Инновация жа?алы? жеткізуші, жа?аланып жат?ан ж?йеге ?згеріс беретін ??рал. Бас?аруда?ы жа?алы?тар мен ?исынды ??рылымдарды ?амтиды. ?з даму айналымда инновация белгілі кезендерден ?теді. Атап айт?анда: идеяны? туындауы, ма?сат белгілеу, жа?алы? идеясын ойластыру ж?не ?рекет бабына келтіру, жа?алы?ты іске асыру, тарату ж?не жайылу инновацияларды? іске асу кезе?дері жа?алы?ты ?абылдап, игеруші ?жымны? даму кезе?дерімен ты?ыз байланысты.
Педагогикалы? технологиялар к?мегімен к?нделікті о?ытуда?ы педагогикалы? о?у-т?рбие ?рдісін алдын ала жобалау жолына ауыстыру, оларды ізбе-із сыныпта ?олдану к?зделеді. М??алім ?шін жазылатын д?ст?рлі саба? жоспарларынан ?згеше ж?мыс ретінде педагогикалы? технологияда о?ушыларды? о?у-танымды? ?рекеттеріні? ??рылымы мен мазм?нын аны?тайтын о?у-т?рбие ?рдісіні? жобасы жасалады. Ол ма?сат н?тижелеріні? на?тылы?ымен, білім мазм?ныны? с?рыпталуымен, оны ме?геруді? ?діс-??ралдарыны? ж?не о?у т?рлеріні? бірт?тасты?ымен аны?талады. Ма?сат ?ою мен т?тасты?ты са?тау басты ?а?идалары ретінде танылады.
?азіргі о?ушы:
д?ниетанымыны? ?абілеті жо?ары
дарынды, ?нертап?ыш
ізденімпаз, талапты
?з алдына ма?сат ?оя білетін болуы тиіс
Осындай жеке т?л?аны дамыту ?шін о?ытуды? жа?а технологиялары болуы ?ажет.
Білім беру ба?ытында?ы ?олданылып ж?рген педагогикалы? жа?а технология негізіне мыналар жатады:
баланы ынталандыру, к?кірегіне сенім ?ялата білу
?рбір о?ушыны? жеке ж?не дара ерекшелігін ескеру
о?ушымен ?намды ?арым-?атынас жасау
о?ушыларды? ?абілеттері мен шы?армашылы?тарын арттыру
Просмотр содержимого документа
«Инновациялы? процесс мектепті? негізгі ба?ыты »
Инновация жаңалық жеткізуші, жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал. Басқарудағы жаңалықтар мен қисынды құрылымдарды қамтиды. Өз даму айналымда инновация белгілі кезендерден өтеді. Атап айтқанда: идеяның туындауы , мақсат белгілеу, жаңалық идеясын ойластыру және әрекет бабына келтіру, жаңалықты іске асыру, тарату және жайылу инновациялардың іске асу кезеңдері жаңалықты қабылдап, игеруші ұжымның даму кезеңдерімен тығыз байланысты.
Педагогикалық технологиялар көмегімен күнделікті оқытудағы педагогикалық оқу-тәрбие үрдісін алдын ала жобалау жолына ауыстыру, оларды ізбе-із сыныпта қолдану көзделеді. Мұғалім үшін жазылатын дәстүрлі сабақ жоспарларынан өзгеше жұмыс ретінде педагогикалық технологияда оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің жобасы жасалады. Ол мақсат нәтижелерінің нақтылығымен, білім мазмұнының сұрыпталуымен, оны меңгерудің әдіс-құралдарының және оқу түрлерінің біртұтастығымен анықталады. Мақсат қою мен тұтастықты сақтау басты қағидалары ретінде танылады.
Қазіргі оқушы:
дүниетанымының қабілеті жоғары
дарынды, өнертапқыш
ізденімпаз, талапты
өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс
Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиялары болуы қажет.
Білім беру бағытындағы қолданылып жүрген педагогикалық жаңа технология негізіне мыналар жатады:
баланы ынталандыру, көкірегіне сенім ұялата білу
әрбір оқушының жеке және дара ерекшелігін ескеру
оқушымен ұнамды қарым-қатынас жасау
оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру
баланың болашағына, қабілетіне сенім білдіру
Шағын комплектілі мектеп жағдайын ескеріп, ғалымдар оқу үрдісіне айырмаланған оқыту, бейімдеп оқыту, ойын технологиялары, белсенді ізденіс оқыту технологияларын шығарып, оқыту үрдісіне енгізуде шағын комплектілі мектеп жағдайында қалыптасқан әлеуметтік ортаның ерекшелігі, демографиялық, материалдық-техникалық, мәдени т.б. айғақтар ерекшелігі бейімдеп роқыту жүйесін құру мәселесін қойды.Бейімделу ішкі-сыртқы орта жағдайына икемделу үрдісі болып табылады. Жеке адамның жаңа әлеуметтік орта жағдайына белсенді бейімделуін, топ пен оған кіретін жеке адам мақсаты мен құндылық бағдарының жақындасуын білдіреді.
Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері пайдаланатын технологиялар негізіне ақыл-ойдың дамуын сатылы қалыптастыру, проблемалық оқыту, дамыта оқыту сияқты психололгиялық-дидактикалық теориялар т.б. жатады. Мектептегі кең тараған сабақ тұрпатына біріккен, яғни жасы аралас балалардың тізе біріктіріп қызметтесуі, топтасып және ұжымдасып жұмыс жасаулары балаларды ортақ танымдық қимылға біріктіреді, олардың ой-өрісін кеңейтеді, мұғалімге тақырып өтудегі сабақтастыққа және пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Диалог – оқу материалының мазмұнына негізделеді. Бірақ мұндай диалог сөздерін жоспарлау сабақ басталмастан бұрын өтеді де, ол оқушының тапсырманы игеру дәрежесіне немесе дайындығына бағытталуы керек.Себебі, жоспарланған диалог мәтіні мұғалімге белгілі болғанмен, оқушыларға белгісіз болады. Сондықтан оқыту мазмұны ол үшін маңызды, ол өзіне керекті сұрақты өзі қояды, іштей өзімен –өзі диалог құрады.
Проблемалық оқыту әдісі де маңызды. Сабақты түсіндіру проблема қоюға алмастырылады. Мұғалім басты проблеманы қояды, оны шешуде балалар алдына жеке проблемалар қою арқылы қарама-қарсы шешу жолдарын көрсетеді, көзқарас күресін тәжірибе көмегімен дәлелдемелер арқылы көрсетеді.
Шағын комплектілі мектепте, сондай-ақ ойын әдістері мен түрлері (рөлдік ойындар, іскерлік ойындар) қалыпты емес сабақтар (саяхат сабақ, аукцион сабақ, театр сабақ,) өткізіледі. Ойын кезінде бала қимыл субъектісі.Демек, ол ойын нәтижесін көздейді.Бастауыш сынып мұғалімдері сонымен қатар «Ертегі» әдістемелік амалын кеңінен қолданады.Яғни ертегіден үзінділер, кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынастарды пайдалану балалардың тілдік қорын молайтуға, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал тигізеді.
Қолданылып жүрген педагогикалық жаңа технологиялар:
А.С.Выготскийдің дамыта оқыту технологиясы. «Білім беру тек дамудың алдында болған пайдалы болады» дегенін ескере отырып, оларды дамыта оқытудың бағдарламалық, проблемалық, ақпараттық, т.б. түрлеріне негіздеп, күнделікті сабақты тиімді бөлімдеріне қарай бағдарлап оқыту қажет.
2. Л.В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі.Дамыта оқыту жүйесін қалыптастырған Занковтың идеясы – білім өзінен-өзі ешкімді дамытпайды, сырттан берілген білімді ішкі құлшыныс пен талпыныс арқылы оқушы санасын ұғындыру керек. Дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған.Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы. Дамыта оқытудың В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көзделген мақсаттарына жету тек баланың белсенділігіне байланысты.
3. Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудаң айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында.Мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілінде, т.б.
Дамыта оқыту – сабақтың қызықты да тиімді түрде өтуінің арқауы болып табылатын, алдағы уақытта оны бұданда терең білім жолдары күтіп тұрғанын сездіретін оқытудың пәрменді әдісі. Дамыта оқыту үдерісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады.
Дамыта оқыту – бұл дәстүрлік білім беруге қарама-қарсы әдіс. Дәстүрлі оқыту мұғалімнің жеке түсіндіру, қойылған сұрақтарға жауап беру, оқушыларға үлгі бойынша жаттығу жұмыстарын орындату, яғни дайын білім алуға негізделсе, дамыта оқыту оқушыларға сұрақ қою білуге және олардың көзқарастарымен санасатын, жалпы пікірлесе отырып қорытынды шығаруға ойлануын,танымын дамытуға бағытталған түрі.Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болады.Дәстүрлі сабақтың әдістерінің мәні төмендегідей 3 құрамдас бөліктермен оқытылады: үлгіні көрсету; түсіндіру; бақылау, бағалау.
Деңгейлеп саралап оқыту – мұғалімнің де, оқушының да белсенді шығармашылық қызметін дамытады.
Деңгейлеп саралауда:
сабаққа қызығушылығы артады
жеке қабілеті айқындалады
өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді
даму мониторингі айқын көрінеді
нақты өз деңгейінде бағаланады
Деңгейлеп оқыту технологиясы.
Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушыалгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқыту әдістерін жаңа мазмұнды қажет етеді.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі.Өз бетімен жұмысты орындауға, бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады.Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді. Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты- әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. «Сыни ойлау» анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі – ол шығармашылық немесе көкейкесті ойлау.
Сонымен сыни тұрғыдан ойлау келесі бөліктерден тұрады:
1. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады.Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз.Өз бастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек.
2. Ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, бастапқы пункті болып табылады. Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді тудырады.Кейбір оқушылар өздерінің үйренгендерін көп есіне сақтай алмайды.Сондықтан олагға ескіден жаңаға жол салу керек.Дегенімен де мұғалімнің жұмысы тек сыни тұрғыдан ойлауға шектеліп қалмайды: оқушылар ең қиын деген түсініктерді қабылдап, әр түрлі мәліметті естерінде сақтауға дағдыланады.
3. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді.Дегенмен нағыз таным үрдісі өзінің кез келген кезеңінде мәселелерді шешу мен өзінің жеке қызығушылығы мен қажеттіліктерінен пайда болатын сұрақтарға жауап беруге деген талпыныспен сипатталады.
4. Сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі.
С.Н.Лысенкованың оза оқыту технологиясы. С.Н.Лысенкованың бастауыш сынып оқушыларына білім беру ісінде ашқан үлкен жаңалығы – пән бағдарламасын меңгертудегі қиындықтарды болдырмау немесе азайту үшін кейбір тақырыптар дәл бағдарлама бойынша емес, анағұрлым ертерек беріле бастайды.(Әр тақырыптың бастауы әртүрлі беріле бастайды).
Бұл оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:
Оқу материалдарының бірізділігі, жүйелігі
Саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы
Бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану: сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңынан нашар оқитын оқушылар қатыстырылады.
Бірте-бірте толық дербестікке жету
Сыныпта қалыпта жағдай қалыптастыру: түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас
Оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау
Үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай (әркім өзі орындай алатын жағдай ғана) беріледі
Білім, білік дағдыны дамыта меңгерту
Түсіндіруді қабылдау
Ойын технологиясы. Ойын - өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі. Адам әрекетіндегі ойын құрылымының кезеңдері:
мақсат қою
жоспарлау
мақсатты жүзеге асыру
адамның өзін субъект деп табуын қорытындылау болып бөлінеді
Көптеген ойындар келесі түрлерімен ерекшеленеді:
еркі дамитын әрекет
шығармашылық әрекет
тікелей немесе жанама ережелер
Ойынның дидактикалық үрдісте атқаратын көптеген функциялары бар, олар:
Әлеуметтену
Ұлтаралық араласушылық функциясы
Ойында өзін ұстай алу функциясы
Ойынның комуникативті функциясы
Ойынның диагностикалық функциясы
Терапевтік функциясы
Жөндеу функциясы
Сауықтық – ойын функциясы
Бүгінгі таңда барлық пәндері бойынша оқу үрдісінде инновациялық білім беру технологиялардың мынадай түрлері кеңінен қолданылытыны анықталды: Л.В.Занков, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконинның дамыта оқыту, модульдік және блоктық-модульдік оқыту, П.М.Эрдиевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру,
В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарын тірек және сызба үлгілері арқылы табысты оқыту, В.В.Фирсовтың міндетті нәтижелер негізінде саралап оқыту технологиясы,
Ю.А. Марковтың жеке оқыту, интеграциялық ойын,тестілік, компьютерлік,проблемалық технологиялары және т.б.
Комбинаторлық инновация – белгілі әдістердің элементтерін бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналасатын ғалымдар қолдауда.
Инновациялық прогрестің кезеңдері:
инновацияның себептері
жаңалықты жобалау
жаңалықты жүзеге асыру
Инновациялық прогресті күшейтетін бес фактор:
оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық прогреске қатысушылардың бір-бірмен өзара әрекеті және қарым-қатынасы;
инновациялық прогрестің жоспары, бағдарламасы;
бағдарлама, жоспар бойынша мектепте ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болған оны жоятын шараларды да белгілеу;
әлеуметтік-экономикалық жағдай;
инновациялық прогреске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.
Инновациялық процесс – бұл күнделікті тәжірибеде өз алдына бөлек жаңалық ретінде таңылған нақты да ауқымды бірлігі. Бұл педагогикалық процесс қатысушыларының өзара қатынасында көрініс береді.
Инновациялық процесс нәтижесі – қолданысқа енген теориялық та, практикалық та жаңа идеялар.Педагог бұл орайда жаңалық авторы, дайындаушысы, зерттеушісі, пайдаланушысы және насихаттаушысы сипаттарын бірдей алады. Инновациялық білім беру технологияларын сұрыптап, таңдап алу және оның мәнін түсінбеу оқу процесін жетілдіруге кедергілер жасайды.