?лтты? б?гіні де, болаша?ы да т?рбиені, білімді ?рпа??а байланысты. ?рпа? т?рбиесі – келешек ?о?ам т?рбиесі. Сол келешек ?о?ам иелерін жан-жа?ты жетілген, а?ыл – парасаты мол, м?дени-?ылыми ?рісі озы? етіп т?рбиелеу – бізді? ?о?ам алдында?ы борышымыз. ?рпа? та?дыры – ?лт та?дыры демекші, ?лтты? болаша?ы – оны? білімді, талантты, адамгершілік асыл ?асиеттерді бойына сі?ірген т?рбиелі ?рпа?ты? ?олында.Ш.Амонашвили «Ізгілік педагогикасыны? ??діретіне сену керек» - дейді. Олай болса, бала бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, ?айырымдылы?, адамгершілік ??ндылы?тарды сі?іртіп, ?з-?зіне сенімділікті т?рбиелеуде отбасы мен педагог ?стаздар шешуші рол ат?арады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Баланы бар ж?регі?мен жа?сы к?р" эссе »
Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы
Қандыағаш қаласы №4 қазақ орта мектебі.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Кужаниязова Гулдана Кубантаевна
«Балаларға рухани білім сыйла»Ш.А.Амонашвили
Баланы бар жүрегіңмен жақсы көр
Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиені, білімді ұрпаққа байланысты. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл – парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы – оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында.Ш.Амонашвили «Ізгілік педагогикасының құдіретіне сену керек» - дейді. Олай болса, бала бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік құндылықтарды сіңіртіп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагог ұстаздар шешуші рол атқарады. Ш.Амонашвили «Балаға рухани білім бер, адамгершілік өзінен өзі келеді» - демекші; Ізгілендіру мәдениеті – жеке тұлғаны өз халқының рухани қазынасы, ұлттық мәдениеті, игі дәстүрлері негізінде рухани – адамгершілік тұрғыдан қалыптастыруды көздейді. Сондықтан бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі міндет –әрбір адамның өзін-өзі тануға, өзінің ұлттық тәрбиесіне ие болуға және қайырымдылық пен адамшылықты бойына сіңірген маңызды тұлға болуына көмектесу болып табылады. Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз болатын болса, оның алғашқысы – жүрек. Баланы дүниеге келген күннен бастап, жүрегіңмен қабылдап, жүрегіңмен тәрбиелеуге тиіссіз. Ш.Амонашвили айтқандай «Адамның барлық өмірі жүректен өтеді». Ежелден халқымыз «Бала бауыр етім» деп, өскелең ұрпақты көңілі рухты, жаны пәк, таза болғанын армандаған. Кез – келген адам өмір бойы қуып жете алмайтын құдіретті сөздің өлшемі. Бақытты бірі- байлықтан тапқысы келсе, екіншісі- даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестірген. Ш.Амонашвили «Бақытты байлықтан емес, рухани әлемнен іздеңіз» -деп көпшілікке жол нұсқайды. Адамның бақыты – балада, баланың рухани –тәрбиеге толы өмірінде. Баланың ар – ожданының тұрақты түрде қалыптасуына, оның дамып – жетілуіне жанұяның берер ықпалы өте зор. Қай уақытта болмасын балалардың көңіл – күйлерінен, ортамен қарым –қатынасынан сол жанұяның жай жансыры аңғарылып тұрады. Өйткені бала өз жанұясынан жылылықты, жақсы мінез – құлықты қажет етеді.Сондықтан осы тұрғыдан ата-ана-бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан Ш.Амонашвили «Негізгі тәрбиенің көзі – адамның жүрегінде» деп баса көрсетеді. Ата-ананың балаға тәлім етер жеке бастарының үлгісі,сүйіспеншілігі, сыйластықтары мен оларға деген көзқарастары шынайы әрі жүректен жүрекке жетуі тиіс. Сондай-ақ Ш.Амонашвили «Балаға жақын бол, сөйлес, сырлас» деп ерекше қабілетті көрсетіп өтеді. Бұл ұғым ата-анаға емес,ұстаздарға да қатысты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан Халқына Жолдауында «Білім беруді» жаңғырту жағдайлары, соның негізінде «Өмір бойы білім алу» әр қазақстандықтардың жеке осы тұрғыдан «Мәңгілік ел» ұғымын жандандыру мақсатында көрсетілген. Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану және қолдану оң тәжірибе беріп отыр. Оқушылардың пәнге қызығушылығын, өз бетімен ізденісін арттырып,шығармашылығын дамытуға, дербес жұмысын ұйымдастыруда ұстаздардың орны айрықша. Нәтижелі жетістікке қол жеткізу үшін ұстаз баламен жұмысты түрлендіруі қажет. Ш.Амонашвили «Жүрегінді қозғап оқыт, жүрекпен түсінуге үйрет,шабыттана білім бер» деп атап көрсетеді.Бәсекеге қабілетті болу-тікелей білімге байланысты. Біз жаңа технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты жан –жақты білім алып, ізденуіміз қажет. Бүгінгі таңдағы білім беру мақсаты-терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде өзін – өзі дамытуға, адамгершілік тұрғыдан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Ал бұл тұлғаға Ш.Амонашвили айтқандай, «Балаға тек жанды білім бергенде ғана, қол жеткізе аламыз».Менің ойымша баланы рухани адамгершілікке тәрбиелеуіміз керек, яғни бәріміздің ойымыз, ісіміз, сөзіміз бір жерден шығу керек.