kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

“Ізгілікті педагогика негізінде сабақтарды құрудың теориясы мен практикасы”

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ізгілі педагогика негізінде сабақтарды құру теориясы мен практика

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«“Ізгілікті педагогика негізінде сабақтарды құрудың теориясы мен практикасы”»

Баяндама тақырыбы: “Ізгілікті педагогика негізінде сабақтарды құрудың теориясы мен практикасы”



Ізгілікті педагогика дегеніміз баланы табиғи ерекшеліктерімен қабылдау.


Тұлғаның икемділігін байқап, жүрегіне жол тауып дарынын дамытып, қолдап, оны өмір бойы адамзатқа қызмет етуге дайындау.


Ерекше даналықпен, мықты күш-жігермен, тең дәрежедегі мұғалім мен оқушы арасындағы мейірімділік, әділдік, сенім, құрмет, жауапкершілік, шығармашылық диалогі, ынтымақтастық әрекеті.


Ізгілікті педагогика әлемдегі әр дәуірде өмір сүрген дана, классик педагогтар еңбектерінен бастау алады.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқығанда шет ел ғалымдары Хэтти, Ашер, Крашен, Шармо, Пиаже, Маслоу, Выгодский және т.б. теорияларымен таныстық.

Ізгілікті педагогика негізінде әлемдік ғалымдардың теориялары практикада қолданылып келеді.

Былтырғы оқу жылы ғалым Шалва Амонашвили мен оның баласы психолог, ғалым, профессор Паато Амонашвилидің «Ізгілікті педагогика негізінде тұлғаны дамытып, жоғары нәтижеге жеткізу» деген тақырыпта курсқа қатысып, Паато Амонашвилидің дәрісін тыңдадым.

Курстан алған теориялық білімімді практикада қалай пайдаланып жүргенім туралы сіздермен бөлісбекпін.

Өз тәжірибемнен.

Тақырып

Мысалы

Тақырып - образды,тартымды

Ой өзегі - мағыналы

Тақырып: Білім бағы

Ой өзегі: Дана ойланбай ештеңе істемейді.

Әдіс-тәсілдер:

Қиялда суреттеу әдісі.

Мысалы

Оқушылардың бойына мейірімділік, қамқорлық, терең ойлайтын, сыпайылық,жомарттық, қарапайым- дылық және т.б. жақсы оқу үшін және жақсы қасиеттерді дарыту үшін не істеймін?

Тәкаппар оқушымен сөйлескенде қиялда суреттеген қарапайым оқушымен сөйлескендей жақсы көрсек, жүрегіне әсер етемін.

Оқушы менің суреттеген қиялымдағыдай болуға тырысады.

Құлаққа сыбырлау әдісі.

Дәстүрлі сабақта

Ізгілікті педагогика сабағында


Құлаққа сыбырлау әдісі.

Ауызша сұраққа жауап берерде біраз оқушы қол көтереді.

Мұғалім 1 оқушыдан ғана жауабын сұрайды.

Басқалар да көрсеткісі келген білімнің мағынасы жойылады. Оқушы ойланбай жауап береді. Білімдері дамымайды

Бір-бірімен жарысады.

Ізгілікті педагог терең ойланатын сұрақтар қояды.

Оқушылар қол көтермейді.

Ойланып жауап беруге дайындалады.

Сұрақтың жауабын әр оқушы мұғалімнің құлағына сыбырлап айтады.

Дұрыс жауап берген оқушылар тақтаға шығын жауаптарын айтып, дәлелдейді.



Бірлескен авторлық әдіс

Тәжірибемнен байқағаным

Оқулықтағы өлеңді жаттау керек. Өлеңнің мазмұны ұнамаса, тақырыпқа ұқсас өздеріне ұнайтын өлеңді жазып, әкеліңдер.

Осы бетке желімдеп қойыңдар деймін.


Өлеңнің неге ұнағанын айтып, эмоциямен оқыды.

Оқушылар оқулықты өз әңгіме, ертегі, мақал-мәтел, даналық сөздермен толықтырып, оқулықтың бірлескен авторы болды.

Оқушылар терең мазмұнды, қиын материалдарды таңдады және танымдық қызығушылықтары артты.


Бастарыңды түсіріп, көздеріңді жабыңдар әдісі

Тәжірибемнен байқағаным

Образды, әңгімені ақырын оқимын. Кейін тақырыпты талқылайды.

Осы әдісті көрнекілікті қажет етпейтін танымдық матераилды түсіндіргенде қолдануға болады.

Шығарма мазмұнын терең түсінді.


Зерттеушілік танымдық әдісі.

Мысалы

Бүгін оқулықтан тапсырма бермеймін.

Менімен бірге ойланып, ізденіп, зерттеушілік тапсырма орындаңдар деймін.

Баламалы энергияны алу жолдары? – деген сұраққа зерттеушілік тапсырма орындап келді.


Әсерленушілік әдісі.

Тәжірибемнен байқағаным

Шығарманы әсерлі кейіпкермен бірге қуанып,толқып, жылап, көңіл-күймен, жан-дүниемен сезініп оқимын.

Оқушылар да шығарманы әсерлі кейіпкермен бірге қуанып,толқып, жылап, көңіл-күймен, жан-дүниемен сезініп оқитын болды.


Кітапша құрастыру әдісі

Тәжірибемнен байқағаным

Қызықты әңгімелер, ертегілер, мағыналы өлеңдерді әкеліп, суретті кітапша құрастырып көріңдер деймін. Кітапшаға құрастырған авторды, суретшіні, басылым атын, қанша дана шығарылғанын, жылын жазады.


Газет шығару әдісі

Оқушылар бөлім біткенде бөлім бойынша жазған ең үздік эссе, хат, өлең, шығарма,әңгіме, реферат, мақалалары мен өздеріне ұнаған, ертегі, даналық материал, мақал-мәтелдермен суретті газет шығарады.Газетті шығарған редактор, материалдарды жазған авторларды, басылым атын, қанша дана шығарылғанын, жылынайые, күнін жазады.

Оқушылар суретін салу үшін әңгіме, ертегі, өлеңді түсініп оқыды.

Кітап оқуға қызығушылықтары артты.

Дизайнерлік шеберліктері артты.

Кітапшаны қалай құрастыру керек екенін үйренді.


Газет шығару оқушылардың жазбаша тілдерін дамытады.



Көркем сөйлеу әдісі.

Мысалы

Даналық материалдар оқимын, оқушылар талдайды.




Материалдағы жаңа сөздерді меңгерту үшін сол сөзбен мақал-мәтелдер, шағын үзінді айтқызамын, өлең жолдары.

«Үш елеуіш» даналық материалдан оқушылар (шындық, жақсылық, қажеттілік) қасиеттерін бойларына сіңіреді.

Оқушылар көркем сөйлеуге үйренді. «Көз» деген сөзге «Егер көз жақсыны көргенде ашылып, жаманды көргенде жабылатын болса, көбіне көзіміз жабылыып жүрер еді» - деді.


Сөздік құрастыру әдісі.

Тәжірибемнен байқағаным

Оқыған материалдарынан даналық сөздерді теріп жазады.


Даналық сөздермен сөздік құрастырды.

Сөздердің мағынасына түсініктеме берді.

Даналық сөздермен сөйлемдер құрастырады.

Даналық қасиеттерге үйренді.


Үй тапсырмасын беру әдісі.

Үй тапсырмасын беру үлгісі

Үй тапсырмасын қызықты, қажетті, мағыналы қылып, оқушының дамуына, білімін кеңейтуге, бекітуге беремін.













Шығармадағы мәселе туралы пікір жазу;

Тақырыпқа ұқсас әңгіме құрастыру; Өлеңді жаттап, оқушыларға талдату;

Жинақ құрастырып, сабақта қорғау;

Материалдар дайындауға мұғалімге көмектесу;

Шығармашылық тапсырма дайындау;

Сабақтағы бастаған тапсырманы аяқтау;

Ұнаған тапсырманы орындау;

Тақырып бойынша қажет тапсырма орындау;

Күш-жігер, шыдамдылық қасиеттерді шыңдайтын тапсырма орындау;

Тақырып бойынша маған өте қиын сұрақтар дайындап келіңдер деймін.

Барлық оқушыларға тапсырманы орындады-ау деген үмітпен қараймын.

Орындамаған оқушыға «Ештеңе етпейді, ертең жасап әкеліп қуантасың» деймін.

Үй тапсырмасын орындап келген оқушылардың тапсырмаларын тыңдап, рахмет деп, олармен бірге балаша қуанамын.

Сенің тапсырмаң маған өте қатты ұнады, қабілетің өте жоғары екен деймін, оқушы келесіде одан да мағыналы, қиын тапсырмаларды орындайды.


Ізгілікті педагогика сабағында

Тәжірибемнен байқағаным

Сабақ барысындағы Выготскийдің (оқушының білетін аймағы мен ЖАДА-сымен) жасаған әрекетім.

Әр сабақта оқушылар жаңа тақырыпты тыңдағаннан кейін мүмкіндігі жетпейтін қиын тапсырма беріп, орындалу бағытын көрсетіп отырдым.

Оқушылардың өте жақсы дамығанын және сабаққа қызығушылықтарының артқанын байқадым.



«Мұғалімнің оқушылардың білімдерін дамытып, жоғары нәтижеге жеткізгені, оқушының жүрегіне жол тапқаны».

Ш.А.Амонашвили





Баяндаманы дайындаған:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі Сыздыкова Айслу Габденовна


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
“Ізгілікті педагогика негізінде сабақтарды құрудың теориясы мен практикасы”

Автор: Сыздыкова Айслу Габденовна

Дата: 19.10.2019

Номер свидетельства: 523198


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства