kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Де?гейлік тапсырмалар бойынша н?с?аулы?" ?дістемелік ?зірленім

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ДІСТЕМЕЛІК ?ЗІРЛЕНІМ Та?ырыбы: «Де?гейлік тапсырмалар бойынша н?с?аулы?» Мазм?ны 1.Де?гейлеп саралап о?ыту технологиясына кіріспе 2.Тапсырмаларды? де?гейлерге б?ліну критерийлері 3.Де?гейлік тапсырмаларды орындау ж?не оны ба?алау ?зірленімде о?у т?жірибесінен тапсырмаларды ?алай де?гейлеп жасау?а болатыны жазыл?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Де?гейлік тапсырмалар бойынша н?с?аулы?" ?дістемелік ?зірленім »

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕНІМ

Тақырыбы: «Деңгейлік тапсырмалар бойынша нұсқаулық»


Мазмұны

  1. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясына кіріспе

  2. Тапсырмалардың деңгейлерге бөліну критерийлері

  3. Деңгейлік тапсырмаларды орындау және оны бағалау

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясына кіріспе

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – топ оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «74» балға дейінгі бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.

Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:

  • оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;

  • оқушының ынталандыруға;

  • оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;

  • оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;

  • баға әділдігіне;

  • білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолдансақ, онда дәстүрлі оқытудың төмендегідей мәселелерін шеше аламыз:

  • Оқушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі.

  • Оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады (үй тапсырмасы азаяды).

  • Оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ бағаланады.

  • Оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады.

  • Дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайлар жасалады.

  • Танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеу әдістері жүйеленеді.

  • Олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады.

Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.


Тапсырмалардың деңгейлерге бөліну критерийлері

Деңгейлік тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады:


І деңгей тапсырмалары (жеңіл):

Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне байланысты. Бұл тапсырмалар логикалық ойлануды қажет етпейді, оқушы тек тақырыпты білсе болғаны, дайын шаблон бойынша жұмыс істейді. І деңгейдегі тапсырмалар:

  1. жаттап алуға лайықталған болуы керек;

  2. алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;

  3. тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;

ІІ деңгей тапсырмалары (орташа):

  1. өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.

  2. оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады.

  3. танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс;

  4. әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер;



ІІІ деңгей тапсырмалары (күрделі):

  1. оқушылардың жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген.

  2. олимпиадалық есептер;

  3. өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергіліктіжағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.


Деңгейлік тапсырмаларды орындау және оны бағалау

  • Бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушылар екінші деңгейдің тапсырмаларын;

  • Екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушылар үшінші деңгейлердің тапсырмаларын орындайды;

  • Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан жұмысын «оқушылық», «міндетті», бірінші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да тапсырмаларын орындаудан бастайды.

  • Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап, әр қайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді.

  • Бір деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне-өзінің сенімі артады.

  • Олардың әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.

  • Осылайша, бір деңгейден бір деңгейге,өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады.


Бағалау критерийлері


Деңгейлер

Тапсырмалардың қиындығы

Бағасы

І деңгей

Жеңіл

50-74

ІІ деңгей

Орташа

75-89

ІІІ деңгей

Қиын

90-100


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Барсай Б. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамалары // Бастауыш мектеп, №8-9, 1999ж.

  2. Боголюбов В.И. Педагогическая технология: эволюция понятия// Советская педагогика. –1991. №9. С.123-128

  3. Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория, практика.- Усть-Каменогорск, 1997-242с.

  4. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учеб.М.: 1997




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Де?гейлік тапсырмалар бойынша н?с?аулы?" ?дістемелік ?зірленім

Автор: Несвельдинова Салтанат Мураткановна

Дата: 27.02.2015

Номер свидетельства: 179430


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства