Google Forms-қашықтықтан оқытудың тиімді әдістерінің бірі
Google Forms-қашықтықтан оқытудың тиімді әдістерінің бірі
Казіргі кезде өзімнің пайдаланып жүрген қашықтықтан оқыту платформасы - Google формы платформасы. Бұл Google ішіндегі бір қосымшасы болып табылады. Бұл платформамен жұмыс жасау үшін Google account болу кажет.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Google Forms-қашықтықтан оқытудың тиімді әдістерінің бірі»
Тасқала аудандық білім бөлімі
Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектебі
Google Forms-қашықтықтан оқытудың тиімді әдістерінің бірі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Шакирова Айымкөз Қуатқызы
Тасқала – 2020ж
Қазіргі таңда әлемде болып жатқан індеттің таралуына байланысты қашықтықтан оқыту маңыздылығы арта түсті.
Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.
Қашықтықтан оқытуда біздің сабақтарымыздың сапалы өту, өтпеуін оқушылардың кері байланыс жасауы арқылы біле аламыз.
Енді біз кері байланысты қалай нақты, тиянақты ала аламыз?
Қашықтықтан оқытудың көптеген платформалары бар. Оның ішінде көп пайдаланылатыны mektep.edu.kz, whatsapp, google формы, google classroom, www.youtube.com . Оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де ең қолайлысы Watsapp арқылы әрбір оқушының тапсырмасын тексеріп қайта кері байланыс жасау жылдам, әрі ыңғайлы.
Казіргі кезде өзімнің пайдаланып жүрген қашықтықтан оқыту платформасы - Google формы платформасы. Бұл Google ішіндегі бір қосымшасы болып табылады. Бұл платформамен жұмыс жасау үшін Google account болу кажет. Google формы мүмкіндіктерін айта кететін болсам, бұл арқылы оқушылардан үйде отырып, қашықтықтан сауалнама алуға және де сіздің өткен сабағыңызды қалай түсінгендігін білу үшін, google формыда тест дайындап, оқушыларға whatsapp арқылы сілтемелерін жібереміз. Оқушылардың орындаған тест нәтижесі, муғалімнің Google формы аккаунтына автоматты түрде түсіп отырады. Қашықтықтан оқытудың бұл платформасы жұмыс жасау өте тиімді болып табылды.
Енді осы Google формамен практикалық жағынан танысайық.
Өзіміздің gmail.com поштамызға кіреміз. Таңдау торларын басамыз сол кезде бізге Гуглдың негізгі сервистері тізімі ашылады. Менің парақшамда орналасу бағыты мына суреттегідей, ал сізде аздап өзгелеу болуы мүмкін сіздің баптауларыңызға байланысты.
Диск сервисін таңдаймыз, егер сіз бұрын қолданбаған болсаңыз, орнатуға рұқсат сұрайды. Ол сіздің құжаттарды өзіңіздің құрылғыда да және бұлттық кеңістікте сақтау үшін қажет. Дискіге кіргеннен кейін сол жақ жоғары бұрыштан «создать» батырмасын басамыз. Шыққан контекстік мәзірден «форма» сервисін таңдаймыз және форманы әсерлеп баптауға көшеміз.
Біріншіден формамызқа ат береміз. Өзі бастапқыда «Новая форма» деп ашады. Форманың атын кейінде өзгертуге болады.
Сұрақтарды толтыру формасы ашылады. Сұрағымызды жазғаннан кейін, оған қандай формада жауап алғымыз келсе сол форманы таңдаймыз
Жоғарыда көріп отырғаныңыздай бірнеше түрде жауап қабылдауға болады. Негізгілері мыналар:
Мәтін
Азат жол
Тізімнен таңдау
Тізімнен бірнеше жауап таңдау
Ашылмалы тізім
Мөлшерлеу
Сонымен қатар сурет, бейнематериал және басқада түрлерін қолдануға болады. Егерде біздің сұрағымыз немесе сауалымыз міндетті түрде жауабы керек болса «обязательный вопрос» чек-боксын түртіп батырманы айқындаймыз.
Енді келесі сұрақты толтыру үшін + батырмасын шертеміз. Егерде сұрақтардың форматы бірдей болса көшірмесін жасап сол көшірмеге өзгерістер енгіземіз. Сұрақтарымызды толтырып болғаннан кейін нәтижені қарап алуға болады. Форманы өзіміз қарап өткеннен кейін енді ол сауалнаманы орындаушыға жібереміз «отправить» батырмасын басу арқылы. Электрондық поштаға жіберуге болады, егер жеке адамның сауалнамсы керек болса. Сілтеме арқылы жіберуге болады топтық жұмыстану үшін. Короткий URL хабарламасының тұсына белгі қоямыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы хабарлама жасап бөлісуге болады.
Бұл жасаған формаңыздың нәтижесін басқа әріптесіңіз өз жұмысына қолданатын болса гугл-дискіден керек форма таңдап тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы контекстік мәзірден «совместный доступ» бөлігін таңдаймыз. Сілтемені әріптесіңіздің поштасына жібересіз.
Сауалнама біткеннен кейін форманы ашсаңыз мынадай нәтиже көресіз:
Жауаптар бөлімін бассаңыз барлық жауаптардың қорытындысын көруге болады немесе әр саулнамаға жауап берушінің жауаптарын жеке қарап шығуға болады.
Жауаптардың нәтижесін сонымен қатар гугл таблицаға аудару арқылы ехсел бағдарламасына аударып алуымызға болады.
Міне біздер бүгін Google формалар сервисімен таныстық бұл тек қана бір түрі. Жалпы Google сервистеріне:
Осындай жан-жақты қамтылған үлкен бір жүйе екенін көріп отырмыз. Жалпы біз ғаламторды пайдалана отырып сол кеңістіктегі өзімізге қажетті де, пайдалы сервистерді кеңінен пайдалансақ өз уақытымызды үнемді пайдаланамыз деп ойлаймын.
Қорыта келе айтарым, мұғалім тек өз пәнін жетік біліп қана қоймай, ақпаратты сауатты болуы шарт. Бұл – қазіргі заман талабы.