kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

БІЛІМ БЕРУ Ж?ЙЕСІНДЕ ?ОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ? МА?ЫЗЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

БІЛІМ БЕРУ Ж?ЙЕСІНДЕ ?ОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ? МА?ЫЗЫ

 Білім беру – аса к?рделі ?леуметтік-экономикалы? механизм.  ?о?амны? дамуына ?арай  білім беру ж?йесіне білім мазм?ны жа?а ?рдістік ж?йелерімен, а?параттарды ?абылдау – ?абілеттеріні? дамуымен, ?ылымда?ы шы?армашылы? ж?не нары? жа?дайында?ы білім беру ба?дарламаларыны? на?тылануымен байи т?суде. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«БІЛІМ БЕРУ Ж?ЙЕСІНДЕ ?ОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ? МА?ЫЗЫ»

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ


Дәрібай М.Т.


«№25 ЖББОМ» КММ

Қарағанды қаласы



Білім беру – аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Қоғамның дамуына қарай білім беру жүйесіне білім мазмұны жаңа үрдістік жүйелерімен, ақпараттарды қабылдау – қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде.

Сабақ - қазіргі мектептегі оқытуды ұйымдастырудың басты түрі болып табылады. Сабақтар белгілі бір жүйелілікпен қойылады, оқушылардың деректерді қабылдауын жоспарлылығын, жүйелілігін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты сабақтан тыс уақытта да білім беру маңызды. Бүгінгі таңда бұл үшін сыныптан тыс оқыту, үйірме, факультатив, ғылыми-ізденушілік жоба сабақтары білім беру жүйесінде қосымша білім беру түрінде қарастырылған. Қосымша білім беру сауатты, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі. Балаларға қосымша білім беру - үздіксіз білім берудің ажырамас бөлігі, шығармашыл, дарынды балаларды анықтап және оларды дамытуға бағытталған көп деңгейлі білім жүйесі. Балаларға қосымша білім берудің өзектілігі балалардың өзін-өзі кәсіби деңгейде ұстауға, мектептің базалық компонентінде алынған олардың білімін, күшін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сабаққа деген қызығуды мұғалім сабақ жүргізу үстінде тудырса, ал жүйелі түрде қосымша білм беру барысында бұны одан әрі дамытуға себепші болады.

Алдымен қосымша білім беруді ұйымдастыру және оны өткізудің әдістемелік негіздері мынада екенін ескерген жөн:

  • Қосымша білім беру оқушылардың сабақта алған білімдері мен дағдылар негізінде ұйымдастырылады.

  • Қосымша білім беру оқушы белсенділігінен басталып, олардың жеке қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта жүргізілуі тиіс.

  • Қосымша білім беру оқушыларды қызықтыру мақсатын көздеуі тиіс.

Оқушы сыныптағы сабақ үстінде ғана білім алып қоймайды, қосымша білім беру арқылы да білімін толықтырады. Мектептегі сабақ барысы қалыпты белгілі бір жүйелілікпен өтеді, ал қосымша білім беру барысында мектеп қабырғасынан тыс жерде, яғни саяхат, ақын-жазушылармен кездесу, радио-телеорталықтарға экскурсия, әдеби-музыкалық кештер сияқты түрде жүзеге асса балалардың қызығушылығы арта түспек. Бүгінгі жас ұрпақтың жаңа технологияларды танып білуге деген құштарлығы өте жоғарғы деңгейде. Қосымша білім беру барысында баланы қызықтырып қана қоймай, алып отырған ақпаратты өмірде практикалық тұрғыдан қолдануға қалыптастыру керек. Сондай-ақ қосымша білім беру балаларға эстетикалық дене шынықтыру тәрбиесін беруге, олардың демалуын ұйымдастыруға, бос уақытын мәдени жұмыстармен өткізуге зор мүмкіншілік туғызады. Қосымша білім берудің негізгі мақсаттары мынадай:

  • өткен мағлұматтарын бекіту, нығайту;

  • оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету;

  • оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мен жазбаша және ауызша тілін қоса дамыту;

  • оқушыларға тілдік орта жасау, зерттеу, іздену жағдайын туғызу арқылы оқушылардың сөйлеуіне толық жағдай жасау;

  • оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу белсенділігін арттыру, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Қосымша білім беру оқушылардың қызығуы, сұранысы, ұнатуы негізінде ұйымдастырылатын болғандықтан, ол оқушының белсенділігін күшейтеді, сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

Қосымша білім беруде жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар бар. Олар:

  • оқушының жас мөлшеріне лайықты болуы керек;

  • оқушының білім деңгейіне сәйкес ұйымдастырылуға тиісті;

  • оқушының сабақта алған біліміне лайықты болуы қажет;

  • оқушыны жалықтырмайтын, шаршатпайтын мерзімде өткізілуге тиісті;

  • белгілі жоспармен жүйелі түрде жүргізілуі керек;

  • оқушының физиологиялық және психологиялық жағдайын ескерілуі керек.

Жақсы ұйымдастырылған және жүйелі түрде өтетін қосымша білім беру, біріншіден, сабақта алған оқушылардың білімін бекіте түссе, екіншіден, түсінікті тереңдетіп, оларды сабақта өтілмеген, бірақ ойлау және сөйлеу тәжірибесіне өте қажет мәселелермен таныстырып өтеді. Сөйтіп оқушылар мүғалім мен қоршаған ортаның көмегі арқасында білім деңгейіне сай сөйлеп үйренеді. Мұғалім сабақ үстінде оқушыларды қызықтырып жүрген мәселелерді қамтып үлгере алмайды. Мұның барлығын қосымша білім беру үстінде ұйымдастыруға болады. Мектеп бағдарламасында берілетін теориялық білімді қосымша білім беру барысында практикалық түрде жүзеге асыру өте маңызды. Мектеп оқушыларының қандайда тақырыпты өту барысында оның қандай қажеттілігі бар деген сауалға тоқталып жататыны бар. Оқушысы санасы ауызша айтылған ақпараттан қарағанда көзбен көрген, өзі соны жүзеге асырып көрген іс-әрекетті жақсы сақтайтыныны анық. Практикалық түрде жүзеге асқан процеске оқушы өздігінен ізденіп, белсенділік танытады.

«Мектеп – білім тірегі, Ұстаз – оның жүрегі» демекші негізгі және қосымша білім беру ұстаз іс-әрекетінің көрінісі. К.Д.Ушинский «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады» демекші, мұғалім жаңа технологияларды меңгере отырып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді ұштастыру арқылы сапалы білім беруді және білімді әрі қабілетті ұрпақ қалыптастастыруды мақсат етуі қажет.

Оқушы білімінің толысуына, яғни оқушы білімін арттыруға қосымша білім берудің алатын орны ерекше. Қосымша білім беру барысында тек білім беріп қана қоймай, тәрбиелеу қажет. Қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу және қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру қажет. Әл-Фараби: «Тәрбиесіз қолға білім салма» десе, Ахмет бабамыз: «Ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек. Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет, тәрбиелі білімдар... Міне адам! Міне тұлға!» деп тәрбиесіз берілген білімнен ешқандай пайда жоқтығын баса көрсеткен. Біз осы кағидаларды жадымызда ұстауымыз керек. Ең алдымен, таза жанды, иманды, арлы, намысты, ұлты мен ұлттық құндылықтарды сүйетін тұлға тәрбиелеуге ұмтылуымыз керек. Жан-жақты әрі бағытталып берілген білім мен тәрбие ғана бүгінгі жаһандану дәуірінде бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастырады. Осының негізінде білім беру жүйесіндегі бағдарламалар мен жобалардың нақты көрінісі көрінбек.

Әдебиет:

  1. Асқарбаева А. Сыныптан тыс оқыту методикасы. Алматы, 1992. – 112 б.

  2. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы //http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008565

  3. Қалиев Ғ., Исаев С., Қосымова Г., Дәулетбекова Ж. Бағдарламалар. Қазақ тілі (жалпы орта білім беретін 5-7- сыныптарына арналған). – Алматы, 2003.

  4. Педагогикалық ізденіс. – Алматы: Рауан.1990.

  5. Түрікпен-Ұлы Ж., Мұздыбаева Б. Тәрбие психологиясы: оқу құралы. – Алматы, 2008-144 б.

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
БІЛІМ БЕРУ Ж?ЙЕСІНДЕ ?ОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ? МА?ЫЗЫ

Автор: Д?рібай М?лдір Т?раш?ызы

Дата: 19.01.2016

Номер свидетельства: 279422


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства