kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың жас шамасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайтын Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші деңгейі.
ВМТәрбиенің кілті халық педагогикасында деуге толық негізі бар. Өйткені халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған. Әңгімелер, ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»,- деп атап айтқан. 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру»

Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру

©go.mail.ru

Н.Ғ.Абилбашарова, 

№ 9 «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиешісі,

Атырау облысы



«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі 

аралықта әр адам өзінің рухани дамуына 

қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»

Ы.Алтынсарин



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың жас шамасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайтын Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші деңгейі.

Тәрбиенің кілті халық педагогикасында деуге толық негізі бар. Өйткені халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған. Әңгімелер, ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»,- деп атап айтқан. 

Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін білім салаларының өзара байланысы арқылы қалыптастыру ды мақсат еткен бұл ғылыми жұмысымның негізгі міндеттері: ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті тақырыптарына сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау; ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалану; ертегіні 5 білім беру саласы мазмұнына сай бөлімдерге бөлу, балалармен бірлесе отырып тақырыптар қою; білім салаларының байланысы негізінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде СТО стратегияларын тиімді қолдану; ертегілер арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтиже көрсеткіштерін шығару.

Алдымен «Ертегі дегеніміз не, оның құрылымы қандай?» - деп, ертегінің пайда болу тарихына талдау жасап көрейік.

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. 

Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен.

Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаһармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф – хикаяға, содан соң ертегіге айналады.

Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі – рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі" - деп анықтама береді [2].

Жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты. 12 жылдық мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында білім беру процесінен күтілетін нәтиже ретінде оқушының бойында қалыптасатын құзіреттер қатары анықталған. 

Құзыреттілік – балалардың іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білімнің нәтижесі, оны өмірде қолдана алу қасиеті. Құзыреттілік адамдардың қарым-қатынас жүйесін игеріп, өзара іс-әрекетке қосылу барысында қалыптасады. Сонымен қатар, құзыреттіліктер арқылы жеке тұлғаның өмір байлығы, ақыл тереңдігі, күйіну-сүйіну қалпы, қиялдауы, ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады.

Жалпы құзыреттіліктердің негізі мектепке дейінгі жаста қалыптасатын болғандықтан, тәрбиешілердің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі – тұлғаның танымдылық құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық, практикалық шарттарын негіздеу болып табылады.

Танымдық құзыреттілік – бұл жеке басына маңызы бар және әлеуметті қажетті танымдық мәселелерді шешудегі баланың өзі басқара алатын, сол мәселені шешу барысында бала белгілі бір білім, білік дағдыларға ие болу.

Танымдық құзыреттіліктерді қалыптастыруда ертегілердің алатын орны ерекше.

Тәрбиеші еңбегінің объектісі – бала, ол табиғаттың бір бөлігі, бір жүрегі. Баланың да өзіндік пікірі, көзқарасы, психологиялық ерекшеліктері бар, олар педагогикалық ықпалды өзінше қабылдайды. Сондықтан да, ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологиялардың атқаратын орны бөлек. 

Ғалым академик В.М.Монаховтың пікірінше «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі»[1]. 

Педагогикалық технология – педагогтің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – баланың оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. 

Мен «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы 1990 жылдан мектеп тәжірибелеріне ене бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» халықаралық жобасы технологиясын қолданып келемін. Тәжірибені жүйеге келтірген: Джинни Стилл, С.Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. 

«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясының мақсаты: мектеп жасындағы балаларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарымнан бір пікірдің біреуін таңдап, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. 

Бол жобаның ерекшелігі сабақ барысында қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінде, көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйрететін стратегиялар бойынша ұйымдастырылады. Негізінен, стратегиялар мектеп оқушыларының жас кезеңдеріне арналған, ал оларды мектепке дайындық тобы балаларының жас ерекшеліктеріне бейімдеп қолдану тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.

Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру бағытында СТО стратегияларын қолдана жүргізіп отырған жұмыстарға талдау жасасам:

1. Ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті тақырыптарына сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау.

Пәндік дамытушы ортаны ұйымдастыру талаптарында орта көп функционалды, вариативті, қарқынды, жасына сай дамуының ерекшелігін және мектепке дейінгі балалардың іс-әрекеттерінің ауысып отыратындығын есепке алып құрылуға тиіс. Сондықтан да, дамытушы ортаны ертегілер кейіпкерлері арқылы жасақтау балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлап, өздерін ертегі әлемінде жүргендей сезіндіреді.

Дамытушы ортаны ұйымдастыруда театр түрлері ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш, ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. 

2. Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалану. 

Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі – көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, ертегілермен балаларды таныстыру, олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі ертегі кейіпкерлерін табиғи күйінде қабылдайды. 

Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалануда «Егер де мен…» стратегиясын қолдандым. Бұл стратегия бойынша көрнекілік ретінде алынған ертегі кейіпкерлерінің орнына өздерін қойып «Егер де мен «Алтын балық болсам …» деп, ертегінің соңын өз еркінше аяқтау баланы қиял әлеміне самғатып ойлануына мүмкіндік береді, шығармашылыққа жетелейді.

3. Ертегіні 5 білім беру саласы мазмұнына сай бөлімдерге бөлу, балалармен бірлесе отырып тақырыптар қою.

Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала кейіпкердің жағымсыз әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу тәрбиешінің шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.

«Бауырсақ» ертегісі мазмұны бойынша бөлімдерге бөліп, тақырыптар қоюда «Ой шақыру» стратегиясында ертегі мазмұны суреттері бойынша сұрақ-жауап қолдану арқылы ертегінің баяу басталып, оқиға желісі күрделене түсетінін, яғни ертегіде оқиға желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болатынын түсініп ажырата алады.

4. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде ертегілерді қолдану арқылы пәндік байланысты іске асыру. Барлық білім салаларында ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Пәндердің өзара байланыс деңгейі балалардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі.

Мектепке дейінгі ұйымдарда пәнаралық байланыс мәселесі барынша терең зерттеуді ұсынған Н.Н.Светловская болып есептеледі. Ол өзінің мақалаларында «Интеграция – іс-әрекеттің кезектесуі, балалар меңгерген қарапайым білім немесе іс-әрекеттің бір пәннен екінші пәнге ауысуы. Балалардың білімдерін бекіту үшін оқыту процесін шапшаңдау» деп есептейді.

Балабақшада пәнаралық байланысты жүзеге асырудың бір жолы – білім салалары бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін бір тәрбиеші арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша білімнің жинақталуы яғни, әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу. Мысалы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі бойынша білім салаларымен байланыста «ЖИГ СО – ұжымдық оқыту» стратегиясын қолдануда әртүрлі пәндер бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы, түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін тудырып, оқу-танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелеуде маңызды болды. 

«ЖИГ СО – ұжымдық оқыту» стратегиясы. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл стратегияны қолдану төмендегіше ұйымдастырылды. Балалар 5 баладан тұратын 5 топқа бөлінді. Бұл «жанұя» топтар деп аталды. Содан кейін 1, 2, 3, 4, 5-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4, 5-өз алдына «жұмыс» тобы құралды. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі бойынша 5 топқа білім салалары бойынша төмендегідей тапсырмалар берілді. Жұмысты бастамас бұрын балаларға «жұмыс тобында» тапсырманы жақсы орындау қажеттілігі ескертіледі. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша «жанұя» мүшелерінің жұмысы арқылы білім салаларының өзара байланысы орнады. 

ЖИГ СО стратегиясында балалардың тапсырманы орындауға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. 

СТО стратегияларын қолдану балалардың білім салалары бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы, түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін тудырып, оқу-танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелейді: 

- қоршаған әлемге көзқарасы, дүниетанымы жеке-жеке бөліктерден емес, біртұтас жүйе негізінде қалыптасады;

- пәнаралық байланыс нығайып, уақытты үнемдеу арқылы практикалық білім алуға көп көңіл бөлінеді;

- балалардың шығармашылық қабілеті дамиды.

- өзінің жеке пікірі мен ойын білдіреді;

- кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттері дамиды.

Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейіп, дамып отырады. Пәнаралық байланыстың мәні мен маңыздылығына, оның ең қажетті педагогикалық іс-әрекеттің бірі екендігін айта келе мынадай қорытынды жасауға болады: пәнаралық байланыс балабақшада жан-жақты тәрбие беруді комплексті түрде жүзеге асыра отырып, педагогикалық іс-әрекеттің, еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Мектепке дейінгі ұйымда пәндер арасындағы өзара байланысты әрдайым ұйымдастырып, жүргізіп отыру – балаларға қарапайым ғылымдар негізін игерудің, сонымен бірге білім беруді дамытудың қажетті әрі келелі шарты. 

Ертегілер арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтижесі.

Денсаулық білім саласы бойынша: 

• Сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына ертегі кейіпкерлерінің жүрісін қолданады.

• Негізгі қимыл жаттығуларында берілген қимылға сәйкес аңдар тапсырмалары орындалады. 

• Эстафеталық ойындар сайысын өткізуде аңдар керуені ұйымдастырылады.

Қатынас білім саласы бойынша:

• Ертегілердің мазмұнына қарай: тұрмыс-салт, хайуанаттар, қиял-ғажайып ертегілері болып бөлінетінін ажыратады.

• Сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді және ертегі мазмұнын құрастырады.

• Кейіпкерлендіретін ертегінің мазмұны мен мәтінін толық меңгереді.

Таным білім саласы бойынша:

• Ертегінің кейіпкерлері денелерінің көлемін салыстырып, «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырады.

• Ертегі кейіпкерлерін түр-түстері бойынша сипаттайды.

• Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлерін құрастырады.

Шығармашылық білім саласы:

• Жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетеді.

• Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы театрландырылған көрініс дайындайды.

• Музыка іс-әрекетінде ертегі кейіпкерлерінің көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын ноталық дыбысталу арқылы қайталатады.

Әлеуметтік білім саласы:

• Ертегілер мазмұны арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиеленеді

• Ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра біліп, жақсы мен жаман іс-әрекеттерді ажыратады.

• Айналадағы қоғамдық өмір, өлі және тірі табиғат арасындағы байланысты ажыратады.

Қорыта айтатын болсақ, ертегілер – мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын, адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін қалыптастырушы құрал болып табылады. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі баланы халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.

Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні бар рухани қазына жатыр. Сондықтан да біз сол бай мұраны пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың бойына әдемілік пен әсемдік қасиеттерін дарыта білуіміз қажет. Мейірім мен махаббатты, сұлулық пен әсемдікті адам бойына ұялататын осы ертегілер екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.



Резюме: Баяндамада мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттілігін қалыптастыруда қазақ ауыз әдебиеті үлгілірін, соның ішінде ертегілерді пайдалана отырып оқыту, тәрбиелеу түрлері қарастырылған. Ертегілердегі түрлі жан-жануарлар мен әртүрлі кейіпкерлер арқылы балалардың жақсы мен жаманды ажырата білу қабілеттерін дамыту мен педогогтің балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері көрсетілген.

Резюме: В докладе показаны пути воспитания личности ребенка дошкольного возраста посредством знакомства с героями, персонажами сказок из устной казахской литературы. Показана работа педагогов по использованию методических приемов при воспитании у детей понятия: плохое и хорошее через поведение разнообразных животных и других персонажей.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



1. Ғабдуллин. М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы., 2011

2. Әбілова З. «Этнопедагогика».-Алматы, 1997

3. «Қазақтың ұлттық ойындары» Базарбек Төтенаев, Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.





Толығырақ: http://alashainasy.kz/ustazdar_ustahanasy/ertegler-arkyilyi-mektep-jasyina-deyng-balalardyin-negzg-kuzyirettlktern-62436/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Альменова Айнура Куанышкереевна

Дата: 10.02.2017

Номер свидетельства: 390180

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "ШЕТ ТІЛІ САБА?ЫНДА ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ"
    ["seo_title"] => string(51) "shiettilisabagyndazhobalautiekhnologiiasynpaidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "323679"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1462037390"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства