kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама. ?ашы?ты?тан о?ыту технологиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ашы?ты?тан о?ыту технологиясы. Баяндама

?аза?стан Республикасы, Жамбыл облысы, Байза? ауданы,

Т?ймекент орта мектебіні? информатика п?ні м??алімі

Байгонысова Азизат Маратовна

        Со??ы он-он бес жылдан астам уа?ыт ішінде ?аза?станда?ы білім беру ж?йелеріні? ??рылымдарында елеулі ?згерістер болып жатыр. О?у мен білім технологиясы ?аржы ?орыны? байыбына жетіп т?сінуді?, нары?ты ?ркендету жолында к?ресуді? тиімді ??ралына айналып отыр. Осы ретте ?азіргі заманда?ы технологиялы? жетістіктерге негізделген ?ашы?ты?тан білім беру жетекші р?л ат?арады. Д?ние ж?зі бойынша ?ашы?тан білім беру ж?йесін ?ркендетуді? басты ма?саттарынын бірі - о?ушыларды? кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі о?у ба?дарламалары бойынша о?ып, білім алуларына жа?дай ту?ызу болма?. Осылай еткенде ?ана жастарды? бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу ?ойып, кедергілер ту?ызудан г?рі к?з?арастар ж?йелеріні? бір арна?а то?ыстырыл?ан идеяларымен ?аруланып, білім беру ресурстарын ?зара алмастыру жа?дайында болаша?ы зор жа?а істерді ?ркендете т?суге м?мкіндік туады. Коммуникациялы? каналдарды ау?ымды т?рде тарату курысы ма?ызды міндеттерді ойда?ыдай іс ж?зінде асыру?а септігін тигізбек.

      ?ашы?тан о?ытуды? білім саласында?ы ма?саты: білім беруді? бірт?тас а?паратты? ж?йесін ??ру ар?ылы о?ушылар мен студенттерді? білім де?гейін к?теру.

?ашы?тан о?ытуды? білім саласында?ы міндеттері:

  • бір-бірімен ты?ыз байланысты бола отырып, мемлекеттік (республикалы?) де?гейіндегі ?ашы?ты?тан о?ытуды? ??рамына енуі;
  • ??ру кезінде мемлекетті? стандарт талаптарын са?тау;

       ?ашы?ты?тан о?ытуды? жергілікті ж?йесі белгілі бір білім ж?не жекелеген ?ала ше?берінде ж?мыс ат?арады, оны? ??рамына тек жо?ары о?у орындары ?ана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай ж?йені? аясында ж?мыс жасауды? ал?аш?ы сатысында зиялылы? потенциялын, компьютерлік техниканы ?тымды пайдалана отырьш, ?здіксіз білім беру принциптерін ойда?ыдай іске асыру ?ажет. Осы?ан орай, мектептер мен жо?ары о?у орындары жергілікті ж?не айма?ты? желіні пайдаланып, шы?армашылы? ж?мыстарын таратып, о?ыту ?рдісінде ?дістеме бойынша т?жірибе алмасуы ?ажет.

О?ытуды? ау?ымды ж?не жергілікті ж?йелерін ойда?ыдай пайдалана білуді? н?тижесіндебілімні? базалы? ж?не деректерді?банктік м?лімет-теріне, клиент-сервер, мультимедиа, компьютерді о?ып-?йренуші ж?йелерге, электронды? о?улы?тар?а, о?у-?дістемелік материалдар?а, ?ашы?ты?тан о?ыту ж?йесіні? технологиясымен ?йлесімді болып келетін, алда?ы уа?ытта о?ыту т?сілдеріні? ішінде ке? тара?ан бес аспап ?рі ?мірше? т?рлері бола алатындай жайлы окулы?тар?а, ба?дарламалар?а еркін кіруге болады.

      Осындай сан ?ырлы, ?рі к?рделі м?селелерді ж?зеге асыруда о?ытушыны? ат?арар р?лі орасан. О?ан ?рі ауыр, ?рі жауапты міндет ж?гі ж?ктеледі: ол ба?дарламаны? ??рылымын дайындап, оны ?ашы?ты?тан білім беру ж?йесімен астастырып бейімдейді, о?у ?рдісіні? барысын ?ада?алап, тапсырмаларды орындау барысында, ?з бетімен ба?ылау-пысы?тау ж?мыс-тарын орындау ж?нінде ?сыныстар береді. Б?л ретте ?ашы?ты?тан о?ыту ж?йесіні? ?дістерінде к?рсетілгеніндей, к??іл-к?й, психологиялы? ?арым-?атынас бой к?рсетеді. ?ашы?ты?тан о?ыту т?сілі бойынша ж?мыс істейтін о?ытушы о?ытуды? жа?а технологиясын, о?ытуды? компьютерлі ж?не торапты? ж?йелерін жетік біліп, олармен  іс ж?ргізу ісін орындау шарт.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама. ?ашы?ты?тан о?ыту технологиясы »

Қашықтықтан оқыту технологиясы. Баяндама


Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Байгонысова Азизат Маратовна


Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерініңкұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана жастардың бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

  • бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып, мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

  • құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесіндебілімнің базалық және деректердіңбанктік мәлімет-теріне, клиент-сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық оқулықтарға, оқу-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол бағдарламаның құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыс-тарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.

Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

  • Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.

  • Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.

  • Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласын-дағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.

  • Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.

  • Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдануісіне дағдылануынқалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпарат-тар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.

  • Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.

  • Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән берілмейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылым-дарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.

Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтықтан оқытудың спутниктік каналын ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда.


1 Қашықтықтаноқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі

1.1 Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері

Қашықтықтықтан оқыту (бұдан әрі ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен тыңдаушыныңаймақтық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен тыңдаушыға анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы тапсырмалар және тестілеумен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұнын жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы – біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады.

Қашықтықтан оқытудаөз бетінше жүргізілетін жұмысты сөзжұм-бақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырып-тарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі – оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.

Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:

  • Дидактикалық жүйе;

  • Технологиялық жүйе;

  • Қамтамасыз ету жүйелері.

Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалық бес әдісін қолдануға болады: ақпараттық-рецептивті, репродуктивті, мәселелік мазмұндау, эвристикалық, зерттеу.


1.2 Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технология-ларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық техно-логияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Қашықтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынада қашықтықтан оқу ұғымы тыңдаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғарғы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:

Кейс-технология – оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтық-тан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технологиясы (ағылшынның сasе-портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар:

1.Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша электрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдықәдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға,шығармашылық қабілеттерін белсендіруге

2. Жұмыс дәптері.

3. Анықтама.

4. Оқу, аудио, бейне материалдары.

5. Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:

- курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;

- пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу мате-риалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.

- Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған құжаттар мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

- Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.

- Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).

- Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.

- Оқулық бетінен интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.

Желілік-технология – білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік құралдармен жабдық-талуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;

Оқытудың желілік технологиясына мыналар жатады: интернет желісін пайдалану, электронды поштаны пайдалану, телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану, мультимедиамен жабдықталған, интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс.

Электронды пошта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды пошта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезінде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тыңдаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның құралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Сонымен, қашықтықтан оқыту адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.


1.3 Білім беру ұйымдарында қашықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі

Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

  • тьютор (Tutor) – білім алушылардың өзіндік жұмысына басшылық жа-сауды жүзеге асырушы қашықтықтықтан оқытудың оқытушы консультанты;

  • контент – ақпараттық толықтыру – мәтін, графика, мультимедиа және өзгеде ақпараттық толықтыру;

  • тьюторлық сыныптар – компьютерлермен, бейне мониторлармен және басқа да ақпараттық коммуникативтік құралдармен жабдықталған сыныптар.

Қашықтықтықтан оқыту:

    • ақпараттық-коммуникациялық және қашықтықтан оқыту технология-ларын іске асыруға арналған материалдық-техникалық жағдайлар;

    • электрондық тасымалдағыштарға арналған мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының контенті (мазмұны);

    • білім беру процесі субъектілерінің мүмкіндікті өзара іс-қимылына дайындалған кадрлық құрамы бар болған кезде білім беру қызметіне лицензиялары бар білім беру ұйымдары іске асырылуы мүмкін.

Қашықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

  • желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, интернетті пайдаланатын университеттер);

  • кейс-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту;

  • ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту.

Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен қызметкерлері қашық-тықтан оқыту жүйесінің субъектілері болып табылады.

Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

  • оқытуды даралау;

  • оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;

  • дәстүрлі оқыту нысаны қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшінбілім беру қызметін ұсыну болып табылады.

Білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуі үшін мынадай функцияларды орындау қажет:

  • оқу курстарын қолдау;

  • білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;

  • кеңестер беру;

  • білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру;

  • білім алушылардың білімдерін бақылау.

Білім беру ұйымдарында:

  • білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпарат-тарынан тұратын беттері бар білім беру интернет-порталының;

  • телекоммуникациялық желіге шығатын (интернет, спутниктік теле-дидар) жабдықтардың;

  • әртүрлі терминалдардың: мультимедиялық сыныптардың, электрондық оқу залдарының;

  • CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің (жекеменшікжәне сатылып алынған);

  • желілік оқу мультимедиа контентінің (жекеменшік және сатылып алынатын);

  • тестілеу кешендерінің;

  • тиісті дайындықтан өткен профессор-оқытушы, оқу-көмекші және техникалық персоналдардың;

  • жекеменшік контентін (локалдық және желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;

  • желілік тестілеу кешендерінің;

  • оқытудыбасқарудыңжелілікжүйелері (Learning Management Systems - LMS);

  • оқытуконтентінбасқаружүйелерінің (Learning Content Management Systems- LCMS) бар болуы қашықтықтықтан оқыту нысаны кезінде оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады.

Қашықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орындарында қашық-тықтан оқытудың жетекшісі басқаратын және өзінің құрамында мынадай міндетті қызметтері арнайы құрылым (факультет, орталық, бөлім және басқа) құрылады:

  • оқу процесін ұйымдастыру және басқару;

  • қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу;

  • ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.

Оқу процесін ұйымдастыру және басқару қызметі қашықтық нысаны бойынша оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, қашықтықтан оқытумен байланысты құжаттамаларды жүргізеді, қашықтықтан оқыту орталықтарының қызметін бақылайды, оқытушылар мен тьюторлардың біліктілігін арттыру мен сертификаттауды ұйымдастырады.

Қашықтықтан оқытудың дидактикалық тәсілдерін әзірлеу қызметі қашықтықтан оқытудың электрондық оқулықтарын, мультимедиалық курс-тарды, әдістемелік құралдар мен басқа да әдістемелік құралдарды әзірлеуді, сатып алуды және игеруді жүзеге асырады, тестілеу жүйелері мен білімді бақылаудың басқа да құралдарын, қашықтықтан оқытуға арналған ақпараттық ресурстарды қолданудың әдістерін әзірлейді.

Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету қызметі қашықтықтан оқытудың бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын әзірлейді, игереді және оларды пайдалануды қолдайды.

Оқу процесі базалық жоғары оқу орнының басшысы бекіткен қашықтықтан оқытудың оқу жұмыс жоспарының негізінде ұйымдастыры-лады. Оқу жұмыс жоспары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес үлгілік оқу жоспарларының негізінде жасалады. Жоғары оқу орны білім беру процесінде кезінде қашықтықтықтан оқытудың таңдаған технологияларына сәйкес келетін оқу сабақтарын өткізу түрлерін пайдаланады.

Жеке оқу жоспарына сәйкес жылдар мен семестрлер бойынша пәндерді бөлуді өзгертуге мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келетін таңдаған мамандықтары бойынша пәндер тізбесінің шеңберінде мүмкіндік беріледі.

Қашықтықтан оқыту нысанына түсуші тұлғалар үшін білім беру ұйымдары оқу сабақтары басталғанға дейін қашықтықтан оқытудың технологиялары және жүйелерімен танысу жөнінде кіріспе курстарын өткізеді.

Білім беру ұйымдарында Білім және ғылым министрлігі белгілеген оқу мерзімдеріне сәйкес басталады, саны мен ұзақтығын білім беру ұйымы өз бетінше белгілейтін академиялық кезеңдерден тұрады. Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша білім алушылар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруі тиіс.

Базалық білім беру ұйымы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін қашықтықтан оқытудың кезкелген технологиясын қолдануға құқығы бар.

Білім беру ұйымы қашықтықтан оқыту кезінде әрбір білім алушыға ақпараттық-білім беру ортасына кіруге мүмкіндік береді. Білім алушыда қажетті аппараттық-бағдарламалық құралдар болмаған жағдайда білім беру ұйымы оларды оған жалгерлік негізде беруіне болады.

Тьюторлық сынып компьютерлік оқу жұмыс орнына өткізу мүмкіндігі кем дегенде 50 Кбит/сек болатын интернеттің ғаламдық желісіне қосуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналары болуы керек.

Компьютерлердің саны мен оларды орналастыру. Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес белгіленеді. Барлық компьютерлер локалдық желіге біріктірілуі керек. Компьютерлік жұмыс орнының конфигурациясы оқу қызметінің тиісті түрлерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Оқытушыларға арналған жұмыс орнының саны күніне 3 сағаттық жұмыс және 2 оқытушыға бір жұмыс орны нормасына сәйкес анықталады.

Білім беру ұйымы білім алушылардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен бірге оқу процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы арқылы білім алушыларды ғылыми және әдістемелік көмекпен қамтамасыз етеді. Сессиялар арасындағы кезеңде қашықтықтан оқыту нысаны білім алушыларға теориялық материалдарды өз бетінше зерделеуді және тьюторлардан қашықтық кеңестерін алуды ұсынады. Тыңдаушының өзіндік жұмысына электрондық оқу-әдістемелік кешенімен және қосымша материалдармен атқарған жұмысы жатады. Оқытушы-тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін тыңдаушының өзіндік жұмысына барлық оқу пәндерінің материалдары бойынша интерактивті консультация жатады (чат, форум арқылы).

Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім беру бағдарламаларын іске асыру кезіндегі консультациялар жүйесі бірнеше түрдегі консультацияларды қарастыруы мүмкін:

  • жеке күндізгі (білім алушылардың бастамасы бойынша жекелеген жағдайда);

  • жеке қашықтықтан (бақылау және аттестаттау жұмыстарына арналған рецензиялар, телефон, e-mail, чат, форум бойынша);

  • топпен қашықтықтан (чат арқылы, Web-сайтында жиі қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрінде).

Қашықтықтан оқытудың нысандары:бейне лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конферен-циялар; телеконференциялар; электрондық оқу басылымдары бойынша (элек-трондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) тыңдаушының өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер); компью-терлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен электронды пошта арқылы консультациялар беру.

Телеконференцялар өкізу үшін білім беру ұйымының жабдықталған студиясы мен тиісті бейне және проекторлық аппаратуралары болуы керек.

Білім алушылар практиканы виртуалды зертханаларда, кіруге рұқсат етілмеген зертханаларда немесе виртуалды оқу фирмаларында өтеді. Мұндай практиканы білім беру ұйымында тиісті ақпараттық ресурстары бар кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттар негізінде ұйымдастырады. Сонымен қатар, практика оқу орын мен практикадан өту үшін орындар бөлетін кәсіпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттардың негізінде ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқыту бойынша білім алушылар үшін оқу жоспарында көзделген практика ретінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған сағаттар көлемінде бейіндік кәсіпорын-дардағы, мекемелердегі немесе басқа да ұйымдардағы жұмыстары есептелуі мүмкін.

Оқу орны білім берудің компьютерлік ақпараттық жүйесінің көмегімен білім алушылардың біртума немесе лицензияланған, жетекші электронды жеке істерін барлық білім алушылардың оқу процесінің қорытындысын есепке алу мен мұрағаттық сақтауды жүргізеді.

Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары. Білім алушыларды қашықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін қашықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешен болуы керек.

Электрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген, бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзірлеуші жүзеге асырады.

Әрбір пәннің әлектрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша комплектілерден тұруы керек.

Міндетті комплект мыналардан:

  • үлгілік оқу бағдарламасынан;

  • оқу жұмыс бағдарламасынан (пәннің мазмұны, күнтізбелік- тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдебиеттердің тізімі (негізгі және қосымша), курстың модулдық бөлінуі, қашықтық кеңестерін өткізу кестесі);

  • лекциялардың электрондық курсынан;

  • практикалық және семинарлық сабақтардың материалдарынан;

  • зертханалық практикумнан (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік нұсқаулар);

  • білім алшының өзіндік жұмысына және оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін тыңдаушының өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан;

  • рубеждік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан(бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар және тағы басқа);

  • қорытынды бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (емтихандық тестілеу тапсырмалары, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары) тұрады.

Электрондық оқу-әдістемелік кешенін бағдарламалық қамтамасыз етілу функционалдылығы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы керек.

Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету автономды және желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестаттауға дайындау үшін жеткілікті болуы керек.

Қашықтықтан оқыту жүйесімен оқыту білім алушылардың оқу курстарын оқытушы-консультанттың (тьютордың) басшылығымен қашық-тықтан оқыту жүйесіне арналған оқу-практикалық құралдарды, сондай-ақ оқытудың қазіргі құралдарын (компьютерлік, телекоммуникациялықағы пайдалана отырып, өзіндік зерделеуді ұсынады.

Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.

Оқытудың компьютерлік құралдарына электрондық оқулықтар, мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар (супертьюторлар), кәсіби бағдарламалардағы оқыту тапсырмалары (проф-тьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.

Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар түріндегі ұжымдық сабақтардың белсенді әдістері, дискуссиялар, коммуни-кативтік сабақтар, сондай-ақ виртуалды білім беру ортада оқылатын проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.

Қашықтықтан оқытуда консультациялар телефон, электрондық пошта, чат, сондай-ақ телеконференцияны пайдалану түрінде өткізілуі мүмкін.

Қашықтықтан оқытуда зертханалық практикум мультимедиа-техно-логияларды, гипер ақпараттық жүйе (ГАЖ) технологияларды, еліктеуді модельдеу қолданумен өткізіледі.

Барлық оқыту қызметінің түрлері:

- электрондық байланыс тәсілдерін қолдана отырып оқытушының (тьютордың) тыңдаушымен педагогикалық қарым-қатынасы;

- тыңдаушының оқыту құралдарымен өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

Байланыс уақытына кеңестермен қатар барлық бақылау іс-шаралары кіреді: емтихан, зертханалық жұмыстарды, рефераттарды, әсселерді, курстық, есептеу-кестелік жұмыстарды, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттік атестаттау.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл білім алушы мен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл тыңдаушы мен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.

Оқу процесін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік және ақпараттық коммуника-циялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, білімнің электрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдары қолданылады.

Білім беру ұйымы, телекоммуникациялық және спутниктік байланыс арналары бойынша жіберуге арналған оқу материалдарын, басқа да материалдарды, ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттаудың материалдарын дайындау мен көбейтуді жүзеге асырады және олармен әрбір оқушыны қамтамасыз етеді.

Қашықтықтан оқыту нысанын іске асыратын білім беру ұйымдарында электронды ақпараттық-білім беру ресурстары болуы керек.

Қашықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету – қашықтықтан оқыту, сондай-ақ процестерді техникалық қамтамасыз ету барысында оқытушылық, әдістемелік және әкімшілік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалар жиынтығы.

Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы мен мамандар мынадай топтарға бөлінеді:

  • қашықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуді жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы;

  • сабақты жүргізетін және білім алушыларға кеңес беруді және олардың білімдерін бақылауды жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы;

  • қашықтық курстарын ұйымдастыру жөніндегі мамандар (ұйымдас-тырушылар);

  • қашықтықтан оқыту жүйесін техникалық қолдау жөніндегі мамандар (әкімшілер);

  • тьюторлар;

Қашықтықтан оқытудың электрондық курстарын әзірлеушілер шешетін міндеттер:

1. Электрондық оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және уақытылы көкейкесті ету;

2. Тьюторларды дайындау және олардың қызметтерін ғылыми-әдістемелік қолдау;

Тьюторлар шешетін міндеттер:

-білім алушыларды қашықтықтықтан тікелей басқару.

Дидактикалық материалдарды жасау үшін ақы төлеуді қашықтықтан оқыту проблемалары бойынша оқу орнының ішілік зерттеу тақырыптарын қалыптастыру жолдары арқылы жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі анықтайды.

Қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесіне қатысты профессор- оқытушылар құрамы қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін арнайы дайындалған болуы керек және сол саладағы кәсіби біліктілігі туралы құжаты болуы тиіс.

Қашықтықтан оқытумен жұмыс жасайтын оқытушы:

  • Қашықтықтан оқыту технологияларын оқыту мен қолдану әдістемесін игеруі;

  • Интернет арқылы кеңес беруді қоса, жекелеген оқу кеңестерінің әдістері мен тәсілдерін игеруі;

  • Білім сапасын мониторингтеуді, тексеруді, рецензиялауды, бақылау, оның ішінде жобалық және зерттеу жұмыстарының жазылуын басқаруды ұйымдастыру саласындағы арнайы білім мен іскерлікті меңгеруі;

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, әсіресе электрондық ақпараттық желілермен жұмыс жасау әдістерін білуі тиіс.

Қашықтықтан оқыту үшін қызметкерлердің саны кемінде 1:8 (бір оқытушыға кемінде 8 білім алушыдан) ара қатынасындағы олардың тәртіптік қамтамасыз етулерін есепке ала отырып, іске асырылатын бағдарламалардың әрбіреуі бойынша білім алушы білім алушылардың саны бойынша анықталады.

Ақпараттың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жайында айтар болсақ: бағдарламалық қамтамасыз ету соңғы қолданушының шұғыл контентіне, ресурстары мен функцияларына қол жеткізуді ішінара шектеу мен басқарудың мүмкіндіктерін қарастыруы тиіс.

Ақпаратты қорғау және қауіпсіз қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін қашықтықтан оқыту кешені SSL, PKI сияқты интернет-коммуникациялары қауіпсіздігі саласындағы өнеркәсіп стандарттарын, 128-1024 бит көлеміндегі кілттері бар күшті шифрлеу технологияларын, ақпаратқа қол жетімділікті авторландыру үшін сертификатты және қашықтықтан оқыту жүйесімен қорғалған өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді қолдау қажет. Жүйенің инфрақұрылымы ішкі аудиттің дамыған құралдарын және жүйеде болып жатқан оқиғаларды хаттамалауды меңгеруі керек.

Тьюторлық сыныптарды қосқанда, барлық жұмыс орындары мен үй-жайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына талаптарына, сондай-ақ санитарлық тәртіптер мен нормаларға сәйкес келуі керек.

Үй-жайдың ауданына қойылатын талаптар нормаларына сәйкес белгіленеді. Тьюторлық сыныптар компьютерлермен және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында белгіленген нормаларыға сәйкес экономика мен сәуле шығару деңгейі бойынша бейне мониторлармен жабдықталуы қажет. Олардың құрамын, ережесін және сапасын сипаттауға талаптар қойылады.


2 Қашықтықтан оқыту технологиясының білім саласындағы рөлі

2.1 Қашықтықтан оқыту – білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы

Бүгінде ақпаратты өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімді адамның жұмысқа тұру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман ақпарттық қорларды табысты пайдаланып, заң және экономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.

Функциональдық дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекетгік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа тұжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мүғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашақта қолданылатын ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.

Бұдан бұрынырақ көркем етіп қолмен жаза білудің өзі қартайғанша қам жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере алатын еді. Соңғы онжылдықта әр түрлі қызмет салаларында технологиялар мен білім түрлерінің жаңаруының жылдам үрдіс ала бастағаны байқалды. Мектептен, тіпті жоғары оқу орнынан алған білімнің өзі ұзақ уақыт өмірге тірек бола алмайды.

Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы, оның іс жүзінде пайдалануға ұмтылу қоғамдағы ересек адамдардың білім алу мәселесін қиындатып жіберді. Ересек жандардың білім алуына деген көзқарас және оның қазіргі замандағы рөлі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол қазіргі білім беру жүйесі кризисін аттап өтудің және жаңа заманға сәйкес білім жүйесін қалыптастырудың тікелей жолы ретінде қарастырылып отыр.

Білімді негізгі қоғамдық капиталға айналдыру және білім алуға байланысты табыстың өсуі осы тауарды пайдаланатын адамның, жалпы қоғамның және нақты бір мекеменің пайда табуына байланысты болып отыр. Осыдан барып білім беру саласын аралас түрде қаржыландыруға, осы саладағы нарықтық қатынастарды дамытуға негіз болатын мүмкіндіктер пайда бола бастайды.

Мектептегі ақпараттық технологиялар және ақпарат курстарын бағдарламалау тілдерінің элементтері бар компьютер құралы алғашқы білім түрлері ретінде қарастыру - кейіннен зиян тигізетін өте қарапайым көзқарас. Компьютерлік ғылымдар пәндерін инженерлік білім негіздерсіз (жоғары оку орындарына емес) нашар техникалық жабдықталған ортада үстірт оқып үйренуге талпыну - мектеп түлегінің көзі алдында АКТ мүмкіндіктерінің рөлін төмен түсіру деген сөз. Балалардың мұндайда компьютерге байланысты теріс көзқарасы қалыптасып, кейіннен оларды көптеген қиындықтарға душар етуі мүмкін.

Орта мектеп өмірге білікті программалаушылар беруі тиісті емес (оларды университеттер дайындауы керек), оның атқаратын қызметі де ондай емес. Балаларды оларға қызыкты, әрі өмірде керек болатын нәрселерге үйрету қажет. Оның үстіне дәл осы сәттегі мәселелер жалпы жеке адамның жан-жақты және гармониялық түрде дамуымен қайшы келмеуі тиіс. Менделеев атап өткендей «Орта білімнің негізгі мақсаты – оқушыларды жеке жетілдіру, олардың қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру және жеке қасиеттерін (байқампаздық, ой таластыра білу, еңбек сүйгіштік, т.б.) дамыту».

Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни АКТ-ның техникалық жағына ғана қарастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады.

Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық новацияларда есепке алынып отыруы қажет.

Педагогиканың негізгі қозғаушы күші ретінде барлық тәрбиелік әрекеттер негізі ынта болып саналатынын айтқан артық болмас. Өндірісте де ынталандыруға байланысты менеджмент ең бағалы ресурсты - кадрларды жетілдірудің негізгі құрамды бөлігі болып табылады емес пе? Балаларересек адамдар тәрізді егер оқу нәтижесі ертеңгі күні пайдалы болатынына көзі жетсе, оған зор ықыласпен қарап, тез үйренуге тырысады. Егер оқу процесі дұрыс құрастырылып, компьютер оның жылдам игерілуіне көмектесетін болса, оқушылар мақсаттарына жыддам қол жеткізе бастайды.

Мектептерде аппараттық, телекоммуникациялық және программалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек - олар практикалық қажетгілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады. Ақпараттық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және программалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнынын арзандауына, оған қоса АКТ-ның негізгі даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр.

АКТ-ны практикаға енгізу жолында туындайтын мәселелерге салқын қандылықпен карап, оларды шешу кезінде мектептегі ақпараттық жүйелердің мынадай негізгі әлементтеріне әсер ететінін айту керек:

    • әдістемелік жабдықтау жағына;

    • мұғалімдер мен әкімшілік органдарын дайындауға;

    • қолданбалы программалық жабдықтамаларға (энциклопедиялар, меди-ресурстар, модельдеу, әкімшшк-шаруашылық кешенін баскаруға)

    • базалық программалық платформаға (Windows операциялық жүйесі + Office);

    • аппараттық кешенге (компьютерлер, жергілікті желі, интернетке қосылу).

Интеллектуальды ұлттық қорларды дамытудың басыңқы бағыттарына бағытталған бағдарламалар мен білім технологияларын жетілдіру - саяси маңызды стратегия.Мұндай процестің маңыздылығы Экономикалық ынтымақтасу және жетілдіру ұйымына кіретін көптеген елдердің осындай жоспарларды тиянақты түрде құрастыруынан көрінеді. Мысал ретінде «Тһе National Сгіd fог Lеаrning» (Ұлыбритания) және «Schulen und Netz" (Германия) жоспарларын көрсетуге болады, осындай жоспарларды АҚШ, Қытай, Индия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Тайлан мемлекеттері де жүзеге асыруда. 2000 ж. аяғында АҚШ Білім министрлігі жасап шыққан Білім технологияларының ұлттық приоритет ретінде құрастырылуы тиіс. Олар білім беру үдерісінің шет жағында қалмай, оның негізгі ядросы болып қалыптасуы керек».

Жаңа жоспар негізінде электрондық оқыту (е-Lеаrning) тұжырым-дамасы жатыр, оның стратегиялық рөлі бұған дейін кең тарағанэлектрондық бизнес ұғымынан гөрі маңызд болып саналады.

Осындай жағдайда біз не істеуіміз керек? Біздің білімге деген көзқарасымызды қайта қарайтын кез келді. Алдыңғы қатардағы дамыған елдердің білім саласындағы АКТ-ны өмірге енгізу тәжірибесін өз жағдайымызға сай икемдеу қажет.

2.2 Қашықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру негізінде оқу материалдарына қойылатын дидактикалық шарттар мен оқыту тәсілдері

Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы-ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.

Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан дамуының маңызды бағыттары-ның бірі болып саналады. Біздің еліміздегі үздіксіз білім беруді қарас-тыратын болсақ (орта мектеп-жоғарғы оку орны-білім жетілдіру институты-мамандарды қайта даярлау), осы сатылардың барлығында ақпараттан-дырудың әсерін көруге болады. Оның мақсаты - эффективтілікті радикалды және мамандарды даярлау сапасын дамыған елдердің деңгейіне көтеру. Осы үрдісте келесі элементтер ерекше маңызды болып саналады:

  • Техникалық құралдармен оқытудың педагогикалық әдістерінің приоритеттілігі.

  • Алгоритмдік білім мен ойлау стилінің өсуі;

  • Білім алушылардың информатика мен есептеуіш техника құралдарын меңгеру және қажеттеріне қарай жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттіліктерін қалыптастыру.

Осының барлығы жеке тұлғаның ақпараттық мәдениет деңгейінің жоғарылауы мен дамуына әсер етуі керек. Осы тұрғыда үш деңгейді ерекшелеп көрсетуге болады: жалпы, кәсіби және жоғарғы логикалық. Адамдардың ақпараттық мәдениеті олардың еңбек қызметін анықтаушы факторы болып табылады. Ақпараттык коғамға, қозғалысқа қарай оның рөлі арта түседі. Ақпарат бағалылығы да арта түседі. Адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы - оның күнделікті тіршілігіндегі білім, біліктерімен өз білімін жетілдіру кезінде жүзеге асады. Бұл - басқарылмайтын үрдіс. Әйтсе де, оның құрылымын анықтап, оқыту және тәрбие жүйесімен жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін бағытталған түрде дамыту кезінде күшейтуге, ұйымдастыруға болады. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың компьютерлік технологиясын келесі әдістерді қолдану аркылы жүзеге асыруға әсер етеді:

    • Ақпараттық әдіс, үйренушінің танымдық қызметін;

    • Компьютерлік модельдеу әдісі, мәліметтер базасы мен білімді, гипер-мәтіндерді қолдану арқылы білім алушының танымдық қызметін жүзеге асыру;

    • Автоматты оқыту және білімді бақылау әдісі, математикалық және логика-лингвистикалық модельдерді қолдануға негізделген, танымдық қызметті дамытады;

    • Автоматтандырылған оқыту және білімді бағалау әдісі, автоматтан-дырылған оқыту жүйелерін, тестілеу жүйелері мен мультимедианы қолдануғанегізделген, танымдық қызметті дамытады;

    • Ойындық әдіс, компьютерлік, іскерлік ойындарды, эксперттік жүйелерді қолдануға негізделген танымдық қызметті дамытады.

    • Білім беруде ақпараттық технологияларды сәтті тарату, сауатты қолдану және интенсивті дамыту бірнеше факторларға байланысты екендігі анықталды:

    • Техникалық (компьютерлік) база жағдайы;

    • Ақпараттық жоне компьютерлік аймағындағы маман-оқытушылардың кәсіби дайындық деңгейі;

    • Басқа пән оқытушыларының компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениет дәрежесі;

Нақты аймақтағы ақпараттық технологияны дамыту тенденцияларына оқу жоспары мен бағдарламалар мазмұндарының сәйкес келуі.

Қазіргі қойылатын талапқа сай жаңа технологиялар - берілетін білім деңгейінің кеңейтілуінің және білім алушылардың білім дәрежесінің артуын талап етіп отыр.

Әсіресе қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы білім алушының жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында білім алушы тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы тыңдаушыға арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту техно-логиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді.

Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дұрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.

2.3 Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтан арттырудың аймақтық моделі

Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттырудың аймақтық жүйесі бір-біріне тығыз байланысты үш мәселені қамтиды:

1.     Қашықтықтықтан оқыту курстары түріндегі электрондық библиотекаға  материалдар базасын   жасау және жинақтау;

2.     Білім беруге бағытталған сыртқы ақпараттық ресурстарды пайдалану (қашықтықтықтық курстар, электрондық кітапханалар);

3.     оқу процесін ұйымдастыру;

 Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттыруды ұйымдастыруда оқу процесінің екі түрлі моделі болуы мүмкін. 

Екі деңгейлі модельдің артықшылықтары:

- оқушы оқу бойынша кеңесті жергілікті жерде ала алады;

- барлық оқу процесінде тьютормен тірідей қарым-қатынас жасайды;

- оқушы филиалдағы техникалық құралдарды пайдалана алады;

- бір уақытта үлкен аумақ пен көп тыңдаушыларды қамтуға болады, «бір мұғалім-тьюторлар филиалда» схемасы бойынша.


Қорытынды

Президентіміздің ықпал етуі тарапынан Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни, бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделіп оқыту жүйесін жасау қажет» - делінген.

«Қашықтықтан оқыту технологиясы» тақырыбында орындалған шығармашылық жобада мына мәселелер анықталды:

-білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту технологиясының мәні мен рөлі;

- Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде қашықтықтан оқыту технологиясының қолданылу барысы.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банктік мәліметтеріне еркін қолжеткізуге болады.

«Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтар күнгі«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап кқрсеткендей қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесінде қолданылып жүрген білім беру технологиялары отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына сай қолданылып келеді. Осындай өмірдің өзі талап етіп отырған технологияның бірі–қашықтықтан оқыту технологиясы.Соңғы 10-15 жылдың ішінде телекоммуникациялық технологияның және гипермедияның қарқынды дамуына байланысты оқытуда компьютерді қолданудың тиімділігі артып отырғаны мәлім. Бүкіл әлемді қамтитын «Интернет» желілік байланысы қашықтықтан білім беру жүйесінің пайда болуына негіз болды. Ғылым мен техниканың дамуы білімді ақпараттандыру үрдесін жетілдіруді талап етті.

Қашықтықтан оқыту – оқытушының оқушымен оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-педагогикалық технология. Оның білім саласындағы мақсаты – білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.

Қашықтықтан оқыту - бұл, ең алдымен, қандай да бір оқу орнына белгіленген уақытта бармай-ақ, курстың бағдарламасын қажетті тәртіпте орындау болып табылады, сонымен қатар ол қазіргі заман әлемінде Интернет, e-mail (электрондық почта), телефон және факс байланысы, бейнеконференция және қарапайым пошта арқылы дәстүрлі оқу материалдарына алмастыру көмегімен дамиды.

Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологияларына Кейс-технологиясы мен желілік технологиясы жатады.

Қашықтықтан оқыту жүйесін мүгедек балалар, жиі ауыратын балалар (карантин), дарынды балалар, басқа қалаларға спорт жарыстарына немесе жаттықтыру жиындарына шақырылған балалар қажеттілік етеді.

Қашықтан оқытудың артықшылықтары:кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар, кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады, оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, білім алушы мен оқытушылар арасындағы белсенді диалог, оқу ақпаратына қолжетімді, білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігібар болса, психологиялық адаптация, компьютермен жұмыс істей білуі, интернет жұмысының сапасына тәуелді, медициналық жағдайлары кемшілік деп айтуға болады.

Қорыта келе айтарымыз, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттар мен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауға зор мүмкіндік алады.

Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі дидактикалык бағдарламалар білім саласында оқытуды басқару мен бақылауды автоматтандыру, студентке өзбетінше айталанбайтын көпнұсқалы, көпдеңгейді дидактикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен дағдыны объективті бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу т.с.с. жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қатар, мұндай бағдарламалар қашықтықтан оқытудың материалды өз бетінше игеру жетілдірілген психологиялық педагогикалық әдістерді пайдалану, қашықтықтан оқытуды студенттің жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарайтаңдауға мүмкіндік береді.

Оқушының қандай да бір себептерге байланысты дәстүрлі оқу үрдісінде білім ала алмаған жағдайда қашықтықтан оқыту технологиясы пайдалы және қолайлы болып табылады.

13



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баяндама. ?ашы?ты?тан о?ыту технологиясы

Автор: Байгонысова Азизат Маратовна

Дата: 30.03.2015

Номер свидетельства: 194227


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства