Баяндама: "Жа?а т?сілдер негізінде білім мазм?нын жетілдіру"
Баяндама: "Жа?а т?сілдер негізінде білім мазм?нын жетілдіру"
Елімізді? ?леуметтік-экономикалы? дамуыны? стратегиялы? ба?ыттарына с?йкес білім беру ж?йесін дамыта отырып, ?лемдік білім ке?істігіне ы?палдастыруда?ы негізгі ба?дар – адамды ?о?амны? е? ма?ызды ??ндылы?ы ретінде танып, оны? рухани жан-д?ниесіні? дамуына, к?з?арастары мен шы?армашылы? ?леуетіні?, танымды? біліктілігі мен м?дени ??ндылы?тарыны? жо?ары де?гейде дамуына, жеке т?л?асыны? ?алыптасуына жа?дай жасау.
Б?л міндеттерді ж?зеге асыру еліміздегі мектептерде о?ыту процесіні? мазм?нды? болмысын жа?а ?діснамалы? т?р?ыдан негіздеуді талап етеді. М?ндай жа?а ?діснамалы? ж?йе д?ст?рлі о?ыту процесін т?бегейлі ?згертуді? ?ажеттігін к?рсетіп, о?ытуды? шы?армашылы? ?ызметін дамытып, білім мазм?ныны? ?лтты? негізде берілуін жа?а ?ркениеттік ба?дар т?р?ысынан жетілдіруді ?арастырады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баяндама: "Жа?а т?сілдер негізінде білім мазм?нын жетілдіру" »
Жаңа тәсілдер негізінде білім мазмұнын жетілдіру
Ақтөбе облысы,Хромтау қ-сы
№ 4 орта мектебінің мұғалімі
Ермұханова А.Ж.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.
Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, шығармашылық әлеуметін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады.
«21-ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық»,- деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзі оны іске асырушы мамандарға бағдарламалық сілтеме болып табылады..[1]
Қазақ тілін оқытудағы манызды мәселе жас буынның тіл мәдениетін сақтай білуі,сөздік қорларын пайдалана отырып, грамматикалық,логикалық тұрғыдан өз ойын дұрыс жеткізе білуге үйрету. Осы мақсатта мемлекеттік тілді оқыту оқушының қажеттіліктерін қанағаттандырып игерту, дамуына ықпал ететін тәсілдерді дұрыс пайдалана білу. Мектептегі оқу үрдісін ұйымдастыру базалық білім, білік, дағдылар жалпы адамзаттық және ұлттық құндылыктар негізінде оқушылардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.Оқу үрдісін ұйымдастыру негізінде мынадай тәсілдер жатады:
- Тұлғаға бағдарланған;
- Іс -әрекеттік;
- Құзыреттілік;
- Денсаулық сақтау:
Тұлғаға бағдарланған тәсіл оқушы тұлғасының әлеуметтік мүмкіндіктерінің дамуы мен есебіне бағытталған.
Іс -әрекеттік тәсіл - оқушының дербес өнімді іс- әрекетін ұйымдастыру жағдайында туған мүмкінді мен қабілеттерін неғұрлым толық көрсету мен дамытуға бағытталған.
Құзыреттілік тәсіл - оқушылардың тұлғалық сапалар кешенін дамытуға,білім беруден күтілетін нәтижелер ретінде негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.
Денсаулық сақтау тәсілдері- жеке және ұлттық құндылықтар ретінде оқушы денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді. [2] Осы тәсілдерге үнемі көңіл аударылған білім үрдісі нәтижелі болады. Сабақ - мектептегі оқу -тәрбие жұмысының негізгі формасы. Оны шеберлікпен ұйымдастыру арқылы ғана табысқа жетуге болады.Әрбір сабақты бүгінгі күн талабына сай өткізуде ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру қажет.
Қазіргі таңда оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Оқушыға нақты білім беруді мақсат тұткан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының білім біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша өз ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырып құрады. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Ақпараттық- коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болу отыр.АҚТ пайдаланудың мәні компьютерлік техниканы мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық - әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылады .Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Сабақтың қызықты да , түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына байланысты. Интернет желісінде жұмыс істеу оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны
игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашады. Жаңа ақпараттық коммуникативтік технологияда оқыту құралы ретінде электрондық оқулық және интернет жүйесі маңызды орын алады. Оқушылар үшін электрондық оқулық - мектеп қабырғасында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындауға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Электрондық оқулықтар бойынша оқушы тапсырманы қызыға орындайды. Ал, мультимедиялық технология оқушыға экран арқылы компьютер жаңа сабақты түсіндіріп, оқу процесін өзі атқарумен сипатталады. [3]
Қазіргі құрастырылатын сабақта негізгі екі міндет ойластырылуы керек: біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысаны ретіндегі келешегі, екіншіден, білім берудің оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі. Мұғалім сабақта оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал, оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс- әрекеттеріне ынталы болады. Сабақты осылай жоспарлап өткізу өзінің нәтижесін береді. Өз тәжірибем көрсеткендей, мұғалім кызмет, оқушы қызметі ,нәтиже- негізгі құрылым. Бұндай сабақтар жеке тұлғаны дамуына ықпал етеді, білім сапасынын арттыруына көмектеседі, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырады.Өзімнің іс-тәжірибемнен , бір сабағыма тоқталсам. Сабақтың тақырыбы:Етістіктің шақтары.
Оқыту тиімді ,нәтижелі болу үшін - жеке тұлға ерекшеліктеріне, психологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөле отырып сабақтың мақсатын төмендегідей болды:
. Білімділік: Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің өткен,осы және келер шақ түрлерімен танысу, жаттығулар арқылы тақырыпты бекіту.
Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануд,. көбінесе мына жағдайларға көңіл бөліп отырамын.
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Бұл сабақта мен қолданған әдіс: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қазғау, топтастыру.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша құрылған тапсырма жүйесі оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға негізделген.Бұл тапсырмалар оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушылардың сабақта өз ойын еркін айта білуі.
Сабақ құрылымындағы ой қозғау, мағынаны ажырату, семантикалық карта тәсілдерін пайдалану сыныптағы барлық оқушыны жұмыспен қамтамасыз етеді, оқушы белсендігін оятады, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін арттырады. Сабақтың бекіту және қорытындылау кезеңін төмендегідей түрде айқтауға тырысамын.
Семантикалық кестені толтыру.
Мысалдар
осы шақ
келер шақ
өткен шақ
1.
Ол жазды
2.
Сіз жазып отырсыз
3.
Сұрақ қиын болмады
4.
Ол сонда оқымаған
5.
Біз осында қаламыз
6.
Кітапты оқыды
7.
Қар жауып тұр
8.
Қыс суық болды
9.
Ол түсінген жоқ
10.
Ол келе жатыр
Шығармашылық стратегиясы
«Мақсатым- тіл ұстартып , өнер шашпақ» деп аталады.
« Қобыздың атасы – Қорқыт» туралы эссе , ұнататын өлең жолдары, сөзжұмбақ құрастыру,сурет салу т.б.
Сабақты қортындылау.Не істедік? етістіктің
Не үйрендік?
Не білдік? келер өткен
осы
Осы тұрғыда қазақ тілі пәні бойынша өткізілген сабақ оқушының ойлау-логикалық қабілетін дамытады.
Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз оқу»- деп, М.Дулатов айқанындай,егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ.
Қорыта айтсақ, жаңа тәсілдер негізінде білім мазмұнын жетілдіру - оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған , болашақта өзіне де, өзгеге де қызмет көрсете алатын азамат болуға көмектеседі..
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Назарбев Н. "Қазақстан — 2030" Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1997ж, 176 бет
2. А.Ж. Өтен. «Әдіс пен тәсіл туралы бірер сөз» //Қазақстан кәсіпкері № 4 2007 ж.24-25 б.