Білім берудегі жаналы?тар мен жа?аша ?дістер арнаулы орта білім беертін о?у орныны? м??алімдеріне арнал?ан. Б?л баяндаманы оки отырып м??алімдер тстуденттерді ?з беттерімен іздендіру жолдары мен оларды ?теория бойынша ал?ан білімдерін практикамен ?штастыру жолдары ?арастырыл?ан.Сонымен бірге ?з бетімен т?жірибені зерттеп ?мір де ?олдана білген кез келген студент т?жирибеге суйене отырып на?тылауды ?йренеді
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Білім берудегі жаналы?тар мен жа?аша ?дістер »
Жылкишина Сания Караблиевна
Ақтөбе қаласы
Қазіргі білім беруді ізгілендіру
XXI ғасыр табалдырығында тұрған адамзат өркениетті өз дамуының жаңа кезеңіне – білім беру үрдісінің ең маңызды факторларының біріне саналатын кезеңге келіп жетті.
Қазақстанда білім саласында білім берудің ескі мазмұнының орнына жаңасы келуде.Ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін - өзі өзектендіруге, өзін танытуға және өзін - өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Бұл педагогикалық үрдістің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер – оқушы мен оқытушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр.
Педагогика ғылымның бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларының пайда болуы.
Білім мазмұнының жаңаруы осы мамандардың кәсіби біліктілігі деңгейіне қойылатын талаптардан айқындалады.
Біз қадам басқан XXI ғасыр жан – жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанның әлеуметтік – экономикалық жағынан дамуына зор үлес қоса алатын азамат тәрбелеуді талап етеді.
Қазіргі білім беруді ізгілендіруді жүзеге асырудың негізінде оқытудың жаңа технологиясын педагог – ғалымдар мен республика мұғалімдері жан – жақты ізденіп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға білім берудің тиімді жолдарын қарастырып, оқытудың жаңа технологияларын таңдай білу мүмкіндігіне ие болуда. Кез келген, технология мұғалімнен терең теориялық білім, үлкен педагогикалық шеберлік, баланың жан дүниесін түсіне білетін психолог болуды талап етеді.
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, меңгереді, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, дамытып, нәтежесін тексереді.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады:
-1- кезең оқып үйрену,
-2- кезең меңгеру;
-3- кезең сабақ үрдісіне ендіру;
-4- кезең дамыту.
Енді білім беру үрдісінде қолданыс тапқан жаңа педагогикалық технологияларға тоқталайық;
В.Ф. Шаталов технологиясы;
ұжымдық оқыту технологиясы;
ынтымақтастық педагогикасы технологиясы;
дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;
Ш.А.Амонашвилидің білім берудегі ізгілендіру технологисы;
С.Н. Лысенкованың технологиясы;
модульдік оқыту технологиясы және т.б.
Оқушының жеке тұлғасының дамуына ықпал жасауда сабақ процесінде мұғалімдерге жаңаша оқытуда, тәрбиелеуде мынадай міндеттер жүктелген:
Оқытушының базалық білім - білік дағдыларын жетілдіру.
Танымдық қабілеттерін дамыту.
Оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру.
Белгілі бір проблеманы шешуді оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру.
Жұмыстың топтық түрлерін қолдану.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті зерттеу түрлерін ұйымдастыру.
Оқыту – екі жақты процесс. Оған қатысушылардың қай – қайсысы болмасын үйренуге ықылас білдіріп тұрғандар және нақты үйренушілер болады . Диологқа құралған оқыту үрдісінің басты нышаны осы. Басқаша айтқанда, біз оқытудың «Өмір бойы азық боларлықтай білім беру» үлгісінен « Өмір бойы оқып үйрену» концепциясына көшуіміз керек.
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасын сабағымызға енгізе отырып, оқушы рөліне жаңаша қөзқарас енетінін байқадық. Оқушы өзі қажеттілігін алады. Оқушымен қарым –қатынас жасауда мұғалім оқушының қажеттілігімен санасы отырып, білім беруді қолға алуы, оқушының өмір бойы тек білім алып қана қоймай, өмір бойы үйренуді қажет етуіне әкеледі. Ал өмір бойы оқып, үйренген азамат – үлкен тәрбиелі, жан – жақты тұлға болып шығады.
Бала әрекеті құбылмалы. Психологиялық даму жағдайы әртүрлі. Баланың сабаққа ынтасына қабілетінің, әлеуметтік жағдайының тигізетін әсері көп. Баланың мінезінің тұйықтығы белсенділік әрекетіне әсер етеді. Кейде сабаққа араласып отырса, кейде қызуғышылығы жоғалып, сабаққа араласқысы келмей отырады. Бала тек оқығанының мазмұнын айтып, сұраққа жауап берумен шектеледі. Оқушының сөздік қоры да аз, әдеби тілде сөйлей алмайды, бір нәрсе талдау барысында тұғырыққа тіреледі. Күнделікті оқулықтағы мәтінді жүргізіп оқып қана қоймай, оны түсіне білу, оның мазмұнын аша біліп, өзіне керекті жақтарын өз бойына сіңіре білу оқушының деңгейінің дамығандығын көрсетеді. Оқушының мәтінді, өлеңді қызыға оқу жүйелі дамып қалыптасса, көптеген жетістіктерге жетуге болады. Әдиебеттік оқу, дүниетану сабақтарында баланы жан – жақты жұмыс жасауға қалыптастыру да үлкен нәтиже береді. Бұл бағдарламамен жұмыс істеу нәтежесінде оқушының жеке жұмыс жасауы, ұжыммен бірге жұмыс жасауы артады және өз ойын ортаға сала алуы, еркін сөйлеуі қалыптасады. Бір – бірін тыңдауға, пікірлерін ортаға салуға, еркін жұмыс жасауға үйренеді. Бағдарламамен жұмысты жүйелі, орынды пайдалану үлкен жетістіктерге жеткізеді.
2 – класта бала өздігінен көп сөйлей алмайды, өз ойын ортаға салу қабілеті төмен болады. Оқушы көбінесе ата – ана көмегін керек етеді.Ал, үнемі ата-ана көмегімен жүрген баланаң өз еркімен жұмыс жасауы төмен болады.
Әдебиеттік оқу сабағында Шона Смаханұлының «Тәкаппар» деген өлең – мысалында балалар адамның бойындағы қасиеттерге өз шамаларына қарай баға береді. Ең алдымен баланың қызуғышылығын арттыру үшін адам бойындағы қасиеттерді атап шықтық.. Тәкаппарлық адам бойындағы қасиет екендігін және оның бағасы мен оның зиянды жақтарының бар екендігін оқушылар салыстыру барысында білді. Өз ойлары мен тұжырымдарын сабақ барысында қызыға жеткізіп отыруға тырысты, пікірлерін ортаға салды.
Ал үй тапсырмасына мақтаншақ балыққа өз пікірлерін хат жазу арқылы жеткізіп келу берілді. Балалар өз хаттарында балыққа ақылдарын айтып келді.
Дулат Исабековтың «Ащы бал» деген әңгімесін өткенімде, мәтін тақырыбының аталу мағынасы ашылды. Мұнда да оқушы қызығушылығын арттыру үшін, сын тұрғысынан ойлау әдістерін пайдаландым. Оқушы неліктен балды ащы делінгенін, мәтінмен жұмыс жасау барысында ұғынды. Ұжымдық жұмыспен балаларға мінездеме берілді. Өз пікірлерін ортаға салды. Бір айналым әдісі бойынша 4 топқа тапсырмалар берілді, жұмыстар жүргіздім.
Әр оқушы бір сөйлем болса да жазады. Мұғалім оқушылар әрекетіне басшылық жасап отыру керек. Сабақ соңында Дулат Исабековтың «Өкініш» деген әңгімесі мен «Ащы бал» әңгімесі әңгіме кестесі бойынша салыстырылды. Мұнда жазушы шығармаларының тәрбиелік мағынасы ашылып, негізгі ойы мен кейіпкерлері, олардың соңғы ой қортындылары салыстырылып, оқушы санасына түсінікті жеткізілді.
Дүниетану сабағында «Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы» деген тақырыпты өткен кезде, сабақ өте тартымды өтті. Бала жануар арасында қайырымдылықтың бар екендігін білмей, оған деген қызығушылығы артады. Болжау әдісі арқылы мәтін мазмұны ашылады. Әр бөлім алдында болжам жасалынып отырды. Сонда оқушының әрі қарай не болатынын білуге құштарлығы артып отырды. Әр сабақ әр класта әртүрлі түрлендіріп отырады. Мысалы, 4 класта «Жусан иісі» тақырыбын өткенде «Балалар үйі қажет пе?» деген тақырыпта үлкен шығармалар жазылып, пікірлерін ортаға салды. Ал, «Ғажайып бақ» ертегісіндегі екі дос достығы туралы айтылып, өз достары мен достарының арасындағы достықпен салыстырылды. Әрі қарай қарияның қасындағы шәкірті болсаң не істер едің деген сауал тасталып, баланың пікірлері тыңдалды. Осындай баланың ойы мен жауабын тыңдап, әр сабақтан соң талдау жасап, мұғалім оқушыларының деңгейін, қабылдауын, ортаға араласуын, өз ойын ортаға салуын, сауаттылығын, ынтасын бақылап отыруға мүмкіндік алады. Үйрену ортасында мұғалімнің баланың оқуға деген ынтасын бақылауға деген мүмкіндігі болуы керек. Осындай білім беруді ізгілендіру арқылы сабаққа қолдану барысында мұғалім баланың сөйлеу, жазу, тыңдау және оқу деңгейін анықтауы керек. Балаларды бақылау олардың жеке-жеке қарым-қатынасында, кішігірім топта талқылауларында, сұрақ-жауап кезінде, бүкіл класта жүргізілуі тиіс. Түрлі материалдарға сай біз сабақта неғұрлым әдіс - тәсілдерді түрлендіріп отырсақ, соғұрлым берілетін білім сапалы болатыны сөзсіз. Сонымен, қортындылай келе, білім берудегі осындай өзгерістерді мұғалімдер жаңа оқыту технологияларын игерсе, біліктірліктерін шыңдау жүйесінің неғұрлым икемді, жаңалықтарға ашық болуын үнемі ізденіп, өз сабақтарында модульдік оқыту, кіріктіре оқыту, проблемалық оқыту формалары, түрлі тренингтер мен іскерлік ойындарды тиімді, кеңінен пайдаланса жақсы нәтижелерге жетеді.
Жаңа білім ғасырында терең теориялық білімді меңгерген, жаңа технологиямен қаруланған, жан- жақты білімді, білікті мұғалім ғана тәуелсіз еліміздің болашағына өз үлесін қоса алады.