kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫ?ТАУ Ж?НЕ ?ЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дарынды балалармен ж?ргізілетін ж?мыс т?рлері баяндал?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫ?ТАУ Ж?НЕ ?ЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ»»


Кайболдиева Нургул Жумакелдыевна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

педагогика пәнінің оқытушысы



«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ»


«Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат,

  қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек»

                                                                                   Н.Ә.Назарбаев



Дарынды балалармен жұмыс білім мекемелері мен мемлекет қолдауын қажет ететін үздіксіз процесс. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуын және адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі.

Тарихта, халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып, таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды қабілеттер әрқашан жоғары бағаланған. Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - білімді де, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Дарынды балаларға білім беру әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Дарын дегеніміз адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын құбылыс екенін өмір тәжірибелері дәлелдеп отыр.

Дарындылық-белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі.

Дарындылық” ұғымы “сый” (“дар”) деген сөзден шыққан,дамудың қолайлы ішкі алғышарттарын білдіреді.

Н.Ожеговтың сөздігінде дарындылық “табиғаттан берілетін ерекше қабілет”деп түсіндіріледі.

Дарындылық пен қабілеттілік ұғымдары өткен ғасырдың 40-50 жылдарында психолог Б.Тепловтың еңбектерінде толығырақ зерттелді. Оның дәлелдеуінше, белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады. Белгілі бір іс-әрекеттің ұтымды орындалуына тікелей әсер етуші қабілеттіліктің ерекше сапалық жиынтығын дарындылық дейді ғалым.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, балалық шақта байқалатын, табиғи нышандардың ойдағыдай қиысып келуінен туындайтын қабілеттің жоғарғы түрі “дарындылық”деп аталады. Қабілеттің осы түрінің сыры ғылымда әлі толық ашылмаған. Дегенмен дарындылықтың жоғары жүйке қызметінің тума типіне байланысты болып келетін кейбір ерекшеліктері белгілі болып отыр.

Осыдан 200-жылдай бұрын Германияда “Кристиан фон Шенах жазып алған любектік төрт жасар дарынды бала Кристиан Генрих Хейнекеннің өмірі, іс-әрекеті, саяхаты мен өлімі” деген кітап жарық көрді. Дарынды балалар жөнінде жазылған алғашқы кітап осы болатын. Туғанына он ай толмай жатып Генрих суреттегі заттарды айырып атай алды, үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, арифметиканың төрт амалымен есеп шығаруды, көп ұзамай француз тілін үйренуді меңгеріп, географиядан жақсы мәліметі болды, мыңнан астам латын мақалын білді. Генрихтың даңқы әлемге жайылып, оны Дания королі қонаққа шақырады. Бірақ көп ұзамай сәби төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болады. Бұрын да қазір де мұндай балалар өмірде көптеп кездесіп отырады.

Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Адамның психологиялық ерекшеліктері туралы ерте кезден бастап зерттеліп келеді.

Ертедегі Қытайда дарынды балаларды “Шэнь тон”, яғни киелі бала деп атаған.Батыс хан патшалығында жалпы дарындыларды іріктеп тәрбиелейтін әдістемелік “Тоңцзыкэ” деп аталатын арнайы ереже болған және ол арнайы бөлімнің қызметін атқарған.

Әлем және қазақ тарихынан біз, Моцарт, Рафаэль, Пушкин, Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов сынды дарынды адамдар өткенін білеміз.Қазіргі кезеңде де талай талант иелерінің қасиеттері туралы материалдарда жарыққа шығып жатыр.

Қазіргі таңда алдыңғы елдердің қатарынан көрінуіміз үшін дарынды балардың қабілетін ашу, оны танытуда педагогика саласының атқаратын қызметі ерекше.

Дарынды балалар мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын шығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет салады, өлең жазады. Мысалы,

Ч.Дарвин көп уақытын көбелек қуып, коллекция жинауға бөледі екен.

Дарын өкілдеренің қуат-қабілетінің шарықтайтын шегі болады. Мұндайда олардың санасы барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы онан сайын арта түседі.

Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын-оқыту мен тәрбие.

«Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер сияқты» болып қалып қоюы мүмкін» дейді америкалық ғалымдар.

Оқушының дарындылығын анықтауда: 

  • Дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер жинақтау.

  • Бақылау

  • Анкета

  • Психодиагностика

  • Социометрия

  • Әңгімелесу

  • Интервью сынды жұмыс түрлері жүргілуі тиіс. Аталмыш жұмыстар негізде психологиялық ерекшеліктерін айқындап, психологиялық зерттеу жұмысының қорытындысын (темперамент,зейін,ес,қабылдау,ойлауы, т.б.) және басқа мәліметтерді салыстыра арқылы, баланың әлсіз жақтарын дамытуға бағыт – бағдар беріп отыру.

Дарындылық төмендегідей топтарға жіктеледі:

  • Ой-өрістің жоғарылығы

  • Академиялық табыс

  • Шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айту

  • Көркемдік әрекет

  • Қатынас және белсенділік

  • Қозғалғыштық

Дарынды оқушыларды таңдауда назар аударатын ерекшеліктер:

  • Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды.

  • Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі:өте сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.

  •  Дарынды оқушылардың физикалық тұлғадан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, ақындарша сөйлеуі, жиі-жиі ойға берілуі, қиял-күйінің басым түсуі.

  •  Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғарғы моральдық қасиеттерге ие болуы.

Дарындылықты анықтағанда төмендегі факторларды ескеру керек:

  • Жас ерекшелігі

  • Тұлғалық ерекшелігі.

  • Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігі.  

Дарынды балалармен жүргізілетін жалпы     жұмыс жоспары:

  • Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу

  • Тереңдетілген бағдарлама бойынша (жеке, топтық, жұптап) оқыту

  •   Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу

  • Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту

  • Пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру

  • Жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалана оқыту

Дарынды балаларды анықтау және жұмыс ұйымдастыру

І. Дайындық жұмыстары (кімдер жұмыс істейді)

  • Мектеп әкімшілігі не бірлестік мүшелері дарынды балалармен жұмыс жасауға қабілетті, шебер мұғалімдерді анықтау.

  • Мұғалімдерді қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, дайындықтан өткізу, пікір алмасу шараларын белгілеу.

  • Қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімдер тобына жетекшіні бекіту, немесе тағайындау.

  • Оқушылар дарындылығын анықтау шараларын ұйымдастыру (жарыс, байқау, емтихан, олимпиада, т.с.с)

  • Дарынды оқушылармен жұмыс бұрышын жабдықтау (кабинетін)

ІІ. Оқушылар арасынан қабілетті оқушыны анықтау (кіммен жұмыс істейді?)

  • Пән мұғалімдерімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу.

  • Пән мұғалімдерімен (сынып жетекшілерімен) қабілетті не айрықша өнері, бейімі бар оқушыларды іріктеу.

  • Жыл сайын жарыстарда, олимпиадаларда, т.с.с байқауларда жеңімпаз оқушыларды бағытына қарай топтастыру

  • Білім деңгейінің стандарттық өлшемнен ерекшелігін (игеру қабілетін) анықтау.

Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерді іріктеудің негізгі принциптері

  • Дарынды балаларды оқыту жүйесінде мұғалім негізгі фактор болып табылады.

  • Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге жоғары талаптар қойылады.

  • Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің өзіндік «жағымды» Мені болуы керек.  (Өзін төмен бағалайтын мұғалім дарынды шәкірт алдында қорқыныш сезімінде болады.)

  • Табысты педагогикалық тәжірибесі болуы керек.

  • Эмоционалдық тұрақтылық.

  • Мақсатқа жетуге ұмтылу.

  • Шығармашылық  бастама.

  • Мұғалімнің кәсіби компетенттілігі  арнаулы теориялық дайындығының тәжірибемен тығыз ұштасуына негізделеді.

  • Өзге пәндерден қажетін ала білу.

 Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің жеке басының қасиеттері:

  • Мейірімді, сезімтал.

  • Дарынды балалар психологиясы, ерекшелігін біледі, олардың қызығушылығы мен қажеттілігін сезеді.

  • Интеллектуалды даму деңгейі жоғары.

  • Қызығушылығы мен икемі кең.

  • Педагогикалық мамандығынан өзге де білімі бар.

  • Дарынды балаларды оқытумен байланысты түрлі міндеттерді орындауға әзір.

  • Белсенді,өзінің көзқарасын өзгертуге, үнемі өзін жетілдіруге дайын.

Дарындылық ұстанымы

  • Сен «білуге міндеттісің» дегеннің орнына, « Сенің қолыңнан келеді!» ұстанымы;

  • Белгілі жағдайдан, белгісіздікке  бетбұрыс жасау қағидасы;

  • Іс -әрекеттің нәтижесіне емес, сол нәтижеге жету барысындағы қуаныш!

  • Баланың қиялын ұштай отырып, сұрақ қоя білуге үйрету!

  • «Қателеспейтін адам болмайды» қағидасына үйрету!

  • Болашаққа бейімдеу;

  • Дамыта оқыту;

  • Жеке ғана емес, әлеуметтік ойлау қабілетін дамыту!

Дарынды балалар” бағдарламасының жұмыс бағыттары:

І.Дарынды балаларға арналған қосымша оқу бағдарламаларын, тест тапсырмаларын  және  түрлі бақылау жұмыстарының мәтіндерін дайындау.

ІІ. Диагностика жүргізу.

ІІІ. Дарынды балалардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыруда жағдай туғызу.

ҮІ. Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Ү.Дарынды балалардың шығармашылық дамуының негізгі көзі-ынталандару іс-шараларын өткізу.

ҮІ.“Дарынды балалар” мәселесі  бойынша мұғалімдермен ғылыми-әдістемелік іс-шаралар ұйымдастыру.

Жас өркеннің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу мұғалімнің басты парызы. Оқу-тәрбие үрдісінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы мүмкін. Мұғалім оқушы өзгешеліктеріне зер сала білуі керек. Мұғалімнің жеке бір шығармашылық табысы болса тіпті жақсы. Мысалы, орындаушылық, сурет өнері, музыкадан.

Дарынды балалармен жұмыс барысында мұғалім әр қырынан көрінуі шарт. Алдымен кәсіптік қабілетіне талап қойылады.

1.Бақылау жүргізу қабілеті. Анықтауда тест,бағдарлама құра білуі.

2.Диагностикалық тексерулерден алған қорытындылар бойынша баламен жұмыс істеу бағдарламасын құра білуі.

3.Оқу бағдарламаларын қажетіне қарай өзгерте білу.

4.Оқушының икем бағытын нақты ажырату, оған ықпал ету жолдарын сәтті талдауға ептілік.

5.Арнайы оқу жоспарымен жұмыс істеуі.

6.Сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарылығы.

7.Ата-аналармен байланыс жасауы және кеңес бере білуі.

Мұғалім оқыту барысында кездесетін терминдермен, ұғымдармен таныс болуы керек. Өз мүмкіндіктеріне үнемі баға бере білсе, өзінің әлсіз, күшті жақтарын үнемі ескеріп отырса дұрыс болмақ.

Сонымен, «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілет дарынын ашу мұғалімнің міндеті. Өйткені, дарынды балалар ертеңгі Егеменді еліміздің өркендеп дамуына, заңғар болашағына жарқын жол ашатын бірден бір байлығымыз. Бүгінгі таңда дарынды тұлғаға өз елінің, туған жерінің қарқынды дамуына қомақты үлес қосатын үлкен жүк, үміт артылып отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта дарынды оқушыларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеп, дер кезінде айқындау- білімді де білікті психолог маманның ерекше мол тәжірибесі мен шығармашыл педагогтың еншісіне келіп тірелетіні айғақ.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1,Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы.-Алматы,2001.

2.“Қазақстан -2030” бағдарламасы.

3.Битуова Т.Р. Қазақстандағы дарындылық мәселесі бойынша инновациялық-педагогикалық қызмет.-Астана-2005

4.Испусинова С.Б.,Битуова Т.Р. Дарынды балалар Қазақстан Республикасындағы үздіксіз білім берудің ұлттық моделі контексінде.-Астана-2006


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫ?ТАУ Ж?НЕ ?ЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ»

Автор: Кайболдиева Нургул Жумакелдыевна

Дата: 18.06.2016

Номер свидетельства: 335198


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства