kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Диктанттар к?ніне арнал?ан "Абай жолы" роман-эпопеясынан алын?ан м?тіндер (мемлекеттік тілде о?ытатын жалпы білім беру мектептері ?шін)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?сінік хат

        Б?л ??рал мемлекеттік тілде о?ытылатын  мектептерді? ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні?  м??алімдеріне арнал?ан. Ол 5-11 сынып о?ушыларына арнал?ан диктанттар жина?ы ретінде ??растырыл?ан.  М?хтар ?уезовті? «Абай жолы» роман-эпопеясынан алын?ан м?тіндер аудан мектептерінде диктанттар к?нінде арнайы  жазба ж?мыстарын ж?ргізуге арнал?ан.

        Жина?та?ы м?тіндер о?ушыларды? жас ерекшелігі бойынша  ??растырыл?ан. М?ндай диктанттарды? берілу ма?саты –  о?ушылар арасында «Абай жолы» роман-эпопеясын насихаттау сонымен ?атар, сауаттылы?ты? тексеру ?лшемі ретінде о?ушыларды? мемлекеттік тілден ал?ан теориялы? білім д?режелерін ай?ындау?а, тілдік ерекшеліктерді еркінірек ме?геруге, ны?айту?а ж?не жетілдіруге, коммуникативтік біліктілігін арттыру ар?ылы ?аза? тілін с?з м?дениеті талаптарына сай де?гейде д?рыс ?олдана білуге жетелеу. Сонымен ?атар жина? о?ушыларды? ?аза? тілі грамматикасынан ?ткен материалдарды ?айталап, олардан ал?ан білімдерін на?тылап, сауаттылы?тарын арттыру ма?сатын да к?здейді. 

Диктантты ба?алау нормалары:

«5» деген ба?а: Ешбір ?атесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден ?ате жіберсе;

«4» деген ба?а: Емле ж?не тыныс белгілерінен екі-екіден ?ате жіберсе;

«3» деген ба?а: Емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен ?атесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгілерінен ?атесі болса;

«2» деген ба?а: Емле мен тыныс белгілеріні? ?р?айсысына 6-дан 10-?а дейін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Диктанттар к?ніне арнал?ан "Абай жолы" роман-эпопеясынан алын?ан м?тіндер (мемлекеттік тілде о?ытатын жалпы білім беру мектептері ?шін)»

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ



Диктанттар күніне арналған «АБАЙ ЖОЛЫ» роман- эпопеясынан алынған мәтіндер

( мемлекеттік тілде оқытылатын жалпы орта білім беру мектептері үшін)







Баянауыл, 2015 жыл.




Түсінік хат


Бұл құрал мемлекеттік тілде оқытылатын мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған. Ол 5-11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан алынған мәтіндер аудан мектептерінде диктанттар күнінде арнайы жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.

Жинақтағы мәтіндер оқушылардың жас ерекшелігі бойынша құрастырылған. Мұндай диктанттардың берілу мақсаты – оқушылар арасында «Абай жолы» роман-эпопеясын насихаттау сонымен қатар, сауаттылықтың тексеру өлшемі ретінде оқушылардың мемлекеттік тілден алған теориялық білім дәрежелерін айқындауға, тілдік ерекшеліктерді еркінірек меңгеруге, нығайтуға және жетілдіруге, коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу. Сонымен қатар жинақ оқушылардың қазақ тілі грамматикасынан өткен материалдарды қайталап, олардан алған білімдерін нақтылап, сауаттылықтарын арттыру мақсатын да көздейді.

Диктантты бағалау нормалары:

«5» деген баға: Ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;

«4» деген баға: Емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;

«3» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгілерінен қатесі болса;

«2» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.




















5-сынып.

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін тексеру, сауатты жазу дағдыларын бақылау.



Құнанбай келген уақытта елдің алды қыстаудан киіз үйге шығып қалған. Әр қыстаудың жанындағы тақыр көгалдарда аздаған ақ үйлер, қоңыр үйлер көрінетін. Кемпір-шалы бар үйлер тамнан түгел арылып шықпай, жастар жағы ғана тынысы кең киіз үйлерін көтерген тәрізді. Жас қозы, бота, бұзаулар да әлі қораны сығалайды.

Жазғытұрғы ауыл қолдан түлеткендей бір түрлі бір жас иіске, жас өмірге толы. Әдемі реңді, әлденеше түсті балапан қозылар, лақтар күншуақта секіріп, дамылсыз маңырайды. Үлпілдек жүн, үлкен қара көзді боталар көрінеді. Жылқы ішінде ұзын құлақ, бұйра жүн, сүйкімді құлындар көбейген. Ересек тартқан, тез шираған бұзаулар да құйрығын шаншып ап, тынымсыз безіп, ортқып ойнайды. Осындай өрбіп өскен, бар жанды дүние тіршілікті даттайды.

(М.Әуезов, 102 сөз)

























6-сынып.

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін тексеру, сауатты жазу дағдыларын бақылау.



Бүгінгі болыстар қонағында, Абай домбыра берген соң Байкөкше әуелі жанынан шығарып, жиынға амандасып, сыпайы сөздерді бір жырлап өтті. Қымыздың қызуымен желпініп отырған болыстар: «Бәрекелді!», «Өй, жезтаңдай», «Сайра, бұлбұл!», «Енді ақынның алды ғой бұл!», «Баяғы кәрі желаяқтардың сарқыты ғой!», «Сөйле, соқ!» десіп даурыға мақтасып еді. Байкөкше ұрты солыңқыраған, қабағы көп ашылмайтын, шоқша сақалды, тұйық жүзді кісі. Мақтауға семірмек түгіл, селт еткен де жоқ. Алғашқы амандасу сияқты сөз еді.

«Ұлық болдың, қолың жетті, жақсы деп аталасың. Соның бәрі рас болса, жарлыны жылатпа. Арамға болысып, адал момынды аунатып жеме, береке деген боп, әрекенің қылығын қылма. Алғаныңды аз көріп, елді өзің саралап көптің құтын шайқама. Көпке масылын артқан көбеген болма!» деп бір жортып өтті.



(М.Әуезов, 110 сөз)

























7-сынып.

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін тексеру, сауатты жазу дағдыларын бақылау.



Ендігі бір кезек сөзді Айтқазы іліп әкетіп еді. Ол: «Жақсы адамды қарық қылатын өмір жоқ, есер-есірік болмасаң тіршіліктен пайда жоқ» деген Абайдың өз сөзін еске алып өтті. Және де Абайдың өлеңін, қара сөзін ұғып жүрген, жадында сақтап жүрген кісі екенін байқатып, бүгінгі тірлікте саналы адамға қуаныштан қайғы көп екенін де ескертті. Сөйте келіп ол епті, шеберлікпен өз ойына оралды. Жаман да болса өз елі, надан да болса өз ортасы. Жақсының ортасына кешірімі болмаса дүние дүние бола ма? –деген бір ойды да түйген еді. Осы жайды аяқтай келіп ол: «Абай аға, өзіңіздің өсиетіңізден менің бір тағы да аңдағаным бар еді. «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген бір ақылыңызды ұққан тәрізді едім. Сізге ол жөнінде «ерім» деп кеп отырған жоқ па, мынау халқың!»-деді.

(М.Әуезов, 124 сөз)



























8-сынып.

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін тексеру, сауатты жазу дағдыларын бақылау.



Дәркембай әңгімесін бітіріп, үй іші біраз уақытта жым-жырт тынып қалған кезде, Абай жаңағы өз ойын сөйлей аяқтады:

  • Осынша жауыздықты істеп отырған меніменен бір әке, бір шешеден туған –бірі аға, бірі іні болмыс. Сендерге солар үшін мен де қылмыстымын. «Арсыз қолым істеді, арлы бетім ұялды» дегенім кімді жұбатады? Сендерді не деп уатады ?! –деп, Абай қарт достарына басында бөгде көрінген, бірақ кейін сыры танылған бір әңгіме айтып кетті. Ол, қалада Михайловпен сөйлескен көп мәжілістен туған жай еді. Соны баяндай отырып, өз басына халық турасында енді келген бір күрделі ойға кетті. Бұл ойын осы арада тауып, дәл осы арада айтып та кетті.

  • Сонау бір кезде, жатаққа кеп қосылғаныңды айтқанда, менің осы күнге шейін, көкейімнен кетпестей бір шын сөзді сөйлеп ең, Дәркембай. «Күйі бірдің-күні бір. Туысым- аталысым емес, өзіммен мұңы бір, бейнеті бір жатақтар» деп ең.



(М.Әуезов, 132 сөз)















9-сынып.

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін тексеру, сауатты жазу дағдыларын бақылау.

Абай әкесімен бірге Қарқаралыда тұрғалы көп күндер болды. Қазірде қыс әбден түсіп, қар бекіп алғанды.

Құнанбай кішкене қаланың тап ортасындағы, көк шатырлы, үлкен ағаш үйді жатақ еткен. Қазағуар, қонақшыл, татар саудагерінің үйі.

Бұл қалаға аға сұлтан көп туысқанын, көп нөкерін ертіп келген. Құнанбай пәтерінің маңындағы үш-төрт кварталдың әрқайсысында, өзді-өзі тобымен ошарылып орнап жатқан Майбасар, Жақып, Қаратай сияқты Құнанбайға тарап кісілер бар. Майбасар мен Құнанбай пәтерлерінен күндіз-түні табылып тұратын тілмаш, стражниктер болады. Майбасарға тиісті атшабар қамысбай, Жұмағұлдан басқа да Құнанбайдың өз жігіті, өз атшабары- Қарабас та барды.

Бұлардан басқа, жай ерте шыққан бір топ жігіт-желеңі тағы бар. Құнанбай жігіттерінің ажарын өзгеден басқарақ көрсететін бірен-саран басқа тұқымның жігіттері де бар.

Тегінде Құнанбай қолында Ғабитхан сияқты татардан, Ызғұтты сияқты қырғыздан, Бердіқожа сияқты қожадан келген, тіпті шеркестен де келген жеке адамдар, немесе тұтас ауыл, топтар көп болушы еді.

Жиыны отызға тартатын нөкерлер сегіз үйде жатады. Қарқаралының тап ортасы Тобықтының бір ауылындай болды. Әке қасынан ерігейін десе, Абай анда-санда осы үйлерді шетінен аралап, өзінше ермек тауып кететін.



(М.Әуезов, 163 сөз)













10 -сынып.

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін тексеру, сауатты жазу дағдыларын бақылау.



Құнабай баласы емес, Құнанбайға қарсы алысқандардың әкім болып шыққаны Базаралыға анық сеп болғаны даусыз. Күнту болыс болысымен –ақ шетке шапқан «шүйінші» және тамыр-таныс, құдандаға кеткен сәлем хабар айдауда жүрген Базаралыға да жеткен. Арада өткен айлар саны бұл күнде есеп емес. Не болса да «кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» дегендей. Базаралы жолдағы бар бейнетті басып озып, өктеп келіп жеткен еді.

Ұзақ жолдан үздіккен Базаралы Семей қаласына келгенде, өз үйіне жеткендей боп, бар дүниесі кеңи берді. Қалада бұл кезде күзем жүні мен киіз, тері-терсегімен базаршылай келген ел жолаушысы көп болатын. Тобықтының күзектерінен шыққан түйелі арбалы керуендер Семей қаласының «ар жақ», «бер жақ» атанатын екі жағасындағы қазақ үйлеріне мол-молынан кеп, асықпай, киіз-кепшігін сатып жүр. Базардан ұн, шайын, бұл-бұйымдарын және де асықпай алып жатқан кездері. Осы ретте Жігітек, Бөкенші керуендері жататын үйлердің барлығында бір күнде: «Базаралы аман-сау кепті» деген, шүйінші тілеген хабарлар қаланың ішін кернегендей боп, көпке тегіс тараған.

Қазіргі шақта Базаралы келгелі бір жұмадай болса да, оны қала ішінде қарсы алған көңілдес ағайын күндіз-түн қонақ етеді. Қаумалап, қоршап, мәз-мереке етісіп жүр. Жылап көріскен, құшақ қосып қауышқан, қалың қарындас арасында жырлап көріскен шешен ділмәр да аз емес.

(М.Әуезов, 185 сөз)











11-сынып.

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін тексеру, сауатты жазу дағдыларын бақылау.

Қарашоқыны бөктерлеп, Аймандай аттың жол жорғасымен жүріп отырып, Абай:

-Шыңғыстың бөктері тегіс көктепті-ау,-деп, айналаға көз жіберіп келе жатты. Аласа, ал күрең бетеге, даланы да, бөктер, беткейді де тегіс көгертіп, жасарта бастаған, бірақ аспан ашық емес. - жалғыз-ақ осы бір суық жел мен бұлт айықпайды екен -деді. Екі-үш күннен бері бұл өңірде күн бұлыңғыр болған. Және қыстың соңғы салқын тынысы сияқтанып бір суық жел білінуші еді.

- Е, сәуір жаңа туды ғой. Сәуірдің басы осылай бұлтты суық болатын әдеті ғой. –деп, Қарабас қыстыгүні бар болатынын айтқандай, мерзім айтты.

-Неге? Сәуір қыстың айы емес. Жаздың айы емес пе? Жылда бүйтеді деймісің?

- Жылда сөйтеді. Сәуірді осы жұлдызша не дейді?

- Апрель дейді.

- ендеше сол апрелің осы. «Сәуір болмай, тәуір болмас» деп, бұрынғылар текке айтпаған. Сәуірдің басындағы суық бітпей, жаз шықпайды дегені –деп, Қарабас Абайға ай-айдың мәнін айта бастады.

Бұл жөнінде Қарабас атшабарда Абай сезбей жүрген көп білім бар екен. Сәуір- бұл айдың арабша аты. Қазақша- мамыр. Одан соң- маусым. Абай қазақша ай атының бәрін сұрап, қайта-қайта қайырып жаттап алды.

Бірақ сәуір турасындағы жаңағы сөзді алғаш есіткені осы еді.

Жазға салымның еңжайсыз кезін әнеугүні әжесі «отамалы» деп атап еді.

  • Осы «отамалы» немене? Не деген сөз еді?-деп, Абай соны сұрады.

(М.Әуезов, 196 сөз)














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Садвакасова Махаббат ??дайберген?ызы

Дата: 25.11.2015

Номер свидетельства: 257934


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства