Просмотр содержимого документа
«Бакиева Зинеш Мусаевна»
Оқу дегеніміз не?
Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес санатын анықтауға мүмкіндік берді:
Оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде. Оның нәтижесі алынғанақпарат болып табылады.(негізгі міндет-« көп білу»)
Оқу есте сақтау ретінде.Нәтиже-қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді ақпарат.
Оқу ақпарат жинақтау ретінде.Нәтиже- есте сақталып,қажет болған жағдайда қолдануға болатын факті, дағды, және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.
Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Нәтижесі- оқушының пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай алуы.
Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру ретінде. Нәтижесі- әлемді өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу.
Оқу – кешенді үдеріс. Ол білім алудағы адамның нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық, яғни бастан кешкен тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар, құндылықтыр, амал-тәсілдер мен көзқарастар, бейімділіктің кешенді үйлесімі.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер:
Мұғалімдер қалай оқу керектігін үйретеді
оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алужәне өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;
жүйелі ойлануға үйрету;
шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу мен анықтау;
оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру;
тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы;
сандық технологиялар саласындағы жоғары құзіреттілік;
«Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылаукейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісін айтады.
Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:
білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойлатыруға;
Нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі;
Осы 4 тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалім оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, сонда оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады
Сыныптағы оқу үдерісінің пайдасын айқындайтын факторлар:
балалардың оқу үдерісін түсінуі;
нені оқу керектігін түсінуі;
оқу үдерісін қалай құрылымдау қажет деген ұғымның қалыптасуы;
оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі;
1 – ші тезис: Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты болады.
2- ші тезис: Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.
3-ші тезис: Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қарастыру қажет.
4 – ші тезис: Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға , сынақтан өткізуге және құруға уакыт беріңіз.
6-шы тезис: Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болуы керек.
7-ші тезис: Мұғалімдер оқушыларға рефлексияны ынталандыру және өз идеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуге тиіс.
8-ші тезис: қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мдақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек.
Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды меңгереді. Ашық сауалдар, оқыту міндеттерімен алмасу сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне қатты әсер етеді. Метатану дағдыларының өрістеуі білім алушыларға ондай қабілеті жоқ оқушылармен салыстырғанда жаңа тақырыптарды, пән салаларын жылдамырақ оқуға және мұғалім тарапынан қосымша назар аударуды талап етпеуге мүмкіндік береді.Басқаша айтқанда, метатанымдық қабілеттер оқушыларға білім алуында тәуелсіздік береді. Олар әдетте:
- материалды «есте сақтау» және «түсіун» ұғымдарының әртүрлі әдістері бар екенін мойындап, мағынасын ажырата алуға үйренеді. (Мен мұны есте сақтай аламын ба? Маған мұны есте сақтау қажет пе? Бұл тақырыпты мен шынымен игердім бе?)
-материалды сараптап,оны күрделілік деңгейі мен назар аудару талаптарының дәрежесі бойынша бөлуге қабілетті;
- материалды игеру деңгейін анықтай отырып, өз-өздерін тексеруге және тестілеуге қабілетті;( Мен мұны дұрыс түсіндім бе?)
- мұғалімнің қай кезде араласуы керектігін біледі;(Мен тығырыққа тірелдім, менің стратегияларым нәтижесіз болып шықты, сондықтан маған көмек қажет)
Метатану әдістерін игерген оқушылар оқыту мен оқудың үздіксіз үдерісінде мұғалімдермен тең әрекет жасайдыжәне ақыр соңындамұғалімнің қызметінөздері атқарады.Егер оқушылар өздерінің оқу үдерісін бақылауды үйреніп, қажет болған жағдайда ғана көмек сұраса, мұғалімде оқушылармен жеке жұмысқа уақыты көбейеді.Білім алуда тәуелсіздікті қамтамасыз ету- оқуды даралаудың шешуші критерийі болып табылады. Қарқынды дамып жатқан өмір жағдайында үздіксіз білім алу қажеттігі бізден тәуелсіз оқи білу қабілетін талап етеді,басқаларға тәуелділігін қысқарту қабілетіне ие болған оқушы ең нәтижелі оқушы болады.Тәуелсіз оқушыларда тәсілдер, сапалар, дағдылар және білім кешені болады, олар бір нәрсені үйрену қажет болған кез келген жағдайда оны іске қоса алады.Есейген сайын оқушы тәуелсіздікті көбірек қажетсінеді; оқытудың әрбәр кезеңін оқушы тәуелді жағдайда бастайды, содан соң мұғалімнің қолдауымен және мадақтауымен дербестік пен тәуелсіздіктің жоғары деңгейіне көтеріледі.
ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫН ЖОСПАРЛАУ
Бір топ адам сабақ беру берысына 7 модуль ықпалдастырылған сабақтар топтамасын жасаса, ол орта мерзімді жоспарлау болады. Орта мерзімді немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың мақсаты:
- сыныпта сабақ беру практикасына 7 модульді ықпалдастыру;
- оқыту және оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау;
- әрбір сабақ үшін оқыту және оқу мақсаттарын белгілеу;
-осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу міндеттерін көрсету;
- оқытудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету;
-барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептілікпен жоспарлау;
Оқу мақсаты мен оқу нәтижелері
Мұғалімнің оқушыларға арнап жоспарлайтын іс-шаралары оқу мақсаты болып табылады:
-Сіздің ойыңызша оқушылар нені білулері керек?
-Оқушы қандай түйінді идеяларды түсінуі керек?
- Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізгенін немесе қол жеткізе алмағанын білуге мүмкіндік береді.
Оқу нәтижелері:
Оқушыға бағытталуы тиіс;
Белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;
Оқушының оқу үлгеріміне сәйкес болуы қажет;
Оқушылардың пікірін назарға алу
Оқушылармен білім беру мәселелері бойынша пікірлесу олардың өзін-өзі реттеуін дамытуына ықпал етеді.Оқушылар сыныпты «мұғалімнің аймағы» ретінде қабылдап, оқыту мен оқу туралы сақтықпен сөйлейді. Оқушылармен пікірлесу- басшылықтың дәстүрлі қатынасынан өзгеше және оқушылар мен мұғалімдер арасында ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін күрделі үдеріс. Оқушылармен әңгімелесу барысында алалауға жол берілмеу маңызды. Оқушылардың пікірлесуде шынайы болуы, оқыту мен оқуға байланысты оларға қызықты және маңызды сұрақта қамтылуы «Оқушы үнін»шын мәнінде естуге мүмкіндік береді. Оқушылармен пікірлесу: