Білім беруде Кембридж т?сілдерін ?олдануды? тиімді жолдары
Білім беруде Кембридж т?сілдерін ?олдануды? тиімді жолдары
Білім беруде Кембридж т?сілдерін ?олдануды? тиімді жолдары
?азіргі заман?ы білім беру ж?йлерінде ж?ріп жат?ан трансформациялы? ?згерістер м??алімдерді? ?ана емес, сонымен бірге білім беру ?йымдары басшыларыны? да к?сіби дамуыны? т?жырымдылы? негіздерін ?айта ?арап, ?айта т?йсіну ?ажеттігін к?рсетіп отыр.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Білім беруде Кембридж т?сілдерін ?олдануды? тиімді жолдары»
Білім беруде Кембридж тәсілдерін қолданудың тиімді жолдары
Қазіргі заманғы білім беру жүйлерінде жүріп жатқан трансформациялық өзгерістер мұғалімдердің ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымдары басшыларының да кәсіби дамуының тұжырымдылық негіздерін қайта қарап, қайта түйсіну қажеттігін көрсетіп отыр.
Әлемдегі жаһандану үдерісіне бірінші үлес қосатын, өмірін ізденіспен өткізетін педагогтер. Міне біздің де «Әлем өзгеруде, бізде өзгереміз» деген ұранды ұстанып ,жаңа форматты ұстаз болу үшін Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі-педагог кадрлардың біліктілігін арттырудағы білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру және құрылымдық жүйелерінің әрекеттестігі мен өзара тиімділігін арттыруда Кембридж Университеті мамандарының Қазақстан педагогтарына арнайы ұйымдастырған Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін елімізге енгізу үлкен жетістік болды. Қазақстан Республикасының орта білім беретін ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курста сертификатталған соң; мектептің оқу-тәрбие жұмысын жаңаша ұйымдастыруды қолға алып отырмын. Үздік әлемдік педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде жасалған Бағдарламаны игере отырып , мектебіме өзгерістер енгізуді мектепті дамыту бағдарламасын құрудан бастадым. Мектептегі дамыту жоспарының проблемасы: «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру» -деп аудиттен айқындалды. Мектептің дамыту жоспары табысты мектепке айналуға бағытталды. Мектептегі дамыту жоспары негізінде кәсіби және әлеуметтік әріптестік аясындағы қоғамдастық құрып, ата-аналармен және жалпы жұртшылықпен жұмыс істеуді қалыптастыруды жөн көрдім. Білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану, қоғамдастықтың жұмысын жандандыру, тәлімгерлік үдерісі арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктіліктіктерін арттыру жұмыстарын жүргізуде аталған деңгейлік курстар бойынша серттификаталған ұстаздардың бірлескен жұмысы жақсы нәтижесін бере бастады. Мектебімізде деңгейлік курстар бойынша сертификатталған 13 мұғалімнің біреуі бірінші (жоғары) деңгейлік курс бойынша, төрт мұғалім екінші деңгей бойынша,сегіз мұғалім үшінші базалық деңгей бойынша сертификатталды. Мектептегі ұстаздардың барлығы дерлік коучинг және тәлімгерлік үдерістерінің жұмысы барысында сабақты жаңа әдіс-тәсілдерге негіздей отырып, 7 модульмен ықпалдасқан қысқа мерзімді жоспар құру, орта мерзімді жоспар құру туралы білімдерін жетілдірді. Мектебімізде ынтымақтастық идеясы салтанат құрды. Топтағы бірлескен жұмысқа негізделген сабақтар оқушылардың ынтасы мен белсенділіктерінің артыуына ықпал етті. Сабақтарда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын жүйелі қолдану, оқушының өзін және өзгені бағалау дағдысын қалыптастыруда, өз бетімен іздену, ойын ашық және толық жеткізе білуде оң нәтижесін берді. Кәсіби тақырыпта тәжірибе алмасу, ортақ ақпараттық кеңістік құруда мектепішілік мұғалімдердің «Сенім» атты желілік қоғамдастығы нәтижелі жұмыс істеуде. Желілік қоғамдастық бірге ойлауды, төзімділікті, өзара көмекті, сын тұрғысынан ойлауды қалыптастырады. Оқушылар арасында құрылған «Зерде» желілілік қоғамдастығы мектеп басқару ісіне оқушылардың етене тығыз араласуына бағытталды. Мектептегі түрлі бағыттағы атқарылып жатқан үрдістерге өз үлесін қосып, оқушы мен ұстаздар арасында пікір мен ақпарат алмасуда.
Мұғалімдердің тәжірибе саласындағы білімін жетілдіретін, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге уәждейтін, сабақтағы іс-әрекеттеуді зерттеуге арналған Lesson Study әдісі бойынша зерттеуге білім сапасы төмен болған сыныптар алынып, жұмыс жүргізулуде. Өткен оқу жылынан бастап мектебімізде енгізілген жаналық оқушылардың белсенділігінің артуына, түрлі ителлектуалдық жарыстардырда жүлделі орындарға көтерілуіне оң ықпалын тигізді. Оқушыларымыз облыстық, республикалық, халықаралық пәндер олимпиадасына және ғылыми–жобалар жарысына қатысып, мақтау қағаздарымен, мадақтама, дипломдармен мараппаталуда. Атап айтқанда, өткен оқу жылы 11 «А» сынып оқушылары Е.Құмашев, физика пәнінен Халықаралық Москва қаласында өткен ғылыми –жоба жарысына қатысып, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. 10«А» сынып оқушысы Н.Тұртаев, тарих пәнінен қалалық пән олимпиадасында жүлделі 1-орынды иеленіп, облыстық кезеңде 2-орынға ие болды, ал11 «А» сынып оқушысы Е.Наурызбаев 2-орын, география пәнінен 10 сынып оқушысы А.Рысбекова 3-орын, математикадан 9-сынып оқушысы С.Нұрғали 3-орын, физика пәнінен 8сынып оқушысы А.Бесетаева 3-орын.Оқушылардың «Дарын» ғылыми жоба жарысында 9 сынып оқушысы В.Лесс физика бағытынды 2-орын, қалалық «Мұқағали, Мағжан» оқуларында оқушылар А.Сейсембекова 2-орын, Ж. Жанерке «жас ақын» номинациясына ие болды.
Әрине, тәлімгерлік және коучинг үдерісі өз кезегіңде ұстаздарымыздың кәсіби шеберліктері біліктілік деңгейін артуына әсер етіп, мектеп мұғалімдері қала, облыс көлемінде өткізілген шараларға қатысып,шығармашылықтарын шыңдап жүлделі орындарға иеленді.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ш.Нұрмолданова Республикалық «Ғұмырдария» балалар байқауына қатысып оқушылары жүлделі орындар иеленіп, лауреат, дипломант атанды, олар 8 сынып оқушысы Ж.Жанерке 1-орын, 10сынып оқушылары Н. Нақышева, І.Бұрғанбаев 3-орын География пәнінің мұғалімі Ш.Жұмағалиева облыстық «Үздік географ мұғалімі» байқауына қатысып, 3-дәрежелі дипломмен, қалалық «Үздік тарих пәнінің мұғалімі» байқауында, тарих пәнінің мұғалімі Д.Қошқарбаев, 3-дәрежелі дипломмен, тарих пәнінің мұғалімі Ж.Молдабаева, қалалық «Жыл мұғалімі» байқауына қатысып 1-орын иегері болды.Қалалық білім бөлімінің ұйымдастырумен өткізілген «Бүгінгі жас маман-ертеңгі ұлағатты ұстаз» атты жас мұғалімдер байқауында, бастауыш сынып мұғалімі Д.Нағайбекова 2-орын иеленді. Қалалық педагогикалық оқуға биология пәнінің мұғалімі қатысып, Г.Омарова жүлделі 2 орын иеленді.
"Мұғaлiм–өзiнiң бiлiмiн үздiкciз iзденiп oтыpғaндa ғaнa мұғaлiм,aл oқуды, iзденудi тoқтaтқaн күнi oның мұғaлiмдiгi де тoқтaйды”деген педaгoг К.Д.Ушинcкий aйтқaндaй бiлiм мен бiлiмдi бoлу–қaзipгi қoғaм дaмуынa ықпaлы зop фaктop. Сондықтан болар,заман өзгеруімен жаңарып жатқан білім берудің әлемдік озық үлгілерін таратуда деңгейлік білім жетілдіру курстарының қажеттілігі күннен күнге артуда.