kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Б?гінгі ?стаз?а ?ойылар талап – о?ушыны ?мірлік да?ды?а бейімдеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мемлекетіміз тарапынан  білім саласына б?лініп жат?ан ?аржы ?лесіні? мол екендігі де, о?ан артылар ж?к салма?ы да ауыр екендігі осы кезде баршамыз?а м?лім. Білім саласыны? ?ызметкерлері т?рма?, болаша?ынан ?міт к?ткен ?рпа? т?рбиелеп отыр?ан ?рбір азамат та б?гінгі та?да баласыны? ?андай ба?ытта, ?андай де?гейде білім алуы керек екендігін ба?амдап ?ал?ан.  Олай болса, м??алімдерді? жа?аша ??рылымда?ы білім ж?йесіне, жа?аша ?діс-т?сілдерге ?ырын ?арауы орынсыз. Оны? ?стіне осындай жа?ашылды? ?рдісті де?гейлік біліктілікті арттыру курсынан ?тіп келгендер ?ана ендіруі міндетті деген жал?ан т?сінік те ?алыптасып отыр?анды?ы жасырын емес. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Б?гінгі ?стаз?а ?ойылар талап – о?ушыны ?мірлік да?ды?а бейімдеу »

Шымкент қаласы Ы.Алтынсарин атындағы

№65 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Н.М.Сұлтанбеова


Бүгінгі ұстазға қойылар талап – оқушыны өмірлік дағдыға бейімдеу


Мемлекетіміз тарапынан білім саласына бөлініп жатқан қаржы үлесінің мол екендігі де, оған артылар жүк салмағы да ауыр екендігі осы кезде баршамызға мәлім. Білім саласының қызметкерлері тұрмақ, болашағынан үміт күткен ұрпақ тәрбиелеп отырған әрбір азамат та бүгінгі таңда баласының қандай бағытта, қандай деңгейде білім алуы керек екендігін бағамдап қалған. Олай болса, мұғалімдердің жаңаша құрылымдағы білім жүйесіне, жаңаша әдіс-тәсілдерге қырын қарауы орынсыз. Оның үстіне осындай жаңашылдық үрдісті деңгейлік біліктілікті арттыру курсынан өтіп келгендер ғана ендіруі міндетті деген жалған түсінік те қалыптасып отырғандығы жасырын емес. Мұндай курста білім беру жекелеген мұғалімдерге ғана бағытталмаған. Сындарлы оқытудың қыр-сырына қаныққан әрбір оқытушы өз ортасында, өз ұжымында өзінің алған білімін әріптестерімен бөлісуге, үнемі іс-тәжірибе алмасып отруға міндеттеледі. Олай болса, ұжымдағы барша ұстаздар қауымы осындай мұғалімдерден үйренуге, өздерінің олқы тұстарын толықтыруға арланбауы тиіс деп ойлаймын. Ең бастысы, бағдарлама бағыттап берген арнадан ауытқып кетпей, әлемдік білім деңгейіне межеленген бағдарды бетке ұстап отырсақ болғаны. Соңғы кездері мектептерде көрініс тауып отырған жаңашыл әдіс-тәсілдегі түрлі іс-шаралар бастамалары, әрине, көңіл қуантады. Алайда, бұл бастамаларға тек қана ұстаздар емес, мектеп әкімшілігі тарапынан де үлкен қолдау қажет. «Жалғыз үй қала болмас, жалғыз ағаш пана болмас» демекші, білім жүйесіндегі түбегейлі өзгерісті ендіруге санаулы мұғалімдердің шамасы келмейтіні боса да белгілі. Ендеше, тамырын тереңге жаңа жібере бастаған балғын бәйтеректей бой көрсеткен жаңа бастаманың бой көтеруіне баршамыз бірлесе отырып үлес қосқанымыз жөн. «Жаңалық дегеніміз – жақсы ұмытылған ескіліктің көрінісі» деген орыстың мақалы бар емес пе, сол айтпақшы, бүгінгі білім берудегі жаңашылдық дегеніміздің өзі өзіміз сандаған жылдар бойы қолданып келе жатқан әдіс-тәсілдерден алшақтап кеткен жоқ. Тек сол әдістерді келмеске кеткен кеңестің дәуірдегідей жаттанды білім беру жүйесіне емес, оқушының алғанын өміріне жаратуға бағыттауымыз керек. Яғни, мұғалімнің рөлі білім беруші емес, білім алуға бағыттаушы екендігін түсінуіміз қажет. Мұнда сабақ үдерісіндегі белсенді мүше оқушы болмақ.

Әрине, білім жүйесіне реформа енгізу аз ғана уақытта жүзеге аса салатын оңай шаруа емес. Ол мұғалімнің қаншама уақыты мен күш-жігерін, қаншама ізденісі мен тәжірибесін талап етеді. Өз басым курсты аяқтап келгеннен бергі аз ғана уақыттың ішінде бірталай жетістіктерге қол жеткіздім деп айта аламын. Мұнда мен байқау немесе сайыстарда жеткен жүлделерді айтып отырғаным жоқ, жалпы сабақ басырысында оқушымен жұмыста жеткен табыстарымды меңзеп отырмын. Ең алдымен, сыныпта топтық жұмыстарды қолдану арқылы ұжымдық бірлескен жұмысты ұйымдастыра алдым. Бастысы, қарапайым, оңай нәрседен күрделі, қиын жаққа сатылап көтерілуді ұмытпау керек. Бұған мен шетелдік әріптестерімнің зерттеу іс-тәжірибесін оқи отырып көз жеткіздім. Бүгінде оқушыларым тақырыпты өз бетінше меңгеруге, берілген сөздерге лайықты тақырып тауып, сол сөздерді тақырыпқа негіздеп орынды қолдана отырып, мәтін құрауға біршама төселіп қалды. Бұрындары анықтаманы жаттап айтып, оны келесі сабақта ұмытып қалушы еді, бүгінде өздері орындаған тапсырмаларын еске ала отырып кез келген сәтте өздері анықтаманы құрап айта алатын болды. Жаңа тақырыпты сыни тұрғыдан зерделей отырып, өз ой-пікірлерін ортада білдіруге де бейімделді. Осы орайда айтарым, кейбір мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау дегенді әрбір түсінікке сынай қарап, оның дұрыс және бұрыс жақтарын анықтау деп түсінетіндігі. Бұл түсінік дұрыс емес, сыни тұрғыдан ойлату - оқушының тақырыпты өз санасынан сараптай өткізіп қабылдауы деген сөз. Әрине тәжірибелі ұстаздың тиімді түрде түсіндірген тақырбын кез келген оқушы жақсы қабылдап, түсіне алады, алайда ол түсінік уақыт өте келе ұмытылады. Ал өз тарапынан еңбектену арқылы қабылдағын түсінік оның есінен ешқашан да кетпейді. Сол үшін оқушының мүмкіндігіне шектеу қоймай, оның дұрыс не бұрыс пайымдауының барлығын да қыбылдап, оған дұрыс бағыт-бағдар беруде шыдамдылық таныта білгеніміз жөн. Жаңашыл бағыттың ұсынатын жаңалығы көп, оның бәрін бір сәтте меңгере қоямын деу артықтық болар. Сол әдіс-тәсілдерді там-тұмдап болса да, өзіне қажеттісін, тиімдісін іс-тәжірибеде үздіксіз қолданып отырсақ, түбі жақсы нәтижеге қол жеткізеріміз анық. Ендеше, іске сәт, әріптестер.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Б?гінгі ?стаз?а ?ойылар талап – о?ушыны ?мірлік да?ды?а бейімдеу

Автор: Султанбекова Нуржамила Мусаевна

Дата: 08.03.2015

Номер свидетельства: 183387


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства