Просмотр содержимого документа
«Ауданды? тамыз ке?есі баяндама "Сатылай кешенді талдау" »
-САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ – ТІЛДІК МАТЕРИЛДЫ ОҚУШЫЛАРҒА ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕ МЕҢГЕРУДІҢ БІР ЖОЛЫ
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» қазақстан халқына жолдауындағы бесінші тараудағы алтыншы міндетте – осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады. Қазақ тілін нәтижелі үйрету үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсіну – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек-талабы білім мазмұнын жаңартумен бірге, оны өмір мұқтажына орай дамытып, оқытудың жаңаша әдіс –тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып отыр. Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі – оқушы тілін дамыту процесі. Себебі оқушылардың берілген білімді (оқу тапсырмалары, үйретілген ережелер) саналы түрде ұғынып, ойының дәлдәгі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деген. Сонымен қатар осы жолдаудағы жиырма алтыншы бағытта – Қазақстан халықтарының рухани дамуы және үштұғырлы тіл саясаты айтылған. Осы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауындағы айтылған мәселелерге баса назар аудару қазіргі мұғалімдердің міндеті болып табылады. Жаңа заманда жаңаша оқыту, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беру ол ұстаздардың борышы. Әсіресе оқушылардың жазбаша тілін дамытуын жүзеге асыруға көп көңіл бөліп, әр мұғалім өз сабағына күнделікті дайындалып, ізденіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы жөн. Жеке тұлғаның қалыптасу деңгейінің саласына қойылатын қоғамдық-әлеуметтік сапалардың үнемі өсіп отыруына сәйкес педагогикалық құралдарды да тұрақты жаңарту қажет болады. Бүгіндері ондай жаңартулар педагогикалық ғылым мен мектеп тәжірибелерінің үздіксіз сабақтастықта дамуынан көрінеді. Онда педагогикалық технологиялар көмегімен күнделікті оқытудағы педагогикалық төтендерді оқу-тәрбие үрдісін алдын ала жобалау жолына ауыстыру, оларды ізбе-із сыныпта қолдану көзделеді. Мұғалім үшін жазылатын дәстүрлі сабақ жоспарларынан өзгеше жұмыс ретінде педагогикалық технологияда оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің жобасы жасалады. Ол мақсат-нәтижелерінің нақтылығымен, білім мазмұнының сұрыпталуымен, оны меңгерудің әдіс-құралдарының және оқу түрлерінің біртұтастығымен анықталады. Мақсат қою мен тұтастықты сақтау басты қағидалары ретінде танылады.
ХХІ ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процессіне көшуде. Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады.
Бүгінгі таңда Республика мектептері толығымен жаңа ақпараттық комьютерлік техникалармен қамтамасыз етілуде, әрине бұл жаңашыл мұғалімдердің құзырлылығымен сапалы және инновациялық технологияларды талап етеді нәтижеде «жаңа ұрпаққа –жаңашыл оқыту - жаңа мұғалім». Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Қазіргі педагогикалық технологиялар негізінен гуманистік бағытта, қарым-қатынаста жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Бұрынғы әдетке айналған сабақ үлгілеріне альтернативті болатын бұл технологиялар мұғалімге қарағанда оқушының басымырақ рөл атқаруына жол сілтейді. Оқушы бойындағы сан қырлы қасиеттер мен ерекшеліктерді ашуға, жеке мүмкіндіктерін жетілдіруге жағдай жасауымызға бағыттап, оның қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыруға зор ықпал етеді, білім-білік дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Осы мәселенің төңірегінде көптеген көкейкесті сұрақтар пайда болуда. Мұғалім, қазіргі таңда қай технология болмасын ұтымды және тиімді пайдалануы шарт. Мен, өз баяндамамда Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы жөнінде пікір бөлісемін деген ойдамын.
«Сатылай кешенді талдау» технологиясы бұл қазақтың төл технологиясы деп атауға болады. Бұған дәлел ретінде осы технологияның авторы Нұрша Алжанбайқызы Оразахынова ХХ ғасырдың 20-30 қазақ ғалымдарының оқыту-тәрбие туралы жасаған ғылыми тұжырымдамаларын және әдістемелік кешендерін негіз етіп алған. «Сатылай кешенді талдау» технологиясы теориялық негізін А. Байтұрсынов, Ж. Аймаутов, М. Жұмабаев, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов тағы басқа қазақ ғалымдарының ғылыми әдістемелік тұжырымдамалары автор арқылы басшылыққа алынып, ағартушылық негізін Ыбырай, Абай, Шоқан тағы басқа ағартушылардың педагогикалық ұстанымдарын, ұлттық құндылыққа негізделген әдіс тәсілдерін еңгізіп, бастауыш сыныптардан бастап, төмендегідей пәндерге еңгізудің жолдарын көрсетеді. Олар: қазақ тілі, ағылшын тілі, әдебиет, математика, тарих, георафия, физика, химия, информатика секілді негізгі пәндер.
оқушыларға қазақ ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құралы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлесу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сол арқылы басқа пәндерді сауатты меңгеруге негіз қаланады.
Сатылай кешенді талдау технологиясы бұл қазақтың тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейді, сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, ізденушілік, зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыру да басты назарда ұсталады. Өл үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып, ол білім алуға әрекеттенеді. Сатылай кешенді талдау технологиясымен оқытуда мұғалім мен оқушы қарым қатынасы жаңа қағидаларға негізделеді.Олар:ынтымақтастық,түсіністік,әріптестік секілді қасиеттер. Бұл технологияның маңыздылығы, тағы бір ерекшелігі оқушыларды «жақсы», «жаман», «орташа» деп бөлмей тек материалды өте жылдам, баяу, қабылдауына қарай тапсырманы он деңгейге икемдеп барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай түғызуды мақсат тұтады.Ал деңгейлер төмендегідей болып бөлінеді:
деңгей:
Бұл деңгейде оқушымен мұғалімнің іс-әрекеті қатар жүреді: жазу, дауыстап айту,есту, көзбен көру, естіген нәрені ұзақ есінде сақтау, яғни коммуникативті әрекеттер орындалады.
деңгей:
Бұл деңгейде іс әреет атылым-жазылым- түрінде жүзеге асады.Оқушы талдауды ауызша толық баяндап жазуға, талдаудың қысқаша түрін қолданады.Ал дұрыс баяндауға қажетті толық үлгісі сөйлем құрылысы алдыңғы сатыда үйретілген.
Бұл деңгейде тілдік қатынас айтылым-жазылым-тыңдалым әрекеттері қатар жүреді. Бұл талдау күрделілігімен ерекшеленеді де оқушыларды ой ұшқырлығына баулау, танымдық дүниесін кеңейту көзделеді.
Тілдік материалды жазылым бойынша символдар арқылы ықшамдау принципы мен өрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық талдау жүргізіледі. Бұл деңгейде оқушылар алдынғы білім-білік дағдыларын жинақтап, сауатты әңгіме әдісі қолданылады.
Диалог арқылы талдау. Бұл деңгейдегі талдау үлгілері ауызша орындалады.оқушылар бұл талдау арқылы аңғарымпаздыққа, әріптесінің жауабын мұқият тыңдауға, ойын ары жалғастырып кетуге дағдаланады. Мұндай талдау көбінесе ойын түрінде жүргізіледі.
Жад жазу. Бұл деңгейде оқушылардың СКТ арқылымеңгерген теориялық білімді жадқа жазу: теориялық білімді меңгеру, орфоргафиялық сауаттылық, пунктуациялық белгілерді дұрыс қоюын байқаймыз және қорытынды шығарамыз.
Уақытқа талдау: «өте жылдам»-3 минут; «жылдам»-5 минут; «баяу»-3 минут;
Компьютерлік талдау;
Ашық тест
10-Шығармашылық жұмыс;
СКТда оқушы ғылыми тілде сөйлеуге үйренеді, қарапайымнан күрделіге, уақиғаны сатылап түсіндіре алып, тұжырым жасауға үйренеді, оқушыны болжамнан сөйлеуден құтқарады.
СКТТ ның мақсаты:
Барлық оқушыны табысты оқыту, білім – білік дағдысын қалыптастыру
Білім алуға деген ынтасымен іскерлігін арттыру, оқу танымдылық белсенділімен оқытуды жеделдету;
Шығармашылық қабілеттерін дамыту және ғылыми ізденіске жетелеу;
Мен орыс кластарында қазақ тілінен осы технологияны кеңінен қолданып келемін.Әсіресе, тіл сабақтарында жүргізілетін грамматикалық талдаулар оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениеттерін арттырып, шығармашылық ойлауға дағдыландырады.Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдау технологиясының ерекшелігі - оқушылар түсіндірген материалды толық түсініп, жүйелі меңгереді, шығармашылық жұмыстарды өздігінен орындауға бейімделеді. 5 - класта фонетиканы өткенде дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру орыс кластарында оқушылардың қызығушылығын оятады. Мысалы: Берілген сөз: кітаптар - дыбыс белгісі = +? - дауысты дыбыс белгісі - дауыссыз дыбыс белгісі Шешуі: 8 =3 +5 Дауысты дыбыстарды талдау 1) Тілдің қатысына қарай 2 (а, а) жуан 3 ----------------------------
1 (і ) жіңішке
2) Жақтың қатысына қарай
2 (а, а) ашық 3 ---------------------------- 1 (і ) қысаң
4 (к, т, т, п) қатаң 5 ---------------------------- 1 (р ) үнді
Морфологиялық талдау үлгісі: Берілген сөз: дәптер 1) Бұл сөз бір құрамнан тұрады 2) Тұлғасына қарай: негізгі 3) Құрылысына қарай: дара 4) Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар 5) Лексикалық мағынасы - оқу құралының атауы 6) Грамматикалық мағынасы - зат есім 7) Сұрағы: не? 8) Мағынасына қарай: жалпы зат есім деректі зат есім Бұл технологияны сабақта пайдаланудағы күтілетін нәтиже: - Әр тарауды аяқтағаннан кейін пысықтау сабақтарында қолдану; - Қолданбалы курс жүргізуде тиімді пайдалану; - ҰБТ - ға дайындаудың негізгі көзі; Бүгінгі таңда Қазақстан алдыңғы дамушы әлем мемлекеттері қоғамының құрамына кіріп отыр. Бұл жетістік ғылым беру саласының алдына аса зор міндеттерді артып отыр, соның ең бастысы білім беру үрдісін 21 ғасырдың жаңа талаптарына сай сәйкестендіру болып табылады.
Белгілі ұстаз-ғалым М.М. Поташник: «Әр мұғалім өзінің бағыты мен қойған мақсатына байланысты мемлекет пен қоғамның сұраныстарына, ғылым мен техниканың дамуына байланысты технологияны таңдай білу қажет», – деп атап көрсеткен. Қазіріг кезде мемлекетімізде де, Ресейде де, шет елде де түрлі авторлар әртүрлі инновациялық технологияларды заман талабына сай деп ұсынып отыр. Бірақ кез келген технологияны білім беру және тәрбиелеу жүйесіне ендіріп лайықтандыру оңай іс емес, себебі кейбір технологиялар білім беруде тиімді болғанымен, оқушыларды заман талабына сай тәрбиелеу жүйесіне сәйкес етпей, білім беруде де қайшылықтары көп кездеседі. Ал бұл процессті тиімді ұйымдастырудың бірден бір жолы – Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясын білім беру және тәрбие жүйесіне толығымен енгізу болып табылады. Қорыта айтқанда, «Сатылай кешенді талдау» - тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен шектелмей, сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау мен есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық - психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі» деп, Н. А. Оразақынованың өзі айтқандай, бұл талдау арқылы оқушылар ана тілінің қадір - қасиетін бағалай білетін тұлға болып шығатынына сенемін.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Н.А.Оразахынова «Практикалық қазақ тілі»
2. А.Байтұрсынов. Тіл тағлымы. –Алматы, “Ана тілі” баспасы, 1991 ж. -444 б.
3. «Білім жаңалықтары» №3, 2010ж
4. «Мектеп» №3, 2010ж
5.Н.Оразахынова. Қазақ тілін сатылай комплексті талдау. Алматы, 1997 жыл
6.Н.Оразахынова. Сатылай комплексті талдау. Алматы ,2012 жыл жыл
7.Н.Оразахынова. Сатылай комплексті талдаудың сызбалары Алматы ,2002 жыл
8. Оразахынова Н.А. Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми әдістемелік
негіздері. Монография. – Алматы: ТОО Фирма «Дайыр», 2007. – 289 б.
№ 5 орта мектеп
Баяндама
Тақырыбы: Сатылай кешенді талдау – тілдік материалды оқушыларға ғылыми негізде меңгерудің бір жолы
Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Уразаева Ф.К.