Білім беру – ?о?амны? ал?а жылжуын ?амтамасыз ететін жа?а ?мір талабы. Елімізде білім беруді дамытуды? 2011 – 2020 жылдар?а арнал?ан мемлекеттік ба?дарламасыны? негізгі міндеті сапалы білім беру ?ол жетімділігін ?амтамасыз ету.
?ай кезде де білім беру ісіне ?ойылар талап зор. «Білім – біліктілікке жеткізер баспалда?, ал біліктілік – сол білімді іске асыратын ??рал» деп Ахмет Байт?рсынов айт?андай б?гінгі к?ні білім саласыны? алдында т?р?ан осы талаптарды? орындалуы білімді, жа?а технологиялармен ?арулан?ан жа?ашыл ?стазды? міндетінде.
Баянауыл ауданында 2015 – 2016 о?у жылында 32 мектеп бар, оны? 8-і бастауыш, 3-уі негізгі, 21-і орта мектеп ж?мыс жасауда. Аудан бойынша 775 м??алім бар. Соны? ішінде 122 м??алім жо?ары санатты, 335 м??алім бірінші санатты,273 м??алім екінші санатты, 45 м??алім санатсыз.
Баянауыл ауданды? о?у б?ліміні? ?дістеме кабинетінде 8 ?діскер мен ?дістемелік кабинет ме?герушісі ж?мыс істейді. Жо?ары санатты-2 ?діскер, бірінші санатты-7 ?діскер.
Ауданды? ?дістемелік кабинеті «О?у ?рдісін мазм?ны мен технологиялы? жа?ынан модернизациялау» атты та?ырыпты басшылы??а алды, ал?а ?ой?ан ма?саты- педагогикалы? ?жымдарды? к?сіби ??зырлы?ын к?теру, білім беру мекемелері басшыларыны? білім теориясын дамыту ж?не практикада ?штастыру. Осы ма?сатты орындауда т?мендегідей міндеттер ж?зеге асырылды:
Міндеттері: ?Р Конституциясын, ?Р «Білім туралы» За?ы мен «?Р Е?бек кодексі» за?дарын, ?аза?стан Республикасында?ы білім беруді дамытуды? 2011-2020 жылдар?а арнал?ан мемлекеттік ба?дарламасын басшылы??а алу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
«Әдістемелік кабинеттің шығармашылық топтармен жұмыс жүргізу жолдары»
Дайындаған: әдістемелік кабинет меңгерушісі:
Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева
Баянауыл, 2015 жыл
Құрметті ұстаздар!
Құрметті семинарға қатысушылар!
Білім беру – қоғамның алға жылжуын қамтамасыз ететін жаңа өмір талабы. Елімізде білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеті сапалы білім беру қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Қай кезде де білім беру ісіне қойылар талап зор. «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыратын құрал» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай бүгінгі күні білім саласының алдында тұрған осы талаптардың орындалуы білімді, жаңа технологиялармен қаруланған жаңашыл ұстаздың міндетінде.
Баянауыл ауданында 2015 – 2016 оқу жылында 32 мектеп бар, оның 8-і бастауыш, 3-уі негізгі, 21-і орта мектеп жұмыс жасауда. Аудан бойынша 775 мұғалім бар. Соның ішінде 122 мұғалім жоғары санатты, 335 мұғалім бірінші санатты,273 мұғалім екінші санатты, 45 мұғалім санатсыз.
Баянауыл аудандық оқу бөлімінің әдістеме кабинетінде 8 әдіскер мен әдістемелік кабинет меңгерушісі жұмыс істейді. Жоғары санатты-2 әдіскер, бірінші санатты-7 әдіскер.
Аудандық әдістемелік кабинеті «Оқу үрдісін мазмұны мен технологиялық жағынан модернизациялау» атты тақырыпты басшылыққа алды, алға қойған мақсаты- педагогикалық ұжымдардың кәсіби құзырлығын көтеру, білім беру мекемелері басшыларының білім теориясын дамыту және практикадаұштастыру.Осы мақсатты орындауда төмендегідей міндеттер жүзеге асырылды:
Міндеттері: ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы» Заңы мен «ҚР Еңбек кодексі» заңдарын, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алу.
Ауданда мектеп мұғалімдерімен әдістемелік жұмыстардың түрлері мен әдістерін жетілдіру. «Дарынды балалар» бағдарламасының орындалуы мен әдістемелік жұмыстарды баспа басылымдары арқылы жариялауды белсендендіру. Озық іс-тәжірибе жөніндегі Ережені толықтыру және бекіту;
Білім ұйымдарындағы эксперименталдық және инновациалық іс-әрекеттерді кеңейтуді қалыптастыру.
Кабинет жұмысының даму бағыттары
Әдістемелік кабинеттің іс-әрекетін білім ұйымдарындағы оқу әрекетін жетілдіру мен білім сапасын жақсартуда әдістемелік қолдау жасай отырып, практикалық бағдарлы сипатта, диагностика және мониторинг негізінде құру.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік Бағдарламасындағы негізгі бағыттың бірі - мұғалімнің мәртебесін жоғарылату және кәсіби құзырлығын көтеру.
Жас мамандармен жұмыс.
Ізденіс (инновациялық технологиялар, білім жетілдіру жұмыстары т.б.)
Шығармашылық топтар жұмысы (ғылыми қоғам, авторлық бағдарламалар т.б.)
Озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату.
Кадрлар және білім мекемелерін аттестациялау.
Оқу –әдістемелік құжаттарды дайындауда кеңес беру; шеберліктерінің өсуіне жағдай жасау.
Мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, олардың педагогикалық аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізуде. Мұғалімдерді әдістемелік қолдау әртүрлі формада жүзеге асады, ол педагогтардың кәсіби өсуіне жол ашады.
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады-деп орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Әдістемелік кабинет шығармашылық топтармен тығыз жұмыс жасауда. Жыл бойы педагогтерді даярлаудың ізденісі ретінде шығармашылық топ мүшелерінің күшімен «Білім беру технологиялары мен әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары», «Үлгерімі төмен және қиын балалармен жұмыс жүргізу әдістемесі», «ҰБТ-ның көрсеткіштерін жақсартудың 10 қадамы», және
ҰБТ-ға дайындық сапасының мониторингі мен әдістемелік көмек беру мәселесі бойынша тәжірибесі мол мұғалімдермен бірлесе отырып математика, физика, қазақ тілі, орыс тілі, биология, тарих пәндері бойынша «ҰБТ-ға сапалы дайындауды жетілдіру жолдары. Іздеу, мәселелер, шешімдер», «Математика пәнінде ҰБТ-ға оқушыларды дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері», «Физика пәнінде ҰБТ-ға оқушыларды дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдер» атты кеңестік сағаттар, семинарлар, пікір алмасулар өткізілді.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде аудан мұғалімдерінің педагогикалық, әдістемелік тренингтер, семинарлар, тәжірибелік сабақтар арқылы үнемі кәсіби біліктіліктері жетілдіріп отырады. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру, әдістемелік жұмыстарды жаңаша ұйымдастыру жолдары жүзеге асырылады. Түрлі мониторинг, шығармашылық есеп беру арқылы жаңа әдістерді қолданудың тиімділігі мен олқылықтары үнемі талданып отырады.
Үстіміздегі оқу жылындағы міндет- шығармашылық топтардың жұмысын жетілдіру, ұстаздардың кәсіби шеберлігін көтеру және білім беру үрдісін арттыру, электрондық оқулықтар қорын жасау.
Нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысындағы жаңашылдық іс-әрекетіміз, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін шыңдау, шығармашылық ізденістерін дамыту жұмыстарымыз өз жемісін беріп келеді. Оған біздің шәкірттеріміздің, ұстаздарымыздың аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға, іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүргені айғақ. Атап айтатын болсақ:
2014-2015 оқу жылында «Балапан» балабақшасы «Ең үздік балабақша» байқауында І орын, «Ең үздік шағын орталық» байқауында Шөптікөл ЖОББМ-нің «Балапан» шағын орталығы І орын;
Облыстық мұғалімдер олимпиадасында Қаражар ЖНББМ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі З. Жусупбаева І дәрежелі дипломмен марапатталды;
Облыстық мұғалімдер олимпиадасында Қ. Кемеңгеров ат. ЖОББМ-нің бастауыш сынып пәнінің мұғалімі М. Кабдуова ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды;
Облыстық мұғалімдер олимпиадасында Ш.Айманов ат. МИ-ның химия пәнінің мұғалімі С.Досмағамбетова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды;
2014 жылғы 21 қарашада «Ертіс Дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Инновациялық –педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңінде Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Т. Ахатов І дәрежелі дипломмен марапатталды;
2014 жылғы 11-12 желтоқсан аралығында Алматы қаласында VІІІ республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің «Өз ісінің шебері» атты номинация жеңімпазы Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ –ның қазақтілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т.Ахатов мадақтамамен марапатталды;
ХVІ облыстық Абай оқулары сайысында оқушыларының үздік жетістігі үшін С. Торайғыров атындағы ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Құспекова «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясымен марапатталды;
2015 жылы «Жарқын болашақ» VІІ республикалық «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде дайындаған шәкірті нәтиже көрсетіп, жүлделі орынға ие болғаны үшін Ш.Айманов ат. ЖОББМИ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Білім басқармасының мадақтамасымен марапатталды;
«Ең үздік облыстық сырттай оқу мектебі» номинациясымен №2 Майқайың ЖОББМ-не берілді;
Облыстық «Жыл мұғалімі-2015» конкурсына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л. Абишева Алғыс хатпен марапатталды.
2014-2015 жылы аудан бойынша ҰБТ көрсеткіші 79,6% пайызды құрады.
2015-2016 оқу жылында облыстық «Үздік педагог» конкурсында №1 Майқайың ЖОББМ-нің психологі Б.О. Бейсекеева І орын иегері;
2015-2016 оқу жылында №2 Баянауыл ЖОББМ-нің «Ресурстық орталығы» республикалық конкурста 2 орын иегерлері.
Сонымен ойымды түйіндей келе, дұрыс ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс және соған сай жасақталған әдістемелік кабинет мұғалімдердің шеберлігін, шығармашылығын шыңдап, оқу-тәрбие сапасын арттырудың бірден бір қажетті шарты болып табылады.