 маңғыстаулық батыр атағына ие болды. 

4- оқушы

 Батырым -Мәлік беренім,
                 Жүйрігім,озған өренім.
                 Халқы сүйген қалауым,
                 Жырымды саған төгемін.      Жамбыл.  

Көкшетау қаласынан оңтүстікке қарай 30 шақырым ,ал атақты Бурабайдан 60 шақырымдай жерде Желтау тауы бар.Оның айнала маңайын есімі елге мәлім,кезінде Абылайды ақ киізге салып хан көтергенҚанай бидің алты ауылы қыстайды. Солардың бірі -Қойсалған ауылы.Сол Қойсалғанда Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 15 қараша күні дүниеге келген.
  5-оқушы

     М.Ғабдуллин ғылыми шығармашылық жұмысы 1938 жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандағы филиалында кіші ғылыми қызметкерліктен басталады. 1941-1946 жылдары Кеңес әскерінің генерал И.Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып ,Ұлы Отан соғысына қатысты.Бауыржан Момышұлы басқарған полкты апаттан аман алып қалды.Талай қоян-қолтық айқаста, жекпе-жекте мерейі үстем болды. Үнемі майданның алғы шебінде соғысты. 28 жасында Кеңес Одағының Батыры атанды.
6-оқушы

Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарман, Кеңес Одағының Батыры, белгілі жазушы  Б.Момышұлы былай деп жазды: « Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай болса да ерітіп,күйдіріп жібере алады...біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-Отанға деген сүйіспеншілік».
7- оқушы

Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны-1 млн.200мың адам. 500 -дей қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды. Оның ішінде 98-і қазақ.
Б.Момышұлына 1998 ж.11.12. Кеңес Одағының атағы берілді.
        Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар басына түскен ауыртпалықты тарихи сын кезеңі болды. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдындағы беделі асқақтай түсті.

8-оқушы
Қасарысты жиырма сегіз,

Тынбай атты гранатты.

«Отан» деген отты лебіз-

Жандарынан жалын атты.

Кетпес олар естен мәңгі,

Кектері тұр кеудемізде,-

Ерлік даңқы- жеңіс таңы

Жарқыратып келді бізге.

9-оқушы

Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 Панфиловшының 23-і қаза тапты, 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді. 
Орыс, қазақ , қырғыздан,

Құрылған бұл шағын топ.

Жауға үрей туғызған,

Жайпап түсер жалын боп.

Даңқ қосып даңқыңа,

Сұрапылға төтеді.

Борыштарын халқына,

Ерлігімен өтеді.

10-оқушы

Мәскеу түбіндегі шайқаста генерал Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясының аты шықты.

Жиырма сегіз, жиырма сегіз- бір ғалам,

Анау жаудың танктері лаулаған.

Ресей кең, Отан кең; артымызда Москва.

Шегінуге хақымыз жоқ бір қадам шегінуге 

Мұғалімнің сөзі
Фашистердің Москва түбінде жеңілуі, яғни «Блицкриг» жоспарының күйреуі жеңістің бастамасы, Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.
Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. 1 минут еске алу. (әуен ойнайды.) 
көрсету 
Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыратын өз жеріміздің патриоттары болайық. 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
?аза?станды?тар М?скеу ?шін шай?астарда к?рсеткен ерліктері

Автор: Жусипбекова Лазат Исламовна

Дата: 24.02.2015

Номер свидетельства: 177954


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства