kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама:"Саба?ты? тиімділігін арттыру жолдары мен ??ралдары."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Солт?стік ?аза?стан облысы Петропавл ?аласында?ы  "№42 орта мектеп " коммуналды? мемлекеттік мекемесіні? ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі Аманжолова Тана Тастан?ызы. Е?бек ?тілі - 16 ж. 2 категория. Баяндама та?ырыбы:"Саба?ты? тиімділігін арттыру жолдары мен ??ралдары."" 

Мен К?кшетау ?аласы Шо?ан У?лиханов атында?ы педагогикалы? институтты  1996 жылы бітірдім. Диплом бойынша маманды?ым: ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі. Мен "?здігінен ізденуге ба?ыттау ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін арттыру " ?дістемелік м?селе бойынша ж?мыс істеймін.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама:"Саба?ты? тиімділігін арттыру жолдары мен ??ралдары." »





Сабақтың тиімділігін арттыру жолдары мен құралдары.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогресстердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. 
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Міндеттері:

1.Ақпараттық және СТО бағдарламасының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып,танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай алатын орта туғызу.

2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу.Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау...

3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.

Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдас-

тырылуы негізінде жүзеге асырылады. Мен Кембридж бағдарламасын оқығаннан бері дәстүрлі емес сабақ үлгісін қолданамын. Бұл сабақтың тиімділігі оқушыға шектеу қойылмайды, сыныпта еркіндік, ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Сынып топпен, жұппен жұмыс жасайды. Бұл әдіс біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады. Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды.

Бұл әрекетте мұғалімнің міндеті оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді







тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады.

Жаңа сабақты меңгертуде оң өзгерістер болды. Әр сабаққа мақсат құрып, күтілетін нәтижені анықтап, олардың сабақ барысында не арқылы бағаланатынын көрсетіп отырдым. Дәстүрлі сабақта оқушыларға сабақтың мақсатын айтпайтынбыз, қазіргі өзгерістің бірі сабақ мақсатының оқушы

ларға таныстырылуы. Сабақтың мақсаты таныстырылғаннан кейін оқушылар мақсатқа жетуге ұмтылады. Сонымен қатар бұрын жаңа сабақты меңгертуде тек өзім түсіндіріп, өзім сөйлейтінмін, оқушылар тек сабақты жәймен тыңдаумен шектелетін. Ал қазіргі әдісім жаңа сабақты меңгерту жолдарында бағыт беріп отыру. Мысалы: ертеңгі өтетін сабағыммен таныстырып, алдын –ала үйге тапсырма беремін, жаңа сабақ бойынша ізденіп келулерін сұраймын.

Мысалы: 8-сынып, тақырып: «Астана қаласы» Ал келесі күні оқушылар сол тақырып бойынша не біліп келгендерін, ойларын флипчартқа түсіреді. Ортаға әр топтан бір оқушы шығып қорғайды. Әр топтың тақырып бойынша біліп келгендері, ойлары бір жерден шығады, себебі, тақырып ортақ. Кейбір топтарда айтылмаған ойлар айтылып, бірін –бірі толықтырып отырады. Жаңа тақырыпты оқушылар менің көмегімсіз жан-жақты ашып, өздері түсіндіреді. Бұл әдіс оқушылардың өз бетінше ізденуіне, жақсы нәтижеге жетуіне, бірігіп оқып үйренуіне үлкен септігін тигізеді.

Қызығушылықты оятуда «Ой қозғау», толғаныста «Венн диаграммасы», «Топтастыру»,т.с.с.стратегияларды қолданудың тиімділігі анықтадым. Сонымен қатар, диалог арқылы сыни ойлауды дамыту іске асты.Себебі мәтін талдау оқушылардың жүйелі ойлауы, түсінуі, талдауы, әңгімелесу, диалог арқылы орындалады.

Жалпы, жаңа бұрын-соңды мен қолданбаған жаңа тәсілдің бірі – критерий бойынша бағалау. Мектептегі тәжірибемнің алғашқы күндерінде топтық жұмысты бағалау қиындық тудырды. Топтағы оқушылардың бәрі бірдей белсенділік танытып отырады, бірақ кейбіреуінің жауабы нақты емес немесе қате, ия толық емес болады. Сол кезде топ мүшелерін бағалау қиындық тудыратын. Сондықтан сабақта «бағалау парағын» және критериалды бағалауды жиі қолданамын. Оқушы тапсырманы орындап болған соң, өзінің дұрыс жауаптарының санын көріп, смайликтер арқылы бағаланады. Бұл тәсілдің тиімдісі – оқушы не үшін және қалай оқу керектігін біледі. Олар не үшін оқу керектігін түсінеді.
«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» - дейді елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.






Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату – бүгінгі күннің басты талабы.

Мұғалім үшін жаңашыл,ізденімпаз, өзгеріске бейім болу тән қасиет. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль-сабақ, экскурсия-сабақ және т.б. жатқызуға болады.
Видео-сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілік ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызықтырушылықты арттырады.
Презентациялар бір жағынан, оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді.
Видео-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Балалардың ақпаратты теледидар, компьютер және т.б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Видео-сабақты қолдану ақпаратты жоғарғы көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізуге көмектеседі. Ашық көркемдеулер және анимацияланған процестер назардың көбірек аударылуына, қарастырылатын тақырыпқа байланысты қызықтырушылық тудырады. Егер мұғалімнің түсіндіруін оқушы дұрыс қабылдай алмай қалса, видео-сабақтар арқылы түсіндіру қабылдауға жеңіл әрі қызықты. Мұндай әдіс жаңа материалды түсіндіруге кететін уақытты азайтады. Мысалы лекциялық материалдың мазмұны бүкіл бір сабақтың уақытын алса, ал оқу видеофильмдері - 20 минут қана уақыт алады немесе тәжірибелік жұмысқа нұсқауды көркем жеткізуге мүмкіндік береді. Осының арқасында материалды тәжірибелік меңгеруге көп уақыт қалады. Видео-сабақты қысқаша талқылау материалдың негізгі кезеңдеріне назар аудартып, қорытындылар шығаруға көмектеседі. Яғни қажеттілігінше видео-сабақтарды пайдалану оқушының пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.
Оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда бұл құралдардың маңызы зор.

Сабақ барысында ақпараттық технологияны қолданудың жақсы жақтары:
•1Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау
процесі үшін тиімді.






•2.Әр сабақта сөйлеу әрекетінің бес түрі де қолданылады: тыңдалым,
сөйлесім, оқылым, жазылым, айтылым.
•3.Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:
а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас;
•ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың
•арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.
•4.Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.
•5. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін
•табысты байланыстырады.

•6.Компьютерлік желілермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың тілдік сауаттылығы, шығармашылық потенциалының, тілдік құзіреттілігінің дамуына мүмкіндік туады.


Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. 
Баланың өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін сабақта жаңа технологиялар мен инновациялық жолдарды қолданудың мақсаты шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. 

























Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы

«№ 42 орта мектеп» КММ











Баяндама

Тақырыбы: « Сабақ тиімділігін арттыру жолдары мен құралдары»








Дайындаған: Аманжолова Т.Т.

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
















Петропавл қаласы, 2014 ж.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баяндама:"Саба?ты? тиімділігін арттыру жолдары мен ??ралдары."

Автор: Аманжолова Тана Тастан?ызы

Дата: 24.01.2015

Номер свидетельства: 160640


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства