kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Діни м?дениетті? т?рбиедегі орны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дін - ?леуметтік институт ретінде адамзат ?о?амымен бірге жасасып келе жат?ан рухани ??былыс.

         Батыс м?дениетінде «Дін» ??ым т?сінігіні? м?ні екі ма?ынада т?сіндіріледі. Оны? бірінші ма?ынасы латын тіліндегі «religare» ??ымыны? т?сінігі. Б?л ??ым т?сінікпен  жер мен к?к /аспан/ арасында рухани байланыс бар екендігі т?сіндіріледі. Ал екінші, осы латын тіліндегі  «religo» ??ым – т?сінігі – ?асиетті, табыну заты, ??дай?а ??лшылы? ету ма?ынасында танылады.

Екінші ??ым – т?сінік біріншісіне ?ара?анда дінні? м?нін на?тылы бейнелейді.

Батыс?а ?ара?анда исламды? ?ркениетте «дін» терминіні? м?ні бас?ашалау т?сіндіріледі. М?ны? себебі «Дін» ??ымыны? ке? ау?ымды?ы сан ?ырлы м?н ма?ынасы ислам?а дейінгі араб елі т?р?ындарыны? ?рт?рлі т?сіндірілуіне байланысты.

М?сылманды? дінтанушыларды? т?сіндірулерінше, дін дегеніміз – ?лемді байланыстыратын к?ш Алланы? барлы?ына сенім. Б?кіл ?лемді ж?не адамды жаратушы ие – Жал?ыз Алла адам баласыны? ж?регін ?зіне ?штастыра жаратады, я?ни Жаратушыны? барына сеніп, оны? ажырамас б?лшегі екенінадам ?з ж?регі ар?ылы сезіну керек дейді.

Дінді ?леуметтану т?р?ысынан талдауды? н?тижесінде е? алдымен ?леуметтік феномен ретінде ал?а шы?ады.

Сонымен ?атар дін ?леуметтануыны? ?ылыми п?н ретінде ?алыптасуы к?бінесе еуропалы? ?о?амда?ы ?леуметтік, экономикалы? ж?не м?дени процестерге байланысты.

?о?амда?ы дінні? орны мен ?ызметі ?те к?рделі. Діни ?атынастарды? ерекшелігі ол ?о?амды? ?леуметтік-экономикалы? ж?не м?дени, рухани сфералардан к?рінеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Діни м?дениетті? т?рбиедегі орны»



Діни мәдениеттің тәрбиедегі орны





























Мазмұны


Кіріспе...........................................................................................................................3

І Бөлім: Діни мәдениет теорияларының қалыптасуы және әлеуметтік функциялары.......................................................................................................5

    1. Діни мәдениет және оның құрамдас салалары...............................................5

    2. Діннің қалыптасуымен әлеуметтік функциялары........................................11


ІІ Бөлім: Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен тәрбие дүниетанымына әсері.......................................................................................16

2.1. Қазақстан Республикасында секталардың таралуының тәрбиелік мәнге қарама – қайшылығы...........................................................................................16

2.2. Ұлттық тәрбие мен дүниетанымның қалыптасуындағы діннің рөлі.............22

2.3. "Діни мәдениеттің тәрбиедегі орны" тақырыбында өткізілген зерттеулер нәтижелерінің есебі...................................................................................................28

Қорытынды.................................................................................................................33

Пайдаланған әдебиеттер...........................................................................................35

Сілтемелер..................................................................................................................37












Кіріспе


Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама. Дін - әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс.

Батыс мәдениетінде «Дін» ұғым түсінігінің мәні екі мағынада түсіндіріледі. Оның бірінші мағынасы латын тіліндегі «religare» ұғымының түсінігі. Бұл ұғым түсінікпен жер мен көк /аспан/ арасында рухани байланыс бар екендігі түсіндіріледі. Ал екінші, осы латын тіліндегі «religo» ұғым – түсінігі – қасиетті, табыну заты, құдайға құлшылық ету мағынасында танылады.

Екінші ұғым – түсінік біріншісіне қарағанда діннің мәнін нақтылы бейнелейді.

Батысқа қарағанда исламдық өркениетте «дін» терминінің мәні басқашалау түсіндіріледі. Мұның себебі «Дін» ұғымының кең ауқымдығы сан қырлы мән мағынасы исламға дейінгі араб елі тұрғындарының әртүрлі түсіндірілуіне байланысты.

Мұсылмандық дінтанушылардың түсіндірулерінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенінадам өз жүрегі арқылы сезіну керек дейді.

Дінді әлеуметтану тұрғысынан талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады.

Сонымен қатар дін әлеуметтануының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестерге байланысты.

Қоғамдағы діннің орны мен қызметі өте күрделі. Діни қатынастардың ерекшелігі ол қоғамдық әлеуметтік-экономикалық және мәдени, рухани сфералардан көрінеді.

Жұмыстың тақырыбына байланысты классикалық ғалымдардың ой пікірлері. Сол заманның Гобб, Лок, Юм сияқты әлеуметтік теоретиктері діннен табиғаты бойынша қоғамға пайдалы, тұрақтылық Гоббс өзінің еңбектерінде дінде негізделген қоғам үшін жағдайын қауіпті күштерді сараптайды. Ағартудың біршама төмен бағыты діннің әлеуметтік пайдалылығын мойындап ешқандай қоғам дінсіз өмір сүре алмайды дегенді алға тартты. Бірақ әңгіменің бәрі мынады еді, жаңа заманда еуропа тарихындағы болған оқиғалардағы нақты көрініс берген діни дау-дамайлар мен әлеуметтік жан-жалдардың қайнар көзі болады. Діннің қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қауіп тудырмайтындай әрекетіне жағдай жасап, дінге қоғамнан лайықты орын беру қажет болды. Локк дін мен әлеуметтік өмірдің бұлай үйлесімділігінің бір мүмкіндігі деп, дінді «ресми емес» деп алып мемлекеттен бөлу керек деді.

Руссо да өзінің діңге байланысты «Қоғамдық келісім» деп аталатын еңбегінде болашақ дін социологиясы және қоғамды интеграциялаушы ретінде дін туралы жаңа тезис туындайды дейді.

Бұдан басқада ғалымдар дін жайлы өз пікірлерін айтып өткен.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазіргі кезде өзекті мәселе болып тұрған проблемаларын шешу жолындарын табу барысына негізделіп жүргізілген.

Зерттеу жұмысының міндеті. Қазақстан Республикасы соның ішінде Батыс Қазақстан жеріндегі «Діни мәдениеттің тәрбиедегі орнын» анықтау. Оларға талдау жасау.









І Бөлім: Діни мәдениет теорияларының қалыптасуы және әлеуметтік функциялары.

    1. Діни мәдениет және оның құрамдас салалары

Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін» (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.) дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық.
Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды (мысалға Э.Б. Тайлор, Леслие Уайт, Радклифф Броун, Рут Бенедикт, Франц Боаз, Бронислав Малиновский, Уиллиам Хавиланд қатарлы ғалымдардың еңбектерін айтуға болады – М.Б.). Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы рөлін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүниежүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени һәм экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін осы салаларға бағыт-бағдар беретін күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғам құрылымының анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады.
Заманауи әлеуметтану ғылымдарынан социология, психология, антропология, мәдениеттану, философия, филология, саясаттану, өнертану дінді зерттеумен шұғылданады. Бұлар дінге әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға пішін беретін құдірет ретінде қарайды. Халық арасында кең таралған хұрафи сенімдер мен ырым-секемдердің өзі қаншалықты әсерлі екені баршаға белгілі. Діннің мәдениетті қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқ. Әсіресе, бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін-өзі танып-білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және ХХІ-ғасырдағы халқымыздың өсіп-өркендеуінің басты құралы дініміз.
Маркс еңбектерінде идеология мәселесіне өзін жетектеген күштің дін болғанын жазған. Мұндай жағдайды Людвиг Фейербахтың (Ludwig Feuerbach, 1804-1872) еңбектерінен де табуға болады. Мысалы, Фейербахтың ой жүйесі сезім арқылы білінетін нәрселердің ғана бар екендігіне негізделуші еді. Сол себепті Құдайдың барлығын растайтын нақтылы дәлел болмайынша Оның барлығын дәлелдеуге болмайды деген философ. Фейербах дін әкелген дәлелдерді ғылыми айғақтарға жатқызбай, жай қараңғы сенім қатарына қосқан. Сөйтіп, ол Карл Маркс пен Фридрих Энгелске (Friedrich Engels, 1820-1895) қатты ықпал жасаған. Осы материалист-атеист Фейербах философиясының әсеріне шалдыққан адамдар бізде де жеткілікті. Маркстің дінді «халықтың апиынына» теңеуі және Гегельдің «құқық философиясына сын» атты мақаласы осы сарында жазылғаны белгілі. Маркстің пікірінше дін адамды белгілі қағидалардың құлына айналдырады, діннен ада болған адам осы алданыштан да азат болады. Мұнымен, Маркс дін мен идеологияның арақатынасын мойындайды. Дегенмен Маркстің йаһұди (еврей) және христиан қоғамда өскенін және оның пікірлеріндегі дін туралы ойлардың осы екі дін төңірегінде шоғырланғанын айта кеткеніміз жөн.
Әлеуметтану ғылымдары ішінде ең көп дау-дамай туғызғандардың бірі мәдениеттану. Мәдениет дегенде кейбіреулердің есіне тек Пабло Пикассо (Pablo Picasso, 1881-1973), Вольфганг Моцарт (Wolfgang Mozart, 1756-1791), Петр Чайковский (Petr Chaykovskiy, 1840-1893) түседі. Ал, шындығына келгенде мәдениет ұғымы өте кең ауқымды қамтиды. Әр қоғамның қоғамдық қасиеттерінің материалдық және рухани тамырлары бар. Мәдениет дегеніміз осы дүнияуи және рухани қатынастардың ғасырлар бойы етене араласуы нәтижесінде қалыптасатын нәрсе. Сондықтан, заман өзгеріп мәдениеттің кейбір тұстары өзгеріске ұшырағанымен, қоғам өзінің мәдениеті мен оның өзегін сақтап қалуға тырысады. 
Ислам дінінің көшпелі һәм руларға бөлінген араб қоғамында пайда болғаны белгілі. Дегенмен, ислам діні негізінен отырықшылықты, қалалық мәдениетті уағыздайды. Қазақ халқының тарихына қарайтын болсақ, ірілі-ұсақты рулар мен тайпалардың басын қосқан күш осы ислам діні болған. Ислам қауымдастығына қосылмаған түркі тайпалары болса мүлдем басқа мәдениет тобына қосылып, мүлдем басқа қоғамдарға айналған. Бұған мысал ретінде бұлғарларды, мажарларды, чуваштарды, сібір халықтарын т.т. айтуға болады. Америкада зорлықпен шоқындырылған қаралардың, Африкадағы отарланған халықтардың, Батыс Америкадағы қызылтерілілердің де тағдыры ұқсас. Демек, әр халықтың мәдени ортасын анықтайтын басты фактор – дін. Мұсылман халқымыздың басты қасиеттерінен меймандостық, ағайынмен тату болу, Ораза айт пен Құрбан айт кезінде кешірімдесу, араағайыншылық, қайырымдылық ислам дінінің мұсылман үмметіне уағыздаған қасиеттері. 
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда ислам діні:
1) Қоғамға бағыт-бағдар береді,
2) Қоғамды біріктіреді,
3) Идеологиялық және мәдени ұғымдарды күллі қоғамға телиді,  
4) Жеке тұлғаның және қоғамның мүдделерін қорғайды,
5) Этникалық негізден гөрі адами, рухани құндылықтарға мән береді.
Діннің мәдениеттің құрамдас бөлігі екені туралы тәжірибелік (эмпирикалық) дәлелдер:
1) Діннің жеке тұлға және қоғам өміріндегі нақты функциялары бар.
2) Дін әр адамға сол адам бағынышты болуға міндетті құдіреттің алдында жеке басының сенімділігі сезімін береді.
3) Дін адамға өзінің төңірегіндегі әлемді түсіну тұрғысынан өзіндік жүйе ұсынады.
4) Дін қоғам қатынастарының қалыптасуында басты міндет атқарады. 
Мәдениеттің күштілігі соншалық, мәдениеттер арасындағы қақтығыста жеңіске жеткен мәдениеттің өзі жеңіліске ұшыраған мәдениеттің белгілі элементтерін сіңіріп алуға мәжбүр болады. Нәтижеде аралас мәдениеттер пайда болады. Ислам діні мәдениеттердің арасындағы парықтарды қабылдаған дін. Нәсілдер мен тілдердің, тіпті діндердің әртүрлілігін ислам діні таниды. Құранда адамдардың тайпаларға, түстерге бөлінгендігі, әркімнің діні өзіне екені туралы айтылған және Құран мұны Жаратушының шешімі ретінде көрсеткен. Қоғамдар арасындағы парықтар адамдардың бірін-бірі танып-білуі және қарым-қатынас орнатуы жағынан жағымды рөл атқаруы да мүмкін. Бұл біздің қолымыздағы нәрсе. Сондықтан, ислам дініндегі жүйені толеранттылықтан да жоғары қойған жөн. Тарихқа қарағанымызда сан жағынан аз мұсылмандардың үлкен мемлекеттерді басқарғанын көреміз. Яғни, мұсылмандар басқа дін уәкілдерін де қорғаумен шұғылданған. Мұсылмандар негізінен бір мемлекеттің туының астында біріккен басқа тілдегі және діндегі халықтарға, олардың мәдениетіне хошкөрушілікпен қараған.
Адамзат тарихында дінсіз мәдениет болмаған. Алғашқы қоғамдық құрылымнан бері қарайғы уақытта пайда болған мәдениеттердің барлығы да діни сенім негізінде қалыптасқан. Ал, сенім жүйесі ең жоғары деңгейдегі имани, фәлсәфи негіздерді қамтитын ислам діні осы дінге қосылған халықтардың мәдениетіне орасан зор ықпал жасаған, түбегейлі өзіндік қалыпқа салған.
Дін адамдардың іс-әрекеттеріне бірінші дәрежеде ықпал жасайтын құдірет. Ислам діні мәдениеттің негізгі салаларымен шұғылданады да егжей-тегжейде адамға таңдау еркі береді. Мәселен, исламият адамдардың киінуі мәселесінде негізгі қағидаларды белгілейді, бірақ дәл қандай киім үлгісін киюге араласпайды. Ислам діні адамдардың халал тағамдарды жеуін сұрайды, бірақ тамақты дайындау және қабылдау салтына араласпайды. Мәселен, Қытайдағы мұсылмандар ағаш таяқшамен, Еуропадағы мұсылмандар қасықпен, араб елдеріндегі мұсылмандар қолымен тамақ іше алады. Негізгі мәселе, халал, яғни рұқсат етілген таза тағамдарды жеу.
Кейбір әдебиеттерде, мәселен Жоржи Зейданның (Джирджи Зейдан, Jurji Zeidan, 1861-1914) «Ислам мәдениеті тарихы» атты еңбегінде мәдениет былайша сипатталған: «Мәдениет дегеніміз бір қоғамды қоғам, жамиғатты жамиғат, ұлтты ұлт жасайтын, оны өзге ұлттардан ажырататын өмірлік көріністердің топтамасы. Осы өмірлік көріністер әр ұлттың өзіне тән болып келеді». Қысқаша қайырып айтқанда мәдениет «әр ұлттың өзіне тән ойлау және өмір сүру салтының жүйесі» болып табылады.
Мәдениеттің негізгі қасиеттері мыналар:
1.Ұлттық сипатқа ие
2.Табиғилық және тірілік
3.Жалғастылық және тарихилық
4.Ұлттың ортақ мұрасы болып табылады
5.Өзегі өзгермейді
6.Үйлесімді тұтастық болып табылады
7.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.
Міне, осы қасиеттердің барлығын зер сала зерттегенімізде ислам дінінің қазақ халқының мәдениетіндегі ең маңызды бөлік екенін көреміз. Ендеше, Қазақстан мемлекетінің сыйлығын алған жазушы Дулат Исабеков (1942- ) ағамыздың «дін мәдениеттің құрамдас бөлігі емес екен, дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін...» деген сөздерінің ғылыммен үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны анық болады. Ал, мәдениет пен өркениеттің парқы неде? Мәдениет ұлттық сипатта болғанымен, өркениет дегеніміз халықаралық, ғалами сипаттағы нәрсе. Бір мәдениетті екінші мәдениетке тұтастай аударудың мүмкін еместігін жоғарыда айтқанбыз. Өркениет болса жалпы адамзатқа тән байлық. Мәдениеттің негізгі факторлары мыналар:
1. Дін: Әр ұлттың өзіне тән иман және сенім жүйесі.
2. Тіл: Әр ұлттың өзіне тән сөйлеу және түсінісу құралы.
3. Өнер: Әр ұлттың өзіне тән сән, зауық және сезімдердің бейнеленуі және жасалуы. 
4. Тарих: Әр ұлттың өзіне тән өмір сүру салтының, мәдени байлығының замана ағымындағы көрінісі, іс-әрекеттердің даму барысы.
5. Әдет-ғұрыптар: Құқықтық-қалыптық құжат еместігіне қарамастан, қоғам тарапынан есепке алынатын, іске асырылатын салт-дәстүрлер.
Қорыта айтар болсақ, қазақ халқының мәдениетінің жоғарыда көрсетілген тармақтарының барлығында да ислам дінінің мызғымас әсерін, үлесін ешкім жоққа шығара алмайды. «Дініміз өзгерсе өзгерсін» деген сөздің қандай мақсатпен айтылғанын түсіну мүмкін емес. Қазір, халқымыздың дінін тұтастай өзгерту туралы әңгіме күн тәртібінде тұрған жоқ, яғни қазақ халқының күн тәртібінде жоқ. Ал, енді халқымыздың мәдениетімен, дінімен, тарихымен қақтығыста жүрген бір-екі адам айтты деп, ислам дінін тастап, басқа дінді қабылдайын деп жатқан біздің халық та жоқ. Халқымыздың, мәдениетіміздің толып жатқан көкейкесті проблемалары тұрғанда жазушы ағамыздың қажетсіз әңгімені көтеруі көңілге күмән келтіреді. Сол себепті, ислам дініне қарсы айтылған сөздерді қасақана айтылған демесек те, сәтсіз һәм орынсыз айтылған деуге толық хақымыз бар. Бүгінгі конференция өткізіліп жатқан осы Орталық Мұражайды аралағанда қазақ халқының мәдениетіндегі исламияттың өшпес орнын тайға таңба басқандай паш ететін жәдігерлерді көруге болады.

















    1. Діннің қалыптасуымен әлеуметтік функциялары


Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып, қалай түсіндірілгенімен, әлеуметтану қоғамның дінге әсер ету жәйтін мойындамай тұра алмайды, жоқ дегенде теологияға қарағанда ол діннің мазмұнының және оны ұйымдастыру нысандарының өзгерісін табиғи, эмпирикалық белгіленіп отыратын күштердің, бірінші кезекте әлеуметтік күштер әрекетінің нәтижесі ретінде түсінеді. Бүл дінді психология, философия немесе тарих қалай көріп, бейнелейтінінен ерекшеленеді.

Дін әлеуметтану тұрғысынаң талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады. Дінді ғылыми анықтаудың қарапайым және ең кең тараған әдісі. ол индуктивті әдіске негізделеді: мүмкіндігінше қарастырылып отырған құбылысқа, қатысы бар фактілердің бәрін жинап, оларды салыстыра отырып, зерттеліп отырған феноменді сипаттаушы ретіңде ұқсас жақтарын, қайталанып отыратындарын, ортақ қасиеттерін бөліп қарастырады. Сонымен бірге әлеуметтану олар соншалықты әр түрлі болғанымен, барлық діндерге тәк қандай да бір ортақ қасиеттерін анықтау мүмкін емес екендігін көреді. Айталық, мысалы, мұсылман және христиан діни дүниетанымдарына тән дүниенің бөгде және о дүние болып екіге бөлінуі буддизм немесе индуизм дінінде жоқ.

Қандай да бір дінде адамдардың ғажайыпқа негізделген коғамдас-тықтарға ұйымдасуы еш анықтамаға келмейтін жағдайлар көп кездесетін басқа да мысалдар бар. Әлеуметтанушылар мен басқалар арасында да діннің шіркеу, кұдай, діни сенім сияқты жекелеген элементтерін анықтау кезінде үлкен пікірлестік байқалса, бірақ сонымен қатар діннің өзін тікелей анықтауда үлкен келіспеушіліктер байқалады. Діндер түрлі қоғамдарда немесе әр түрлі тарихи кезеңдерде бірдей қызмет етіп отыр ма деген сұраққа әзірге сенімді жауап жоқ. Ал егер олай болса, онда оны қандай да бір ортақ анықтамаға әкеп тіреуге болатын феномен ретіндегі дін жайлы түсініктердің өзі сенімсіздік тудырады. Әлеуметтану беретін немесе беруі мүмкін діннің анықтамасын жеткілікті және мейлінше толық деп қарастырмау керек. Өйткені дін әлеуметтік аспектімен - қоғаммен өзара әрекеттесу процестерімен, сондай-ақ дінді зерттеудегі әлеуметтанушылық әдістер шеңберімен шектелген сұрақтар түйықталмайды.

Дін әлеуметтануының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестерге байланысты. Бұл сұрақтарды шешуге елеулі талпыныстардың бірін О.Конт (1798-1857) жасады. Ол әлеуметтік өмірді зерттеуге жаратылыстану ғылымдары қолданып жүрген индуктивті әдісті қолдануды ұсынды. Діннің рөлі және әлеуметтік тәртіптің негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа О.Конт "тарихтың үш сатысы жайлы заңында" жауап берді. Бірінші саты - діни немесе теологиялық жағдай", онда адам санасында дәлелсіз ойға негізделген оқиғалар, субъективтік негізсіздіктер үстемдік етеді. Екіншісі - философиялық, "метафизикалық жағдай", онда абстракция, дөрекі дерексіздік шынайылық ретінде қабылданады. Үшінші - позитивті, онда ғылымның көмегімен қолда бар жағдайларға дұрыс баға беруге қол жеткізіледі. Осы үш "сана жағдайының" әрбірі бүкіл әлеуметтік ұйымдасудың негізін құрайды. Дін және позитивті білім, ғылым арасындағы, жанжалдың міндетті түрде болатындығын мойындай отырып, сонымен бірге оның дами түсуі діннің құлдырауына және міндетті түрде оның өліміне алып келеді дей отырып, Конт әлеуметтік байланыстардың ыдырау қаупін болжады. Ақырында Конт әлеуметтік байланыстардың рухани тірегі ретінде "екінші теологиялық синтез" керек деген қорытындыға келіп, адамзаттың бірыңғай ортақ "ұлы тірі жан" культі,'барлық өмір сүргендердің, өмірден өткендердің және болашақ ұрпақтардың үлкен әлеуметтік организмі ретінде "позитивті дінді" жасады[5].

Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланыстың екі дербес шамалардың әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді. Дін - одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмірдің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен. Солай бола тұра, қоғам мен діннің мұндай байланысының сипаты мен дәрежесі оның дамуының әр түрлі кезеңінде біркелкі болмайды. Әлеуметтік жіктелудің күшеюімен қатар, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларының тәуелсіздігі арта түседі. Қоғам мамандану және жіктелу- жолымен жылжи отырып, онда әлі оның өмір саласын құрайтын бөліктері бір жерде топтасып, оларды айыру мүмкін болмайтын тұтастық жағдайынан көп бейнеліктің бірлігін білдіретін жалпыламалыққа бірте-бірте өзгереді.

Бұл діннің атқарып отырған қызметтерін, егер мәселе дамыған қоғам жайында болса, олардың қоғамда қызмет атқарушы басқа да әлеуметтік жүйелер мен институттармен етене араласуы тұрғысынан қарастыру керек, ал егер дамушы қоғамда болса, ортағасыр кезіндегідей діннің жаппай билеп-төстеуі сияқты емес, сәйкес немесе ұқсас жолдары бойынша қарастыру керек екендігін білдіреді.

Дін әлеуметтік-мәдени байланыстардың бір буыны, оның қызмет етуі олардың құрылымын және пайда болуын түсінуге мүмкіндік береді. Дін әлеуметтік қатынастардың пайда болуының және қалыптасуының факторы ретінде көрінеді, біріншіден, қандай да бір әлеуметтік қатынастардың белгілі бір нысандарын заңдастыру факторы ретінде, екіншіден, дін қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік беретін және оның өзгерісін ынталандырушы фактор ретінде қарастырылуы шарт. Бұл діни белсенділіктің негізінде діннің басты қызметтерінің қатарына жататын - мағыналық пайымдау қызметі жатады, ол Вебер, Дюркгейм және басқа қазіргі заманғы діни әлеуметтанушылардың түсінігінде діннің негізгі қызметі болып табылады. Дін - адам өмірін саналы қылатын нәрсе ол оны ең маңызды құрамдас бөлігі "мағынасымен" қамтамасыз етеді. Бұл діннің дүниенің (ғарыштың, универсумның) бейнесін беруінің арқасында болады, онда әділетсіздік, қайғы-қасірет көру, өлім "менің өмірімді" қайғылы сәтсіздікке алып келетіннің барлығы үмітті үзуші, ''менің тағдырымды бұзады, ол -тіпті басқаша болуы мүмкін еді, міне, осының бәрі "соңғы немесе, түпкі нақтылық" перспективасында басым мағына мен мәнге айналады, ол жерде дін дүниені өз бейнесіңде,ұсынады. Егер қайғыру және өлім мағынаға ие болса, егер адам оның мәні неде екенін білсе, онда қайғыруды жеңе отырып адамда өмір сүруге деген жігер пайда болады. Адамның не үшін өмір сүріп отырғанын білуі оны күшті қылады. Адам егер ешнәрсесі жоқ бостықты сезініп, өзімен не болып жатқанын мағынасын түсінуден қалған кезде ол әлсіз, дәрменсіз, абыржу жағдайында болып, өзін-өзі жоғалтқан қалыпқа түседі. Сол сияқты, егер адам, оның кездейсоқ жолы болып өзінің бақытты жеребе үшін еңбегі сіңгенін сезбесе, онда өмір мағынасыз болады. Осы жағдайда да өмір мағынасыз болады. Өйткені барлық іс соқыр кездейсоқтықтан басталады, ешнәрсе сенімді емес.

Дін қоғамның нормалары мен құндылықтарын насихаттай отырып, онымен бірге оның тұрақтылығына мүмкіндік жасайды. Дін сол әлеуметтік құрылымға пайдалы нормаларды орнықтыра отырып, тұрақтандырушы функция атқарады және адамның моральдық міндеттерді орындауы үшін алғышарттар жасайды. Адамдардың осы тыйым салынғандарды бұзу оқиғалары орын алғандықтан, көпшілік діндер қайта орнына келу және міндеттемелерді орындау үшін талпыныстарды қолдайтын амалдарға ие - тазалану және кінәсін жуу ырымдары, олар күнә сезімін бәсеңдетуі немесе оны арттыруы мүмкін[6].

Дінді бұлай түсіну Р.Беллдің жоғарыда келтірілген анықтама-сында көрініс береді. Ол анықтама бойынша, дін түтас әлемді қабылдау үшін символикалық жүйені және жеке адам, мен әлемкін ортақ тұтастығы ретінде байланысын қамтамасыз етеді, ол жерде өмір және әрекет белгілі бір соңғы мағынасына ие болады. Қазіргі заманғы көрнекті әлеуметтанушы П.Бергердің сезімен айтсақ, діни нышандар мен түсініктер белгілі бір мағына бере отырып, адамның өмір сүруінің тұрақтылығы мен мықтылығын қамтамасыз етеді. Дін адам өмірінің құндылықтары мен нормаларын түсіндіре отырып, әлеуметтік тәртіппен әлеуметтік әлемнің тұрақтылығына кепілдік беріп, қандай да бір "қасиетті шымылдықты" көзге елестетеді.

Қоғамның тұрақтылығы төрт деңгейдегі қызметтердің орын-далуымен бейімдеуді, мақсатгы бағыт ұстануды, қоғаммен бірігуді және мінез-құлықтың институцияланған мәдени үлгілерін орындау мен қолдауды қамтамасыз етумен орнығады. Бейімделу - ол қоғамның өмір сүру ортасына, ең әуелі табиғи ортаға үйренуі бұл міндетті қоғам ішіндегі экономикалық шағын жүйе шешеді. Мақсатты бағыт ұстану - ол жерде жеке адамның қоғам үшін қиратушы, өзінің жалпы мақсаттарымен бәсекелесуші жағдайларды жете түсінбеуін қамтамасыз ету; қоғамдық жүйе ішінде бұл қызметті орындауға отбасы да қатысқанымен, оның негізінен саяси шағын - жүйе орындайды. Ықпалдасу - ол бір-бірінен тәуелсіз белсенді тұлғалар арасындағы келісімді қамтамасыз ететін әрекет ету құрылымын жасау арқылы жанжалдар мен шашыраңқылық қаупін болдырмауды білдіреді. Функциялар институционалды түрде жіктелетін дамыған қоғам шеңберінде бұл қызметті әлеуметтік рөлдердің нормативтік анықтамаларын белгілей отырып, құқықтық шағын жүйе қамтамасыз етеді. Ең алдымен, ойдан шығармайтын нәрсе - дінді функционалдық

тұрғыдан, түсіну — жеткіліксіз түрде негізделген алғышарт негізінде құрылады функционализм мықты қоғамдық ынтымықтастық пен тұрақтылық тек-рухани-мәдени факторлар, идеялар, құндылықтар, мағыналар, нышандар жүйелерінің көмегімен қамтамасыз етілуі, мүмкін дегенге сүйенеді. Дін бұл тұжырымдамада жан-жақты фактор ретінде қызмет етеді. Өйткені қоғам алдын ала діни шектеулерсіз басқаша қызмет ете алмайтын қандай да бір мәдени-рухани тұтастық ретінде түсіндіріледі. Функционализм әділетсіз, біржақты болып қалады. Ол,- мысалы, адамға табиғатынан тән және тарихи дамыған қажеттіліктер, белгілі бір мүдделерді қанағаттандыру және оны келістіру негізінде, яғни сол әлеуметтік-мәдени жүйенің механизмі арқылы қоғамның нығайып, бірігуі мен тұрақтылығы мүмкіндігін елемейді.

Тағы бір проблема дін қоғамдық ықпалдасудың факторы ретінде ғана болмай, сонымен қатар кері ықпалдасу, яғни кері ықпалдау қызметін атқаруымен байланысты болып отыр. Жалпы нысанында дін тіпті кері қызметті болуы мүмкін екенін айтуға болады, мысалы, экономика саласында еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін, техникаларын енгізуге кедергі бола отыра, қоғамның экономикалық тоқырауын күшейтуі мүмкін. Яғни, діннің қандай түрі болмасын атқаратьш қызметтері қоғам үшін жағымды да, жағымсыз да мәнге ие болуы мүмкін.

ІІ Бөлім: Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен тәрбие дүниетанымына әсері

2.1. Қазақстан Республикасында секталардың таралуының тәрбиелік мәнге қарама - қайшылығы

Дін әуел баста адамдардың тек рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қызмет етті десек, ендігі жерде оның өзге алуан түрлі жақтарынан көрсетіп бағуда. Қазіргі кезде ұрпақтың дені діни сенімді экстремизм, фанатизм, фундаментализм құбылыстарымен тығыз байланысты деп те ұғынуда. Оған басты себеп – өткен ғасырдың 90-жылдарындағы кеңестік мұсылман елдері халықтарының діни жандануымен тұспалас келген өзге мұсылман елдері халықтарының сан түрлі қимыл-қозғалыстары мен қарулы қақтығыстарының барлығының осы «-изм»-дермен сипатталуы еді. Ал сол оқиғаларға байланысты жарияланған мақалалар мен саясаткерлердің пікір-сұхбаттарында ол сөздердің мән-мағыналары ашылып талданып жатпады. Бұған, алдымен, ақпарат құралдары мен құқық қорғау органдары өкілдері, жекелеген саясаткерлердің бір жақты берген бағалары көп әсерін тигізді. «Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарында, тіптен кейбір саясаткерлердің жұртшылық алдындағы мәлімдеулерінде жаңа мағына жамылған – «исламдық қауіп - қатер» деп аталатын жаңа сөз жиі-жиі және үздіге қаталануда»

«Фундаментализм», «фанатизм», «экстремизм» ұғымдарының ғылыми тұжырымдалған анықтамаларын қарапайым адамдар біле бермейтіндігі анық. Олардың түсінігінде, ол сөздер «қатыгездік», «бұзақы», тіпті «зұлым» және тағы басқа мағынада қабылдануы мүмкін.

Сондай-ақ ұйым мүшелері бір рет айдың қорытындысы бойынша жазбаша түрде есеп тапсырады екен. Ол есепті 10 пунктен тұратын қағида бойынша қабылдаған:

1. «зиярат» – белгілі бір адамғаарнайы жағдайын сұрау мақсатымен үйіне бару;

2. «дағуат» – адамдарға ислам турасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;

3. «сұхбат» – адамдарға ислам турасында ілім беру;

4. «таборуот» – жағдайға байланысты ақша беру, бұл ақшалар ұйым мүддесіне жұмсалады.

5. «илтизамот» – кедей мұсылмандарға көмек көрсету үшін ақша жинау;

6. «проблема» – ұйым мүшелерінің жеке проблемалары қозғалып, оларды шешу жолдары талқыланады;

7. «кітап оқима» – ұйымның әр мүшесі өзінің «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік париясы ұйымына қатысты оқыған кітаптары жайлы бөліседі;

8. «халка» – әр топ басқарушыларынан «хизбиден» өз тобына неше адам тартқандығы және оларға сабақ қалай жүргізіліп жатқандығы сұралады.

9. «саяси сахна» – дүниедегі саяси өзгерістер талқыланады;:

10. «махр» – отбасылы ұйым мүшелерінен олардың отбасындағы проблемалар жөнінде айтылады.

Оларды жою мақсатында «Діни бірлестіктер мен сенім наным бостандығы мәселелері жөніндегі заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленген.

Сонымен қатар «Иеһова» партиясы олар дүниежүзінің 200 тілінде 27 миллион данамен 30 беттік журнал шығарып, 230 елде үгіт жүргізген. Нью-Йоректегі «Күзет Мұнарасы» қоғамның «Бруклин» баспаханасында 3 мың адам жұмыс істейді. Баспаханаларда айына бір тілде үлкенді-кішілі 60 мың кітап және әлемнің 120 тілінде 30 миллиондай кітап шығарған. Осылардың бәрін тарату үшін 2 миллион адам жұмыс істейтін «Эймак» тарату желісі тағы бар.

Бұл күндері жарты миллиондай қазақстандықтар түрлі секталарға кіріп кеткен. Және олар күнен-күнге көбеюде. Солардың бірі «Иеһова» ұйымы саналады.

Бұл – Иеһова куәгерлері Қазақстандағы қазақ қауымының конгресі. «Аудандық конгресс» деп аталғанмен бүкіл Қазақстанды қамтыды. Олар дүниежүзі тарап жатқандықтан, Қазақстнадағы иеһоваларды өз ішінде бір ауданның куәгерлері деп атайды екен. Әр ауданға шифр берілген. Қазақстнадағы шифрлер 1:1:1. бірақ бұл шифрдің нені білдіретінін ашып айтпайды. Иеһова куәгерлерінің бастауыш ұйымдары – топ. Әр топта 20-25 адам бар. 6-7 топ бірігіп қауым құрады. Әр қауымда 120-150 адам бар. Қауымды ақсақалдар немесе бақылаушылар басқарады. Иеһова куәгерлерінің атаулары орысша – Иегова, ағылшынша – Жаһова, қазақша – Иеһова делінеді.

Қазақстанда Иеһова куәгерлернің қазіргі басшысы – Гиглер Вернер деген Германиядан келген 55-60 жас шамасындағы неміс азаматы. әр айда қандай тақырыпта діни баяндама жасалады, оны айдың қай күні жасау керек, қандай іс-әрекет жүргізу керек, бәрін Нью-Йорктегі орталық нұсқап отырады. Сондай-ақ 27 миллион данамен 200 тілде шығып, 230 елде таралып «Күзет мұнарасы» деген 30 беттік журналдары бар. Осы журналда әр айдың әр жетісінде қандай тақырыпта діни баяндама жасап, қандай ән айту керектігі туралы мәліметтер жариялайды.

Діни экстремизмге байланысты Атырау қаласы прокуратурасы обылыс аумағынан «Иеһова куәгерлері», «Таблиғи жамағат», «Вахабизм» атты дәстүрсіз діннің өкілдерін ұстаған.

Атап айтқанда 2007 жылдың мамыр айының 6-ші жұлдызында Авангард мөлтек ауданында орналасқан пәтерден «Иегова куәгерлері» дәстүрсіз діни ағымының әділет органдарына тіркелмей заңсыз қызметтерін атқарып, өз қатарларына Атырау халқын қосып алғандығы анықталған. Соған байланысты әкімшілік тарапынан және жоғарғы сот органдарынан жаза қолданып барлыған толық құрықтаған.

2007 жылдың мамыр айының 11-ші жұлдызында «атырау қаласындағы Иегова куәгерлері» атты тіркелмегендіни бірлестіктің басшысына қатысты тіркелмеген діни бірлестікке басшылық жасаған үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 374-1 бабының 1 тармағымен әкімшілік өндіріс қозғалып, сәуір айының 4-ші жұлдызындағы соттың қаулысымен 109 200 теңге айыппұл салынған.

Осы діни экстремизмге байланысты Астанада алғаш «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидері» өтті.

2003 жылғы 23-24 қырқүйекте Астанада өтіп, дінаралық үн қатысудың маңызды бастамасына әлемнің танымал діни лидерлерін тарқан бірінші съездің бастамасы мыналарды қамтыды:

- әлемдік өркениеттердің өзекті негіздерін білдіретін әлемдік мәдениеттердің, діндердің және этностық топтардың өзара ықпалдастығына үлес қосуға тілек білдіріп, мәдени және діни айырмашылықтар негізіндегі жанжалдарға жол бермеуге ұмтыла отырып;

- дін адам өмірі мен қоғамының аса маңызды қыры ретінде жаңа мыңжылдық басында жасампаздық пен бейбітшілікті сақтауда сапалық жаңа рөлге ие боғанын негізге ала отырып;

- діни лидердің қазіргі және болашық ұрпақтардың рухани тәрбиесі мен тәлімі үшін қор жаупкершілігін, олардың өзара құрмет рухын орнықтырудағы, осы заманға жаңа жинақтардың алдында басқалардытүсіну мен қабылдаудағы маңызды рөлін түсіне отырып;

- әрбір дін мен мәдениеттің бірегей сипатын қуаттап, мәдени және діни әрқилылықты адамдар қоғамының маңызды белгісі ретінде қарастыра отырып;

- бейкүнә құрбандықтарға соқтыратын күш қолдануды ақтау үшін пайдаланылатын діни және ұлттық айырмашылықтарды саудағы салушылық туындатқан әлемдегі дінаралық және ұларалық шиеленістің өсуіне алаңдашылық білдіре отырып;

- дінді шынайы түсінушіліктің және күш қолдануды жоққа шығарып басқа халықтарды және басқа діндерді ұстанушыларды құрметтеуге және бейбіт қатар өмірсүруге шақыратын барлық діндерді танымдық экспертизиммен және фанатизммен ешқандай қатысы жоқ екенін атап көрсете отырып;

- дінаралық және мәдениетаралық қатынастардағы қиындықтарды халықаралық саясаттағы, экономикадағы, әлеуметтік, гуманитарлық және ақпараттық ортадағы тепе-теңдіктің елеулі бұзылуы, сондай-ақ дінді саяси мақсаттарда пайдалану туындатады деп санай отырып;

- жоғарыды аталған проблемалар бойынша Съездің «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» атты негізгі тақырыбы аясында:

І. «Діни наным еркіндігі және басқа діндерді ұстанушыларды құрметтеу»;

ІІ. «Діни лидерлердің халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі».

Осы тақырыптарда пікір алмасты.

- бүкіл діндерді адамзаттың аман-саулығын, қадір-қасиеті мен бірлігін уағыздай отырып лаңгесшілдіктің барлық себептерін жою жолында бірлесе еңбектенуге шақырамыз.

- бір дінді ұстанушыларды екіншісіне айналдыруға бағытталған қандай да бір қысым көрсету мен күшейту әрекеттерін өзіміздің қабылдамайтынымыз туралы мәлімдейміз.

- өзара түсіністікке, ынтымақтастық пен әлеуметтік үйлесімге қол жеткізу ісіндегі білім берудің жастар саясаты мен ортақ мәдениетке тәрбиелеудің өзекті рөлін қуаттаймыз.

Біз сондай-ақ халықаралық қоғамдастыққа халықаралық және өңірлік ұйымдарға, бүкіл әлемдегі мемлекеттер мен үкіметтерге мынадай мәселелермен қайрыламыз:

- өркениеттер үнқатысуының үдерісіне белсенді қолдау білдіріп, тұрақты түрде бейбітшілік мәдениетін нығайтуға, оның қағидаларын халықаралық саясаттың және барлық адамдар өмірінің берік негізі ретінде орнықтыруға бағытталған күш-жігер қолдану.

- әділ дүниенің орнауы, халықаралық құқық пен заңдылықтың нығаюына, БҰҰ кадырлары мен халықаралық шарттардың орындалуына, сондай-ақ бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнауы үшін тиімді шараларды әзірлеуге жәрдемдесу;

-жаппай қырып-жою қаруын әзірлеуден өндіру мен ие болудан толық бас тартып жаппай қырып-жою қаруының таралмау режимін нығайтуға жәрдемдесу.

- діни киелі нәрселер мен нышандарды құрметтеу және қорғау, сондай-ақ бұл үшін тиісті шаралар қолдану.

Осымен қоса қазіргі Батыс Қазақстандағы діни ахуал өте күрделі болып отыр. Батыс Қазақстан облысында қазіргі кезде 17 конфессияға енетін 732 діни бірлестік тіркеуден өтіп, әрекет етеді. Оның 639 исламдық (87 %), 93 исламдық емес (13 %) бағыттағы діни бірлестіктер болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес, облыс көлеміндегі заңды тұлға белгісі жоқ, саны аз шағын діни топтар, намазханалар ОҚО ішкі саясат департаментінде тіркелуде. Бүгінге тіркелгендер саны 74. Олардың 69 исламдық, 5 исламдық емес бағыттағы саны аз діни топтар болып есептеледі.






















2.2. Ұлттық тәрбие мен дүниетанымның қалыптасуындағы діннің рөлі


Дүниетаным бұл адамды және қоғамды алаңдататын қоршаған дүние туралы ойлардың жиынтығы десе болады. Әлемде адамның алатын орны қандай? Біз өмір сүріп отырған қоғам қандай? Біз қоғамнан не көреміз? Біздің қоғам болашаққа не қалдырады? деген сұрақтар кімді болса да толғандырмай қоймас.

Қазақстан егемендік алғаннан кейінгі кезең де біздің қоғамдық санада төңкеріс басталды. Бұл, әрине, біздің жаңа құндылықтарға деген көзқарастарымыздың қалыптасуына жол ашты. Қазақ жері, қазақ тілі, қазақ мәдениеті, ұлтты саясат, ұлттық тәрбие, діни тәрбие өзекті мәселелерге айналды. Соңғы кезенде Республикада жарық көрген газет-журналдарға шолу жасасақ, еліміздегі діни ахуалдың ұлттық мәселеге тікелей қатысты екендігін көреміз: "біз бір ащы шындықты мойындауымыз қажет. Ол тәуелсіздікті алған жылдары елімізде дін мәселесін жете меңгерген мамандардың болмағандығы және мемлекет билігінің жоғары сатыда жүрген азаматтарының осы мәселені жете бағаламағандығы. Кейбір деректерде 100 мың, ал кейбір газет хабарламаларында 500 мыңға жуық қазақтар басқа діндерді қабылдаған делінеді" [8].

Қазақстанда ресми түрде тіркелген діндер өте көп. Ал осы саны көп діни ошақтардың сапасы қандай екені, олар қандай идеяларды уағыздайтыны және олардың идеяларын қабылдаушылар кімдер екені көбінесе назардан тыс қалуда.

Діни жағдай феноменінің негізгі ерекшелігі оның үздіксіз жаңаруы, тосын құбылыстардан көрініп отыруы. Діннің пайда болуы мен таралуының өзі әр қоғамда әр түрлі болады. Демек, бұл мәселені зерттеу де толассыз ізденісте болуы керек;

Бұрын Кеңес өкіметі тұсындағы қалыптасқан жүйелілік пен тәртіптің желісі үзілгеннен соң, әркімі өзімен-өзі болып, бейберекеттік пайдаболды. Жастарды қойып, егде тартқан адамдардың көбінде экономикадағы және мәдениеттегі тоқырауға қарсы тұруга дәрменсіздіктен көңіл күйлерінде қорқыныш пайда болды. Бұл психологиялық жағдайдағы үрей, өкініш, қасірет, торығу сияқты эмоциялық қолайсыз сәттердің басым болуы өмірдегі келеңсіз жағдайлардан туындайды. Адам әлеуметтік дәрменсіздіктің салдары ретінде қабылданатын осындай кері эмоциялардан арылудың жолдарын іздейді және нәтижесінде дінге келеді. Сондықтан дінді зерттегенде адамдардың психологиясына; тұрмыс жағдайына, рухани дүниетанымы мен менталитетіне ерекше көңіл бөлінуі керек.

Қоғамдағы діннің орны мен қызметі аса күрделі мәселелердің бірі. Оның бірыңғай шешімі болуы мүмкін емес. Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда Қазақстан Республикасына көптеген діни ұйымдардың пайда болуына орай дін мәселесіне байланысты саясаттың бағыттары айқындала бастады. Оның Конституциялық және басқа да қоғамдық сфераларға қатысты зандық принциптері мен нормалары бекітілді.

Діни қатынастардың ерекшелігі ол қоғамдық әлеуметтік-экономикалық және мәдени, рухани сфералардан көрініс беріп отырады. Сондықтан тек бір ғана діни қатынастар мәселесімен айналысу мүмкін емес. Діни қатынастар табиғатының құпиялығы мен көп жақтылығы оның өте күрделі құбылыс екендігін дәлелдейді. Осыған орай дін мәселесіне байланысы мемлекетік

саясаттың рөлі ерекше арта түсуде. Қазакстанда бүгінде дінді тұтыну жағынан көп сипатты қоғам өмір сүреді. Дін өкілдері дәстүрлі бірлестіктерге де, дәстүрлі емес бірлестіктерге де ұйымдасқан. Дін ұстану және оны уағыздау бостандығының жүзеге асырылуы қоғамдық тәртіпті және басқа азаматтардың өмір сүру, денсаулық сақтау, имандылығын, бостандықтарын қорғау мақсатында ғана заңмен шектелуі мүмкін.

Қазақстанды мекендейтін түрлі ұлт өкілдері қоғамдық өмірдің барлық сфераларында заң жүзінде және күнделікті өмірде тең саяси, мәдени, әлеуметтік құқықтарға ие болып отыр. Мұны нығайту қажет. "Осымен бірге республикада мұсылман дінімен қатар басқа да діндердің еркін дамуына қамқорлықтар көрсету пайдалы. Жеке адамның рухани тазаруында, ізгілікті мұраттарды пір тұтатын жас ұрпақты тәрбиелеуде діннің үлкен роль атқаратынын өркениетті,елдер тәжірибесі дәлелдеп отыр. Өз мәнінде уағыздалған діни нанымдар бір халықты екінші халыққа қарсы қоюды мақсат етпейді. Керісінше, дін барлық адамзатты бейбітшілікке, сенімге,тәубаға, келісімге шақырады. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық саясатында діннің зор рухани потенциалы қажетті орын ала бастады. Бұл құбылысқа жан-жақты қолдау көрсету республикадағы дін иелерінің ғана міндеті емес [9]

Діни қатынастарды ұлттық маңызы бар мәселе деп зерттеп, шешімін іздестіру керек. Ата-ана тәрбиесінен бастап, мектептерде, жоғарғы оқу орындарында дінтану мәселесі алға қойылғаны жөн. Себебі, тәуелсіздігін жуырда ғана алған Қазақстан мемлекетінің өтпелі кезенде тоталитарлық социалистік қоғамның зиянды мұраларынан толық құтылып, өркениетті елдерге тән қоғам құра алуы оның ұлтаралық, діни қатынастарда дұрыс бағыт ұстануына, түрлі дін өкілдерінің татулығын тұрақты ете алуына байланысты. Көп ұлтты Қазақстан қоғамындағы әр түрлі діни қауымдастықтардың арасында бірлік пен татулық болса, елдің шаруашылығын және рухани сфераларын жөндеуге, дағдарыстан шығуға мүмкіндігі болады. Сондықтан мемлекет діни қауымдастықтар арасындағы өзара байланысты және олардың қоғамның рухани өмірімен пайдалы байланысқа түсуін қамтамасыз етуі керек.

Сонымен коса, Қазақстандағы барлық діни ұйымдардың мақсат- мүдделеріне сай шаралар жүйесі жасалып және тәжірибеге асырылып отырғаны дұрыс. Сонда ғана діни қатынастар орнықты болып, діни қауымдастықтар татулығы сақталады.

Бүгінгі таңда күл талқан болған тоталитарлық жат идеологияның орны босап әр түрлі діни топтар олқыны толтыруға ұмтылды. Олардың ішінде исламның елеулі орын алуы заңды. Бұл діни "қайта өрлеу" кезінде православие, баптистік, иудаистік және басқа да дәстүрлі емес кришнаизм сияқты бағыттар өз орнын алды. Сондай-ақ республикадағы діни сананың ыдыраңқылығы бұл қозғалыстардың әлеуметтік тұрмыста басты орын алуына мүмкіндік бермеді. Осы және басқа себептердің салдарынан дін санада қоғамдық қатынастардың елеулісі бола алмады. Сондықтан да Қазақстан жаңашыл мемлекет болып келеді, солай қалады деп сенімді түрде мәлімдеп жүр [10].

Әйтсе де біз Қазақстандағы діни жағдайды назардан тыс қалдырмай, әлеуметтік қатынастардың құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыруымыз міндет. Өтпелі кезендегі діни өзгерістер мәнін түсінбей, жалпы қоғамдық санадағы өзгерістер мәнін ұғыну қиын. Діні өзгерді екен деп өз қоғамымыздың мүшелеріне үрке қарап және басқаларды оларға қарсы қою заңға да, адамгершілікке де қайшы келеді. Қазіргі кезде еліміздегі діндер; туралы халықта газет-журналдардан үстірт жазылған дүниелерден немесе ұзын құлақтан естіген әңгімелер арқылы көзқарас қалыптасуда. "Дұрысы әркім өзінің жақсы білетіні жайлы жазса, ғылым үшін де, білім үшін де өте-мөте пайдалы болар еді. Дін -күрделі рухани құбылыс. Оның бір көрінісін немесе бір. конфессиялық (бағыттық) түрін немесе қағидаларын әр жердең естіген әңгімелер негізінде талдаудан дінді танимын деу ағаттық" [11].

Қазақстан даму институтының зерттеуі бойынша, Қазақстан тұрғындарының діндарлық деңгейі мен діни бағыттарын аңықтау мақса-тында жүргізген зерттеулері бойынша тұрғындардың 56%-ының діни көзқарастары нақтылы орнықпаған. Олар дінге сену мен сенбеудің аралығында. Соңғы кезде Қазақстандағы миссионерлік жұмыстың жүгенсіз кеткендігіне алаңдаған азаматтардың ащы үні көп естілуде. Миссионерлік дін өкілдерінің арасында саяси қызмет атқаратын басқа елдің сенімді адамы болуы мүмкін. Оның түпкі төркіні басқа халықтарды отарлау саясатында жатады. Сондықтан да бүкіл Республикадағы бар діни ұйымдардың жұмысын, сырттан келетін миссионерлердің жұмысына бақылау жүргізетін заң қабылдау керек деген ұсыныстар да айтылады.

"Жаңаша ұлттық ойлаудың тұңғыш үлгілерін жасаған қазақ зиялылары ол кезде екі мәселемен айналысты: жерге иелік және халықтың мәдени, рухани жетілуі... қазақ халқының ойлау мәдениетінің түп төркіні көне түркі заманынан басталады. Сондықтан қазақтың ұлттық санасының генезисін түсіну үшін түркі ғұламаларының еңбектерін зерттеу қажет. Себебі қазақ халқының қоғамдык санасы калыптасуына бұл ғұлама. ойшылдардың ықпалы өте зор болған. Яссауи арқылы түркі тілдес халықтар дүниетанымында шешуші орын алды. Түркі жүртының бұрынғы сыйынған Тәңірі еді енді Алла болды" [12].

Бір топ авторлар қазіргі қазақ халқының мәдениетінің төмендеп кеткеніне, жастар тәрбиесінің қажетті деңгейде жүргізілмейтіндігіне қатты аландаушылық білдіреді. Сондықтан осы уақытта діннің қоғамдық ролін қолдана білу керек деген ұсыныстар айтады. "Қазақ халқының бүгінгі рухани келбетіне көз салсаң, Абай ұсынған, Абай бағыштаған үш асылдың "Сүю, табыну және сенудің" тым көмескіленіп. тым даттанып кеткенін байқаймыз. Қазақ ұлтының біршама бөлшегінің мәңгүрттеніп, дүбаралануы көзі ашық, ұлттық санасы жетілген қандай азаматты болсын толғандырмай қоймайды. Мәңгүрттенуден құтылып шығудың жолы -қазақ халқын жоғалтқан Алласымен, жоғалған тәубесімен, махаббатымен жәңе әділетімен қайтадан қауыштыру" [13].

Қазіргі кезде халықтың ойына жетекші болып келе жатқан зиялы қауымның дінге деген қатынасы туралы жалғастырсақ, қарама-қайшы көзқарастарға тап боламыз. Кейбір авторлар діннің маңызын жақсы сезінеді. Қоғамда адам баласын адамгершілікке тәрбиелеудегі діннің ролі ерекше, "діннен айырылған жұрт тілінен де айырылады, ол оньщ бәрі қазіргі айтып жүрген ұлттық менталитет дегенді жойды. Ондай жағдайда тәуелсіздік өзге мәнге ие болмақ". Одардың түсінігінде діннің пайдасы мен зияны деген ұғым қатар жүреді. Қазақстандағы діни жағдайға шолу жасасақ, шынымен де дінге адамдардың жартысынан көбі біреудің айтқан ақылымен немесе үгіттеумен келген. Қай діннің немесе діни секталардың үгіті күшті жүрсе, сол дінге адамдар көп барады. Әсіресе қазір Қазақстанда протестанттық секталардың жұмысының жақсы ұйымдастырылуына байланысты христиан дінін қабылдаушылар көбеюде. Библияны қазақ тілінде оқытып, сыйынуды қазақ тілінде жүргізетін "масихшылардың" шіркеуіне қазақтар өте көп жиналады.

Қазақтардың өзіндік ерекшелік пен сипатқа ие болған елді басқару формалары, экономикалық жүйесі, рухани қажеттілігін қанағаттандырарлық өнері, заңдары мен мінез-құлықтық кодекстері болған. Ұзақ дәуірлер бойы жазба мәдениеті мардымсыз дамыған қазақтардың (өйткені көшпенді тұрмыс кешу мектептер ұстауға мүмкіндік бермеді) ауызекі творчестволық дәстүрі күшті дамыған. Әсіресе жас ұрпақты тәрбиелейтін үгіт-насихат жырлары, мақал-мәтелдері қандай мол, әрі қандай терең еді десеңізші! Бұлар тек құрғақ ақыл-кедес емес, нәрлі де мазмұнды ғибраттар. Бұлар праволық нормалар мен моральдық, саяси, мінез-құлық, т. Б. тәртіптерді де өз ішіне жан-жақты қамтиды.

Қазақтардың ең бір қадірлеп-құрметтейтін дәстүрі — өлген ата-баба аруақтарына табыну. Өлген ата-баба аруаққа айналып, тірілердің зор құрметіне ие болады. Олар тірі ұрпақтарының әдет-ғұрып заңдарын, кәде-қаумет, салттарын сақтап жүрулерін талап етеді. Сол себепті де қазақтар ата-баба аруағын разы етуге тырысады, олар жолына малдарын құрбандыққа шалып, үнемі есте ұстап, оларға жалбарынып отырады.. Оның себебін біз бұл қарттар өлгендер мен тірілер арасындағы байланыстырғыш деп қарағандықтан ғой дейміз. Сондықтан да қазақтар ата-анасын өте құрмет етеді. Өлгендеріне шаң жуытпайды, аруаққа айналдырады, Әрине, мұндай құрметке кез келген қарт ие бола бермейді. Әр рудан оза шауып, ақыл-парасатымен, істеген ісімен ел құрметіне бөленгендер ғана үлкен құрметке ие болады. Мұндай дуалы ауызды адамдар көзі тірісінде ақ әулиеге, өлгеннен сон, аруаққа айналған. Мұндай адамдардың сөзін де жыр қылып айтып, қабірін де құрметтеген. Дегенмен де, әркімнің өз ата-бабасы өзіне жақын, әрбір семья, от басы-ошақ қасының өзіне қас аруақтары болып, оларға жалбарынған. Әрине, «ата-баба аруағын» құдайға теңеуге болмайды.











2.3. "Діни мәдениеттің тәрбиедегі орны" тақырыбында өткізілген зерттеулер нәтижелерінің есебі

Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдай құрылымды-жүйелі өзгерістермен қатар, біршама құңдылықтардың ескісін қайта бағалап, жаңасын дайындау қажеттілігімен сипатталады. Осындай жағдайларда қазіргі қоғамның діни сана-сезімінің деңгейі аса маңызды мәселе ретінде қарастырылады, жекелеген жағдайларда түрлі конфессиялардың сандық, бағыттық ерекшеліктері айырықша мәнге ие болады. Мұндай жағдайларда конфессиялық ұқсастықтар мәдени және ұлттық тұрғыдағы өзара пара-парлығымен бір-бірімен жақындаса түседі.

Орал қаласы тұрғындарының діни ой-өрісін анықтау мақсатында 2008 жылғы 10 наурыз мен 1-сәуір аралығында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша мына төмендегілер анықталды:

Қала тұрғындарының діни ұстанымдарының нақты түрлеріне келетін болсақ, сұралғандардың 74,8 % ислам дінін, 18,3 % православиялық, 1,3 % католиктік, 0,8 % иегова куәгерлері, 0,5 % кришнаидтер, 0,3 % иудаистер, 1,8 % басқа діни нанымдарды (ескі дәстүрдегілер, вайшнавтар, меннониттер) ұстанатын болып шықты, 2,3 % пайызы дінге сенбейтіндер (атеистер). Сонымен, респондентердің саналы түрде діншілдікке ұмтылуы олардың конфессиялық тиесілік жөнінде берілген жауаптарынан анық байқалады.

Түрлі діни нанымдарға көзқарасы жайлы сұрақ респонденттер үшін айтарлықтай қиын болды. Өйткені сауалнамада халықтың түрлі сенім жолын ұстаушылар деңгейін талдау ғана емес, әрбір сенушінің өзге де діндерге деген сабырлылық деңгейін зерттеу мақсаты қойылды.

Жалпы, талдау нәтижесінде респонденттердің басым көпшілігінің келесі діни нанымдарға сенімділік білдіретіндігін көрсетті: Бұл Ислам - 86,5%, православиялық шіркеу 38,5%.

Мынадай дін тұтынуға қайшылықты көзқарастар білдірілді:

Адвентистер шіркеуі 33,8%, иегова куәгерлері 53,0%, иудаизм - 40,5%, басқа діндер - 15%.

Мынадай діни нанымдарға бейтараптық білдірілді:

Католик шіркеуі - 42,0%, баптистер - 39,5%, буддизм- 36,5%.

Алғашқы рет естідім деген жауапқа берілген пайыздық көрсеткіш: адвентистер шіркеуі - 27,5, иудаизм- 10,8% болды.

Діншілдік ережелері жайлы респонденттердің көзқарастары төмендегіше бөлінді:

(Егер) Респондентердің 34,5% пайызы дін қағидаларын орындап жүргендігін айтатын болса, 19,5% пайызы оны күнделікті өмірде орындап жүргендігін, сондай-ақ, 15,8% пайызы мешіт (шіркеулерге) үнемі қатысып, сенімін күшейтіп жүретіндігін білдірген.

Сұрау салынған респонденттердің 12 % пайызы діни парыздарды қатаң түрде орындауды мүмкін емес, осыған байланысты діни шарттарды кей уақыттарда ғана орындау қазіргі заман адамына тән деп есептейді. Олармен қатысқандардың 13,8% пайызы өздерінің діни шарттарды кейде орындап, кейде орындай алмай жүргендігімен келіседі. Ал респонденттердің 4,5% пайызы өздерінің атеистік көзқараста екендігін білдірген.

Респонденттердің өміріндегі діннің рөлі деген сұраққа әр түрлі жауаптар алынды, 38,0 % пайызы діни сенімді өз өмірінің бір бөлшегі ретінде санайтын болса, 21,0 % дін жолын белсенді ұстанушылар болып табылады, 27,5 % пайызы ғибадат етуге уақыт таппайтындығын айтса, 7,5 % пайызы дінге қатысты көзқарасының бейтарап екендігін білдірген. Мұндай өзіндік "космополитизм" қоғамдағы діннің тарихы мен қазіргі жағдайының терең мағлұмат алуға ие еместігін көрсетеді. Қатысушылардың 5,5 % пайызы жауап беруге қиналатындығын жеткізсе, 0,5 % өзінің саналы түрде қарсылығын білдірді.

Дінге ену процестері респонденттер үшін бірқатар күрделілікті туындатты, олардың қоғамдағы жағдайы өзін өзі әлеуметтік идентификациялаумен белгіленді. Сұралған респонденттердің жартысынан көбі, яғни, 54,0 % діншілдікті туылғаннан ұстанатындығын білдірді, яки діни сананы отбасындағы сабақтастық, әлеуметтік қалыптылық ретінде бағалайды. Сұралған респондентердің 32 % пайызының дінді кәмелеттік жасына толғаннан кейін ұстанғандығы белгілі болды. Қазақстандық қоғамда діни сананың дәстүрлі екендігі есепке алына отырып, ал оның адам психологиясына кірігуі, әсіресе XX ғасырдың 90-жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі діни санаға енетіндігі, сәбилік кезеңдерден бастау алатындығы қызықты жайт. 16 - 18 жас аралығындағы респонденттердің дінді ұстанатындықтарына бір жылдай ғана болған - бұл сауалнамаға қатысушылардың 7,5 % құрайды. Респоденттердің 4,0 % принципиалды атеистік бағытты ұстанса, 0,8 % пайызы дінге сенбеушіліктен атеистікке өткен, ал 1,8 % басқа дінге өту шешіміне тоқтаған.

Сұралғандардың 61% көбі ғибадатты өмірдегі принцип ретінде қарастырады. 20,5 % ғибадат жасауды міндетті деп есептемейді, ал 18 % ғибадатқа қатыса алмайтындығын білдірген.

Ғибадатты жиі орындау жағынан келесі нәтижелер белгілі болды:

29,8 % күнделікті ғибадат етеді, 19,3 % аптасына бір рет, 4,5 % айына бір рет, 3,3 % жарты жылда бір рет, 2,5 % жарты жылда бір реттен кем, 1,8 % арнайы ғибадат етпейді, 11,3 % жауап беруге қиналады. Әрине, бұл респонденттер үшін сұрақтар алғаш рет қойылған, оларға мұның алдында діни сана жайында сұраулар жүргізілмеген, сондықтан жауап бере алмағандардың саны 10 % көп болып отыр.

Діни шаттарды толыққанды ұстау респондентерді діннің құпиялары және ережелеріне бейімдеу, яғни діни теңестіру процесі болып табылады. 33,0 % діни ұстанымдарды орындауға әрекет етушілер болса, 24,3 % шарттылықты нақты орындайды. 17,3 % дінге соншалықты мән бермейтін болса, 9,5 % мүлде орындамайды. Сонымен, сұралғандардың 57 % ораза ұстау принциптеріне белсенді қатысады.

Адамдар арасында діншілдік қағидаттарымен қатар рухани сана сезімінің өзара байланысын сақтау жөніндегі сұраққа 44,0% қолдайтындығын білдірген, сондай-ақ 31,5 % тек ережелермен ғана шектеліп қоймай, рухани ағарту жұмыстарын жүргізу - діндарлардың шынайы борышы деп санайды. 8,8 % ораза ұстаудың рухани даму үшін ғана емес, ағзаның медициналық тазаруы үшін де ұстанатындығын алға тартады, яғни бұлар діни дәстүрдің мағынасын жете түсіне бермейді. Бұл қағидаттың дін жолын ұстанатындарға сәйкес келмейтіндігінің дәлелі.

15,5 % жауап беруге қиналатындығын білдірді.

Құран қағидаттары бойынша өзге дінді ұстанушылар немесе жолдан тайғандармен күрес туралы пікірлер төмендегідей болды:

30 % қолдайды, 15,5 % аздап келіседі, 27,8 % пайызы құранда мұндай қағидаттар жоқ деп санайды, 26,8 % жауап беруге қиналады. Құранның негіздерін түрлі деңгейде талдау көбіне қате түсініктер тудырады, бұл қоғамға қауіпті фактор болып есептеледі, азаматтарды ұлттық және діни топтарға жіктелуге әкеліп соқтырады.

Экстремистік ұйымдардың елді исламдық мемлекетке айналдыру туралы таратып жүрген үнпарақтарын қалай бағалайсыз? деген сұраққа респонденттердің 33,0 % бұл процестердің алдын алу керектігін, жастармен және түрлі әлеуметтік салалар бойынша жұмыстар жүргізу керектігін айтса, 12,5 % мұндай көріністердің мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне өте қауіпті екендігін білдірді. Сондай - ақ, 45,5 % бұл көріністі жағымсыз деп бағалаған. 23,5 % мұндай көріністерге барлық адамдар жауапкершілікпен қарамайтындығын торығушылықпен айтады. 6,3 % жастар мұндай мәселелерге аса мән бермейтіндігін білдірсе, 14,0 % жауап беруге қиналды. 5,3 % мұсылман емес, өзге дін өкілдерімен күресу керек деп есептейді.

Әлеуметтік зерттеулерге облыста тұратын барлық ұлт өкілдерінің қатысқандығын есепке ала отырып, орын алып тұрған мұндай өзекті мәселелердің қоғам үшін, әсіресе жастар үшін қауіпті, теріс фактор екендігін білуге болады.

Соңғы кездерде көбінесе мазмұны сапасыз миссионерлік әдебиеттердің таралуы орын алуда. Мұндай әдебиет, қоғамыздың ерекше мінезіне бейімделіп құрастырылған. Адам санасына кері әсерін тигізетін мұндай әдебиеттерге шетелдерден қоныс аударып келген оралмандардың бейім екендігін көрсетеді. Оралмандардың қазақстандық қоғамда әлеуметтік теңестіру процестерінен өтіп жатқаны белгілі.

Қазіргі жастарды адамгершілік және өнегелік тұрғыдан тәрбиелеу мәселесіне келер болсақ, қатысушылардың 21,0 % рухани әдебиеттерді оқу керек деп есептейді, 20,8 % сенім мәселесінде тәжірбиелі дін адамдары, қариялардың насихаттары, адамның сенім тұрғысынан позицияларын анықтауға септігін тигізеді деп сенеді. 19,0 % бүгінгі қоғамда адамгершілік пен құлықты адамдардың жеке тұлғасы белгілейді деп есептесе, респонденттердің 15,0 % пікір - сайыстар мен диспуттарға қатысу, рухани лидерлермен кездесулерді жиі өткізу керек деген стратегияны алға тартады. 15,1 % рухани жиындарға қатысуды, дінбасылардың рухани нағыз үнін тыңдауға болатын жиындарға жиі бару қажеттігін айтады. 2,3 % мемлекет және дін қайраткерлерінің өзара бірлесіп атқарған іс-шаралары - экуменизм, яғни қоғамда төзімділікті арттыру - белсенді фактор болады деп есептейді.















Қорытынды

Қорыта айта бірінші бөлімде классикалық және ресейлік ғалымдарының діни интеграция және діннің әлеуметтік өзгеруі жайлы толық айтып өткен. Э.Дюргейм, М.Вебер, Б.Малиновский, К.Маркс және тағы басқада ғалымдар дінді жан-жағынан талдап зерттеген.

Дюргейм діннің қоғамдық интеграциясын социологиялық теорияны жасаудағы басты еңбегі «Діни өмірдің элементті факторларынан» ол діннің пайда болуы мен дамуының эволюциялық теориясын жасайды. Дюргеймнің еңбегін сыни бағалағандардың бірі Малиновский болды. Малиновский Дюргеймнің қоғам тұрақтылығын сақтау мәселесі өз мақсатына жетпеді.

Малиновскийдің ойынша адам қажеттілігі және талпыныстары қоғамдағы тепе-теңдік сақтауға мүмкіндік беретін тәсілдірмен қанғаттандырылып отыруы керек дейді. Д.Хоманста Малиновский мен Рэдклифф-Брауынның теориларын салыстыра келіп, олардың бір-бірін жоққа шығармайды, қайта бірін-бірі толықтырады дейді. Осылайша, интеграция ұғымы Парсонсқа жүйенің тұрақтылығы, тәртіп мәселесі ұғымдармен байланысты. Парсонсқа сәйкес дін ұйымындағы маңыздысы мәдени элемент болып табылады.

Классикалық функционализмге жақын Никлас Луманның дін теориясын мына түрде қарастыруға болады: жүйе барлық уақытта мүмкін әрекеттердің шектелуін, редукциясын білдіреді, яғни, «қиындықтар редукциясының қайсыбір» оңтайлануы. Сонымен қоса М. Вебер да осы функционализм көзқарасынан тұрақтылық негізін емес, әлеуметтік өзгеріс факторын түсінуге тырысады. Вебер өзінің діни концепциясында Парсонстың тұжырымдамаларын қолданған.

Ал екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы діни экстремиз мен діни ахуал, оның ұлттық дүниетанымына әсері және қазақ жерінде исламның таралуы жайлы талқыланған

Қазіргі Қазақстандағы діни экстремизмнің негізгі проблемалары олардың заңсыз өз істерін жүргізу болып отыр.

Қазір алматының өзінде ғана 42 конфессия, 275 діни бірлестік жұмыс істейді. Ал бүкіл Қазақстан бойынша 3340 діни бірлестік бар екен. 1991 жылдары бұл сан он еседей аз еді. Бұлардың үгіт-насихат құралы да, материалдық-техникалық базалары да мықты.

Діни экстремизм төңірегінде жазылған зерттеулерді қорытындылай келе, оның пайда болуы мен бой көрсетулеріне басты себепкер болатын факторлар төмендегідей:

  • халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы;

  • елде діни сенім мәселесінің дұрыс жолға қойылмауы.

  • өзін тіркеуге талап қылған діни ұйымдар мен кофессиялардың құжаттары мен олар жөніндегі мәліметтердің мұқиятта тыңғылықты зерттелмеуі;

  • діни «оппозиция» немесе «оқыс» ойдағы діни ұйымдардың болуы және олармен жан-жақты жұмыстардың жүргізілуі;

  • ішкі саясатта діни немесе этникалық азшылыққа үкімет тарапынан қысымшылық көрсетілуі;

  • елдің болашағы айқындайтын белгілі бр идеология мен стратегиялық бағдардың болмауы;

Әрине бұл келтірілген факторлар діни экстремизмнің бой көрсетуінің толық бет пердесін ашып береді.











Пайдаланылған әдебиеттер

1.В.И. Гараджа. Социология религии: Учебник для вуза. –М.,1996.

2.В.И. Гараджа. Религиеведение. М., 1995. 2-е изд.

3.Б.С. Ерасов. Социальная культурология. М., 1994. Ч. І-ІІ.

4.Р. Арон. Этапы развития социологической мысли. М., 1993.

5.Белл Д. Культурные противоречия капитализма // Религия и общество. Ч. ІІ.

6.Белла Р. Социология религии // Американская социология. Перспективы, проблемы, методы; под ред. Т. Парсонса. М., 1972.

7.Малиновский Б. Магия, наука и религия// Магический кристал. М., 1982.

8.Жақсыбай С. Тұрапбайұлы А. «Қазақстан діндер арасындағы татулықтың үлгісін көрсете алады». // Егемен Қазақстан 2007ж. 19 қырқүйек.

9.Коровиков А.В. Исламскай экстремизм в арабских странах. – М., Наука. Главная редакция восточной литературы. 1990. – 170,70.

10.Мекежанов.Б.У. «Діни экстермизм құбылысының мәні және оның зерттелуі»/ ҚазҰУ Хабаршысы. Саясаттану. Философия. Мәдениеттану сериясы №1 (23) 2005.

11. Иірқамшылаған Иеһова иек астына келді // Жас Қазақ №34(86) 1.09.2006.

12.Бесбоғда А. «Секталар қашанғы секеңдей береді?»// Заң газеті 2008 30.04

13.Энциклопедия «Ислам»/ Бас редакторы Р.Нұрғалиев. Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы. 2001 321-б.

14.Токарев С.А. Религия в истории народов мира. М., 1964

15.Көбеева О. Дінтану негіздері. Алматы 1998.

16.Вебер М. Социология религии (типы религиозных сообщества) // Работы М.Вебера по социологии религии и идеологии. – Москва ИНИОН РАН 1985.

17.Вебер М. Хозяйственная этика мировых религии. Введение //Работы М.Вебера по социологии религии и идеологии. Москва ИНИОН РАН 1985 С.40-75.

18.Н.Өсеров, Ж.Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы. Алматы, Қазақстан. 1992. 149-беттік. 135-149 б.

19.Вебер М. Протестанская этика и дух капитализма // Избр.произв. – Москва 1990.

20.Қ.М.Борбасов «Ұлттық дүниетанымның қалыптасуындағы діннің рөлі»/ ҚазҰУ Хабаршы. Философия, Мәдениеттану, Саясаттану сериялары №2(28) 2007.

21.Арестов В.И. Религиозный экстремизм. – Харковь: Вища школа. 1987.-С-4.



















Сілтемелер

1-2. Парсонс Т. Общий обзор // Американская социология. М., 1972. с. 364.

3.Luhman N7 Fuhktion der Religion Frankfurt. a/M:, 1977.

  1. Парсонс Т. Общий обзор // Американская социология. С. 376.

  2. Белла Р. Социология религии // Американская социология. Перспективы, проблемы, методы. – М., 1972. – С.265-281.

  3. Белл Д. Культурные противоречия капитализма // Религия и общество: Хрестоматия по социологии религии / Сост. В.И.Гараджа, Е.Д.Руткевич. –М., 1996. С.699-703.

  4. Вебер М. Протестанская этика и «дух капитализма» // Избр. Призв. – М. 1990.

  5. Бұлұтай М. Дала мен қала- Ақпан. -2005.№5.

  6. Борбасов С. Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты. – Семей 1995ж.

  7. Орынбеков м. Ежелгі қазақтардың дүниетанымы. – Алматы 1996.

  8. шүлембаев Қ. Адамгершіліктің қайнар бұлағы тек дінде ме? // Ақиқат. – 1996. - №5

  9. Ғарифолла Е. Сана болмысы. – 1 кітап – алматы 1994.

  10. Борбасов с. Абай тәлімі және ұлттық мәдениет // Ақиқат – 1995. - №1.

  11. Орынбеков М. Духовные основы консолдации казахов. – Алматы. 2001.

  12. Ғарифолла Е. Сана болмысы. -2 кітпа – Алматы 1994-54б.

  13. Сапар Али Бейбіт, Мұхаммед-Канафия Борбасов. Казахстан: религии и межконфессиональные отношения // Центральная Азия и Кавказ. – 2002. - №2.

  14. В.Курганская. Новые тенденции в духовной жизни казахстанского общество // Центральная Азия и кавказ. – 2002. №3.


37



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Діни м?дениетті? т?рбиедегі орны

Автор: Жандосова Айжан Жандос?ызы

Дата: 16.11.2015

Номер свидетельства: 253663


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства