kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұстаздарға балалармен жұмыс ануда өте жақсы материал

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту"»

Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық мүмкіндіктері өте төмен деңгейде болады. Сол себептен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға арналған арнайы әдіс-тәсілдерді қолданған жөн.
Осы жерде ақыл-ойдың ерекше сапасы, байқампаздық бақылау және талдай білуін оны кешенді түрде байланыстыру керек.
Шығармашылық қызмет түріне қарай оқушыға тән. Ал қарапайым орындау әдістері ақылды аса қажет етпейді. Әрине өмірде барлығы да қиын да күрделірек. Шығармашылық жұмыстарды орындау әр түрлі және әр қалай іске асады.


1.1. Шығармашылық мүмкіндікті дамыту

Шығармашылық мүмкіндіктерді дамыту үшін ең алдымен ерте бастау керек. Біріншіден, ең бастысы қандайда бір әрекетті таңдауда балаға еркіндік беру керек. Және оны ауыстырып отыру керек. Бұл баланың қалауы, оның қызығушылығы, эмоционалдық көңіліне пайдасы зор.
Екіншіден, балаға берілетін еркіндік үлкендердің ақылды кеңесімен іске асырылуы керек. Бала үшін әрекет етуге болмайды, ол өзі ойланып істеуі қажет. Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін ашудың, таңдау және зерттеу талаптың дамытудың жалғыз жолы осы болса керек. Біздің міндетіміз - баланың осы жолға түсінуіне көмек көрсету. Бұған дамыту ойындары, шығармашылық еңбекпен айналысу, өнерге баулу және тағы басқа жатады.


1.2. Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық мүмкіндігін дамытудың ерекшелігі
Ақыл-ойы кем балалар тек еңбек шығармашылығы мен ғана айнылыспауы керек. Оларға бастаған істі соңына дейін аяқтау өте қиын. Сондықтан бұл балалардың оқыту және дамыту үдерісінде ең алғашқы басты міндет-еңбекке баулуда жағымды әрекет қалыптастыру. Баланың қандайда бір жұмысты қабылдау үшін, мұғалім үлкен шыдамдылықпен «кезеңдік оқыту» принциптеріне сүйене отырып, еңбек үдерісінің әр кезеңін ой елегінен өткізу керек. Ең бастысы қолайсыз жағдайлар баланы шошытпауы керек, ал оның өз бетімен жұмысы өзіне деген сенімділікті арттырып еңбекке баулуға айналысуын дамытуы қажет.
Өз бетімен шығармашылық жұмыс жасаудың барлық түрі балаларды дұрыс жолға үйретсе, оларды орындау олардың эстетикалық талғамын, қоршаған ортаны көру, шығармашылық қабілетін дамытады. Алайда бұл өзінен өзі жүзеге аспайды, ол үшін педагогтың жүйелі, мақсатқа бағытталған жетекшілігі қажет және әр баланың жеке ерекшеліктері есепке алынуы керек. Үйірме жұмысының өткізілуі, ұйымдастырылуы, мазмұны баланың шығармашылық жұмысының дамуына бағытталуы керек.


1.3. Шығармашылық қабілетін дамыту әдісі
Педагогикалық-түзету жұмыстарында шығармашылық жұмыс ерекше есепке алынуы қажет. Шығармашылық ойлауын дамытуға көп көңіл бөлінсе, шығармашылық тапсырмаларды дұрыс орындайды.Тежелу процесстерін түзету дұрыс жетістік көрсету үшін нақты мақсатқа бағытталған педагогтың екі кезеңде ұйымдастырылуы керек: бірінші кезең алғашқы, мұнда шығармашылық ойлауы қалыптасуы керек, екінші-негізгі, үдерісте баланың шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеуі дамуы керек.Жетістікке жетелейтін жағдай тудыру, әсіресе психикалық дамуы бұзылған, өздеріне сенімсіз, қорқыныш билеген, белсенділігі жоқ балалар үшін қажет.Шығармашылықпен байланысты жұмыстарды орындау оның көркем-эстетикалық қимылымен жүзеге асады.Ол өзінің жасағанынан жағымды әсер алу керек. Жетістікке жету сезімі, бала педагогтың көмегімен немесе өз бетімен сенімсіздікті, қорқынышты, қиындықты жеңе білгенде пайда болады. Үлкендер балаларға жаңа іс бастау алдындағы өзіне деген сенімсіздікті, қорқынышты жеңуге көмектесу керек. Педагог баланың өз-өзіне деген сенім арттырып, өзінің күші мен қабілетіне сенуге көмектеседі. Оны тапсырманы орындай алатындығын сенімділік ұялату қажет.Жетістікке жетуді қалыптастыру үшін мұғалімнің ашық және жасырын көмегі қажет. Мысалы, ашық көмек «кел екеуміз бірге айтып көрейік». Немесе «қолымыздан келмесе ештеңе етпейді, тағы да жасаймыз» деген сияқты сөздер арқылы беріледі. Ал жасырын көмек балаға көрсеткенде ескертілетін, баланың өзі де байқамай қалатын сөздер. Мысалы, «сен өзің жасасаң бәріне ұнар еді». Тәрбиешіге әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиеленушінің өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыру керек. Баланың бағыты мен қызығушылығын есепке ала отырып педагогикалық жағымды тәсіл ойластырылуы керек. Сондықтан жеке тұлғалық бағыты мен қызығушылығын тануда әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушыны танумызға болады. Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қарым-қатынас өзара түсінушілік пен сенім арқылы қалыптасуы керек. Осындай қарым-қатынастар жеке мүмкіндіктерді арттыра алады. Баланың өзіне-өзінің сенім артып, топтағы белсенділігі күшейеді. Оқушыларды тану үшін кең тараған әдіс педагогикалық бақылау болып табылады.

Ақыл-ойы кем балалармен жұмыста топты бақылау, жеке оқушыларды бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бақылау нақты педагогикалық міндетке сай жүргізіледі. Жеке қарым-қатынастың мүмкіндігі тәрбиешінің білімділігіне тәрбие жұмыстарындағы әдістер мен тәсілдерді ұйымдастыру, әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдана білу, ұйымдастыру жұмыстарының әртүрлілігі әсер етеді. Дұрыс әдістерді қолдану педагогикалық тұрғыда педагогқа шығармашылық міндеттерді дұрыс қоюға, оны шеше білуге әр оқушының қабылдау деңгейін байқауға көмектеседі. Тәрбие жұмысының қорытындысы әдіс-тәсілдерді, құрылымдарды дұрыс қолдануға байланысты. Әр оқушы әр түрлі жағдайда өзін әрқалай ұстайтынына байланысты әр тәрбиеленушінің жеке қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінуі қажет. Балаларға талап қоя отырып тәрбиеші оны біртіндеп жоғарылатуы керек, дұрыс қарым-қатынас орната отырып балаға жағымды мінез қалыптастыруы керек. Әсіресе ақыл-ойы кем балалар педагогтың талабын әрқалай түсінеді. Талаптар олардың әр түрлі реакциясын тудырады. Кейбір балалар берілген тапсырманы тез орындайды. Әр топтан біз тәртіпке қойылатын талаптарды орындамайтын балалар болатынын білеміз. Мұндай балаларға салмақты дауыспен қатаң түрде түсіндіріп және ұжымда өзін ұстауды үнемі есіне салып отыру керек. Топта тәртіп талабын білетін бірақ орындамайтын да балалар болады. Мұндай балаларға балалар ұжымы арқылы әсер ету керек. Сондай-ақ баланың ұжымдағы орнын көрсету үшін тапсырылған істердің маңыздылығы, оны орындайтындығы туралы сенімділігі мақсатты түрде көрсетілуі керек.

Ақыл-ойы кем балалармен үйірме жұмысы. Әртүрлі үйірме жұмыстары жүргізген және ұйымдастырған жұмыстар арқылы оқу және тәрбие қызметін қамтитын олардың қызығушылығын бағалау қиын.Ақыл-ойы кем балалармен жұмыс тәжірибесі, мектепішілік үйірме жұмыстарын ұйымдастыру балалардың терең және жан-жақты дамуына әр түрлі дефектер мен түзету тапсырмаларын дұрыс шешуге әсер етеді.

Үйірме балалар үшін әртүрлі болуы мүмкін. Алайда ақыл-ойы кем балалардың өз бетінше өмір сүруіне негізделетін үйірмелер қолға алынуы керек. Бұған жан-жақты эстетикалық өзіне терең міндет қойған еңбектену қабілетін ашатын үйірмелер қажет. Үйірме жұмысын әр түрлі жалпы және арнайы білім беру пәндері негізінде жасауға болады.

1. Шығармашылық еңбекке баулу сабағының міндеттері: өз қолдарымен әдемі бұйымдар жасаған балалар оның жемісін көріп энергия, жағымды эмоция, ішкі қанағаттану, өмірге деген құлшыныс сезімдері артады.

Шығармашылық еңбекпен айналысқанда келесі міндеттер шешіледі:
 Баланың танымын түзету, түр, түс маталарын ажырату;
 Баланың аналитикалық-синтетикалық қабілеттерін дамыту, салыстыру және пысықтау мүмкіндіктері;
 адамның жан-дүние қызығушығына деген эмоциональды-эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу;
 Күнделікті өмірде еркіндік сапасын, қарым-қатынас қасиетін білім алуға деген қабілетін дамыту.
Осылайша баланың барлық психикалық қызметі жұмыс жасап тұлғалық мүмкіндігін кешенді жолмен ашуға болады.
Сабақтан тыс жұмыстар ерікті жүргізілгендіктен оқушының жеке тырысуына жауап беруі керек. Сабақтан тыс жұмыс тәрбиешіге баланың шығармашылық мұмкіндігін дамытатын әр түрлі сабақтар өткізуге мүмкіндік туғызады. Олардың жұмысты орындауға қызығушылығын, шығармашылыққа сүйіспеншілігін арттырады.
Сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыруда тәрбиеші келесі қолданыстарды ұстануы керек:
Балалардың жеке қасиеттерін ескере отырып оқушы таңдауының еріктілігін, мазмұны мен әдістерін қамту;
Сабақтан тыс жұмысқа оқушылардың көп қатысуын ұйымдастыру:
Балалардың қалауын есепке ала отырып шығармашылықтың өз бетінше бастау көтеруіне үйрету;
Орындалған жұмысқа қоғамды жағымды бағыт қалыптастыру;
Барлық сабақтан тыс жұмыстар жалпы оқу тәрбие ісіне сәйкес болуы керек.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Баяндама "Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту"

Автор: Галимова Гүлжан Бақтиярқызы

Дата: 06.01.2020

Номер свидетельства: 534608


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства