kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ба?дарлама. Дарынды о?ушылармен ж?мыс. Халы?ты? педагогика-т?рбиені? негізгі т?йіні.

Нажмите, чтобы узнать подробности

о?ушы зейінін таби?ат?а аудару, ?сімдік ж?не  жануарлар ?леміні? к?рделігі мен байлы?ын к?рсету, ?орша?ан орта?а ??рметпен ж?не ??ыптылы?пен ?арау сия?ты экологиялы? адамгершілік ?рекеттерді ?алыптастырады. Экологиялы? тепе-те?дікті? б?зылуы. Экологиялы? апат ж?не таби?атты ?ор?ау саласында?ы негізгі міндеттер туралы м?лімет беру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ба?дарлама. Дарынды о?ушылармен ж?мыс. Халы?ты? педагогика-т?рбиені? негізгі т?йіні.»

ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА- ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗГІ ТҮЙІНІ ( дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру бағдарламасы) Альмишева Л. Ш.

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

КММ «№ 3 жалпы білім беретін орта мектебі», Жезқазған қаласы



Бағдарлама (грек сөзінен аударғанда-жарлық, хабарландыру) – алдыға қойған мақсатқа жетудің жүйелі іс -әрекетін айқындайтын, адамдардың біріккен жұмыстарының нормативті үлгісі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында-білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асыратын тәрбиелеу мен оқыту процесі деп көрсетілген, оқушылардың атқаратын қызметтерінің мазмұны толық ашылуы керек.

Егер, бұл бағдарлама: білім сапасын диагностика арқылы бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызса, шығармашылық белсендіктерін дамыту мақсатында процеске міндетті түрде педагог пен білім алушының бірлескен шығармашылығын енгізу ұйғарылса, жеке тұлғаның, әлеуметтік талаптарға және қоғам өміріне еркін бейімделуіне бағдарланса, іске асыру нәтижесі жемісті болмақ.

Бағдарламаның мазмұнын меңгеруден күтілетін нәтижелер бағдарламаны жақсы меңгерген оқушы «Нені біледі?», «Нені істей алады?» деген ойды түйіндейді. Бағдарлама теориялық мағлұматтар мен практикалық жұмыстарды қарастырады. Бағдарлама соңында педагогке көмек ретінде қажетті әдебиет тізімі берілген. Бағдарлама жергілікті жердің аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі бір тақырыптар бойынша өзгерулер мен толықтырулар енгізуге болады.

І бөлім.Әлеуметтік-педагогикалық бағыт. «Халық даналығы» бағадарламасы. Түсініктеме.

Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген халықтардың бірі-қазақ халқы. Ұлттық тәрбие берудің ғасырлар бойы жинақтаған әдіс-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сол ұрпақты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу үшін халықтың салт-дәстүрлерінің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор. Оқушылар санасына туған халқына деген құрмет мен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіруде бұл бағдарламаның алатын орны ерекше. Ел-жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаңалық енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп, өзгертіп ұлттық дәстүрді қастерлеуге үйретеді. Ұлттық дәстүрлерді сақтау, меңгеру келесі ұрпаққа табыс ету-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ата-бабаларымыздың өмір сүрген кезінен бастау алатын рухани мұратымыз-халықтық педагогика. Халықтық педагогика-тәрбиенің негізгі түйіні. Халқымыздың мыңдаған жылдар бойы тірнектеп жинаған рухани мұрасы. Қазақтың халық педагогикасы арқылы әлеуметтендіру мақсатында «Халық даналығы» бағдарламасын ұсынып отырмын.

Мақсаты:халқымыздың ұлттық салт-дәстүрі мен ұлттық тәлім-тәрбие ұлағатын үйрету арқылы өскелең ұрпақты имандылық-адамгершілік рухына тәрбиелеу.

Міндеттері:тәрбие жүйесін ұлттық мәдениет пен ұлттық педагогика негіздеу; оқушының ұлттық санасын қалыптастыру; өз ұлтының жанашыры бола алатындай ұлттық рухты тәрбиелеу; халқына деген құрмет, мақтаныш ұялату; ана тілін, мәдениетін, тарихын, өнерін, салт-дәстүрін, мәдени мұраларын қастерлеуге бағыттау. Оқушылардың әлеуметтік-гуманитарлық, мәдени-адамгершілік құндылықтарына негізделген арнайы бағадарлама.

Күтілетін нәтиже: бағдарлама нәтижесінде оқушылардың бойында ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңесі, өсиеттері, ұлттық рух, ұлттық мақтанышы, ұлттық намысы, ана тілі мен ұлттық мәдениеті қалыптасады. Инабатты, ел-жұртын, атамекенін сүйетін, салт-дәстүрін сыйлайтын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алатын, нағыз ұлттық намысы жоғары азамат болып шығады.Теориялық білімі терең, білікті, ұлттық игіліктер мен азаматтық құндылықтардың, рухани-мәдени мұралардың сабақтастығын сақтай отырып, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейте білетін тәрбиелі, өнегелі азамат болып шығады.

р/с

Тақырыптар

Мазмұны

Сағат саны

1

Ауыз әдебиеті

Ертегілердің тәрбиелік мәні. Ертегілер еліне саяхат

1

2

Ата – дәстүр-асыл мұра

Туыстық қарым-қатынас. Ата дәстүрін сақтайық. Салт түрлері.

1

3

Ата-баба тәрбиесі әлеміне саяхат

Қонақ күту. Әдептілік.

1

4

Атадан қалған асыл сөз

Атадан қалған асыл сөздердің тәрбиелік мәні. Қасиетті сандардың мағынасын түсіндіру. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би бабаларымыздың шешендік өнері.

1

5

Бабалар жыры

Жаңылтпаш-тіл дамыту тәсілі. Санамақтың тәрбиелік мәні. Жұмбақтардың дүниетанымдық мәні. Ойнайық та, ойлайық. Ырым-тыйымдар. Мақал-мәтелдер жинағы.

1

6

Тұрмыс-салт жырлары.

Тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік мәнін түсіндіру. Ел арасындағы жырлардың алатын орны, мәнін айту. Жырлардың тарихының терең сыршыл дүниелерден сыр шертетінін түсіндіру, өнегелі тұстарына назар аудару.

1

7

Ұлттық ойындардың қолданылуы, шығу тарихы.

Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың ұлттық ойындардың түрлері. Ұлттық ойындар үрдісіне балаларға тәлім-тәрбие беру, шығу тарихымен таныстыру.

1

8

Қазақ халқының салт-дәстүрлері.

Салт-дәстүр түрлері. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні.

1

9

Ұлттық тағамдар.

Ұлттық тағамдардың түрлерін ажырата білу. Ұннан, сүттен, еттен, дәннен жасалатын тағамдар.

1

10

Қазақтың зергерлік бұйымдары.

Қазақтың зергерлік бұйымдары туралы жалпы мәлімет. Зергерлік бұйымдардың шығу тарихы, түрлері, қолдануы.

1

11

Киіз үй-көшпенді елдің баспанасы.

Киіз үй-көшпелі дәуіріне лайықты, жиналмалы баспана. Киіз үй құрылысы.

1


ІІ бөлім.Экологиялық бағыт. «Табиғат және біз» бағадарламасы. Түсініктеме.

Оқушылар жан-жануарларды оқып-тану барысында тірі организмдер бірлестігінің тұтастығын және жекеленген түрлерін қорғау қажеттігін біледі. Жануарлардың сыртқы түрлері мен физиологиялық ерекшеліктері, дамуы, көбеюі, биологиялық жиынтығы, рөлі және олардың адам өміріндегі практикалық маңызымен танысады. Бұл бағдарламаның бөлімі оқушылардың табиғатты қорғау және қоршаған ортамен байланысты туралы білімдерін қалыптастыруды қарастырады. Оқушыларға табиғатты қорғау және оны зерттеу қажеттілігін түсіндіру болып табылады. Оқушылар жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлардың түрлерімен толық танысады, өсімдіктер мен жануарларды асырау және өсіру, күту бойынша теориялық дағдыларын меңгереді, әдебиеттермен жұмыс істеу тәсілдерін игереді. Оқушылар табиғатты бақылау, өсімдік түрлерін ажыратып үйренеді. Танымдық бағадарламалар, викториналар өткізу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамиды.

Мақсаты:оқушы зейінін табиғатқа аудару, өсімдік және жануарлар әлемінің күрделігі мен байлығын көрсету, қоршаған ортаға құрметпен және ұқыптылықпен қарау сияқты экологиялық адамгершілік әрекеттерді қалыптастырады. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы. Экологиялық апат және табиғатты қорғау саласындағы негізгі міндеттер туралы мәлімет беру.

Міндеттері: табиғат жөніндегі білімдерін кеңейту және тереңдету, табиғатты қорғау, оқушыларды белсенді білім алу дағдысына тарту, оқу-танымдық іскерліктері мен дағдыларын дамыту, ой-өрісін кеңейту. Өткізілетін сабақтардың барысында оқушылармен жұмыс жүргізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері пайдаланылады: әңгімелеу, практикалық жұмыстар, өздік жұмыстар, табиғатты бақылау, баяндамалар әзірлеу, сөзжұмбақтар, жұмбақтар, тақырып бойынша ойындар және т.б. қызықты әдістер кеңінен пайдаланылады. Сабақтар кезінде оқушының туған өлке табиғатына деген қызығушылығы, табиғат дүниесін аялау, құрметтеу, оны көркейту және баптап күту сияқты сезімдері қалыптасады. Олар экологиялық тәрбие алады, республикамыз бен қаламыздың экологиялық ахуалымен танысады, салауатты өмір салтына қалыптасады.

Күтілетін нәтиже: бағдарлама бойынша жүргізілетін сабақтардың нәтижесінде мектеп оқушылары жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлардың түрлерімен толық танысады, өсімдіктер мен жануарларды асырау және өсіру, күту бойынша практикалық дағдыларын меңгереді. Конкурстар, танымдық бағдарламалар, викториналар өткізу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамиды. Оқушылар жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы білімдерін тереңдетеді, табиғат және табиғат құбылыстары туралы, туған өлкесінің экологиялық ерекшеліктері туралы кең мәлімет алады. Сабақ процесінде оқушылардың сезімі, танымы, дағдылары өсіп дамиды. Жергілікті табиғатты қорғау мәселелері арасындағы байланысты анықтауды қамтамасыз етеді.


р/с

Тақырыптар

Мазмұны

Сағат

саны

1

Жануарлар әлемі.

Жер бетіндегі қазіргі жануарлар әлемі. Жануарлардың табиғаты және адам өміріндегі рөлі. Жануарлардың сипаты және суреттері.

1

2

Құстар. Құстардың түрлері.

Қазақстандағы құстар. Қыстап қалатын құстар. Сирек және азайып бара жатқан түрлері, оларды қорғау.

1

3

Үй жануарлары.

Үй жануарларының негізігі түрлері. Үй жануарларының адамға пайдасы.

1

4

Қорықтар.

Дүниежүзінің және Қазақстанның хайуанаттар бағы. Қазақстанның қорықтары. Қазақстанның хайуанаттар бағы-жануарларды сақтау және өсіру орталығы.

1

5

Қазақстанның «Қызыл кітабы»

«Қызыл кітапқа» енген жануарлар, құстар мен өсімдіктер. «Қызыл кітаптың» маңызы. Халықаралық табиғатты қорғау одағы, оның мәні.

1

6

Табиғаттың күз мезгілі.

Табиғаттың күз мезгілі. Табиғаттағы күз мезгілінде болатын өзгерістерді бақылау. Жапырақтардың түсуі. Жапырақтардың күзгі реңдері. Табиғатты бақылау.

1

7

Табиғаттың қыс мезгілі.

Табиғаттағы қыс мезгілінде болатын өзгерістер. Жапырақсыз ағаштардың түрін анықтау. Табиғатты бақылау.

1

8

Табиғаттың көктем мезгілі.

Табиғаттағы көктем мезгілінде болатын өзгерістерді бақылау. Ерте гүлдейтін өсімдіктер, бүр жаруы. Бәйшешектерді бақылау.

1

9

Табиғаттың жаз мезгілі.

Табиғаттағы жаз мезгілінде болатын өзгерістерді бақылау

1

10

Табиғатты қорғау.

Табиғат аясындағы жүріс-түріс ережелері, шөптерді, жемістерді жинау тәртібі.

1


ІII бөлім. Көркем-эстетикалық бағыт. «Қазақ музыкасы мен өнерінің

тарихы». Түсініктеме.

Ұрпақ тәрбиесінде айрықша мән берген ата-баба сұлу ән, асыл сөздің кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой- санасын игі адамгершілікке жетеледі. Сондықтан кең- байтақ ата жұртта буын-буынына жалғасып, ұят-аят, әдеп көрген мейірім-шапағат салтанат құрды. Ең керемет сол, ән қанатында халық ойының тереңдігі, шексіз қиялы берік сақталып кейінгі ұрпаққа тарады. Мұның өзі отбасының Отан тұтастығына дейін тамырын үзбеген дәстүрге айналды. «Шілдехана» мен «Қаралы жоқтау» әндер аралығындағы ақын жанды сері халықтың ғұмыры осылай түзілген. Оның жан сарайын, пайым-парасатын, сұлу сазды әндерін тыңдап, айрықша бағалаған жандар көшпенділер өмірінің бұл ерекшелігін назардан тыс қалдырмаған. Әр ғасырда қазақ жерін көктей шолып өткен француз, неміс, ағылшын, қытай, поляк, орыс саяхатшы-ғалымдарының даланың-күйі жайлы танысып, таңдай қаға жазған шыншыл сөздері осыны айғақтай түседі. Қазақ әндерінің жанрлық сипаттары өте кең. Тұрмыс-салт әндері, махаббат, жастық күйі, табиғат лирикасы, туған жер, отаншылдық тақырыпты қамтитын өрісі тақырып ішінен сала-салаға бөлініп жатады. Сондай саланың бір тармағы халық тұрмысының асыл арнасын айқын бейнелейтін халық әндерінің жанры деп аламыз. Халық тарихының алтын діңгегіндей саналатын өнер мұраларының бірегей саласына жататын ән арнасының негізгі бөлігі іспеттес халық әндерінің ұрпақ тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Себебі, халық әндерінің қай-қайсысын алсаңыз да оның астарында адамгершілік пен ізеттілік, ұлағаттылық, сезім байлығы, көркемдік, әдемілік жатыр. Халық әндері арқылы халықтың сана-сезімі, ой-өрісі, өмір тәжірибесі кеңейіп отырған.

Мақсаты: оқушыларды өз халқының ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан рухани өнерін терең түсініп, оған деген қызығушылығы мен ынта жігерін ояту, халықтық мұраны құрмет тұтатын, халқымыздың асыл мұрасын қастерлеуге, халық композиторларын, ұлттық аспаптарды білуге, насихаттауға тәрбиелеу.

Міндеттері:тарихи мұра ретінде бағаланатын халық әндерінің түрлі ерекшеліктеріне бағыттай отырып, халықтық дәстүрді жаңаша қырынан зерттеп, оқушылардың жұмысына осылайша үнемі назар аударылып, болашағына жол ашу, үлгі көрсету, бағыт беру.

Күтілетін нәтиже: оқушылар аталған бағдарламаны меңгеру нәтижесінде қазақ музыкасы мен өнерінің тарихын бойына жинақтайды, алған білімін дамытып ары қарай жетілдіреді. Айтыс өнері, театр, опера және балет, кино өнері туралы мағлұмат беру арқылы оқушыларды адамгершілікке, эстетикалық көзқарасының, талғамының дұрыс қалыптасуына ықпал етеді. Халықтың мәдени мұрасына қамқорлықпен қарауға, оны бағалай білуге үйретеді. Халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін қазақ музыкасы мен өнерін құрмет тұтатын азамат болып шығады.


р/с

Тақырыптар

Мазмұны

Сағат саны

1

Қазақ композиторлары.

Олардың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

1

2

Қорқыт ата.

Өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

1

3

Ғасыр қойнауынан жеткен қобыз үні.

Қобыз өнерінің дамуы. Күйші-қобызшылар.

1

4

Қазақтың музықалық аспаптары.

Халық аспаптары. Шертпелі аспаптар. Үрмелі аспаптар. Ыспалы аспаптар.

Соқпалы аспаптар. Музыкалық аспаптардың құрылысы.

1

5

Қазақ кино өнерінің дамуы.

Кино өнерінің қалыптасуы, дамуы. Кино өнерінің негізін салушы.

1


IV бөлім. Патриоттық бағыт. «Менің Отаным-Қазақстан» бағадарламасы

Мақсаты мен міндеттері: оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру,Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру, Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеу. Әрбір оқушы Мемлекеттік рәміздердің қалыптасу процесіндегі ролі мен мәнін терең түсініп, еліміздің Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухында тәрбиелеп, Республиканың Мемлекеттік рәміздерін құрметтемегені үшін жауапкершілікке тартылатынын сезініп, Мемлекеттік нышандар туралы терең білімі алуға міндетті.

Күтілетін нәтиже: оқушылар аталған патриоттық бағытты меңгеру нәтижесінде Қазақстанның даму тарихын бойына жинақтайды, алған білімін дамытып жетілдіреді, егеменді еліміздің Елтаңбасынан кең-байтақ Отанымыздың өткен тарихы, бай дәстүрі, салт-санасы мен жасампаз рухы толық танылады.


р/с

Тақырыптар

Мазмұны

Сағат саны

1

Қазақстан тарихынан.

Көрнекті мемлекет қайраткерлері. Батырлар-қазақ халқының даңқты ұлдары. Ұлы Отан соғысы. Қазіргі замандағы Қазақстандық отансүйгіштік туралы.

1

2

Қазақстан Республикасының рәміздері

Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.

1

3

Қазақстан Республикасының астаналары

Қазақстан Республикасының астаналарының тарихымен танысады

1

4

Астана қаласы

Астана қаласының тарихы

1

5

Алматы қаласы

Алматы қаласының тарихы

1

6

«Қазақстанның Швейцариясы»-Бурабай.

С. Сейфуллиннің Бурабай туралы поэзиясы. Оқжетпес. Жекебатыр. Жұмбақтас.Бурабай көлі.

1

7

Көне қалалар.

Отырыр, Тараз, Түркістан, Сарайшық қалаларының тарихы.

1

8

Қорытынды сабақ


1

Барлығы: 34 сағат






Пайдаланылған әдебиеттер:

ҚР Білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы.-Алматы: Юрист, 2006

Қазақстан Республикасы әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасы.-Алматы: Қазақстан, 1993.

С. Мұқанов. Халық мұралары.–Алматы: Қазақстан, 1994.

Ә. Табылдиев. Халық тағылымы. Тағылым. Әдеп әліппесі.-Алматы, 1993, 1995, 1997.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ба?дарлама. Дарынды о?ушылармен ж?мыс. Халы?ты? педагогика-т?рбиені? негізгі т?йіні.

Автор: Альмишева Ляззат Шайзаевна

Дата: 28.11.2014

Номер свидетельства: 136747


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства