kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Білімді ұрпақ ел болашағы " сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныптан тыс іс шара, Білімді ұрпақ ел болашағы 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Білімді ұрпақ ел болашағы " сайыс»

Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін, қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту. Ойлау, сөйлеу қабілетттерін шындау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.

Сабақтың түрі: танымдық ойын сабағы (ХХІ ғасыр көшбасшысы)

Пән аралық байланыс: тарих, қазақ тілі, әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі.

Барысы

Мұғалім: Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар!Бүгінігі жастар-халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп,есте сақтау қабілетін шындайтын,білімді жастарды анықтайтын,білімге қызығушылықтарын арттыратын «Ел болашағы білімді ұрпағында»атты сайысымызды бастаймыз.

Мұғалім: Білімді адам ешнәрседен қорықпайды,мазасызданбайды.әр уақытты да батыл.Өмірдің өзі адамды тірестірген,

Бірі жаңа,жарыстың бірі ескірген.

Айнала отырып ап иісі қазақ.

Азаматын өзара күрестірген

Сахна төріне бүгінгі сайысқа шығатын білімді тұлпарларымызды шақырайық.

Ойынды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Мұғалім: Ойынның барысына тоқталсақ, сайыс 9 кезеңнен тұрады.

Сайыс бағдарламасы

І. Таныстыру

ІІ. Ұрандары

ІІІ. «Бәйге» (оқушыларға сұрақтар қойылады)

ІV. «Өлең сөздің патшасы» (Қазақ ақындарының шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу)

V. «Тіл-өнер» (мақал-мәтел жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, қазақ

орыс, ағылшын тілінде жазады)

VІ. «Қасиетті жетілік»

(Тест сұрақтары беріледі.Таңдаған конверттің ішінде Қазақстан тарихынан 7 сұрақ, қазақ тілінен 7 сұрақ, қазақ әдебиетінен 7 сұрақ бар. Тест жүйесі бойынша орындап әділқазыларға тапсырады. Тексеріледі, ұпай саны анықталады)

VІІ. «Ділмар» (Бірнеше тақырыптар ұсынылады.Қалаған тақырыбы бойынша,яғни таңдаған кеспе қағазда қандай тақырып көрсетілсе,сол тақырып бойынша шешендік өнерін байқатады.Оқушының ой өрісі,тіл байлығы ескеріледі.)

Тақырыптар төмендегідей

а)Ана тілін ардақтайық

ә)Ауыл-алтын бесік

б)Мамандығым-мақтанышым

в)Менің анам

г)Тәуелсіз ел-мәңгілік ел

ғ)Денсаулық-зор байлық

ж) «Мектеп- кеме, білім-теңіз»

VІІІ. Өнерлінің өрісі кең (Сайыскерлердің өнер байқауы актерлік шеберлігін. көрсету.)

ІХ. «Жорға (Соңғы кезеңге ұпай саны көп оқушы шығады.)

Ескерту. Әр кезеңнен кейін оқушылардың ұпай саны хабарланып отырады.

Мұғалім: Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап,кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда.

Жолданады сайыскерлер сәлемі!

І кезең: «Салем-сөздің анасы»

Қатысушылар рет-ретімен өз танысуларын айтады.

ІІ кезең:

Қатысушылар ұрандарын айтады.

1-оқушы «Білімдінің күні жарық,білімсіздің күні қаріп»

2-оқушы «Атадан ұл туса игі,ата жолын қуса игі»

3-оқушы «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады»

4-оқушы «Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткер бол жеңіске»

5-оқушы «Ал, балақай,күш жинаудан қалыспа,

Содан кейін қыран болып қалықта»

6-оқушы «Достықта досқа жан тәнімен берілу,

өмірде сенімді тірек»

7-оқушы «Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды»

Ұпай сандары хабарланады.

ІІІ кезең: «Бәйге сұрақтары»

1. Қазақта жазба әдебиетінің негізін салушы (Абай)

2. Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы (Ыбырай Алтынсарин)

3. Қазақтың тұңғыш саяхатшысы (Шоқан Уалиқанов)

4. Қазақта тұңғыш тархан атағын алған батыр (Шақшақ Жәнібек батыр)

6. Ұрып соғатын қару (шоқпар)

7. Республикамыздың рәміздері (ту, елтаңба, әнұран)

8. Көне заттарды сақтайтын орын (мұражай)

9. Адам алғашқы құралды неден жасады? (тастан)

10. Қазақта тұңғыш эпопея жазған (М.Әуезов)

11. 100 жыл (ғасыр)

12. Сүйінбайдың ізін жалғастырушы,шәкірті болған ақын (Жамбыл)

13. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заңның қабылданған уақыты (1991ж.16 желтоқсан.)

14. Абайдың ас дарынды шәкірті (Шәкәрім Құдайбердиев)

15. Қасиетті тағам (нан)

16. Мұсылман діні (ислам)

17. «Жеті жарғы» заңдар ережесін кім шығарады? (Тәуке)

18. Адам алғашқы құралды неден жасады? (тастан)

19. Грек авторлары «Азиялық скиф» деп атаған тайпалар (сақ тайпасы)

20. Орта ғасырда Түркістан қаласы қалай аталады? (Йассы)

21. «Жеті жарғы» заңдар ережесін кім шығарады? (Тәуке)

Әр баланың ұпай саны есептеледі.

ІV кезең: «Өлең- сөздің патшасы»

Мұғалім Абай атамыз былай деген еді

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

Бұл кезеңде сайыскерлеріміздің мәнерлеп өлең оқу шеберлігін бағамдаймыз.

1 Т.Айбергенов «Ана»

2.М.Мақатаев «Жылдарым,менің жылдарым»

3.І.Жансүгіров «Аттың азалы әні»

4.М.Шаханов «Төрт ана»

5.С.Сейфуллин «Көкшетау поэмасынан үзінді»

6.Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын»

7.М.Райымбек «Ар»

Vкезең:«Тіл өнері»

(Мақал-мәтелдегі орнынан түсіп қалғансөздер қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде айтылады)

1.Ауылдан асқан байлық жоқ (кітап-книга-book)

2. Талапсыз жас, қанатсыз не? (құс-....-..)

3.Кім қылығымен көркем? (қыз -...-...)

4.Бас кеспек болса да,не кеспек жоқ. (тіл-....-....)

5.Көңілдегі сырды не білдіреді? (көз-...-...)

6.Білім-теңіз, не кеме? (мектеп-...-...)

7.Отансыз кім-ормансыз бұлбұл (адам-..-....)

8.өнер алды қандай тіл? (қызыл.---..-.-)

9 Көсем ел бастар,шешен не бастар? (сөз -.-.-.)

10 Кімнің көңілі балада? (ана -...-...)

Әр баланың ұпай саны есептеледі)

VІ кезең: «Қасиетті жетілік»

Қазақ халқында жеті саны киелі деп есептеледі.Аптада жеті күн бар.Көкті жеті қабат,жерді жеті қат десе, көшпенділер ұғымында күннің өзі бөлікке бөленген.Білімдар кісіні «жеті жұрттың тілін білген»дейді. Біздің сайысымызға қатысып отырған ұландарымыздың да саны –жетеу. Ендеше осы жеті оқушымызға қазақ тілі, әдебиет, Қазақстан тарихынан 7 сұрақтан беріледі. (21 сұрақ) әр оқушы тақтада тұрған аузы жабық конверттерді таңдап алады, ішіндегі тест сұрақтарын белгілеп,әділқазыларға ұсынады,жауап оқылады, жүргізуші дұрыс-бұрыстығын дауыстап оқиды.

Мысалы қазақ тілінен төмендегідей

1.Есім сөзден жұрнақ арқылы жасалып тұрған туынды сөзді көрсет.

а)төзім

в)үлкен

с)шашпа

д)шолақтау

е)денелі

2.Дерексіз зат есімді белгіле

а)қағаз,дәптер

в)бала,ата

с)ақыл,ой

д)үй,көше

е)тау,орман

3.Шығыс септегіндегі өздік есімдікті көрсет.

а)өзімде

в)өзіміздің

с)өзіммен

д)өзімнен

е)өзіме

4.Сөйлемнің қай стиль түріне жататынын анықта.Туу,ит-ай...сонша ұмытпай жүр бәрін.

а)көркем әдебиет стилі

в)публицистикалық

с)іс-қағаздар стилі

д)ғылыми стиль

е)ауызекі сөйлеу стилі

5.Драмалық шығармалардағы ремаркаларғақандай тыныс белгісі қойылатынын көрсет.

Амангелді.Миша!Жайнаққа.Әкет машиналарыңды!

а)үтір

в)жақша

с)қос нүкте

д)сызықша

е)тырнақша

6.Бірігу арқылы жасалған жұлдыз аттарын көрсет

а)Мырзашөл,қосаяқ

в)Атауыз,Алакөл

с)Қаражорға,Есекқырған

д)Жетіқарақшы,ұлтабар

е)Ақбозат,Темірқазық

7.Көп мағынаға ие бола алатын сөздіә көрсет.

Ол-сыныбымыздағы мінезі ауыр жігіт.

а)ауыр

в)мінезі

с)ол

д)жігіт

е)сыныбымыздағы

Қазақ әдебиеті

1. «Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең...»

Үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?

а) «Ғылым таппай мақтанба»

в) «Өлең сөздің патшасы»

с) «Құлақтан кіріп бойды алар»

д) «Біреудің кісісі өлсе,қаралы ол»

е) «Көңілім қайтты достан да,дұшпаннан да»

2 М Жұмабаевтың поэмасын көрсет

а) «Айт»

в) «Батыр Баян»

с) «Кім жазықты»

д) «Қазақ»

е) «Рабиға»

3. Г.Потанин кіммен бірге оқыды

а)Ахмет Байтұрсынов

в)Сұлтанмахмұт Торайғыров

с)Абай Құнанбаев

д)Шоқан Уалиханов

е)Ыбырай Алтынсарин

4. М.Әуезовтың 1917 жылы жарық көрген тырнақ алды мақаласының аты.

а) «Философия жайынан»

в) «Ғылым»

с) «Адамдық негізі-әйел

д) «Оқу ісі»

е) «Мәдениет һәм ұлты»

5 VІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын,күйші,аңыз кейіпкері.

а) С.Сарай

в) Ж.Баласағұн

с) М.Қашқари

д) А.Иассауи

е) Қорқыт

6 «Аяз би»ертегісіндегі бас кейіпкердің есімі

а) Мадан

в) Жаман

с) Зерлі хан

д) Жүсіп

е) Кендебай

7.Атасы Балқожа бидің немересі Ыбырайға жазған өлеңінің аты қалай аталады.

а) Жазған жоқ

в) «сегіз аяқ»

с) «Бес нәрседен қашық бол»

д) «Үміт еткен көзімнің нұры,балам»

е) «Арман»

Қазақстан тарихы

1.Ұйғыр халқының музыка өнері,әні мен биі жөнінде құлды ой пікірлер

қалдырған ғалым саяхатшы

а) Г.Потанин

в) Ш.Уалиханов

с) Е.Бутаков

д) П.Семенов

е) А.Левшин

2.Арман шинельдеріне арналған шұға берген фабрика.

а)Қарғалы

в) Шымкент

с)Қарағанды

д)Қарқаралы

е) Қостанай

3.1930-1932 жылы еліміздегі жаппай етек алған жағдай.

а)діни негіздегі қарама-қайшылық

в)экономикалық дағдарыс

с) саяси дағдарыс

д) қаржы дағдарысы

е) ашаршылық

4.Андроновтықтарда қыш ыдыстар жасаумен көбінесе айналысқан.

а)тек еркектер

в) құлдар

с)әйелдер

д) өз ісінің шеберлері

е) жатжұрттықтар

5. Қазақтың инжинер-геологы,белгілі ғалым.

а) В.Шатов

в) Қ.Сәтбаев

с) Н.Тимофеев

д) И.Гупкин

е) Н.Нұрмақов

6.1930 жылы жаппай ұжымдастыруға қарсы халық наразылығының

Ірі ошағына айналған округ.

а)Қарқара

в) Семей

с) Балқаш

д) Ақмола

е) Ырғыз

7.Алтын ордада 15 жылдай билік жүргізген Ноғай билеушісі.

а) Мұса мырза

в) Нұраддин

с)Уаққас би

д) Едіге

е) Жаңбыршы

Алған ұпай сандары есептеледі, хабарланады.

VII кезең :«Ділмар» (Ережесі еске түсіріледі)

Оқушы үстелдің үстіндегі кеспе қағазды таңдайды. Қай тақырып өзіне түссе,

сол тақырып бойынша сөйлейді.

VIII кезең: «Өнерлінің өрісі кең»

(Оқушының актерлық шеберлігін анықтау)

Өнерлі де әсемпаз кең өрісті,

Жүрегі-айна,көңілі ояу келісті.(ұпай сандары есептеледі.

IX кезең: «Жорға» (Бұл сайысқа 2 оқушы ғана қатысады)

1-оқушыға: 1 Репрессия құрбандарын еске алу күні (31-тамыз)

2 Теңіз құсы (шағала)

3.Шешендіктану (риторика)

4. «бөтен» сөзінің синонимі (жат)

5.Шөл кемесі (түйе)

6.оптикалық прибор (микроскоп)

7.Сауат ашатын кітап (әліппе)

8.Абылай ханның лақап аты (Сабалақ)

9. Мұсылмандардың қасиетті кітабы (құран)

10.Жасанды арна (канал)

11.Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталған жылы. (1914)

12.Қара сөзбен жазылатын әдеби жанр (проза)

13.Шешендіктің түрлері (Әлеуметтік-саяси,сот ісіндегі шешендік,діни шешендік,әлеуметтік-тұрмыстық,академиялық шешендік)

2-оқушыға: 1. «Қарлығаш би» атанған адам (Төле би)

2.Сәкеннің романы («Тар жол,тайғақ кешу»)

3.Атилла кім?(Ғұндардың билеушісі)

4. Шешендік сөз (ораторство)

5.Би падишасы (Шара)

6.Қан тоқтатын элемент (йод)

7.байланыс аппараты (Телефон)

8.Мұсылмандардың діни ғимараты (мешіт)

9. Жамбыл мен Құлмамбет айтысы қай жылы өтті (1881 жылы)

10.Шөлмек ыдыстың қақпағы (тығын)

11.II дүниежүзілік соғыс қай жылы басталды? (1939жылы)

12.Жерді қоршап тұрған газ қабаты (атмосфера)

13.Қазақ шешендік өнерінің даму тарихы неше кезеңге бөлінеді. (3 кезең)

а) XI-XIIIғ –Майқы, Аяз би

ә) XIV-XVI ғ –Асан қайғы, Жиренше

б) XVIII ғ.-Төле, Қазыбек, Әйтеке

Мұғалім: Осымен сайыстың шарттары аяқталады. Әділқазылар алқасы жалпы ұпай санын есептегенше «Көрермен көзайымы»жанкүйерлер өнерін тамашалайық.

Мұғалім: Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,

Оған да үкі, тұмар тағылса да,-дегендей, сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Жеңімпаз марапатталады.

Қорытынды.

Мұғалім: Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Білімді ұрпақ ел болашағы " сайыс

Автор: Актоты Амировна Дуйсембаева

Дата: 29.03.2022

Номер свидетельства: 603659

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ел тірегі білімді ?рпа? "
    ["seo_title"] => string(27) "iel-tirieghi-bilimdi-u-rpak"
    ["file_id"] => string(6) "157688"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421638930"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) ""Т?уелсіз ел тірегі- білімді ?рпа? " атты сыныптан тыс шара. 4-сыныптар"
    ["seo_title"] => string(60) "tuielsizieltirieghibilimdiurpakattysynyptantysshara4synyptar"
    ["file_id"] => string(6) "315741"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459947638"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "«Болаша? ?рпа? – білімді ?рпа?»"
    ["seo_title"] => string(25) "bolashakurpakbilimdiurpak"
    ["file_id"] => string(6) "321928"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461438985"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "ел болаша?ы-білімді ?рпа?"
    ["seo_title"] => string(31) "iel-bolashag-y-bilimdi-u-rpak-1"
    ["file_id"] => string(6) "319677"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1460916619"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) ""Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз""
    ["seo_title"] => string(39) "t_uielsiz_ieldin_bilimdi_u_rpak_tarymyz"
    ["file_id"] => string(6) "395064"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487881517"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства