Бір ?ріптеске т?лімгерлік ету ?дерісіні? сараптамалы? есебі
Бір ?ріптеске т?лімгерлік ету ?дерісіні? сараптамалы? есебі
берілген т?лімгерлік ?дерісі туралы есепте т?лімгерлік ету бойынша жасал?ан ж?мыстар туралы толы? сараптама жасал?ан. кембридждік т?сіл бойынша о?ытуда?ы т?лімгерлік ж?мысты ?йымдастыру, оны? ерекшеліктері туралы баяндал?ан.
Екінші де?гей ба?дарламасыны? ерекшелігі – осы ба?дарлама идеяларын тек ?зі? ?ана ме?геріп ?оймай, ?зі?ні? ?ріптесі?е де ?йрете отырып,т?жірибесінде ?згеріс жасауына ы?пал ету болып табылуында. Т?лімгерліктегі басты ?станым ?ызмет емес, ?арым – ?атынас болып табылады, оны? барысында т?лімгер объективті ты?даушы ж?не ба?ыттаушы болады.Т?лімгер т?лімгерлік ?дерісіне ?зіні? т?жірибесін ?лес етіп ?оса отырып, бір?атар міндеттер орындайды:
т?лім алушылар?а м?мкіндіктер мен проблемаларды ?арау?а м?мкіндік береді;
Просмотр содержимого документа
«Бір ?ріптеске т?лімгерлік ету ?дерісіні? сараптамалы? есебі »
Аманбаева Айжан Шакировна Мұғалім портфолиосы Есеп С
7-топ 2-деңгей
Алматы қаласы
Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы сараптамалық есеп
Екінші деңгей бағдарламасының ерекшелігі – осы бағдарлама идеяларын тек өзің ғана меңгеріп қоймай,өзіңнің әріптесіңе де үйрете отырып,тәжірибесінде өзгеріс жасауына ықпал ету болып табылуында. Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес,қарым – қатынас болып табылады, оның барысында тәлімгер объективті тыңдаушы және бағыттаушы болады.Тәлімгер тәлімгерлік үдерісіне өзінің тәжірибесін үлес етіп қоса отырып, бірқатар міндеттер орындайды:
тәлім алушыларға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға мүмкіндік береді;
стратегиялық деңгейде өзінің ноу –хауымен алмасады;
тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі (Мұғалімге арналған нұсқаулық,80б).
Тәлімгерлік жүргізу кезінде осы міндеттерді, сенімділік,ортақтастық,шынайылық,адалдық сияқты қасиеттерді танытуды басшылыққа алдым.
Кембридждік оқыту тәсілі арқылы деңгейлік бағдарламалар курсының бірінші айын оқып келген соң өткізген кіріспе коучинг барысында тәлімгерлік жұмысты атап өттім.Кафедра меңгерушісі Жанкулова Майра Балғабайқызының және директордың оқу ісінің меңгеруішісі Баятова Бағила Балатайқызының ұсынуымен маған тәлім алушы ретінде Бекпатшаева Фариза Шалхарбайқызын бекітті.Фаризаның өзі зе қызығушылық танытып,өзін ұсынып, тәлім алушы етіп алуымды өтінді.Осы бағдарламаны үйренгісі келетіндігін, кәсіби шыңдалуына септігі тиетінін айтты.
Тәлім алушының түйіндемесі:
Мұғалім аты - жөні
Білімі
Бекпатшаева Фариза Шалхарбайқызы
Жоғары
Еңбек өтілі
4 жыл
Мамандығы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Санаты
екінші
Тәлімгерлік жұмысты бастаған соң,алдымен тәлім алушымды бағдарламаның идеяларымен таныстырдым.Содан соң мен «Мұғалімге арналған нұсқаулықты», С.Мирсеитованың «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»,А.Әлімовтың «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» деген еңбектерді оқуды ұсынып,бұл әдебиеттерді оқу арқылы өз сабағын жоспарлау жеңіл болатынын түсіндірдім.
Тәлім алушымның дәстүрлі сабағына қатысу барысында біз сабақтағы кедергі - оқушылардың дұрыс ұйымдаспауы екендігін анықтадық.4-сыныптан 5- сыныпқа келген оқушылар болғандықтан, іс –әрекеттері шашыраңқы,сабақтағы белсенділіктері төмен.Сабақ оқуға ынтасы жоқ біраз балалар бар екені байқалды.Бұл қиындықтан шығу жолы ретінде топтық жұмыс ұйымдастыру ұсынып,тәлім алушымнан келесі сабағын қалай жоспарлайтынын сұрадым. Бағдарламаның негізгі идеяларына қатысты біраз түсінік беріп,сабақты жаңаша жоспарлау бойынша кеңестік,қалай жоспарлау керектігін үйреттім,бірлесіп жоспарладық.
«Отбасының сүйікті істері» тақырыбындағы сабақта мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырып,сурет қиындылары арқылы топқа бөлді.Оқушылар біраз уақыт түсінбей топқа бөлінуде қиналды. Суреттерге байланысты бірнеше сұрақ қойылды.Оқушылар мүмкіндігінше жауап берді.Содан соң мұғалім «Отбасы» сөзін қалай түсінесің?Сүйікті іспен айналысу дегеніміз не?Сенің сүйікті ісің қандай?» деген кіріспе сұрақтар қою арқылы мұғалім оқушыларды тақырыпқа тартты.Балалар бір ауыз сөзбен жауап берумен шектелді. Мысалы: «футбол», «скрипка ойнау», т.б.Негізі жауап толық болуын талап етуі керек еді.Бірақ оқушылардың жас ерекшелігін ескерсек,бұл оқушылар мұғалімнің айтқанын түсініп,жауап беруге талаптанғанының өзі – еңбек деп бағалау керек.
Топ бойынша жұмысты сөздік жұмысын өткізу арқылы жүргізді. Оқушылар бірлесе отырып жаңа сөздермен сөйлем құрады.Топтар бір-бірінің жұмысын тексеріп,басбармақ арқылы бағалады.Мұғалім «Басбармақ» арқылы бағалауды оқушыларға түсіндіргенде, бағалаудың бұл түрі оларға қатты ұнады.Өткен сабақта бейқам отырған оқушылар аз да болса,топқа бейімделіп,ынтымақтастық қатынас орнай бастады.
Топ бойынша оқушылар мәтінді оқып,аударды. Мұғалім қателерін түзетіп отырды.Мұғалім осы мәтінмен жұмысты жақсылап ұйымдастыруы керек еді.Дайындығы аздау болды.Мәтінді берді де, жүргізілу тәсілін түсіндірмеді.Жаңа әдістерді пайдалана отырып,осы сәтті дұрыс ойластыру керек.Енді мен осы бағытта кеңес беріп,көмектесуге тырысамын.Оқушылардың сөздік қоры аз екені көрініп тұр.Ал оқушылардың сөйлеу дағдысын жетілдіру үшін сөздік қоры мол болуы керек.Мұғалімге сөздікпен жұмыс жасауға байланысты көмек қажет керек екенін анықтадым.Сабақты талдау кезінде мұғалімге осы проблеманы анықтауға байланысты сұрақтар қойдым.Сөздік жұмысын дұрыс ойластыруды айттым.Осы туралы ойланып келуді тапсырдым.
Топқа бөлу сыныптағы ахуалдың жақсаруына жақсы әсер етті. Балалар бір-біріне ақыл – кеңес айтып,«мынаны қате қылмай жаз» деген сияқты сөздер айтып,бір-бірін түзетіп жатты.Оқушыларды топқа бөліп оқыту - оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыратынына тағы да көз жеткіздім.
Мұғалім суреттер бойынша сөздік жұмысын «Қарлы кесек» әдісін пайдаланып,жақсы ұйымдастыра білді. Кейіннен сурет арқылы оқушылар әңгіме құрастырды.Сыныптағы жақсы оқитын алғыр оқушылар әңгімені жақсы құрады.Ал нашар оқитын оқушыларға көмек қажет болды.Сол себепті осы кедергіні жеңу үшін ролдік ойындар немесе басқа әдісті енгізуі керек еді.Келесі сабақта балаларға деңгейлік тапсырма қосуды ойластыруды ұсындым.
Сабақ бойынша талдауды тәлім алушының өзіне жасаттым. Тыңдап алып,сабақтың әр кезеңіне байланысты сауалдар қою арқылы кемшіліктерін анықтадық.Келесі сабақта болатын іс-әрекетке байланысты бірқатар сұрақтар қою арқылы мұғалімге көп ізденіп,әр тапсырманы жете ойластыру керектігін айттым.Алдағы сабақта АКТ-ны пайдалану,ойын элементтерін,ауызекі сөйлеу тілін дамытуға арналған тапсырмалар дайындау ұсынылды.Мұғалімнің осы сыныпқа байланысты айтатыны-сынып ауызша жұмыс істеуге дағдыланбаған,бұл сыныпты мұғалім бірінші рет алып отыр,әлі қыркүйектің басы,олар бір-біріне үйрене алмай жатыр,оның үстіне 5-сынып бейімделушілік кезеңнен өткен жоқ.Сол себептен біраз қиындықтардың бары рас.Бірақ «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші,тәлім алушым екеуміз екі жақтап, жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін.Себебі, жаңа әдіс –тәсілдерді бір күнде оқу үдерісіне енгізе салып,бірден нәтиже ала салу – мүмкін емес нәрсе.Ол үшін көп уақыт қажет және үзіліссіз еңбектену керек.
Келесі сабағында мұғалім балаларды қызыл дөңгелек,көк төртбұрыштар арқылы топқа бөлді.Балалар топқа оңай бөлінді. Бірақ әлі де болса шашыраңқылық бар.Оқушылар жинақтала алмай отырды.Ал музыкаға би билеу арқылы сергіту сәтін өткізгенде балалар би билеп, қызығып кетті.Сабаққа деген назарын аударуда,жұмыс істеуге деген бағытын қалыптастыруда сергіту сәтінің пайдасы мол болды.Мұғалім балалардан үй тапсырмасын сұраған кезде «Отбасының сүйікті істері» тақырыбы бойынша балалар сурет салып,әңгіме құрап келген,әр топтан 2-3 оқушы үй тапсырмасын оқыды.Өткен 2 сабақта үндемей отқан оқушы әп-әдемі қылып сурет салып келіп,әңгіме құрап келіпті.Демек, жаңаша әдістерді қолданудың нәтижесінің көрінісі осы болып тұр. Енжар отыратын бала енді-енді сабақта қол көтеріп,жұмыс жасай бастады.Мұғалім оқушылардың үй тапсырмасын басқа оқушыларға стикерлер арқылы бағалатты.
ЖИГСО әдісі арқылы мәтінмен жұмыс жасады.Оқушылар бұл әдіс бойынша бірінші рет жұмыс жасап тұрғандықтан,ұйымдасуы қиын болды.Мәтінге бойынша рөлдік ойындар берілгенде, суретші,әңгімелеуші,уақытты бақылаушы,бақылаушы,сұхбат алушы рөлдерін балалар тамаша орындап шықты.
Қатысқан сабақтарда байқағаным,әр топтан бір-бір топ басшы іріктеліп шықты,олар топтағы жұмысты басқарып отыр.Кез келген тапсырманы орындауда басшылық жасауда.Топқа бөліп,күнде топ мүшелерінің ауысып отыруының бір жақсы жағы – балалар ертеңгі күні осы топта топ басшы болуға талпынады.Стикерлер арқылы бір-біріне баға қою арқылы өздерін – өздері бағалау балаларға ұнады.
Сабақты қорытындылау ретінде мұғалім балаларға постер жасатқанда топ ұйымдасып,жақсы жұмыс істеді.Постерді қорғау кезінде жауаптары жақсы болды,өзінің ойын жеткізуге тырысты.Балалардың ең қызыққаны – постер жасау болды.
Кері байланыс доп лақтыру арқылы жүзеге асырылды.Балалар ойланып, бір-бірін қайталамай жауап беруге тырысты.Жалпы айтқанда,сабақта жақсы нәтижелер бар.Өзгеріс ретінде біз балалардың топқа бөліне білуге үйренуін,жаңа әдістер бойынша тапсырмаларды орындауын, өзін-өзі,бірін-бірі бағалауын атасақ болады.Балалардың бойында еркіндік,өзіне –өзі сенімділік қалыптасты,жауабы қате болса да, қорықпай айтуға тырысатын болды.Бірінші сабақта енжар отырған балалардың өзі жұмыс істеп,көзге көріне бастады. Міне, тәлім алушым еңбектеніп,аз да болса осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Тәлім алушы екеуіміз сабақ бойынша талдау жүргіздік,ортақ талқылау жасадық.Көбінесе мен оған өз қатесін өзі табуына мүмкіндік бердім.Тәлім алушым өзі – ақ мен мына жерде диалогті қосуым керек еді,мәтінмен жұмыс жасауда ЖИГСО әдісін ерте ойластырыппын,өйткені бұл әдісті өзім де жетік меңгерген жоқпын, СТО әдістерін бірден оқу үдерісіне енгізу қиын екендігін айтты. Келесі сабақ бойынша сұрақтар қойып,тағы да ойлану керектігін айттым.Тәлім алушымның оқу үдерісіне Кембридж тәсілін енгізу бойынша ойы мынадай болды: «Оқу үдерісіне жаңаша әдіс-тәсілдерді,7 модульді енгізу көп уақытты қажет етеді,жоспар жасауда,тапсырма дайындауда ұзақ уақыт отырамын,сабақ барысында кей тапсырманы орындауға уақытым жетпей қалады.Оның үстіне бұл СТО әдістерінің бір ерекшелігі - үнемі баланың логикасын керек ететіндігінде.Егер баланың логикасы жақсы дамыған болса,ол қиындықсыз тапсырманы орындай салады,ал дамуы,қабылдауы жай балалар түсінбей отыра береді.Бірақ топтық жұмыстар арқылы балалар ынтымақтасады да, шапшаң жұмыс істейтін балалар,баяу жұмыс істейтін балаларға көмектесуіне мүмкіндік жасайды». Тәлім алушым СТО әдістерін өзінің тәжірибесіне енгізудің қиын екендігін түсіне отыра,әлі де осы бойынша жұмыс жасайтынын айтты.
Тәлім алушымның әр сабағына қатысқан сайын сабақ соңында бірге талдап отырдық.Осы сабақтар барысында бақылау жасалды. Оқушылардың жұмыс істеуіне, жаңа әдістерді енгізуді оқушылар қалай қабылдады,оқу үдерісінің жақсаруына әсер еткендігіне көңіл бөлдім. Тәлімгерлік барысында бақылайтын мәселем әр күнгі сабақтың барысына қарай өзгеріп отырды.Бірақ басты мақсат сақталып отырды. Сабақтан соң ауызша,жазбаша, «Интервью алу парағы» кері байланысын ұйымдастырып отырдым.Кәсіби сұхбат әр сабақтан соң жүргізілді,соңғы сабақтың кәсіби сұхбаты бейнежазбаға түсірілді.Тәлім алушымның сабағы бейнежазбаға түсіріліп,соның негізінде талданып отырды.Әрбір бақылаудан кейін өзіме мақсат қойдым және тәлім алушыға да мақсат қоюды айттым.Соңында екеуміз бірігіп отырып,осы мақсатқа жету жолдарын іздеп,нәтижеге қол жеткіздік.
Мен тәлім алушымның қателігін көруге тырысқан жоқпын,керісінше қай жерді жақсартуға болатыны туралы ой салуға тырыстым,даму қағидатын қатаң ұстандым.
Тәлім алушы екеуміздің арақатынасымыз ілтипатты түрде жүргізілді.Тәлім алушым өзіне көп жаңа нәрсе алды,әдістемесін өзгертті,дәстүрлі жүйеден гөрі жаңа әдіспен сабақ жүргізудің тиімді екендігін түсініп,оқушыларын пәнін қызығып оқитын деңгейге жеткізді.Тәлімгерлік жұмыс барысында тәлімгер негізгі идеяларды түсінді,сабақ барысында соларды енгізуге ұмтылды.Жұмыс жасауға деген құлшынысы жақсы болды.Балаларға жаңа нәрсе үйретуге дайындалып жүрді.
Тәлім алушым сабақ жоспарын жаңа үлгі бойынша құруда аздап қиналды.Бірге жұмыс жасап,түсіндіргеннен кейін сабағын жоспарлап үйренді.Мұғалім әр сабағында оқыту үшін бағалауды,диалогтік оқытуды,топтық жұмыстарды,СТО әдістерін қолданып отырды.Кейінгі сабақтарында АКТ-ны пайдаланды.Соңғы екі сабағында дарынды балаларға арналған арнайы тапсырмалар қосты.Әр сабақта топ ішінде топ басшылар анықталып отырды.Тапсырмалар балалардың жас ерекшелігіне сай дайындалды.Өзі сабақ үдерісінде көшбасшы ретінде танылды.Міне, осылайша сабақтар топтамасына тәлім алушым екеуміз бағдарламаның жеті модулін енгіздік.Тәлім алушым өзінің әр сабағында жоспарлаған мақсатына қол жеткізді.
Өзімнің де тәлімгерлік жұмыс бойынша тәжірибем аз болғандықтан,бұл үдерістің қалай өткендігіне нақты баға бере алмаймын.Десек те,тәлімгерлік жұмыстың пайдасы көп екенін түсіндім. Себебі,алған теориялық білімімді тәжірибеде пайдалануда көп септігі тиді.Сондай – ақ өзгенің сабағына қатысу арқылы тәжірибе алмасуға көп мүмкіндік берілді,бір-бірімізбен еркін ой алмастық,қай әдістің тиімді,қайсысын қолдануға әлі ерте екендігі жайлы бірге талқыладық. «Үйрену мен есте сақтаудың ең тиімді әрекеті – басқаларды үйрету!» (Әлімов 43б) қағидаты арқылы мен үйренген білімімді тәлім алушыма үйрету арқылы өз кәсіби біліктілігімді,даярлығымды шыңдадым деп есептеймін.Осы тәжірибені қайталауға мүмкіндік болған жағдайда мен алдымен тәлім алушымның деңгейлік бағдарламаны оқып келген әріптестердің сабақтарына қатысып,әдістерді өзі терең түсініп алып,сосын өз тәжірибесіне енгізуді ойластырар едім.Болашақта тәлім алушыммен бірге жұмыс жасаймыз деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012 ж «Мұғалімге арналған нұсқаулық»
(3 басылым)
С. Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» ҚазОА, 2011
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012 ж «Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар»