kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аудиторлық оқыту кезеңінің идеяларына негізделген мектеп мұғалімдерінің даму басымдықтарын талдаудың рефлексиялық есебі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аудиторлық оқыту кезеңінің идеяларына негізделген мектеп мұғалімдерінің даму басымдықтарын талдаудың  рефлексиялық есебі

 

 Бүгінгі таңда мектеп басшыларының да кәсіби дамуын қайта қарауды, қайта түсінудің қажеттігін талап етуде. Назарбаев Зияткерлік мектебі, педагогикалық шеберлік орталығы Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасын қолданысқа енгізуде. Осы бағдарламаның негізінде мұғалімдер оқытудың тиімді әр түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өз сабақтарында қолдануға  мүмкіндік алуда. Eнгізіліп жатқан жаңа бағдарламаның нәтижесін көру, оған өзгеріс енгізу үдерісіне жаңашылдыққа мұғалімдерді тарту, мектеп көшбасшыларын  қалыптастырып, топ құру, мектепті дамыту, мектеп мәдениеті, мұғалімдердің кәсіби дамуы және жеке тұлғалық даму мәселелерін қарастыруда.

Aлғашқы бетпе-бет кезеңінде бағдарламаның негізгі идеясы мен мазмұнына толық мағлұмат алдым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аудиторлық оқыту кезеңінің идеяларына негізделген мектеп мұғалімдерінің даму басымдықтарын талдаудың рефлексиялық есебі»

Аудиторлық оқыту кезеңінің идеяларына негізделген мектеп мұғалімдерінің даму басымдықтарын талдаудың рефлексиялық есебі


Бүгінгі таңда мектеп басшыларының да кәсіби дамуын қайта қарауды, қайта түсінудің қажеттігін талап етуде. Назарбаев Зияткерлік мектебі, педагогикалық шеберлік орталығы Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасын қолданысқа енгізуде. Осы бағдарламаның негізінде мұғалімдер оқытудың тиімді әр түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өз сабақтарында қолдануға мүмкіндік алуда. Eнгізіліп жатқан жаңа бағдарламаның нәтижесін көру, оған өзгеріс енгізу үдерісіне жаңашылдыққа мұғалімдерді тарту, мектеп көшбасшыларын қалыптастырып, топ құру, мектепті дамыту, мектеп мәдениеті, мұғалімдердің кәсіби дамуы және жеке тұлғалық даму мәселелерін қарастыруда.

Aлғашқы бетпе-бет кезеңінде бағдарламаның негізгі идеясы мен мазмұнына толық мағлұмат алдым.

Mектеп үшін осы бағдарламаның табыстылығы:

  • енгізілген өзгерістер мектептің табыстылар қатарына қосылуына, басшының көшбасшылық пен басқару құзіретін қалыптастыратынын теория жүзінде түсіндірді.

Mектептегі тәжірибе кезінде курста алған білім ұжым арасындағы жағымды қарым-қатынасты, «оқушы үнін» тыңдау арқылы бірлескен бірінің пікірін тыңдайтын, өз пікірімен бөлісетін орта қалыптасты, кәсіби қоғамдастық құру арқылы тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға септігін тигізді деген ойдамын.

Мен оқыған курстың алғашқы күндері білім берудегі менеджмент және оның түрлері, әр көшбасшының бойында болатын қасиеттер туралы ой қозғалды. Мектеп басшысы ретінде мен өзімді дамытуда осы идеялар мен тұжырымдардың тиімділігін түсіне білдім.

Д. Гоулманның «Көшбасшы болуға көмектесетін жайттар» шығармасын оқи отырып, жетістікке жету қол жеткізу үшін табандылық, тәуекелшілдік, қырағылық сияқты қасиеттер жеткіліксіз екендігіне көзімімді жеткіздім.

Өзімнің көшбасшылық жұмысыма қатысты өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау, жақсы табыстарға жетуге ұмтылуға ынталандыру, сол сияқты әлеуметтік дағдыларды қалыптасыру керек екен ойға тоқталдым.

Mенің жұмысымның алға басуына бөлінген көшбасшылықтың болуы үшін бірлесіп әрекет ету екендігіне де көз жеткізе алдым. Мектеп мұғалімдерінен алынған курсалды сауалнаманы өңдеуде, нәтижесінде мектепте бөлінген көшбасшылықтың төмен екені байқалды. Курс барысында бөлінген көшбасшылықты қалыптастыру идеясын түсіне отырып, алғашқы Мектептің даму жоспарының басымдығы ретінде алдым. Мен алдымен мектепте нені өзгертуім керек?–деген сұраққа жауап іздедім. Мектептегі тәжірибе кезінде тәлім алушылар деңгейлік курс бітірген мұғалімдерді әркім өздері таңдап алды. LS топтарына бірлестік бойынша мұғалімдер мүше бола отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді күнделікті тәжірибеде қолдану, пікір алмасу, кәсіби сұхбат құру арқылы бірлескен ынтымақтастық ортаны қалыптасыруға ықпал жасай білді. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігінің дамуы тәжірибе кезінде көрініс тауып жатты.

Білім беру саласындағы сценарий-Мектептің дамуын айқындау үшін әзірленеді. Сценарийді білгілі бір саланың жете әзірленген даму үлгісі деуге болады. Кез-келген саладағы өзгеріс енгізуге түрткі болатын ең маңызды факторлар төңірегінде терең ойлануды талап етеді. Аталған факторлардың арасындағы өзара байланыс жүйесін зерттеу өзгерістердің табиғаты мен сипатын барынша түсініп, тиесінше аталған өзгерістерді басқаруға қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді. (Үлестірме материалдар бірінші апта 49 бет)

Mектептегі тәжірибеде көшбасшылық жұмысыма қатысты сценарий не үшін қажет?–деген сұрақ туындады. Яғни сценарийді іске асырудың мақсаты өзгерістердің қарқынды өсуін анықтап, жұмыс барысында кездесетін проблемалардың дұрыс шешім таба алатынын, алған білімдерінде қолдана алатын болады.

Курсалды сауалнаманы өңдеу барысында, қиындық тудыратын дамудың жаңа бағыттарын анықтап, мектеп дамуының сценарийінің тиімділігін байқай алдым.

Aудиторлық оқыту кезеңінде коучинг дегеніміз-проблемаларды шешуге бағытталған үдеріс екен. Негізінде коучқа мұғалімдер проблемамен келуі тиіс. Мектеп тәжірибесі кезінде коучингті мұғалімдердің қажеттілігі бойынша жоспарлап отырдық. Aлғашқы коучинг өз мәнінде өтпеді. Өйткені, коучтың дайындығының төмен болуы, мұғалімдердің белсенділігінің төмендігі, дайындықсыз келуі, өз білгенін ортаға сала алмауы, кері байланыс бере алмауынан деп түсіндім. Сондықтан мұғалімдер өздері кедергілерді іздестіре алды. Келесі өткен коучингтерге мұғалімдердің қызығушылығы арта бастады, өзара ынтымақтастықта болып, олар жұмыс ережесін сақтай отырып, кезекпен сөйлеу, бірін-бірі тыңдау, сұрақ қою, көмектесу, түсініктеме беру, бір тоқтамға келу дәйекті айғақтар келтіру қабілеттерін байқатты.

Мұғалімдер өздеріне түсініксіз жайларды бірлесе отырып, топтық жұмыс барысында жан-жақты түсінді. Кері байланыста өздеріне қажетті ақпаратты алғандарын айтып өтті.

Ayдитopлық кезеңде алған теориялық білімім мектеп тәжірибесінде табысты нәтижесін бере бастады. Маған ең алдымен мектептің дамыту жоспарын жасаған ұнады. Kурсалды сауалнама нәтижесінен шыққан проблеманы шешу жолдарын қарастыра келе, нақты үш басымдық анықталып, табыс крийтерилері қойылды. Mектептегі тәжірибе кезінде мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізіп, бірлесе сабақ жоспарын құру кезінде нақты смарт-мақсат қою арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, қызығушылығын оята білді. Мұғалімдер сабақ жоспарындағы мақсатқа, оның қолжетімдігіне мән бермейтін, оқушының пікірі еленбейтін. Мұғалімдердің тәжірибесіне мектептегі тәжірибе кезінде біраз өзгерістер енгізілді. Мұғалімдерге «Оқушы үніне» көңіл аударылуы қажет екендігі түсіндірілді. Бірінші тәжірибе кезінде табысты нәтиже көрсеткен идеялардың бірі-бұл «Оқушының үні», яғни оқушылардың білім алуын жақсартудың ең қолжетімді, ең күшті тетігі екеніне тәжірибе кезінде көз жеткіздім.

Аудиторлық кезең мен тәжірибе кезінде біраз айырмашылықтар болды. Мектептің даму жоспары-1 әзірлеген кезде мұғалімдер критериалды бағалауды 80% жүргізеді деп жоспарлаған болатынмын. Бірақ тәжірибе кезінде бағалау жүйесіне келгенде мұғалімдерде қиындықтар туындады. Яғни, әлі де болса мұғалімдердің бағалауды жүргізу теориясын жетік білмейтіндігі жұмысқа кері әсерін тигізді. Осы туындаған проблемаларды шешудің жолын іздегенде мен аудиторлық кезеңде жазған жазбаларыма көз жүгіртіп, ақыл-кеңес бердім. Мектептегі 6 айлық тәжірбе кезеңінде мен осы туындаған проблемалық жұмыстарды ары қарай дамытамын деген ой түйдім.

Aудиторлық кезеңде Михай Чиксентмихайдың «Бақыт ағыны» теориясы, Л.С.Выготскийдің «ЖАДА» теориясын, Блум таксономиясы, 7 модульді сабақта ықпалдастыру туралы, балаға үш кеңістікте білім беру теориялары мектеп кезеңінде мұғалімдерге семинар, коучинг кезінде түсіндірілді. Курс барысында алған теориялық білімім мен жазбаларым, электронды нұсқалар маған көп көмегін тигізді.

Aудиторлық кезеңде LS топтарға бөлу, зерттеу сабақтар өткізу–жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалімдер арасында өткізу тиімді тәсіл екенін көрдім. Мектепте тәжірибе кезінде өткізген LS сабақтар мұғалімдерді дамытудың тиімді жолы екеніне дәлел болды. Мұғалімдер оқушыға тиімді әдіс-тәсілдерді өздерінің тәжірибесінен өткізіп, қажеттілігіне назар аударды. Сабақты зерттеу әдісімен алғашқы аудиторлық кезеңде таныстым. Тәжірибе барысында мұғалімдерге оқушылардың іс-әрекетін зерттеу А, В, С деңгейлі балалармен жұмыс жүргізуді қадағалау тапсырылды. Мұғалімдер сабақ өту барысында 3 деңгейлі оқушыларды жан-жақты зерттей алды. Оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттерін зерттей келе, әр оқушының қаншалықты өзгергендерін көрсетіп берді. Сондада болса сабақта оқушыларды зерттеуде кейбір жұмыстардың оң нәтиже бермегендігін байқай алдым. Mұғалімдерге кеңес беруде курс кезіндегі түртіп алған жазбаларымның көмегі тиді. Табыс критерийлеріне жету үшін іс-әрекетті зерттеу идеясының ықпалы зор болды.

Mектертегі мұғалімдерден алынған TALIS сауалнамасын өңдеудің нәтижесінде Mектепті дамыту жоспары-2 басымдықтары айқындалды. Алынған сауалнамасынан мұғалімдердің кез-келген жұмысқа кері байланыс жасамайтыны анық көрініс тапты. Кері байланыс жасаған күнде де тек сипаттау тұрғысында ғана болды. Екінші аудиторлық кезеңде сауалнама сұрақтары бойынша нақты шыққан басымдықты ала отырып, мектептің даму жоспарын жасақтап, жүйелі жұмыстар жүргіземін деп ойлаймын.

Қорытындылай келе, жүргізілген сауалнамаға жан-жақты сараптама жасай келе, мына басымдықтарға тоқталдым:

  • біріншіден ата-ананы мектеп өміріне белсене араласуға шақыру.

  • Екіншіден, балалардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылықтарын арттыру.

  • Үшіншіден, мұғалімдерді жұмысқа жұмылдыра отырып, олардың кәсіби шеберлігін арттыру.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы.-Астана, 2014

  1. Үлестірме материалдар. Екінші апта.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Идирисова Гульнар Мукашевна

Дата: 19.10.2018

Номер свидетельства: 481208


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства