Просмотр содержимого документа
«"Білім беру ?орытындысы:ба?ылау,ба?алау,н?тижесі" »
Қазіргі заман талабына сай білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі.Осы орайда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін жеке пәндерді оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру, қазіргі білім беру саласының алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болшағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы-жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет. Білім мен тәрбие ажырамас егіз ұғым.Ұлы данышпан Әл-Фараби «Тәрбиесіз берген білімнің күні қараң» деген сөзі осынын дәлелдесе керек. сондықтан бүгінгі ұрпақтарға, білім-ғылым нәрін берумен қатар, өз халқымсыздың тығылым қағидаларын жеке тұрғыда үйретіп, игерудің маңызы зор. Себебі, бүгінгі бала ертеңгі ата-ана, бала тәрбиелеуші, халық өкілі, ел намысын қорғаушы, ата- бабалардың ісін жалғастырушы мәңгілік күш. сол себепті жалпы білім беретін орта мектептерде бұл мәселені жолға қою, яғни егеменді елімізге қазақ қоғамын қалыптастыру –басты міндет.Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю.К. Бабанский, Н.А. Сорокин бақылауды күнделікті қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді. Е.А. Дмитриев күнделікті, тақырыптық және қорытынды ,нәтижесі деген тұжырымға келген.
Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
Тақырыптық бақылау-оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады
Қорытынды бақылау- барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойы алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізгі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан және жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машиналы және машинасыз бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді. Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақ дайындап әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнынын жазады. Олардың ішінен 1 сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары : дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді. Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда, тапсырмалар түрі деп ұғынылады(жазбаша бақылау жұмысы, тесталық жұмыс, зертханалық тәжірибелік жұмыс, сынақ, шығарма, диктант,т.б)немесе оқушылар әрекетінің түрі болып (баяндама, хабарлама, оқушы әңгімесі, мұғалім сұрағына жауап беру,т.б.) .Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі:әділдік, жан-жақтылық, жүйелілік, жеке- даралық, дифференциялдық және тәрбиелік. Әділдік, шындық( білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен нормасына қатысты)- бұл субъективтік факторларды болдырмауды көздейді. Жүйелік, бірізділік- әрбір сабақ тақырыбы бойына оқушылардың оқу әрекетінің басқа буындармен байланыстырыла қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою т.с.с. Жеке- дара қатынас әрбір оқушының ерекшелігін бақылау( оның қабілеті, бейімділігі ,денсаулығы, оқу әрекеті,т.б.) қарастырады. Жан-жақтылықты- бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлімін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін- интеллектуалдық және практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді. Дифференциялдық қатынас- әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке дара қасиетін ескеріп соған сәйкес бақылаудың әр түрлі әдістері мен мұғалімнің пеагогикалық әдеп сақтауын талап етеді. Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін оқыт процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әртүрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды. Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар: ауызша баяндау(әңгіме, жеке дара, топтық, фронталдық сұрақ). Жазбаша бақылау(диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру). Практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу). Машиналы бағдарламалап бақылау(перфокарталар, бақылау карталары, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану). Өзін-өзі бақылау, бағалау(қетлерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою). Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық , топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі- мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты. Фронтальдық(жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады.Демек, бірігу іс әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады. Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты(сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауру, т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан олардың жұмысыын ерекше еске алған жөн. Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай пайымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аударуы керек. Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау олардың оқу бағдарламасы материалымен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімін артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды. Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал.Сондықтан оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды. Баға «балл» есебінде көрсетіледі.
Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару. Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды. Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады. Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады. Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді. 2. Білімді тексеруге қойылатын талаптар: • тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді; • әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады. • оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды. • оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу; • білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру; • байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі; • мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі; • бағаны әділ қойылуы; • оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы; • әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі; • бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі. 3. Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың төртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады. Ауызша жауаптар алу үшін мұғалім сұрақтарды тұжырымдап, кеңестер береді, міндеттер қояды. Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайды. Кейде балалардың білімін ауызша тексеруді әңгімелесу деп атайды. Мұғалім бір оқушыға барлық тақырыпты түгел баяндатады. Толық жауап білімінің тереңдігін, жүйесін көрсетеді. Бірақ оқушылардың білімін ауызша тексерудің кемшіліктері де бар, себебі оған көп уақыт кетіп, 45 минут ішінде 3-4 оқушының ғана білімін тексеруге мүмкіндік береді. Ауызша тексерудің жетілдірілген түрі жаппай тексеру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқылған материалды ұсақ бөліктерге бөліп, оларды оқушылардың қалай меңгергенін білу үшін сыныпқа сұрақтар беріп, олардың білімдерін тексеріп, көп оқушылардың білімдерін анықтауға мүмкіндік алады. Бірақ жаппай тексеру арқылы оқушыларға әділ баға қою қиын, себебі бір-екі шағын сұраққа жауап берген оқушының толық білімін анықтау қиын. Ауызша сұрауға сабаққа үнемі қатысып отырған оқушылардың біліміне ұпай беру де жатады. Мәселен, өз жолдасының жауаптарын толықтырған, нақтыландырған және тереңдеткен оқушылар, мысалдар келтірген, мұғалімнің жаңа материалды баяндау кезінде қойған сұрақтарына жауап берген, жаңа тақырыпты тез түсінген балалар ұпай ала алады. Сабақтың соңында аталған өлшемдер бойынша 4-8 оқушыға ұпай беріп, олардың танымдық белсенділігіне және зейініне жақсы әсер етіп, баға қорын жинауға болады. Баға 5 балдың шкала бойынша қойылады. Жақсы оқитын оқушылар оқу жұмысында үлкен белсенділік танытады, сондықтан оларды бағалау қиын емес, бірақ та басқа оқушыларға да сабақтың соңында баға қойылатыны ескертіледі. Баға оқушыға білімдік стандарттарды меңгергені үшін қойылады. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - баланы өзіне баға беруге дағдыландыру үшін оған бағалау өлшемдерін түсіндіру. Дәстүрлі төрт баллдың бағалау жүйесі: • толық біледі (өте жақсы); • жеткілікті біледі (жақсы); • жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық); • білмейді (қанағаттанғысыз). Бірінші тәсіл арқылы мұғалім баға туралы өз пікірін айтады, бірақ оған уақыт кететіндіктен, көп қолданбайды. Екінші тәсіл - бағаны, оны неліктен қойғаны жөнінде күнделікке жазу. Үшінші тәсіл - үлгерім экранын шығару. Білім, іскерлік, дағдыларды бақылау және бағалау жұмыстары: • тексеру және бағалаудың пайдасын көрсететін жағдаяттар жасау; • "Үйге не берілді?" деген сұраққа жауап алуға уақыт кетірмеу; • жақсы көңіл-күйге бөлеу; • оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу; • оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдау, мадақтау; • жауапты соңына дейін тыңдау, талдау және ескертулерді кейін жасау; • оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру (жай, темперамент, тіл кемістігі); • жеке тапсырмалар беру; • оқушы өзін еркін сезетін жағдай жасау: • оқушының жауабын талдау, жеке тұлғасын сынамау; • оқушылар бағасын көтергісі келсе, оларға талсырманы қайта беру; • жауап бергенде, тапсырманы орындағанда тірек сызбаларды қолдануға рұқсат беру; • бақылау және тексеру әдістерін түрлендіріп отыру; • тестілік бақылауды жиі қолдану. Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға -бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек.
Нәтиже: Жыл бойы қолданған формативті бағалаудан мынадай нәтиже көре аламыз: шынайы бағалай алады, бір – біріне деген сыйластық пен сенімділік орнайды, өздерін еркін сезінетін болады, қателіктерін көре біледі және оны өз уақытында түзетудің жолдарын іздеп өз бетінше жоюды үйренеді. Осының нәтижесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы артады, алған білімдерін өмірде еркін қолдана алатын болады.
«Білім беру қорытындысы: бақылау, бағалау, нәтиже» тақырыбында өткен конференцияның хаттамасы
Күні: 25 қыркүйек, 2014 жыл
Қатысқаны- 25
Тақырыбы: «Білім беру қорытындысы: бақылау, бағалау, нәтиже»
Тыңдалды:
Баяндама.Уразаева Ф.К. «Білім беру қорытындысы: іздену,зерттеу , нәтиже»
Шығып сөйлегендер:
1. Мукушева Г.Ш.- Қай пәннің мұғалімі болмасын, өзінің пәніне деген оқушының қызығушылығын арттыру басты міндеті болып саналады. Білімді әрқашанда жүйелі, құрылымы жағынан мазмұнды етіп беру, әр түрлі әдіс тәсілдермен түрлендіру әр мұғалімнің өз шеберлігіне байланысты .Нәтижеге жету үшін ылғи да ізденіп, талаптану қажет.
2. Есенқазақова А.Е. -Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші – бағалау. Бағалаудың белгілі екі түрі бәрімізге аян. Ол оқушыны бағалау және оқушының өзін – өзі бағалауы. Бұл бағалаудың білім сапасын көтеруде мәні өте зор. Бағалаудың екі түрі бар: формативті (оқыту үшін бағалау) және суммативті (оқуды бағалау). Формативті бағалау күнделікті сабақта үлкен роль атқарады, себебі күнделікті оқу жетістіктері мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы ортынды жасауға және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді. Формативті бағалау оқушының әр сабақтағы іс - әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т.б. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Қорытынды баға формативті және суммативті бағалаудың қосындысының нәтижесінде шығарылады.
3.Байғабылова Г.Ж. -Қазіргі таңдағы білім беру салаларында бұрынғы біліммен салыстырғанда көп айырмашылық бар. Бүгінгі білім саласында ақпараттық-комуникативтік құралдар, техникалық құралдар, аудио-визуалды құралдарды кеңінен пайдаланып, оқушының тек кітаптан оқып, құлақпен естіп қана қоймай, оны іс жүзінде көруге де көп мүмкіндігі бар. Сондықтан да мұғалім өзінің шеберлігінің, ізденімпаздығының арқасында ең жоғары деген нәтижеге жетуге құзіретті.
4.Кайбалдиева Б.Т. Мен де өз сабақтарымда әртүрлі әдістерді кеңінен қолдануға тырысамын. Мен сабақ беретін сыныптарда қазақ тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың сөздік қорын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс оқып, айта білуге, сауатты жазуға, бір-бірімен сөйлесе білуге дағдыландыру, ойын жеткізе алатындай дәрежеге жеткізу. 5.Есеналина Л.А. - Жақсы мұғалім – кәсіби деңгейі жоғары, интелектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Кез-келген дәстүрлі сабақтардағы бағалау – оқушы өтілген тақырыпты өзі түсінгені бойынша айтып береді немесе демонстрациялайды. Ал 21 ғасыр мектебіндегі бағалау мақсаты кең көлемді және әртүрлі болып келеді.
АҚ ««Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
Ақтөбе облысы бойынша педагогикалыққызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Баяндама тақырыбы:«Білім беру қорытындысы: бақылау, бағалау нәтижесі»
Орындағандар: Уразаева Ф.К.
Есеналина Л.Т.
Есенқазақова А.Е.
Байғабылова Г.Ж.
Мукушева Г.Ш.
Ақтөбе - 2014
Пайдаланған әдебиеттер:
1.С.Әбенбаев, Ж.Әбиев. Педагогика. “Фолиант” баспасы-Астана 2009 ж. 2.Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика-Алматы 2005 ж. 3.Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев, Педагогика-Aлматы 2002 ж. 4.Педагогика. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Дарын.-Алматы 5.Ш.Х. Құрманалиева, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова. 6.Педагогика: Оқулық/Абай ат. Ұлттық Педагогикалық Университетінің Педагогика кафедрасының