Б?л ша?ын кітапша Сіздерге бізді? Орталы?ты? ж?мысын, о?алтуды? не екенін т?сіндіріп ?ана ?оймай, Сіз бала?ыз?а ?алай к?мектесе аласыз, ?ыс?асын айт?анда,М?НЫМЕН?АЛАЙ ?МІР С?РУ КЕРЕК! деген с?ра?ы?ыз?а да жауап береді.
Республикалы? балаларды о?алту орталы?ы (Орталы?) ?Р ?кіметіні? 21 тамыз 2007 жыл?ы №723 ?аулысына сай ??рылды. «Республикалы? шаруашылы? ж?ргізуге ???ылы «Республикалы? балалар о?алту орталы?ы» мемлекеттік мекеме» Елбасыны? Денсаулы? са?тау Министрлігіне берген тапсырмасымен Астана ?аласында?ы жа?а орталы?тар базасында ашылды.
Орталы? бірінші пациенттерін 2007 ж. 10 ?ырк?йекте ?абылдады. Орталы? ?ызметіні? ма?саты -ж?йке, эндокриндік, тірек-?имыл ж?йесіні? б?зылушылы?ына ?арай балалар мен жас ?спірімдерге медициналы? ж?не ?леуметтік бейімдеу к?мегін беру, ?о?ам?а толы??анды кірігуін ?амтамасыз ету ж?не психологиялы?-педагогикалы? к?мекті? жо?ары мамандырыл?ан кешенді о?алту ?лгісін к?рсету.
Просмотр содержимого документа
«Ба?ытты адамды ?алай ?сіруге болады? »
Бақытты адамды қалай өсіруге болады?
(ата-аналарға психотерапевтің кеңестері)
Кіріспе
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Бұл шағын кітапша Сіздерге біздің Орталықтың жұмысын, оңалтудың не екенін түсіндіріп қана қоймай, Сіз балаңызға қалай көмектесе аласыз, қысқасын айтқанда,МҰНЫМЕНҚАЛАЙ ӨМІР СҮРУ КЕРЕК! деген сұрағыңызға да жауап береді.
Республикалық балаларды оңалту орталығы (Орталық) ҚР Үкіметінің 21 тамыз 2007 жылғы №723 қаулысына сай құрылды. «Республикалық шаруашылық жүргізуге құқылы «Республикалық балалар оңалту орталығы» мемлекеттік мекеме» Елбасының Денсаулық сақтау Министрлігіне берген тапсырмасымен Астана қаласындағы жаңа орталықтар базасында ашылды.
Орталық бірінші пациенттерін 2007 ж. 10 қыркүйекте қабылдады. Орталық қызметінің мақсаты -жүйке, эндокриндік, тірек-қимыл жүйесінің бұзылушылығына қарай балалар мен жас өспірімдерге медициналық және әлеуметтік бейімдеу көмегін беру, қоғамға толыққанды кірігуін қамтамасыз ету және психологиялық-педагогикалық көмектің жоғары мамандырылған кешенді оңалту үлгісін көрсету.
Орталықта:
5 психоневрологялық:1-3 жас, 3-7 жас, 7-11 жас, 11-17 жас аралағында балаларға оңалту шарасын көрсететін бөлімдер
1 эндокринологиялық бөлім (1 жастан 17 жасқа дейін) р
Орта мектеп
Консультативті-диагностикалық бөлім
Клиникалық лаборатория
Физиотерапиялық бөлім
Емдік дене шынықтыру бөлімі
Шағын ортез зауыты бар
Орталық айналым сайын 300 балаға қызмет көрсетеді, 11 жасқа дейінгі балаларды ата-анасымен бірге қабылдайды. Орталық Ұлыбритания, Алмания, Италия т.б. мемлекеттерден алынған қазіргі заманауи: УЗИ аппарат, электрокардиограф, электроэнцефаллограф, электронейромиограф, стабилометрді өлшейтін аппараттармен жабдықталған.
Орталықта Ұлыбританияның (Лондон, Бристоль, Нотингем, Лиддс) озық клиникалық орталықтарында білімдерін жетілдірген жоғары кәсіби мамандар істейді. 27 адам бала неврологиясы, ортопедия және емдік дене шынықтыру бойынша Мәскеуде білім жетілдірді. Санкт-Петербургтен-5 маман, Каунастан (Литва) – 3, Израильде, Данияда, Швейцарияда 2 адам тәжірибеден өтті. Елімізде алғаш рет ойын терапеві, еңбек терапеві, музыка терапевтері мамандықтарының штаты енгізілді, сондай-ақ рефлексотерапевтер, дефектологтар, психологтар, логопедтер, педиатрлар, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары және т.б.қызмет етеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту деген не?
Бұрында мұндай Мүмкіндігі шектеулі балаларды «Инвалид балалар» деп те атады. Қазіргі таңда қоғадық көзқарас өзгерді, яғни бұл балалардың мүмкіндіктері рас шектеулі, олар сол сау балалардағы жылдамдықпен тез жүгіріп, тез секіріп, тез, тез... бәрін істей салып өсе алмайды, бірақ та мүмкінділігінде шектеулілік бар балалар – мүмкіндігі шектеулі балалар. Егер табиғат бірін кем берсе, бірін асыра береді. Табиғат ешқашан түксіз етіп,тұлдыр қалдырмайды! Ешкімге құпия емес, көзі көрмейтін балаларда ерекше есту қабілеті болады, Даун синдромымен ауыратын балалар ерекше мейірімді, тез көнгіш, жайлы келеді. Тарихта коляскадағы инвалид балалардан өскенде көп жетістіке қол жеткізгендер бар екенін дәлелдейтін фактілер өте көп. Соның ішінде мысал болатын ең жарық тұлға – Теодор Рузвельт, АҚШ президенті, алып державаны басқарған, екінші дүние жүзілік соғыстан, әлемдік дағдарыстан өз державасын алып шыққан адам.
Ең маңыздысы, мүмкіндігі шектеулі бала – шығарылған үкім емес, бұл -жай ғана өзге өмір, оның да өз жетістіктері мен қуаныштары бар...екенін Сіздер түсініңіздер.
Бұл өмірде бізге берілген сынақтарға бір себеп үшін берілді деп емес, негеберілді деп қарау керек,яғни бұл біздің бір нәрсені түсінуіміз үшін (мінезімізге, тәртібімізге, өзге адамдармен қатынасымызға, тіпті өз өмірімізге) өзімізге үңіле қарауға берілген.
Сонымен, реабилитация деген не? «reabiliti»(лат.) – жоқтың орнын толтыру. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар туралы айтсақ,жоғалтқанның орнын толтыру туралы сөз болмайды. Олар отырып жорғалауды, еңбектеуді, жүруді, сөйлеуді, сурет салуды, оқуды т.б. істей алмаған. Сондықтан абилитация, яғни жаңадан жасау деген терминді қолдану дұрыс келеді. Бұл- балалардың ерекше даму процессі, онда бұрын болмаған білік пен дағдыны қалыптастыру. Мүмкіндігі шектеулі бала да сау баладағыдай заңдылықтармен дамиды, бірақ ерекше дамиды.
Бала орталықта 25 күн ем алады, осы уақыт аралығында бірден бәрін өзгертіп жіберу мүмкін емес, әйтсе де дәрілік терапия және дұрыс ұйымдастырылған кешенді оңалту процессінің, оның ішінде физиотерапия, емдік шынықтыру, музыка, ойын, еңбек терапиялары, психолог, дефектолог, логопед – педагогтардың күшімен аяқ -қол бұлшық еттерінің спастикалық бұзылысы бар балалардың көпшілігі өз бетінше қозғала бастайды, ешнәрсеге араласқысы келмейтін көңі- күйі жабырқау балалар ашылып, ойын мен музыка арқылы ортаға қосылуға қызығушылық танытады.
Орталықтың басты мақсатының бірі- ата-аналар мен балаларды үйрету және өмір сүруге бейімдеу және абилитацияның өмір бойы тоқтамай жүретін процесс екенін түсіндіру, оған дұрыс ықпал етуді үйренген жағдайда, еңбек пен төзім бірлескенде міндетті түрде жетістікке жететінін ұғындыру. Еңбек пен табандылық арқасында сау адамға қарағанда мүмкіндігі шектеулі адамдар көбірек жетістікке жетеді, тіпті өмірдің өзі көрсеткендей көпшілік сау адамдар былай -ақ бәріне қол жеткізеді деп ойлайды. Пароолимпиадалық ойындардың жеңімпаздары, Ресейдің белгілі әншісі Диана Гурцкая, туғаннан көзі көрмесе де эстрада жұлдызы бола алды, тұрмысқа шықты және дені сау бала туды. Кейбір дені сау адамдардың денсаулықтың құнын білмегендіктен оған қалай болса солай қарайды: араққа салынады, наркотик пайдаланады т.б. Серен Кьеркегор (психология ғылымының «экзистенцианализм» бағытының негізін қалаушы) жазған: «многие так жадно стремятся к удовольствиям, что в спешке пробегают мимо» - яғни соншалықты рахат өмірге құмар болғандар, сол рахаттан өтіп кеткендерін байқамай да қалады екен дейді. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар, өзінің кемдігімен күресе келе кедергілерді жеңу дағдысын: Табандылықты,Шыдам мен Төзімділікті,өз мақсатына жету үшін өз-өзін ұйымдастырудағы Өздік тәртіпті, ретті қалыптастырудың білігін, мақсатқа жету жолдарын, өзін-өзі ұйымдастыру мен өздік тәртіпті үйрену арқылы өмірлік міндеттерін шешетін стратегияларды қолдану арқылы таңқаларлық нәтижелерге жетеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тұлғалық даму заңдылықтары
Әр баланың дүниеге келуі – ғажайып құбылыс! Әрбір жыныстық қатынастан соң мыңдаған аталық спермалар жүздің ішіндегі аналық спермалармен түзілу нәтижесінде ғана жатырға түсіп, кейіннен жатыр түтігі жолдарына өтеді, соның оншақтысы ғана (яйцеклетка) жұмыртқа жасушаларына жетеді. Байқасаңыз, солар керек кезінде, керек сәтте ғана керек жерінде болуға тиіс, және де ішіндегі біреуі ғана жеңімпаз, сол ғана бала бітуіне себепкер бола алады. Бала бітіретін жасушалар өзара біріккеннен кейін де күрделі жолдардан өтуге мәжбүр, яғни жатыр түтігінен өтіп, жатырға келеді, сонда жатыр қабырғасына жабысып, бекиді, яғни плацент қабық пайда болады(баланың жатырдағы жолдасы деп аталады)Бұл қабық 9 ай бойы шақалақтың өсіп-өнуін қамтамасыз етіп тұрады. Адамның өмірге келуінің өзінде де-Адам Жеңімпаз, өйткені барлық кедергілерден өту арқылы дүниеге келудің іске асуы – Ғажайып!
Ауыр аяқ болу немесе жүктілікке өте күрделі процесс деп қарау жөн, өйткені алғашқы сәттерден – ақ болашақ адамның бүкіл мүшесі қалана бастайды. Көбінесе аналар өзінің екіқабат болғанын байқамай да қалады, алғашқы күндері білмейтіндер де көп, сондықтан баланы дүниеге әкелуді алдын-ала жоспарлаудың мәні зор. Дүниеге бала әкелуді айлап емес, жылдап жоспарлап, алдын- ала дайындалған абзал. Өйткені ата-анасының денсаулық жағдайына кішкентай жасушалардың жағдайы тығыз байланысты, өйткені олар арқылы адамға жаңа өмір бастауы беріледі. Бір жағынан анасының ішіндегі бала сыртқы әсерлерден қорғауда болады, екінші жағынан анасының организмі баланы бұзуға әсер ететін фактор болуы да мүмкін, олар: эмоционалдық (көңіл-күй) және физикалық (дене күші) салмақтардан, жұқпалы аурулардан, жарақаттардан, зиянды заттардан (алкаголь, никотин, наркотик- маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық) және т.б. Әйтсе де осылар ғана жаңа тіршілік иесіне кедергі келтіретін зиянды әрекеттер бола бермейді, тағы басқа да зияндар болады...
Ал бала анасының ішінде бәрібір бақытты күй кешеді, себебі анасымен бірге, ана жүрегінің дүрсілін естіп жылы құрсақта жатады. Ал, ол өскен сайын, анасы оның әр қимылын сезе бастайды. Іштегі бала алғашқы аптадан-ақ қимылдай бастайды, бірақ ол өте кішкентай болғандықтан сезілмейді, ал 4 айдан соң анасының, жақын адамдарының даусын ажыратып, тіпті музыканы да ажырата бастайды (ғалымдар іштегі баланың жылдам, қызба музыкаларға және баяу релаксацияға арналған әуендерге миының белсенділігінің артқанын белгілеген). Бала ұйқтағанда түс көреді, әр кез солай болғанын армандайды. Ол жердегі жұмақтың анасының құрсағы екенін білмейді де. Жүктіліктің 40 аптасы болғанда іштегі бала үшін анасының іші тар бола бастайды, сыртқа шығуға асыға дайындалады.
Туу процесі – адам өміріндегі алғашқы сынақ. Туу ана құрсағы тарылу процесінің нәтижесі емес, ол баланың белсенді қозғалысының да нәтижесі, туу жолдарынан өз әрекетімен айналып түсіп шығуға белсенді көмектесуі арқылы жүзеге асатын процесс.
Американдық психолог Станислав Гроф XX ғ.60 жылдарында баланы тудырудың матрицасы теориясын жасаған, онда туу қалай болады, баланың алдағы өміріне әсері бар ма сол жағы қарастырылған. Егер тууы күделі болса, көптеген кедергілер кездессе, онда адамның өмірі де сондай кедергілерге толы келеді. Кедергілер болса да, адам дүниеге өзі туылса онда өмірде алдағы болатын барлық кедергілерді ол жеңе алатын болады. Кейіннен ғалымдар анасының құрсағынан “кесерево сечения” әдісімен алынған балалардың өмірде бастамашыл әрекеттерге бара алмайтынын, олар өзгенің көмегіне ғана жүгініп, өзі әрекет ете алмайтынын дәлелдеді.
Міне, туу процесі аяқталды, адам өмірге келді, өзінің келгенін бар даусымен айқайлап білдіріп жатыр. Яғни, алғашқы айқайымен бала алғашқы тыныс алуын жасайды. өкпесі түзеледі. Адам өз өміріне ана ағзасынан бөлек осылай ене бастайды.
Туғаннан жасқа дейін...
Эрик Эриксонның (Психологияның гуманистік бағыттарын психосоциалдық даму теориясына сай) туғаннан жасқа толу аралығындағы кезеңдері қоршаған ортаға бейімделуінің ең маңызды тұсы болып саналады. Осыған дейін бала басқа тіршілік ету ортасында комфортты тіршілік етсе, ал ана құрсағынан шыққаннан кейін суық ауа, тым жарық сәуле, қатты дыбыстар, қоршаған үлкен нәрелер, сондай-ақ не істеймін десе де қарсы бола алмас күйі... бәрі, бәрі оған өзгеше әсер ете бастайды.
Э. Эриксонның тұлға дамуындағы кезеңдік психосоциалдық теориясы
Кезең
жасы
Психосоциалдық дағдарыс
Күшті жақтары
1
Туылы
1 жас
Базальдік сенім (егер ата-анасы уақытында дұрыс қажеттіліктерін қамтамасз етсе), (болмаса...)
Базальдік сенімсіздік
Егер сенім нық болса, туылады
Үміт
2
1-3 жас
Өз бетінше (жеке), өзіне істеуге мүмкіндік бергенде (егер болмаса) ұят және сенімсіздік
өз бетінше әрекет бар болса күш- жігер қалыптасады
3
3-6 жас
Бастамашылық (инициативность)
(ойнауға, фантазиясына, өзін-өзі көрсетуге шек келтірмесе, егер болмаса... күнә сезімі
Онда үлкендердің мақсат коюға қабілеті бар.
4
6-12 жас
Еңбексүйгіштік (төменгі сыныптарда баланы оқуға үйрету, оқуға, еңбекке, кез келген әрекетке қызығушылығын арттыру) болмаса...(Сен, Петя, тағы да есепті шығара алмадың, ал Ваня шығарды). Төмен бағалау. Бағасын түсіру
Үлкендердің құзыреттілігі (компетентность)
5
12-19 жас
өзін-өзі анықтау
(аутоидентификция) Мен кіммін, кімменмін, кім болғым келеді, неге бас ұрамын... егер болмаса- рольдік араласу
Егер анықтаса, алдағы уақытта сенімділік
6
20-25 жас
Интимдік (рухани, физикалық қатынас. Біз адамдарға тартыламыз, ол жан жылуы, білім, жақсы жағдай т.с.с. бере алатын...
(болмаса – изоляция оқшалану)
Кім де кім рухани, материалды, физикалық тұрғыда бай болса, шынайы махаббатты көрсете алады
7
26-64 жас
әрбір 5-7 жылда адам жеке адам кезеңін түсінеді, өтеді, ал ол сатылар жаңа, жоғары талаптар қояды. Сол талаптарға сай бола алғанда продуктивтілік (болмаса – тоқырау) (орта жастағы дағдарыс: карьерлік өсу жоқ, жеке өмірдегі сәтсіздік, маскүнемдік т.б.с.с.)
(забота)
Мейірімділік көрсете алады, өзіне де өз жақындарына да
8
65 жас...
Бұл – интеграция (тұлғаның тұтастығы)
Болмаса – отчаяние,күйзелу
Тек тұтас тұлға ғана шын даналық көрсете алады.
Әйтсе де, өмір сүру керек! Және кішкентай адам өмірге келдім деп айқайлап жатыр! Оны қоршаған үлкендер оның қажеттіліктерін дер кезінде жасай алса (тамақ, жылу, тазалық... онда кішкентай адамға дүние мейірімді, жақсы болып көрінеді. Яғни, базальдік сенім де туады.
Балалар ертегісіндегі тек алдымен ғана кіретін, артымен кірмейтін үйшік тәріздес, бүкіл әлем оған тек қана мейірлі сезімді оятады. Осылайша базальдік сенім, сене білуді, жарқын болашаққа сенімді, барлығы да тек жақсы болатынына, қазірше жаман болса да ең ақырында өте жақсы өмір болатынына адамның сезімін туындатады. Яғни, болашақ ересек адам, кісідей үміттенуге қабілетенеді, ол үміт болғанда ғана жолдағы кедергілерді жеңе алатын күш қалыптасады. Үміт адамның қарап қалмауына көмтеседі, тіпті шешімі болмас деген жағдайлардан да алып шығады.
“Сенім” деген сөздің өзі – “сенгенге дейін” саналы түрде бекімеген ойлау конструкциясы, өмірді қабылдаудың тәсілі. Егер де қоршаған адамдардың жаңа туған нәрестелермен ешбір қатынасы болмаса, онда ол өзінің айғаймен тек кедергі болатындай көрінеді, егер ешкім оның қажеттіліктерін қанағаттандырмаса, онда нәрестенің өз өмірі үшін күресуіне тура келеді. Кішкентай нәрестеге өмір деген қапас, қарауға қорқынышты, мейірімсіз заттай болып көрінетіні сөзсіз. Осылайша базальдік сенімсіздік пайда болады.
Ондай нәресте өскен кезінде де ешкіге сенбейтін, сенім арту қабілетінсіз болып өседі. Осындай адамдардан қызғаншақтар, кез келген нәрсені, нені болса да қызғана беретін, кез келген бағананы қызғанатын тұлға пайда болады. Ол үшін серіктесінің әрбір ісі күмән туғызып тұрады. Мысалы: “Боянған – яғни, біреуге ұнау үшін!”, “Жаңа көйлек киіпті – яғни, кездесуге бармақшы!”, “Телефонын көтермейді – яғни, көңілдесімен бірге шығар!” т.с.с. ойларды ойлап тұрады. Ондай адамға өмір сүру өте қиын, ол өзі де қиналады, өзгенің де өмірін құртады.
Әйтсе де, абсолютті сенімділіктің де өмірде кедергі болуы әбден мүмкін.ОЛ аса сенгіш адамдарды тез алдауға, пайдаланып кетуге, өзінің жаман ой-әрекеттерін жүзеге асыруға көмектеседі. Сондықтан, ненің де болса аса артық, аса кем болғанынан гөрі орташа аралықта тұрғаны абзал, ол -шындық: аса қатты сенуге де, аса қатты күдікшіл болуға да болмайды. Базалық сенімнің шығу тегін айтсақ, мамасы баласының барлық қажеттіліктерін қанағаттандырады, сонда да оған аздап күтуге, жылауға тура келеді. Сол арқылы бәрі бірден бола салмайды деген пікір туады және барлық тілектер ертегідегідей жақсы аяқталады.
Егер ата-ана өзінің сәбиіне аса көңіл бөліп, тілектерін орындай берсе, ол аса ерке, шолжаң боп өседі, өмірде кездесетін қиындықтарға төзімсіз болады, өз бетінше өмір сүре алмайды.
1 жастан 5 жасқа дейін
Бұл кезең өмірге икемдену , өмір сүруге бейімделу, жағдайға үйрену кезеңі: бала жүруді, тұруды, сөйлеуді, тамақ жеуді, горшоққа отыруды сұрауды, киінуді үйренеді, яғни өзіне-өзі қызмет етудің алғашқы дағдыларын қалыптастыра бастайды. Осылайша адам өз бетінше әрекет етуді үйренеді. «Өз бетінше әрекеттену» (самостоятельность) деген сөз өзі істеу, өзі тұру дегеннен пайда болған.
Ал өмірде қалай болуы мүмкін? Аналар, апалар өз уақыттарын,жүйкелерін, күштерін үнемдеу үшін бәрін өздері істей салады, балаға ешнәрсе қалдырмайды: өздері тамақ береді, киіндіреді, қолынан ұстап жүргізеді, жіберуге қорқады. Әсіресе балаға «Сен кішкентайсың, қолыңнан келмейді, өйте алмайсың, бүйте алмайсың!» дейді. Осыдан барып адамда бірнәрсе істеуге деген ұят пен күмәндану пайда болады. Мұндай бала өскенде бір нәрсе жасауға қауіптеніп немесе болмай қалады-ау деген ойда жүреді. Егер нәресте 3 жасқа дейін өз бетінше әрекет етуге үйренсе, онда кез келген нәрсені жеңуге батыл келеді, бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді, онда күш-жігер тәрбиеленеді.
Адамға керек ең жақсы қасиет күш-жігердің болуы адам 3 жасқа келгенше қалыптасуы тиіс. Ал өз бетінше әрекет ету қалай тәрбиеленеді? Мысалы бала сылдырмақты алуға алғаш талпынысын жасағанда, оған алып беріп көмектеспеу керек, өзі жетіп алғанша күту қажет. Көмектесетін сәттің де өз кезегі болады, бала ала алмай, бірақ тырысса, ал күші жетпесе көмектесуге болады. Сондай-ақ ойыншықты әрі таман жылжытып, алыстатуға да болады, ең бастысы кішкентай адам өз жеңісіне қуанып,оны сезінуі керек. Дәл осы кезеңде мүлдем өз бетінше әрекет етуге болмайтынын да түсіндірген жөн. Тым еркін әрекеттерден зиян шегуі де мүмкін. Мысалы өз бетінше биік шкафқа тартылса, жолды кесіп өткісі келсе қауіпті жағдай туындуы сөзсіз. Баланың өз бетінше әрекеттенуге ұмтылуының өзі өте нәзік қамқорлық аясында жүргені абзал, «гиперопекаға» жол берушілік баланың өз бетінше жетілуін тежейді. Сол үшін алтын аралық ортасын ұстау керек.
3 жастан 6 жасқа дейін
Бала 3 жас кезіндегі дағдарыстан өтсе, онда оның өз бетінше әрекет етуі қалыптасқаны, яғни жүре алады, сөйлей алады (өзіне керекті айта алады), горшокқа сұранады (жеке бас гигиена элементтерін орындай алады), ендеше бала келесі кезеңге дайын.
Бұл кезеңде баланың даму әрекетінің негізі – ойын. Ойын арқылы бала әлемді танып біледі, өз өміріне репетиция жасайды (ол түрлі рөлдік ойындар арқылы, мысалы: «анасы мен қыздары», дәрігерлер, өрт сөндірушілер, космонавт т.б. жүзеге асады). Ойын процесі арқылы баланың қиялы, шығармашылығы, іске асырушылығы дами түседі. Баланың мінез-құлықтарының өзіне ғана тән ерекшеліктері пайда болады. Мысалы кейбір бала туғаннан бастап лидерлік қабілетті иемдене туады, өзгелерді өзіне бағындырып, соңынан ерте алады, ойынға бастаушы болса немесе кейбір бала бұғынып көзге түспей өзінше отырады, бастама көтеруге ұялады. Ал адамдағы ең маңызды қасиеттердің бірі -инициативашылдық тура осы кезде қаланады. Біз баланың инициативасын басып тастайын да кездеріміз болады. Мысалы: Ұстама! Тиме! Жақындама! Секірме!... т.с.с. тыйымдар арқылы қоршаған ортаға деген құлшынысын тежейміз. Бір нәрсеге қол жеткізуге талпыну – өте жақсы қасиеттің бірі. Қол жеткізу білігі – мақсат коя білу. Көбінесе жастарға «Сенің қандай мақсатың бар?» деп сұрақ қойсақ, 50-60% үн-түнсіз қалады. Өкінішке орай үлкен адамдардың өзі өмірлік мақсатын дұрыс қоя алмайды, ең болмаса жақын уақыттағы 5 жылдың мақсатын қою керек,қоя білмейтіндер көбінесе ағынмен жүзіп кете береді, немесе жақын адамдардың әсеріне ғана арқа сүйейді. Егер бұл жағымды әсер болса жақсы, көбінесе ол жағымсыз лидерлердің пайдасыз әсер етуі болып та жатады, сөйтіп жас адам өзінің өмірін қалай болса солай бейберекеттікке жібереді. Иә, кей кездегі жағымды деген өмір жолының өзі де, жан-жақтан икемделуге итермелейтін уақыт келгенде тым ауыр боп кетеді. Яғни, адам өмір бойы өзі қалаған нәрсесімен айналыспағанын түсінеді, өйткені ешқандай қанағаттанушылық сезім, қуаныш сезінбеген соң өмір ауыр, жалықтырғыш сияқты көріне бастайды. Ал егер өзі таңдап қалағандай болса,онда оған да, өзгелерге де көп пайда келтірері анық.
Ал үлкендер балаларды бастамашыл болғаны үшін ұялтса: “Осындай ақымақтығың үшін анам үйді жиямын деп жұмыстан қалды, ал әкеңе тағы да жаңа обои үшін тыраштанып еңбектену керек” т.с.с. сөздер айтылады, сонда балада кінәлі сезім қалыптасады. Ал ол сезім алдағы өмірінде оған көп кедергі болады. Өзін-өзі кінәлау арқылы адам “өзін өзі жеп”, энергиясын бекер шығарып, өзін-өзі сөгіп, өзіне-өзі наразы болады. Көп ата-ана, осы сұрақты талдауда: “Балаға Жапониядағы, Кореядағы, Қытайдағы сияқты барлық нәрсеге рұқсат бере беруге бола ма?” – деп сұрақ қояды. Ескі қытай аңызында “Бала 1 жастан 7 жасқа дейін - патша” делінген. Бәрі оған қызмет етеді, ол билейді. 7 жастан 15 жасқа дейін “құл”, ол өзіне көрсетілген сүйіспеншілікке махаббатпен,тіл алғыштығымен жауап береді. 15жастан соң ол- үлкен бала – “досың”. Біздің өмірімізде балаға қауіпсіз болатын нәрселерге рұқсат ету ережесі орын алады. Әйтсе де шыдамның шегіне жеткенше және өзге баланы ойыншықпен ұрғанға дейін ықпал етпей қарап отыруға болмайды.
6дан 12 жасқа дейін
Бұл жас кезеңі – алғашқы әлеуметтену кезеңі, яғни бала кең дүниеге шығады. Бұған дейін бала бақшада, үйде айналасындағылар балаға жағдайлы, қолайлы орта қалыптастыруға тырысады, жаман әдеттерден сақтандырып жүрді. Ал енді кішкентай адам үлкен өмірге шықты, ол мектеп болса да ол үшін белгісіз әлем. Оған жаңа достарымен араласу, үлкен балалармен қарым-қатынас түзеуге тура келеді. Ең бастыс- балада жаңа міндеттер пайда болады, ол оған жауап беру керек. Оның әрекеті бағаланады, өзгелермен салыстырылады. Егер үлкендер оны бұрын қорғаштаса, енді сол үлкендер оған талап қоятын адамдарға айналады. Бастауыш сынып мұғалімдері баланы оқи алуға, жазуға, қоршаған ортаны білуге үйретеді, бірақ ең бастысы баланы өзі оқуға үйретпейді. Оқуға үйрету – бір іске қызығушылығын арттыру, оның білгісі келетінін дамыту, көбірек білім алуға, яғни, еңбекқорлық қасиетін дамытуға – еңбекті сүюге баулу. Өкінішке ор, мысал ретінде алсақ, мұғалім бір баланы үлгі етеді. “Міне, Серік жарады, есепті қалай жақсы шығарады!” деу арқылы екіншіні төмендетеді. “Ал, Берік болса қалды, шығара алмады, әлі отыр!”. Сонда Серік өзін батыр санайды, ал Берік басы салбырап, көзге түспеуге тырысып, тақтадан алысырақ отыруға тырысады. Сондай бала мектепке де әзер келеді, өзін-өзі толыққанды сезінбейді. Ал кішкентай адамға өзін-өзі бірнәрседен көрсету керек қой, сол үшін ол өзіне зейін аударту үшін әртүрлі қылықтар жасай бастайды...Ал баланың кез келген іске ұмтылысын құптап отырғанда ол болашақта сол іске деген қызығушылығын жалғастыра алады, мысалы математика, ана тілі, оқу немесе ән, сурет салу, тіпті әдемілеп сыныпты жинау т.б. әрекеттер.... Келешекте ол сол дағдысын өзінің кәсіби мамандығында көрсететін болады, одан өзгелерге де өзіне де пайда келеді.
Тағы бір ескеретін жәйт: баланы мүлдем бақылап отырмаса, іс-әрекетіне стимул бермесе ол балада бастаған істі аяқтамай тастап кететін әдет пайда болады, азғантай қиыншылықтарды жеңе алмайды.
Өтпелі жас кезеңі
Адамның өміріндегі ең күрделі кезең - өтпелі жас кезеңі, яғни 12-19 жас аралығы. Бұл кезде бала ағзасында гормоналдық сілкіністер , қалқанша безі, бүйрек үсті безі, жыныстық гормондар шығады. Жасөспірім тез өсе бастайды да жылдам жетіледі, екінші жыныстық белгілері қалыптасады. Сондай-ақ ішкі органдар, жүйке жүйесі тез өседі. Сонымен бірге олардың бірінен бірі қалыс қалуы да байқалады: бұлшық ет сүйектің өсуіне жете алмай жатады, содан болар жасөспірімдердің қолдары, аяқтары ұп-ұзын болып салбырайып тұрады, жүректің күші қан тамырлары арнасынан төмен болады, содан болар жасөспірімдерде қан қысымы ауытқымалы , өз ісіне жауап беру білігі, өзгелерден ерекше болу, достары арасында көрнекті болу, өзін-өзі ұқыпты күту, өзін-өзі көрсете білу сияқты қасиеттері болады.
Жүйке жүйесі де біркелкі дамымайды. Сондықтан жасөспірімнің эмоционалдық күйі тұрақты емес. Ұшқалақтық пен қызбалық жасөспірім кезең үшін қалыпты. Бұл сәтте өмір бағдары да өзгере бастайды, тура мағынасында да жанама ұғыммен де, мәселен бұрынғы зор көрінетін нәрсе үлкендеу ғана, бұрынғы мағыналы дегені де өзінің мәнін жоғалтады, тура фильмдегі сияқты “Ағаштар үлкен болғанда...” деген сияқты психологиялық өзгерістер пайда болады.
Ата-аналар бұрын балаға ерекше зор көрінген, олардың өмірін де басқаратын, бала үшін олардан құдіретті ешнәрсе болмайтын, ал енді өскен сайынбала ата-анасынан кемшілігі де, жетістігі де бар қарапайым адамдарды көре бастайды. Кейбір балалар ата-аналарының жетістіксіздігімен амалсыз келіседі, ауыр қабылдайды, бір сатқындық сияқты қабылдайды. “Мен сені керемет деп жүрсем, бәрінен ақылды, бәрінен күшті деп ойлағанмын, бірақ менің күткенімдей болмады” деп күйзеледі.
Көбінесе ата-аналар жасөспірімдермен өздерін қалай ұстау керек деп сұрайды. Бұрынғы тіл алғыштығы енді тиімсіз бола бастайды. Сол үшін ата-ана баласының өскенін, өзгеріп келе жатқанын қабылдау керек, енді олар өз ойы, пікірі, көзқарасы, проблемалары бар адамдар. Тек ата-ана оларға дұрыс кеңес бере алуы тиіс, ал таңдауды бала өзі жасайды.
Ескі нақылда: 15 жастағы бала ата-анасының досы. Онымен тіл табысуда дипломатиялық қарым-қатынас, үлкенді сыйлау сияқты үлгілерге сүйенуі шарт. Өскелең ұрпақпен тіл табысу үшін олармен тең дәрежеде “үлкендерше” қарым-қатынас жасау керектігі айтылады.
Кейбір ата-аналарда өз балаларымен жұп секілді қатынас жасау дағдысы жоқ, өйткені олар бұйырып, немесе өздері бағынып үйренген, дұрыс келісімге, компромиске келе алмайды. Ата-аналар балаларының материалдық талап-тілегін қанағаттандыра бермей, тұлғалық өсуі мен дамуына арналған қажеттіліктерін орындаулары да қажет. Бұл соншалықты биік деңгейде болмаса да бала ата-анасының тырысқанын бағалайды.
Ол ата-ана, Сіздерге еліктеу арқылы өзін-өзі жетілдіруге тырысды, уақытты босқа өткізбейді, компьютер ойындарын ойнаумен шектелмейді. Бұл жас кезеңіндегі міндет - өзін-өзі анықтау (аутоиентификация), яғни бала өзі туралы:Мен кіммін? Мен қандаймын? Менің жанымда кім? Кім болғым келеді? Маған не ұнайды? деген сұрақтардың жауаптарын іздей бастайды. Тіпті, біздің компьютерлік технология дамыған заманында көптеген ата-аналар бұқаралық ақпарат құралдарына зәру, олар үшін ең қажетті ақпарат – бала қандай идеалды арқаланады деген ақпарат. Баланың өмірдегі басым қажеттіліктерді анықтауы ата-анасының тәжірибесінен алынады,олардың өз сөздерінде тұра алушылығы, айтқанынан шыға білгені оған көбірек әсер етеді, олар да оған солай көрінеді. Ал әкесі баласын жаман баға алғаны үшін жазаласа, сөйте тұра бұрынғы бірге оқыған үздік кластастарын күлкі етіп келекелеп отырса, балада жақсы оқуға деген күдік пайда болады. Тіпті одан да анығырақ мысал: әкесі баласын мектептегі нашар тәртібі үшін ұрысса және нормада жоқ сөздерді қолданса... Егер бала жасында өзінің өмірлік басымдықтарын айқындай алса өскенде сенімдікке қабілетті келеді, ол үшін өз идеалына, отбасына, идеясына сенімді болады. Егер де бала ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені шсктеуге болады, нені болмайтынын шатастырса өмір бойы солай ауытқумен жүреді. Біресе жоғары, біресе қайтадан төмен кетіп нағыз «қызу» өмірде жүреді. Осындай «қызу өмірден» өзі де жақындары да шаршайды.
20 дан 25 ке дейін
Бұл кезеңде жас адам білім алуын аяқтап үлкен өмірге енеді, ата- анадан, жанұядан бөлек кетеді, жұмыс істейді, оқу оқиды, өзін - өзі асырауға көшеді. Ұясынан ұшқан балапандай ө қуанышын да, қайғысын да бөлісетін, кешіре алатын, аяйтын, қорғайтын, өзін жақсы түсінетін жан серігін іздейді. Сыртқы түрі тартымды, рухани және материалдық тұрғыда бай, өзі ойлағанына бәрін бере алатын адамға қарай тартыламыз. «Сүйгенімен лашықтың өзі – жұмақ» деген ертегіге қазір ешкім сенбейді. Махаббаттың шын сүйіспеншілігін тек жақсы көрген адам ғана бере алады, сол ғана сүйіктісіне көмектесуге, камфорт туғызуға қабілетті. Ярослав Смеляков кеңес кезінде « махаббат деген скамейкада отыру немесе айлы түнде қыдыру емес...» деп айтқан.
Егер де Сіздің көңіліңіз кең, жаныңыз жайсаң болса, сізге адамдар өздері-ақ жақындайды, тіпті де материалдық құндылық пен сыртқы түр міндетті емес. Сонда Сіз өздік сырларыңызбен бөлек бола аласыз. Егер адам жетілуге, кісі болуға, үлесін алуға тырысса, онда ол қызықсыз адам болады, ондайлардың жанынан өзі сияқты жолы болмайтын, ортадан аластатылғандар ғана табылары хақ.
ӨНІМДІЛІК (продуктивность)
Э. Эриксон адамның алғашқы 6 кезеңін 25 жасқа, ал 7 кезеңін 40 жылға дейін ұзартады. Бұл кезеңде адам белсенді еңбек етеді, өмір сүреді, өзіне, қоғамға пайда келтіреді, материалдық жақсы жағдай жасайды, өзінің өнімін береді, сонда ол өзіне де өзгеге де қамқорлық көрсетеді.
Қазіргі заманның зерттеушілері бұл кезеңдерді 5-7 жастай кіші кезеңдерге бөліп қарастырады. Өмірдің әрбір 5-7 жылы адамға жаңа, жоғары талаптар қойып отырады. Мысалы: алдымен адам менеджер болып істесе, кейін аға менеджер болады, сосын бөлім бастығы, сосын басқарушы. Әрбір кезеңде оған қойылатын талаптар кәсіби өсуіне, дисциплинасына, ұйымдастыру қабілетіне, стратегиялық ойлауына т.с.с. қабілеттеріне қарай өсе түседі,жоғарылай береді. Егер адам сол талаптарға сәйкес келсе, онда ол (продктивті) өнімді болып қала береді, болмаса онда оның карьерлік өсуі, өмірге қанағаттануы, жанұясының бұзылуы, ажырасу, ішімдікке салыну сияқты жайсыз тоқырауға ұласады. Бұл орта жастағыларға тән кризистер сипаты. Осылай орта жас кризистері әрбір 5-7 жылда қайталана беруі мүмкін. Егер адам кризисті жеңсе, ақылдырақ, данагөй, бейімделгіш, проблемаларды шешуге дағдысы бар адам болады. Егер жеңе алмаса ақырындап өзін-өзі жеп құрта береді, кейде өз-өзіне қол жұмсап (суицид) тез өмірден өтіп кетеді. Ол үшін өмірден кету оңай, ал күрделі проблемаларды шешу қиын болып көрінеді.
ДАНАЛЫҚ
Бұл кезең 65 жастан асқаннан кейін - өмірдің мәнін түсінген соң, өмір жолын сараптап өткізгеннен кейін келетін шақ. Еңбек жолын аяқтап, балаларын өсіріп, өз өмірлерін әбден тұрғызып болады. Енді өз-өзіне қарайтын, тәжірибесі мен білімін жүйелейтін, өзінің жетілген тұлға екенін тұтас сезінетін шағы.
Даналық деген – білім мен тәжірибе ғана емес, ол ұстанымды ақыл және бейкүнә логика, ой-сана. Даналық - өз білімі мен тәжірибесін өзіне, жақындарының пайдасына асыру үшін қолдану білігі. Өмірдің шексіз еместігін, тұтас мақсатқа бағыттылығын түсінетін кезең.
Сіз байқасаңыз, кейбір қарияларға адамдар жақын келеді, олармен кездесуге, қарым - қатынас жасауға тырысады. Олардың ақылдарын тыңдап, шын жүректен сыйлайды. Ақылды адамдармен тілдесіп, жүздесудің өзін ғанибет деп бағаласа, ал ақылсыз адамдардан қашқақтап, алыс жүреді, жай сыйлағанси салады. Бұл еленбей қалудан келетін дағдару (отчаяние) деп аталады, Қартайғанда ешкімге керек болмай, тек қызметі үшін ғана сый көрген,өзін шын жүректен жақсы көрмей,бірақ қымбат сыйлықтары үшін ғана адамдар араласқан адамдарда болады. Ондай адамдар өздеріне өзгенің шынайы ілтипат – сезімдерін бағындырмаған,шынайы құрметке тұрмайтын адамдар. Бұл әрине өте көңілсіз жайт.
Қорытынды
Міне, Сізбен адамның тұлғалық дамуының кезеңдерін бірге қарастырдық. Мүмкіндігі шектеулі балалар да осындай кезеңдерден өтеді, тек олар үшін оның мерзімі араласып келеді және де ... Кей адамдарда: « мүгедектер қол жеткізуі мүмкін емес!» деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Жоқ, ол әрине қате пікір. Мүмкіндігі шектеулі бала – мүмкіндігі шектеулі бала! Тек сол мүмкіндіктерді тауып дамыту қажет. Ал ол үшін уақыт, төзім, еңбек және табандылық керек! Тағы да ең маңызды қасиет - СЕНІМ, ҮЛКЕН СЕНІМ, қол жеткізе алатынына және оған Сіз қол жеткізе алатыныңызға нық сену! Пауло Коэльо – өзінің атақты « Алхимик » деген кітабында « Сен шынымен де бір нәрсені шын қаласаң, онда бүкіл дүние сол тілегің орындалу үшін саған жағдай жасайды!» деген. Егер далбастамай, қолыңды бос қойып, не істеріңді білмей аңырып отыра берсең Мей Ролло : « Егер адамзат ағзасына берілген бар мүмкіндікті іске асыру болмаса, онда ағза жаяу жүріп көрмеген адамның аяқтарындай әлсірей бастайды»деген сөздерін мұқият ойлау қажет.