kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілді үйретуде инновациялық әдістерді тиімді қолдану жолдары" баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілді үйретуде инновациялық әдістерді

тиімді қолдану жолдары" тақырыбы бойынша баяндама

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілді үйретуде инновациялық әдістерді тиімді қолдану жолдары" баяндама»

Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілді үйретуде инновациялық әдістерді

тиімді қолдану жолдары


Таганова Гулжанат Абдиевна

Ақтөбе қаласы №29 орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Өз тілімді үйретемін өзге тілдің ұлына
Салт-дәстүрін ұқсам деген сан өкілдің қызына
Менің тілім - Абай, Мұхтар, Ілияс
Үйренгісі келген жұртқа құшағыңды аш, бауырлас.


Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл-адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз.
Тіл байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әректі. Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алуы тілі мен психологиясына оның өз мәнінде дамуына мүмкіндік берді. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу мәселесі үлкен маңыз алып отыр. Соңғы кезде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына ықпал ететін басты-басты қадамдар жасалуда.

Оқушыларға қазақ тілінен тиянақты білім беруде сүйенілетін жалпы дидактикалық принциптер мыналар: ғылыми принцип, жүйелі принцип, көрнекілік принципі, саналық пен белсенділік принципі, теорияны практикамен байланыстыру принципі және жеке оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принципі. Тілден мәлімет беруде мұғалім бұл принциптерді бір – біріне ұштастырып отырады. Сонымен бірге, қазақ тіліне қарай жүргізілетін сабақ құрлымдарын өткізу кезінде, білім беру әдістерінің құрлымдық жүйесін іске асыру тұсында және сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар үстінде тілдік материалдарды байланыстырып отыруды көздейді. Осы дидактикалық принциптерді іске асыру тұсында, негізінен, екі түрлі принциптің орындалатындығы байқалады.

Біріншісі – оқушылардың қазақ тілі материалдарын жете меңгеру процесі. Мұны оқушылардың оқу материалдарын саналы түсінуі, оған оқушының белсенді қатысуы арқылы анықтауға болады. Екіншісі – оқу материалдарын үйрету процесі. Мұңдай жағдайда оқушылардың сабаққа қатысы оншалық көп байқалмайды, көбінесе, мұғалімнің белсенділігі аңғарылады. Сабаөты көрнекі, жүйелі түсінуге оңай етіп құру ең қасиетті міндет болып табылады. Сондықтан да қазақ тілі материалдарының теория мен практикаға сай болуы мұғалімге тікелей байланысты.

Ғылыми принцип. Қазақ тілінен білім мен практикалық дағды беруде жиі іске асырылатын принциптің бірі – ғылыми принцип. Оқушыларға берілетін білімнің барлығы лингвистикаға байланысты қаралады. Тілдің ең негізгі өзіндік белгілері ұстаз елегінен өткізіліп, оқушылар ойына, білім дәрежесіне сай сипатталады. Тілдік фактілердің тіл білімінде әбден қорытылған, шешілген мәселелері ғана мектеп оқушыларына жеткізіледі. Сондықтан да оқушыларға берілетін білім мазмұны, көлемі және оны оқытудың жүйесі сараланып, мектепте өтілетін қазақ тілі жүйелі курсы бойынша ғылыми мәліметтер беріледі. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен тілдік мәлімет беруде, жалаң теориялық материалдарды ғана ескермей, практикалыќ жағдайларды да ескерген мақұл.

Мектеп оқушыларының көру, жазу, сезу, түсіну, қабылдау қабілеті айтылу мен естілу қабілетіне қарағанда күштірек дамыған. Оқушылар көргенін, жазғанын және қолмен ұстағанын тез қабылдайды. Әрі жадында ұзақ уақыт сақтайды. Ал есту бойынша қабылдауда берік психикалық мүмкіндік бола алмайды. Соңдықтан қазақ тілі тақырыптарын меңгертуде дидактикалық принциптер мен психикалық қағидалар қатар ескеріледі.

Жүйелі принцип – жаңа материалды түсіндіруде, білім мен дағдыларды бекітуде, біріккен сабақ құрылымында, білім мен дағдыларды тексеруде, пысықтау мен қайталауда, үй тапсырмасын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылатын ұстаным. Қазақ тілі сабақтарында оқу материалдарын меңгерту көрнекі түрді, біріккен сабақ құрлымында, білім мен дағдыларды тексеруде, пысықтау мен қайталау да, үй тапсырмасын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады. Содан кейін өтілетін тақырып дауыстап оқылып, материалдың өзіндік белгілері салыстырылып, анализ – синтез жасалынады. Түйінді пікірлер анықтама ретінде ұсынылып, жалпы ой қортындысы шығарылады. Оқушылардың алған теориялық білімін қалыптастыру мақсатында тақырыптың психологиясына сай пркактикалық дағдылар жүйесі ескеріледі. Сөйтіп теориялық материалдар емлелік объектілермен ұштастырылады. Қазақ тіліне байланысты оқушылардың сөздік қоры бірте – бірте шоғырландырып, іс жүзінде дұрыс жазып, дұрыс сөйлей білуге дағдыландырылады.

Көрнекілік принципі. Оқушыларға қазақ тілі материалдарын анық, дәл түсіндіруде іске асырылатын принциптің бірі - көрнекілік принципі. Бұл принцип оқушылардың дыбыс жүйесіндегі білім мен дағдылардын әрі қарай нығайту үшін және оны жете меңгерту үшін қолданылады. [5: 65]Әр сабақ сайын көрнекі құралдар пайдаланылады. Қазақ тілі сабағында мынадай көрнекіліктің түрлері іске асырылады: кесте, схема, плакат, сурет, картина, анықтағыш дәптер, карточкалы дәптер, көрнекілік тақта, түсті бор, сөздіктер және техникалық құралдар. Осы сияқты көрнекі құралдарды әрбір сабақта қолданып отыру оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен нақты ойларын дәл, анық етіп пікірлеп байымдауға септігін тигізеді. Оқушылардың дұрыс сөйлеуін қамтамасыз ете отырып, дәл сөйлеуге, нақты баяндауға баулиды. Зерттеуші Кәтембаева Б.Т. топтастыруына сүйенер болсақ: “Сөйтіп көрнекілік: а) дауысты және дауыссыз дыбыстардан берілетін білімінің дәл, анық болуын қамтамасыз етеді; ә) орфографиялық объектілердің жете меңгерілуіне, буын, екпін және үндестік заңын оқушылар ойында тұрақты қалдыру үшін пайдасын тигізеді; б) орфографиялық тақырыптарды терең меңгерту үшін жағдай жасайды; в) жергілікті тіл ерекшеліктерін жүзеге асырады; г) морфологиялық тақырыпты танытуда септігін тигізеді; ғ) оқушылардың тілге деген құмарлығын тигізеді; д) олардың бақылағыштық және сенімділік қабілетін арттырады.”

Саналылық пен белсенділік принципі. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен білім беру барысында олардың саналы түсіну ќабілеті дамытылып отырады. Тілдік фактірлерге байланысты мәліметтерді оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде меңгере білуі тиіс. Қазақ тілі объектілерін саналы түрде меңгерту үшін мына сияқты жұмыс түрлерін іске асырған жөн: Бірінші – тілден берілетін мағлұматтарды жеке түсіндіріп, ол мәліметтерді өз түсінігі бойынша айтқызып отырған мақұл. Оқушылардың мұндай түсіндірілуі кезінде объектілердің өзіндік белгілері толық ќамтылуы қажет; Екінші – түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арќылы оқушылар тапсырманы еркін орындауы керек; Үшінші – күнделікті, тоқсандық, жылдық қайталаулар тұсында өткен материалдарға байланысты сұрақтарға толық жауап болуы міндеттілік болып табылады; төртінші – сөздердің дұрыс жазылу емлесін қадағалайтын орфография мен сөздердің дұрыс айтылуын реттейтін орфоэпияға байланысты дағдыларды шартына қарай орындай білгені дұрыс әрі бұлтармас заңдылық; бесінші – күнделікті өмір мен тұрмыс – тіршілік қажетіне қарай практикалық дағдыларды саналы түрде меңгеріп, оны теориялық білім мазмұнымен ұштастыра бірлікте қарастыра білгені жөн.

Қазақ тілі пәні бойынша берілетін теориялық білім мазмұны төмендегідей практикалық мақсаттарды нәтижелеуге қол жеткізеді: тілден берілген теориялық білім мазмұнын ауызша әрі жазбаша мақсатта қолдана білу; әр алуан сипатағы талдаулар жасау; орфография мен орфоэпиядан алған білімдерін ауызша және жазбаша түрде сауатты іске асыру.

Түсінуге жеңіл қолайлылық принципі оқушылардың шығармашылық қабілеті мен танымдық белсенділігін арттырады. Мектеп оқушыларына тілдік фактілерге байланысты білім мен дағдыларды жетік әрі берік меңгертуде түсінуге жеңіл қолайлылық принципін қолданған жөн. Бұл принцип оқушылардың жас ерекшеліктерін, білім дәрежесі мен қабылдау дағдыларын, сынып түрлерін ескере отырып, мұғалімнің түсіндіруі, оқулыќ мазмұны мен тілі және баяндалу желісі сынды ерекшеліктері басшылыққа алынады. Қазақ тілінен берілетін теориялық білім анықтамалары мен ережелері, терминдері мен өзіндік белгілері, жасалу жолдары мен мектеп оқушыларының қабылдау, ойлау сынды психикалық қасиеттеріне лайықты түсіндіріледі.

Оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принципі. Оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдылар қалыптастыруда олардың психикалық қасиеттері, оқуға бейімділігі, икемділігі мен дайындық дәрежесі ескертіледі. Күнделікті сабақ үстінде оқушылырдың осындай ерекшеліктеріне орай жұмыс істеу тәртібі белгіленеді. Оқушыларға өткен материал мен жаңа материалдың байланысын таптырып, тақырыптың өзіндік белгілерін қаншалықты меңгергендіктерін мұғалім қатаң бақылаудан өткізіп отыруы керек. Нашар және орта қалыпта меңгерген оқушылармен сабақ үстінде әр бағыттағы түрлі жұмыстар жүргізіледі.

Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен  инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса,  мектептегі өзге ұлттың баласын тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалар қажет. Алдыңда сізден бір жаңалық күтіп отырған балаларға сабақты қалай жеткізесіз? Сіз сол жаңалықты жеткізіп, баланың санасына сіңіре алдыңыз ба? Әрине, көп қиналмай дайын нәрсені оқушылардың алдына жайып салуға да болады. Осы әдісті қолдана беруге болады. Бірақ, одан шығатын қорытынды қандай болады? Сіз сол арқылы балаға бір жаңашыл нәрсе бердім деп ойлайсыз ба? Осы тектес күнделікті бірізділік жаныңызға батпай ма? Алдыңызда отырған балалардың алдында қандай мәртебеге көтеріліп жүрсіз?

Әр ұстаз сол білім ордасының айнасы. Сол айнаға оқушы қалай қарайды? Айнаға қарау арқылы сізден нені көреді?

Қазіргі таңда тілді үйрету мәселесі қолға алынып жатыр. Себебі қазақ тілінің мәртебесін көтеру Қазақстан Республикасында тұратын, мен қазақпын деп, кеудесін соғатын, қазақ тіліне жаны ашитын әр азамат пен азаматшаның борышы мен міндеті. М.О. Әуезов былай деген: «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды». Демек, біз қаншалықты дәрежеде өз тілімізді сыйлап, бағалап, өзімізді мәдениетті деп санап жүрміз? Әрине, тілім деп жүгіріп, шынымен жаны ашып, жылап жүрген азаматтар жоқ емес. Тек қана сондай жандарды қолдап, бірлесіп жүрген азаматтар табылып жүр ме? Сондай азаматтардың қатарына қазақ тілі пәнінің тәлімгерлерін жатқызуға болатын шығар. Қазіргі кезде, білім саласында қазақ тілін үйрету және соны оқушылардың саналарына сіңіруге деген жол ашылған тәрізді. Мемлекеттік тілімізде басқа ұлт өкілдері сөйлеп тұрса, тіліміздің өскені емес пе? Осы мәселені мұғалімдер мектептен, орта кәсіптік оқу орындарынан бастағандары абзал. Алдындағы отырған оқушыларға тілді үйрету әрине оңай шаруа емес. Дегенмен де, сол тілді сабақта әртүрлі формалар арқылы жеткізу ыңғайлы да, ұтымды. Біз қаншалықты сабағымызда әртүрлі формаларды, жаңа технологияларды қолданып жүрміз? Қандай көрнекілік құралдарды пайдаланып, сабағымызды тартымды өткізіп жүрміз? Көптеген тәсілдер де бар. Мысалы, баяндау, әңгімелеу т.б осы тектес тәсілдер баршылық. Сабақ түрлеріне тоқталсақ, аралас сабақ, жаңа материалды меңгерту, материалды бекіту және т.б толып жатқан түрлері бар. Соның ішінде қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне үйрету кезінде сабақта қандай тәсілдерді қолдана аламыз. Әрине, басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету біраздаған қиындықтарды туғызады. Олардың сөйлеу мәнеріне назар аудару, сауаттылығын бақылау және т.б. жақтарына көбірек назар аудару қажет. Ең бірінші оларға қазақ тілінің мемлекеттік тіл екендігін және сен қай елде өмір сүресің, сол елдің тілін, мәдениетін білуге тиісті екендіктерін саналарына сіңіру қажет сияқты. Сондай-ақ олардың тіл сауаттылығын дамыту ең бірінші орынға қойылуы тиіс. Сабақта осы мақсатпен әртүрлі мәтіндер беру, ауызекі тілді (диалог) дамыту жұмыстарын жүргізу де игі әсерлерін тигізеді.

Сөйтіп қазақ тілінен білім беру әдістерін оқушылардың білім алу көздеріне негіздей отырып, оларды төмендегіше топтастыруға болады: қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері. Бұл әдістердің құрамына мыналар кіреді: тілді әдебиет материалымен байланыстырып өту әдісі, түсініксіз сөздерді үйрету әдісі, диологтық және монологтық сөйлеуді үйрету әдісі, ауызша түсіндіру әдісі, ауызша мазмұндау әдісі және мәнерлеп оқу әдісі, қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері. “Бұған мына топтағы әдістер жатқызылады: әңгіме әдісі, хабарлау әдісі, түсіндіру әдісі, тәжірибе әдісі және кітапты пайдалану әдісі, қазақ тілін теориялық – практикалық жақтан үйрету әдістері. Яғни дайын материалды талдау әдісі, фонетикалық талдау әдісі, морфологиялық талдау әдісі, синтаксистік талдау әдісі, тілдік материалдың түрін өзгерту әдісі, тілдік тапсырмалары бар мазмұндау әдісі, қазақ тілі бойынша сөйлем құрату әдісі, тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру әдісі, орфографиялық талдау әдісі, көшіріп жазу әдісі, диктант жазу әдістері.”

Қазақ тілінен білім беру әдістері

Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері

Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері

Қазақ тілін теориялық – практикалық жақтан үйрету әдістері

Қазақ тілін әдебиет материалдарымен байланыстырып өту, түсініксіз сөздерді үйрету, диалогтық және монологтық сөйлеуді үйрету, ауызша түсіндіру, ауызша мазмұндау және мәнерлеп оқыту әдістері

Әңгіме, хабарлау, тәжірибе, түсіндіру және кітапты пайдалану әдістері

Қазақ тілі бойынша талдау, дайын материалды талдау, тілдік материалдың түрін өзгерту, тапсырмаларды мазмұндау, сөйлем құрату, шығарма жаздыру, орфографиялық талдау, көшіріп жазу және диктант жазу әдістері.


Қорыта келгендегі мақсатымыз өзге ұлт өкілдерін қазақ қылып шығару емес, оларға мемлекеттік тілді түсініп, әдет-ғұрпымызды сыйлап, алған білімдерін іс-жүзінде іске асыра білуге тәрбиелеу. Үйренушіге жалаң сөздермен сөз тіркестерін жаттатпай, үйренген сөздерін сөйлеуде, әңгімелескенде дұрыс қолдана білуге жаттықтыру.
Республикамыздың Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Мемлекеттік тілді игеру - әрбір азаматтың ізгілікті борышы» деген сөзі Қазақстанда тұратын әрбір адамды ойландыруға тиіс.
Тіл - қоғамдағы ғасырлар бойы дамып, қанатын кең жайып келе жатқан тарих құралы. Біз оның қадір-қасиетін зор бағалап,пір тұтып, тіліміздің жандана беруіне тілеулес болуымыз керек. Мемлекеттік тілді үйренгісі келген әр азаматқа ерінбей, жалықпай шамамыз келгенше көмегімізді аямай жөн сілтейік. Сонда ғана біз, тіл мамандары дұрыс бағыт ұстанып, еңбегіміздің жемісті болары сөзсіз


























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

1.  Оразбаева Ф. Ш. Тілдік қатынас теориясы және негіздері, Алматы, 2000.

2.  Алтынсарин Ы., Таңдамалы педагогикалық мұралары., Алматы, Рауан, 1991.

3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы:Ана тілі, 1992, с.26.

4.  Жұмаханов Ғ. Қазіргі заманғы техникалық құралдарды пайдалану., Алматы, 1972,с.21.

5.  Қазыбаев С. Қазақ тілі методикасы.

6.   Құлмағанбетова Б. Орта мектепте қазақ тілін оқытудың жалпы мәселері. Құлмағанбетова Б. Орта мектепте қазақ тілін оқытудың жалпы мәселері. Қазақ тілін оқыту методикасы, Алматы: Мектеп, 1988,с.134.

7.  Құлмағанбетов Б. Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды қолдану., Алматы, 1988,с.59.

 









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Таганова Гулжанат Абдиевна

Дата: 10.02.2017

Номер свидетельства: 390184


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства